Президент Касым-Жомарт Токаев принял посла ОАЭ в Казахстане Мухаммеда Саида Мухаммеда аль-Арики
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады
Working brief
What matters in this document
Позиции Казахстана и ОАЭ по международным вопросам совпадают.
Токаев обеспокоен бомбардировками ОАЭ со стороны Ирана.
Казахстан готов предоставить площадку для мирных переговоров.
В ходе встречи Глава государства отметил неизменную приверженность Казахстана развитию традиционно дружественных и братских отношений, а также укреплению сотрудничества с Объединенными Арабскими Эмиратами по широкому спектру направлений, представляющих взаимный интерес. Президент заявил о совпадении позиций двух стран по ключевым вопросам международной повестки. Касым-Жомарт Токаев выразил обеспокоенность ситуацией на Ближнем Востоке, в том числе продолжающимися бомбардировками со стороны Ирана территории ОАЭ. Он напомнил, что Казахстан одним из первых государств выступил с осуждением вооруженных атак на гражданскую инфраструктуру этой страны, о чем было заявлено в ходе телефонного разговора с Президентом ОАЭ шейхом Мухаммедом бен Заидом Аль Нахаяном. Казахстан выступает против втягивания нейтральных государств в военные действия на Ближнем Востоке, призывает к прекращению эскалации и нарушения суверенитета и территориальной целостности ОАЭ и стран Залива, не участвующих в данном военном конфликте, и переходу к дипломатическому урегулированию кризиса. Президент подтвердил готовность нашей страны в духе доброй воли предоставить площадку для проведения мирных переговоров, если в этом возникнет необходимость. Посол Мухаммед Саид Мухаммед аль-Арики выразил признательность за твердую приверженность Казахстана принципам Устава ООН и уважение суверенитета, территориальной целостности, безопасного существования ОАЭ и всех участников Совета сотрудничества арабских государств Залива.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктерімен достық және бауырластық байланыстарды дамытуға, өзара мүддеге сай көптеген бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Президент халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелер жөнінде екі ел ұстанымдарының ұқсастығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға, соның ішінде Иран тарапының Біріккен Араб Әмірліктері аумағын бомбалап жатқанына алаңдаушылық танытты.
Мемлекет басшысы аталған елдің азаматтық инфрақұрылымына жасалған әскери шабуылды Қазақстан алғашқылардың бірі болып айыптағанын, бұл туралы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлімдегенін еске салды.
Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың бейтарап мемлекеттерді шарпып жатқанына қарсы. Осы орайда жағдайды ушықтырмай, аталған әскери қақтығысқа қатысы жоқ БАӘ мен Шығанақ елдерінің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзбауға, сондай-ақ шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырады. Президент еліміздің қажет болған жағдайда бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін растады.
Елші Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики Қазақстанның БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанып, Әмірліктер мен Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне қатысушы барлық елдің егемендігіне, аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.