Home / Timeline / Article
article

Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений

Almaty SuperSki жобасы нақты жүзеге асыру сатысына өтуде: Директорлар кеңесі бірқатар шешім қабылдады

Primeminister.kz | Source ↗ Kazakh ↗
Citation reliability limited evidence Person or role Government corpus Event date June 3, 2026 The document is useful, but has few theses; check the primary source before drawing conclusions.

Working brief

What matters in this document

1 signal
Instruction

Премьер-министр поручил строго контролировать проектирование, соблюдая международные стандарты безопасности и экологии.

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Tourism Development Ltd. по вопросам развития Алматинского горного кластера.

Заслушан отчет главного исполнительного директора ЧК «Kazakh Tourism Development Ltd.» Ержана Еркинбаева о текущем статусе реализации проекта Almaty SuperSki.

Принят ряд решений по вопросам проектирования и строительства ключевых объектов. В частности, в рамках открытого конкурса определены ведущие международные компании для строительства канатных дорог, проектирования конструкций для зданий и др. Таким образом, проект Almaty SuperSki переходит от подготовительной стадии к практической реализации.

Для определения подрядчика на выполнение комплекса работ, включающего строительство 11 канатных дорог, был проведен открытый конкурс среди производителей канатных дорог. Независимое наблюдение осуществляли международные консультанты PGI, Hill International и DCSA.

Для строительства 11 современных канатных дорог определена французская компания POMA – один из мировых лидеров в сфере проектирования, производства и эксплуатации канатных систем. Компания работает с 1936 года и реализовала порядка 8 тыс. проектов в 90 странах мира. Технологические решения компании применяются на ведущих горнолыжных курортах и в городских транспортных сетях по всему миру, соответствуют высоким международным требованиям в области безопасности, надежности и экологической устойчивости. В рамках проекта Almaty SuperSki предусмотрены канатные дороги разных типов, включая 3S-гондолы, 10-местные гондольные дороги и кресельные подъемники.

В проекте предусмотрено использование современных деревянных конструкций, являющихся важным элементом концепции, разработанной международным архитектурным бюро Foster + Partners. Для обеспечения качества проектирования и производства конструкций принято решение о сотрудничестве с StructureCraft (Канада) – одной из ведущих мировых компаний в области инженерных решений из массивной древесины, обладающей значительным опытом реализации уникальных объектов по всему миру.

Для консолидации управления проектом к подготовке строительства и последующей реализации привлечена компания Hill International (США), что обеспечит координацию проектирования, строительства, соблюдения графика работ и др.

По итогам заседания Премьер-министр Олжас Бектенов поручил обеспечить строгий контроль за сроками и качеством проектирования, соблюдение международных стандартов безопасности и экологической ответственности. Реализация проекта Almaty SuperSki позволить раскрыть потенциал горного кластера, даст серьезный импульс развитию туристкой отрасли и окажет широкий мультипликативный эффект на сферу услуг и смежные отрасли. Приоритетом является формирование доступной и безопасной туристской инфраструктуры для жителей города и гостей.

Согласно утвержденному графику на площадке начаты строительные работы. Запуск горнолыжного курорта Almaty SuperSki запланирован на декабрь 2028 года.

03 Маусым 2026, 11:20

Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды.

«Kazakh Tourism Development Ltd.» ЖК бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty SuperSki жобасын жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі туралы баяндады.

Жиында жобаның негізгі нысандарын жобалау және салу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, ашық конкурс шеңберінде аспалы жолдар салу, ғимараттардың конструкциялық жобалануы және өзге де бағыттар бойынша халықаралық жетекші компаниялар айқындалды. Осылайша, Almaty SuperSki жобасы дайындық кезеңінен нақты жүзеге асыру сатысына өтті.

11 аспалы жолдың құрылысын қамтитын жұмыстар кешенін орындауға мердігер анықтау мақсатында аспалы жол өндірушілері арасында ашық конкурс өткізілді. Халықаралық PGI, Hill International және DCSA кеңесшілері тәуелсіз бақылау жүргізді.

11 заманауи аспалы жол салу үшін аспалы көлік жүйелерін жобалау, өндіру және пайдалану саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – POMA француз компаниясы таңдалды. Компания 1936 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әлемнің 90 елінде 8 мыңға жуық жобаны жүзеге асырған. Компанияның технологиялық шешімдері әлемдегі жетекші тау шаңғысы курорттары мен қалалық көлік желілерінде кеңінен қолданылып, қауіпсіздік, сенімділік және экологиялық тұрақтылық саласындағы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Almaty SuperSki жобасы аясында 3S жүйесіндегі гондолалы аспалы жолдар, 10 орындық гондолалы желі және креслолы көтергіштер секілді түрлі типтегі аспалы жолдар салу жоспарланған.

Жобада халықаралық сәулет бюросы Foster + Partners әзірлеген тұжырымдаманың маңызды элементі болып саналатын заманауи ағаш конструкцияларды пайдалану көзделген. Конструкцияларды жобалау мен өндірудің сапасын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлем бойынша бірегей нысандарды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар жаппай ағаштан жасалған инженерлік шешімдер саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі StructureCraft (Канада) компаниясымен ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Жобаны басқаруды шоғырландыру үшін құрылысты дайындауға және кейіннен жүзеге асыруға Hill International (АҚШ) компаниясы тартылды, ол жобалауды, құрылысты үйлестіруді, жұмыс кестесін сақтауды және тағы да басқаларын қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жобалау мерзімі мен сапасына қатаң бақылауды, қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру тау кластерінің әлеуетін ашады, туристік саланың дамуына елеулі серпін береді және қызмет көрсету саласы мен сабақтас салаларға кең мультипликативтік әсер етеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық берілген.

Бекітілген кестеге сәйкес алаңда құрылыс жұмыстары басталды. «Almaty SuperSki» тау шаңғысы курортының іске қосылуы 2028 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз