статья

В Казахстане обновят обучение в начальных классах: меньше нагрузки, больше базовых знаний

«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: қазақстандық мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Отраслевой корпус Дата события 1 июля 2026 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.
Паспорт доказательности qazvision:document:3184 · e562ab7b84f5
ПервоисточникPrimeminister.kz
Обновлено18.07.2026 18:02
ЯзыкиRU, KK
Типы опорытезисов нет

SHA-256 опубликованного текстового слоя: e562ab7b84f527c6ad53b5ed2451d549369793d0ae8264f59c9b9e2fa8710b7e

Контекст документа
Отраслевой корпус

01 Июль 2026, 11:48 В Казахстане обновят обучение в начальных классах: меньше нагрузки, больше базовых знаний На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы исполнения поручений Главы государства в свете вступления в силу новой Конституции Республики Казахстан. Об обновлении школьных программ, которые теперь станут легче и понятнее для детей, рассказала министр просвещения Жулдыз Сулейменова. По ее словам, новая Конституция официально определяет развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций в качестве стратегического направления деятельности государства. В рамках реализации поручений Президента Касым-Жомарта Токаева ведомством формируется качественно новая модель образования, интегрирующая конституционные ценности во все уровни обучения. Министерство совместно с заместителем Премьер-министра – министром культуры и информации Аидой Балаевой уже разработало Комплексный план развития дошкольного и начального образования на 2026–2028 годы. В рамках документа полностью пересмотрено содержание учебных программ начальной школы для оптимизации нагрузки: в частности, по предмету «Математика» для 1-4 классов пересмотрены 244 учебные цели, из которых исключены не соответствующие возрасту темы. Для первоклассников вводится специальный адаптационный период, а также существенно обновлено содержание языковых дисциплин с увеличением часов на изучение «Әліппе» и «Ана тілі». Важным этапом модернизации станет полное приведение Государственных общеобязательных стандартов образования и учебных планов в соответствие с нормами Основного закона. С нового учебного года в школах усиливается воспитательный компонент и внедряются новые обязательные курсы, направленные на формирование правовой культуры учащихся. «Для учеников 5-7 классов вводится предмет “Основы Конституци”, а в 8-11 классах станет обязательным курс “Закон и порядок”. Вместе с тем в 5-11 классах запускается обязательный курс “Личная безопасность”. С годовым горизонтом планирования, со следующего учебного года в 8-9 классах будет возобновлено преподавание предмета “География Казахстана”. Кроме того, дисциплина “Основы права”, ранее изучаемая по выбору, теперь становится строго обязательным предметом для всех школьников страны с обновленным содержанием, полностью соответствующим принципам новой Конституции» , — сообщила Жания Сулейменова. Параллельно министерством развернута масштабная работа по повышению качества и пересмотру содержания школьной литературы. Внедрение учебников нового поколения, куда интегрированы ценности гражданской ответственности, патриотизма и экологического сознания, будет осуществляться поэтапно. Переизданные учебники для 3 и 7 классов будут в полном объеме доставлены в школы до 30 августа текущего года. Поставка обновленной литературы для 4 и 9 классов завершится до 1 января 2027 года, а для 8 классов – до 1 апреля 2027 года. При этом содержание учебника «Основы права» для 9 класса полностью актуализируют до конца текущего года с обеспечением школ к началу 2027 года. На следующем этапе министерство приступит к созданию учебников нового поколения для 1 и 5 классов. В рамках цифровизации и исполнения Указа Президента от 12 мая текущего года «О мерах по внедрению искусственного интеллекта в систему среднего образования Республики Казахстан» ведомством подготовлен Комплексный план на 2026-2029 годы. Данная инициатива нацелена на сокращение разрыва в качестве образования между городскими и сельскими школами. Из более чем 8 тыс. действующих в стране школ свыше 5 тыс. расположены в сельской местности, а 2,6 тыс. являются малокомплектными. На пилотном этапе проект по внедрению искусственного интеллекта охватит 500 малокомплектных сельских школ. Учащиеся получат доступ к передовым цифровым образовательным ресурсам, а педагоги – интеллектуальные инструменты для планирования, оценки и формирования индивидуальных траекторий обучения. Все подготовительные технические работы по запуску пилота планируется завершить до начала нового учебного года. Фундаментом для воспитательной работы во всех организациях образования останется единая программа «Адал азамат», ориентированная на принципы законности, трудолюбия и общенациональную экологическую инициативу «Таза Қазақстан». #Образование #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

01 Шілде 2026, 11:48

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа міндетті пәндер енгізіледі, олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануы еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын айқындайды. Атап айтқанда жаңа Конституция Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды. Оқу-ағарту министрі бұл білім беру жүйесіне жаңа міндеттерді және үлкен жауапкершілікті артатынын атап өтті.

«Халықтық Конституцияны жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесінің сапасын түбегейлі жетілдіру жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Қазіргі әлем бұрын-соңды болмаған қарқынмен өзгеруде. Жасанды интеллект технологияларының дамуы, цифрландыру, еңбек нарығының түбегейлі өзгеруі және жаңа экономиканың қалыптасуы білім беру жүйесіне мүлде жаңа талаптар қоюда. Осындай жағдайда білім беру жүйесінің ең басты міндеті – сыни ойлайтын, өзгерістерге тез бейімделетін, үздіксіз білім алуға дайын, технологияларды тиімді қолданатын, заңға бағынатын және елдің дамуына жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеу», — деді министр.

Сонымен қатар министр аталған міндеттер жаңа Конституцияда айқындалған мемлекеттік басымдықтармен толық үндесетінін және жаңа Конституция білім жүйесінің философиясын түбегейлі жақсартатынын жеткізді. Оң өзгерістер мектепке дейінгі тәрбиеден бастап техникалық және кәсіптік білім беруге дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Министрлік Қазақстан Республикасы Премер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тапсырмасы шеңберінде 2026–2028 жылдарға арналған мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Негізгі басымдықтарының бірі – мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды кеңейту. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі кадр тапшылығын шешу. Сонымен бірге жас мамандардың үлесін ұлғайту қарастырылуда. Бұл саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етіп, оның тұрақты дамуына негіз қалайды. Елеулі өзгерістер бастауыш білім беру деңгейінде де жүзеге асырылады. Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу бағдарламаларының мазмұны кешенді түрде қайта қаралды. Негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру.

Атап айтқанда, 1–4-сыныптарға арналған «Математика» пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Оның ішінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін бірқатар мақсат алынып тасталды, бірқатар мақсат жоғары сыныптарға ауыстырылды. Сонымен қатар пәннің практикалық бағыты күшейтіліп, күрделі теориялық тақырыптардың көлемі қысқартылды және оқу жылының басы мен соңына «Өткенді қайталау» бөлімдері енгізілді. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіледі. Бұл әртүрлі дайындық деңгейімен келген балалардың білім беру процесіне жеңіл бейімделуіне, санау, оқу және жазу дағдыларын жүйелі қалыптастыруға зор мүмкіндік береді. Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылды, «Әліппе» пәні оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылады. Оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну, оқырман сауаттылығы және жазбаша коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілді. Бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне және оқуға үйретудің халықаралық тәсілдеріне толық сәйкестендірілді. Тұтастай алғанда мектепке дейінгі және бастауыш білім жаңа конституциялық білім беру саясатының берік іргетасына айналуы үшін, сапалы бастауыш білім – сапалы орта білімнің, ал сапалы орта білім – елдің бәсекеге қабілетті адами капиталының негізіне айналуына тиіс.

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті курстармен толықтырылады. 5–7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. 8–11-сыныптарда «Заң мен тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Сонымен бірге 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі. Келесі оқу жылынан бастап 8–9-сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәні қайта енгізіледі. Бұған дейін таңдау пәні ретінде «Құқық негіздері» ендігі уақытта барлық оқушылар үшін міндетті пәнге айналып, жаңа Конституцияның қағидаттарына толық сәйкестендірілген мазмұнда оқытылатын болады.

«Биыл қайта басылып шығарылатын 3 және 7-сынып оқулықтары осы жылдың 30 тамызына дейін барлық білім беру ұйымдарына жеткізіледі. 4 және 9-сыныптарға арналған жаңартылған оқулықтарды жеткізу 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқталады. Ал 8-сыныптың барлық жаңа оқулықтары 2027 жылғы 1 сәуірге дейін мектептерге толық жеткізіледі. 9-сыныпқа арналған "Құқық негіздері" пәні оқулығының мазмұны жыл соңына дейін толық жаңартылып, жаңа оқулықтар 2027 жылдың басында мектептерге жеткізілетін болады», — деді министр.

Биылғы жылдың 12 мамырында Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданды. Қазіргі уақытта Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жарлықты іске асыру жөніндегі 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірледі. Негізгі міндет – білім беру сапасын арттырудың, оқытуды персонализацияландыру және ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартудың тиімді тетігін қалыптастыру. Бүгінде 2 600-ден астамы – шағын жинақты мектептер бар. Аталған мектептердің материалдық-техникалық мүмкіндіктері, кадрлық әлеуеті және білім беру ресурстарына қолжетімділігін арттыру көзделген. Сондықтан жаңа технологияларды енгізу ең алдымен осы теңсіздікті азайтуға бағытталады. Жоба аясында оқушыларға үздік цифрлық білім ресурстары қолжетімді болады, мұғалімдерге оқу процесін жоспарлау, бағалау және сараланған тапсырмалар әзірлеу бойынша интеллектуалды көмекші құралдар ұсынылады. Бұл әрбір баланың дайындық деңгейіне сәйкес жеке оқу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиялары оқушының біліміндегі олқылықтарды ерте анықтап, мұғалімге нақты ұсынымдар береді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

ИИ-помощник

Спросить по этому документу

Короткий ответ с опорой на текст и тезисы этой карточки.

Медийный отклик

Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.

Открыть Echo
Проверяю связи с нарративами и медийным откликом...