Home / Timeline / Address
address

В Мажилисе подвели итоги премии «Парламент сөзі»

Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Source ↗ Kazakh ↗
Citation reliability limited evidence Person or role Mazhilis corpus Event date June 25, 2026 The document is useful, but has few theses; check the primary source before drawing conclusions.

Working brief

What matters in this document

1 signal
Assessment

25 июня, Астана, Дом Мажилиса.

25 июня, Астана, Дом Мажилиса. В преддверии Дня работников средств массовой информации в Мажилисе подвели итоги традиционной премии «Парламент сөзі», учрежденной для парламентских журналистов. В ходе торжественной церемонии Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов поздравил представителей СМИ с профессиональным праздником и вручил награды 17 лауреатам, признанным лучшими в семи номинациях. Выступая перед журналистами, Ерлан Кошанов отметил ключевую роль средств массовой информации в развитии страны. Спикер Палаты выразил искреннюю признательность представителям СМИ за освещение деятельности Мажилиса, достоверную и понятную информацию о принимаемых законах, поблагодарив их за плодотворное сотрудничество и совместную работу. – Сегодня мы встречаемся с вами накануне исторического события. Уже через несколько дней вступит в силу новая Конституция. Ее по праву можно назвать новой страницей в летописи Независимости. Вы находитесь в самом центре этих исторических преобразований. Около десяти журналистов плодотворно работали в составе Конституционной комиссии по подготовке Основного закона. Во время прошедшего референдума, а также при принятии конституционных законов в стенах Парламента каждый из вас активно участвовал в этих важных для страны событиях. Вы вносите большой вклад во всестороннее разъяснение реформ и инициатив Главы государства и поднимаете важные для населения вопросы. Желаю вам успеха в этой важной для нашего общества миссии, – сказал Ерлан Кошанов. Спикер Мажилиса отметил, что в этом году премия «Парламент сөзі» проводится уже в десятый раз. За годы существования конкурса этой высокой награды были удостоены более 150 представителей средств массовой информации. В ходе торжественной церемонии награду в номинации «За лучшую печатную публикацию» получили журналист газеты «Егемен Қазақстан» Орынбек Пазылов и корреспондент газеты «Казахстанская правда» Юлия Магер. В номинации «За лучший телевизионный сюжет» награждены корреспондент телеканала «Qazaqstan» Самал Қабышева, журналист телеканала «7 канал» Асемгуль Касенова и корреспондент телеканала «Астана» Ақбота Газизова. Номинации «За лучший видео-фотоматериал» удостоен оператор телеканала «Jibek Joly» Сапарақын Шәріпхан. Лауреатами номинации «За лучший интернет- и радиоматериал» стали корреспондент сайта «Inbusiness.kz» Балжан Смаилова, журналист сайта «Informburo.kz» Мария Пичененко, ведущая радио «Шалқар» Гүлнұр Доскеева, а также редактор информационного сайта «QR.News» Сапарғали Қанат. Лучшими в номинации «Специальный репортаж» признаны ведущая программы «Mazhilis.live» телеканала «24.kz» Назым Кенжебаева, журналист телеканала «КТК» Анна Абрамова, а также редактор сайта «Tiek.kz» Бақытнұр Әлібай. Кроме того, в номинации «За вклад в развитие парламентской журналистики» награды удостоены журналисты Нағашыбай Қабылбеков и Айнур Коскина. Специальная номинация премии «Парламент сөзі» присуждена коллективам газет «Айқын-Литер» и редакции «Первый канал «Евразия». Пресс-служба Мажилиса – 74-68-46. Фото Ж. Жумабекова

25 маусым, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланды. Салтанатты жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, жеті номинация бойынша үздік деп танылған 17 адамды марапаттады. Ерлан Қошанов өз сөзінде журналистердің ел дамуына қосқан үлесі мен Парламенттік журналистикаға сіңген еңбегі зор екенін атап өтті. Палата спикері Мәжілістен хабар таратып, қабылданып жатқан заңдарды халыққа кең насихаттап жүрген тілшілер қауымына бірлескен табысты жұмыс үшін зор ризашылығын білдірді. – Бүгін өздеріңізбен тарихи оқиға қарсаңында кездесіп отырмыз. Санаулы күннен кейін жаңа Ата заң күшіне енеді. Оны Тәуелсіздік шежіресінің жаңа парағы деуге болады. Сіздер осы тарихи өзгерістердің бел ортасында жүрсіздер. Ата заңды әзірлеу жөніндегі Конституциялық комиссияның құрамында 10-ға жуық журналист жемісті жұмыс атқарды. Өткен референдумда да, Парламент қабырғасында конституциялық заңдар қабылдау кезінде де елдік іске бәріңіз жұмылып атсалыстыңыздар. Сіздер Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларын халыққа жан-жақты түсіндіруге үнемі күш салып келесіздер. Алдағы уақытта да осы жолда жемісті еңбек ете бересіздер деп сенемін, – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс төрағасы «Парламент сөзі» байқауы биыл 10-шы рет өтіп отырғанын, осы уақытқа дейін мәртебелі сыйлық 150-ден астам БАҚ өкіліне берілгенін айтты. Cалтанатты жиында Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы – «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Пазылов Орынбек Өтемұратұлына және «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Магер Юлия Дмитриевнаға табысталды. «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі Қабышева Самал Ермұхаметқызына, «7 канал» телеарнасының журналисі Касенова Асемгуль Канатовнаға, «Астана» телеарнасының тілшісі Газизова Ақбота Арнайқызына берілді. Ал «Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясымен Jibek Joly телеарнасының операторы Шәріпхан Сапарақын Зұлпыхарұлы, «Үздік интернет және радио материалы» номинациясымен Inbusiness.kz сайтының тілшісі Смаилова Балжан Алдиярқызы, Informburo.kz сайтының журналисі Пичененко Мария Константиновна, «Шалқар» радиосының жүргізушісі Доскеева Гүлнұр Омарханқызы және «QR.News» ақпараттық сайтының редакторы Қанат Сапарғали Танатұлы марапатталды. «Арнайы репортаж» номинациясын 24.kz телеарнасы «Mazhilis.live» бағдарламасының жүргізушісі Кенжебаева Назым Қайратқызы, КТК телеарнасының журналисі Абрамова Анна Александровна, Tiek.kz сайтының редакторы Әлібай Бақытнұр Балтабекұлы алды. Сонымен қатар «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен Қабылбеков Нағашыбай Жолдыұлы мен Коскина Айнур Тлеубековна марапатталды. «Парламент сөзі» арнайы номинациясы «Айқын-Литер» ұжымы мен «Еуразия» Бірінші арнасы» ұжымына табыс етілді. Мәжілістің Баспасөз қызметі