Home / Timeline / Address
address

Телеграммы поздравления в адрес Главы государства по случаю праздника Курбан айт

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Akorda.kz | Source ↗ Kazakh ↗
Citation reliability strong evidence Person or role Presidential corpus Event date May 27, 2026 The document provides strong support for theses: the speech or interview is substantively represented.

Working brief

What matters in this document

3 signals
Commitment

Убежден, что в результате наших общих устремлений отношения стратегического партнерства и союзничества между нашими странами будут и впредь последовательно укрепляться, – написал лидер Узбекистана.

Commitment

Верю, что этот светлый праздник и впредь будет укреплять историческую дружбу, братство и взаимное доверие между нашими народами, – говорится в телеграмме.

Commitment

Искренне верю, что приверженность общим духовным ценностям и впредь будет способствовать укреплению дружбы и солидарности между нашими народами, – написал Глава Туркменистана.

На имя Президента Касым-Жомарта Токаева поступают поздравительные письма и телеграммы от глав иностранных государств и руководителей международных организаций по случаю праздника Курбан айт.

В своей телеграмме Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев подчеркнул, что праздник Курбан побуждает к дальнейшему укреплению духа братства между нашими дружественными народами, объединенными общей историей, языком, религией и традициями.

– Убежден, что в результате наших общих устремлений отношения стратегического партнерства и союзничества между нашими странами будут и впредь последовательно укрепляться, – написал лидер Узбекистана.

Как подчеркнул в своем поздравлении Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Курбан айт – это символ духовного очищения, благотворительности и единства.

– Верю, что этот светлый праздник и впредь будет укреплять историческую дружбу, братство и взаимное доверие между нашими народами, – говорится в телеграмме.

Президент Таджикистана Эмомали Рахмон отметил важность этого праздника, способствующего укреплению дружбы, взаимовыгодного сотрудничества и взаимопонимания между народами.

– На протяжении веков этот священный праздник побуждает наши народы следовать его высоким духовным ценностям – гуманизму, совершению добрых и благих дел, щедрости, справедливости, помощи нуждающимся и взаимной поддержке, – говорится в телеграмме поздравления.

Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов подчеркнул, что этот священный праздник, символизирующий торжество веры и милосердия, объединяет всю мусульманскую умму.

– Искренне верю, что приверженность общим духовным ценностям и впредь будет способствовать укреплению дружбы и солидарности между нашими народами, – написал Глава Туркменистана.

Президент Азербайджана Ильхам Алиев подчеркнул, что этот праздник является символом духовного единства, солидарности и братства мусульман всего мира.

– Нынешний высокий уровень отношений и союзничества между Азербайджаном и Казахстаном, объединенных общими национально-духовными ценностями и религиозно-культурными корнями, является практическим результатом нашей твердой политической воли и совместных последовательных усилий, – отмечается в телеграмме.

Поздравления в адрес Президента Казахстана по случаю праздника Курбан айт также направили Президент ОАЭ шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян, Вице-президент, Премьер-министр ОАЭ, Правитель Дубая шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, Эмир Кувейта шейх Мишааль аль-Ахмад аль-Джабер ас-Сабах, Наследный принц Кувейта Сабах Халид аль-Хамад ас-Сабах, Король Бахрейна Хамад бен Иса Аль Халифа, Султан Омана Хайсам бен Тарик Аль Саид, редседатель Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов, Президент Алжира Абдель Маджид Теббун, Премьер-министр Афганистана Мохаммад Хасан Ахунд, Генеральный секретарь ОИС Хиссейн Брахим Таха, Генеральный директор ИСЕСКО Салим бен Мухаммад аль-Малик, Генеральный секретарь ТЮРКСОЙ Султан Раев и другие.

Письма и телеграммы продолжают поступать.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айт тарихы мен тілі, діні мен дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты одан әрі нығайта түсетінін атап өткен.

– Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы беки түсетініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған.

– Бұл қастерлі мейрам тарихтан тамыр тартатын достығымызды, бауырластығымызды, халықтарымыз арасындағы өзара құрметті арттыра беретініне сенімім мол, – деп жазылған құттықтауда.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон аталған мерекенің елдер арасында достықты, тиімді ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталған.

– Қастерлі мейрам ғасырлар бойы халықтарымызды ізгілікке, жомарттыққа, әділдікке, өзгеге көмек қолын созуға үндеп келеді, – деп жазылған Тәжікстан Президентінің құттықтауында.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов сенім мен жанашырлық салтанат құратын қастерлі мереке күллі мұсылман үмбетін біріктіретінін жазған.

– Ортақ рухани құндылықтарға деген ұмтылыс халықтарымыз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете беретініне күмәнім жоқ, – делінген жеделхатта.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев бұл мереке дүние жүзіндегі барлық мұсылмандардың рухани бірлігі мен ынтымақтастығының нышаны саналатынын атап өткен.

– Ортақ ұлттық мәдени-рухани құндылықтар біріктіретін Әзербайжан және Қазақстан арасындағы қазіргі жоғары деңгейдегі одақтастық қатынастар – саяси ерік-жігеріміз бен бірлескен іс-әрекеттеріміздің нақты нәтижесі, – деп жазды.

Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Ауғанстан Премьер-министрі Мохаммад Хасан Ахунд, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және тағы басқалар жолдады.

Құттықтау хаттары әлі де келіп түсіп жатыр.