Corpus thesis layer

Theses and quotes: Касым-Жомарт Токаев

Corpus theses with filters for themes, tags, years, and documents.

Thesis snapshot

Themes, documents, and exact wording in one working stream

The working view connects theme and document filters to position dynamics and source cards.

Theses 23 available for the current filter
On this page 23 wordings shown in the current view
Theme E. Rule of law and anti-corruption limited to one document
Corpus President active thesis layer for the selected role or person
Theme block
Period
Current view

Results

Reset filters
Theme: E. Rule of law and anti-corruption Document: Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совещании по вопр...
Result structure

What this page shows

The first 23 wordings are distributed across themes and document supports.

Document supports 1
Key quotes 4
Theme entries 1

Source: Qaz.Vision thesis topic annotations Open theses

View navigation 23 theses
Showing 23 of 23 Page 1 of 1
Download TXT
Құрметті кеңеске қатысушылар! Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Source

Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Бұл – осыған дейінгі он жылдағы көрсеткіштен үш еседей артық.

Source

Былтырғы шілде айынан бастап елімізде әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 талап-арыз түскен. Бұрын мұндай істердің 85 пайызы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін. Ал, қазір, тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шығуда.

Source

Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ.

Source

Атап айтқанда, жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды.

Source

Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде.

Source

Мысалы, академиялық адалдық қағидатын берік ұстанатын жоғары оқу орындарының қатары, өкінішке қарай, өте аз. Соның кесірінен студенттер емтихан тапсыру үшін тапжылмай оқудың қажеті шамалы деп ойлайтыны жасырын емес.

Source

Заңсыз алым-салықтан әбден қажыған инвесторлар мен кәсіпкерлер де үнемі шағым айтуға мәжбүр. Әсіресе, мұндай ахуал кеден және құрылыс саласында белең алған.

Source

Сондықтан менің тапсырмам бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған ауқымды шаралар қарастырылған.

Source

Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар, шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған «Integrity check» әдісін атап өтуге болады.

Source

Эффективная борьба с коррупцией немыслима без сугубо правоохранительной работы. Многие годы она сводилась к поимке взяточников с поличным без глубокого погружения в тему.

Source

За последние пять лет государство выделило на поддержку аграриев более двух триллионов тенге. За это же время в данной сфере зарегистрировано 960 преступлений, к уголовной ответственности привлечено 450 лиц.

Source

Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді суландыруға бөлінген 80 миллиард теңгенің тең жартысы мақсатқа сай жұмсалмаған.

Source

БІРІНШІ. Кәсіпкерлердің және қоғамның сыбайлас жемқорлық туралы талап-тілектері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек.

Source

Сондықтан, кеден, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жемқорлықпен күресуге баса мән беру керек. Жауапты министрліктер осы бағыттар бойынша жемқорлықты жүйелі негізде жою жөнінде жоспар әзірлеуі қажет.

Source

ЕКІНШІ. Мемлекет реттейтін бағаларды белгілеу кезіндегі жемқорлықты жою қажет.

Source

ТРЕТЬЕ. Нужно пересмотреть всю систему госзакупок и закупок в квазигосударственном секторе.

Source

ТӨРТІНШІ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бақылауды күшейту қажет.

Source

БЕСІНШІ. Салық және кеден саласындағы жемқорлықты жою қажет.

Source

Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмады. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда.

Source

АЛТЫНШЫ. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейту қажет. Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек.

Source

СЕДЬМОЕ. Необходимо продолжить внедрение принципов проектного управления в госаппарате.

Source

Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек.

Source