Олжас Бектенов провел совещание о ходе исполнения поручений Президента по повышению качества автодорог
Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено увеличить гарантийный срок и ужесточить ответственность подрядчиков.
Освоение бюджетных средств на дороги в регионах идёт медленно.
Необходимо продолжать развитие дорожной сети.
22 Август 2025, 15:00 Олжас Бектенов провел совещание о ходе исполнения поручений Президента по повышению качества автодорог В Правительстве под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова состоялось совещание по вопросам повышения качества автомобильных дорог. Рассмотрены текущая ситуация и планы развития отрасли с учетом поставленных Президентом задач по модернизации транспортной сети. С докладами в ходе совещания выступили вице-министр транспорта Максат Калиакпаров, президент АО «КазДорНИИ» Арман Алибаева. По данным Министерства транспорта, общая протяженность автомобильной сети страны составляет 185 тыс. км, включая 25 тыс. км дорог республиканского значения, 70 тыс. км – местного и 90 тыс. км – улицы населенных пунктов. Максат Калиакпаров доложил о принимаемых мерах по повышению качества автодорог. В 2025 году работами охвачено 13 тыс. км. Более 2 тыс. км приходится на реконструкцию республиканской сети, 6,6 тыс. км – на ремонт дорог между областными центрами, 4,1 тыс. км – на местную сеть. По итогам 2025 года планируется довести нормативное состояние дорог республиканского значения до 94%, местного – до 91%. На законодательном уровне принят ряд поправок: введен запрет на приемку объектов в эксплуатацию без устранения замечаний Центра качества, а все проекты среднего ремонта с 2023 года обязаны проходить ведомственную экспертизу на правильность применения проектных решений и их стоимости. В рамках проводимой работы за 7 месяцев 2025 года отмечено снижение количества некачественных дорожно-строительных материалов и дефектов на 2%, рост перевода местных дорог с гравийного на асфальтобетонное покрытие на 14%. Кроме того, оптимизация проектных решений позволила сэкономить более 1 млрд тенге, а охват диагностикой местных дорог достиг 50%. Для повышения ответственности участников дорожно-строительного процесса внедрены цифровые системы и механизмы автоматизации экспертизы на всех этапах работ, проведена комплексная проверка 384 асфальтобетонных заводов, а также внедрены контракты «под ключ» и предэкспертиза проектной документации институтом АО «КаздорНИИ». Эти меры обеспечивают повышение качества дорожной сети, контроль за расходованием бюджетных средств и устойчивое улучшение инфраструктуры. Президент АО «КазДорНИИ» Арман Алибаева проинформировала о внедрении цифровых технологий в дорожной отрасли. За последние 5 лет институтом выполнено более 20 научно-исследовательских работ, направленных на совершенствование технологий строительства и ремонта автодорог. На сегодня по стране реализуется несколько цифровых проектов. В целях повышения качества проектирования внедрена единая база дорожно-строительных материалов и технология Superpave, направленная на использование долговечных и надежных дорожных покрытий за счет точного подбора материалов под конкретные климатические условия и интенсивность движения. База специалистов дорожной отрасли Jolshy с общим количеством пользователей свыше 2 тыс. человек позволяет получать аналитическую информацию, контролировать кадровые изменения и отслеживать уровень квалификации специалистов для обеспечения качества выполнения дорожно-строительных работ. В настоящее время «КазДорНИИ» ведется разработка портала анализа ДТП, который нацелен на системную оценку причин аварий и повышение безопасности дорожного движения. Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул необходимость дальнейшего развития дорожной сети. До 2030 года предстоит реконструировать порядка 4 тыс. км автодорог. В текущем году планируется завершение ряд ключевых проектов, при этом важно запускать новые – с высокой готовностью проектной документации, такие как Актобе–Улгайсын, Караганда–Жезказган, Атырау–Доссор, обходы городов Сарыагаш, Петропавловск, Рудный и Кызылорда, а также обеспечить средним ремонтом 2,5 тыс. км автодорог. Министерствам транспорта, финансов и КазАвтоЖол поручено обеспечить финансирование и определение подрядчиков, а министерствам промышленности и строительства, транспорта – разработать и утвердить механизм параллельного прохождения государственной экспертизы и строительно-монтажных работ для ускоренной реализации крупных проектов «под ключ». Олжас Бектенов акцентировал внимание на вопросах, требующих незамедлительного решения. Названы регионы, включая области Жетiсу, Алматинскую, где продолжается практика приемки объектов вопреки замечаниям со стороны Национального центра качества. Отмечены проблемы с соблюдением гарантий подрядчиков и использованием некачественных материалов. В качестве примера обозначена Павлодарская трасса, на которой было зафиксировано поднятие бетонного покрытия, в Северо-Казахстанской области 43% проверенных проб не соответствовали стандартам качества. Наибольшая критика качества дорог со стороны жителей населенных пунктов наблюдается в Атырауской и Туркестанской областях. Премьер-министр поручил увеличить гарантийный срок и усилить ответственность подрядных организаций за некачественное исполнение гарантийных обязательств. Внимание уделено вопросу финансирования и эффективности расходования средств на развитие местной сети дорог. Премьер-министр подчеркнул, что несмотря на выделение значительных бюджетных средств, в некоторых регионах освоение идет медленно. Так, по области Абай освоение составляет 42%, по Актюбинской – 52%, по Акмолинской – 56%. «С учетом вышеуказанных нарушений поручаю Министерству транспорта и Национальному центру качества до 1 октября проверить реализацию всех автодорожных проектов. По итогам внести отчет и предложения по наказанию виновных. Поручаю министерствам транспорта и финансов подготовить решения по усилению деятельности Национального центра качества», — подчеркнул Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Автодороги #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
22 Тамыз 2025, 15:00
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды.
Жиын барысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева баяндама жасады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың шақырым көшелері бар.
Мақсат Қалиақпаров автожолдардың сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 2025 жылы 13 мың шақырым жол қамтылмақ. Оның ішінде республикалық 2 мың шақырымнан астам жол реконструкцияланып, облыс орталықтары арасындағы 6,6 мың шақырым жол жөнделмек, ал жергілікті жерлерде 4,1 мың шақырым жол жаңартуға жатады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйін 94%-ға, жергілікті жолдардың нормативтік жай-күйін 91%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Заңнамалық деңгейде бірқатар түзету қабылданды. Соның негізінде сапа орталығының ескертулерін жоймай нысандарды пайдалануға қабылдауға тыйым салынды, ал 2023 жылдан бастап барлық орташа жөндеу жобалары жобалық шешімдердің және олардың құнының дұрыс қолданылуына қатысты ведомстволық сараптамадан өтуге міндетті.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2025 жылдың 7 айындағы қорытынды бойынша сапасыз жол-құрылыс материалдары мен ақаулар санының 2%-ға төмендегені, жергілікті жолдарды қиыршық тастан асфальтбетон төсеміне ауыстыру 14%-ға өскені байқалды. Сонымен қатар жобалық шешімдерді оңтайландыру 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді, ал жергілікті жолдарды диагностикамен қамту 50%-ға жетті.
Жол-құрылыс үдерісіне қатысушылар жауапкершілігін арттыру мақсатында жұмыстың барлық кезеңінде сараптаманы автоматтандырудың цифрлық жүйелері мен тетіктері енгізілді, 384 асфальтбетон зауытына кешенді тексеру жүргізілді, сондай-ақ «ҚазЖолҒЗИ» АҚ институтымен «кілтті тапсырғанға дейінгі» келісімшарттар жасалып және жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу енгізілді.
«ҚазЖолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева жол саласына цифрлық технологияларды енгізу туралы хабардар етті. Соңғы 5 жылда институт автожолдарды салу және жөндеу технологияларын жетілдіруге бағытталған 20-дан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бүгінде елімізде бірнеше цифрлық жобалар жүзеге асырылуда. Жобалау сапасын арттыру мақсатында жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасы мен нақты климаттық жағдайларға және қозғалыс қарқындылығына материалдарды дәл таңдау есебінен берік және сенімді жол төсемдерін пайдалануға бағытталған Superpave технологиясы енгізілді.
Жалпы саны 2 мыңнан астам пайдаланушысы бар Jolshy жол саласы мамандарының базасы талдамалық ақпарат алуға, кадрлық өзгерістерді бақылауға және жол-құрылыс жұмыстарын орындаудың сапасын қамтамасыз ету үшін мамандардың біліктілік деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «ҚазЖолҒЗИ» апаттардың себептерін жүйелі бағалауға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ЖКО талдау порталын әзірлеуде.
Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі жолдар желісін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. 2030 жылға дейін 4 мың шақырымға жуық автожол қайта жаңғыртылады. Биыл бірқатар негізгі жобаны аяқтау жоспарлануда, бұл ретте жобалық құжаттаманың дайындығы жоғары жаңа жобаларды: Ақтөбе – Ұлғайсын, Қарағанды – Жезқазған, Атырау – Доссор жолдары мен Сарыағаш, Петропавл, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өту жолдарын, сондай-ақ 2,5 мың шақырым автожолды орташа жөндеу маңызды.
Көлік, Қаржы министрліктеріне және ҚазАвтоЖолға мердігерлерді қаржыландыру мен айқындауды қамтамасыз ету, ал Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктеріне «кілтті тапсырғанға дейінгі» ірі жобаларды жедел жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптама мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының қатар өту тетігін әзірлеу және бекіту тапсырылды.
Олжас Бектенов шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударды. Жетісу, Алматы облыстарын қоса алғанда, Ұлттық сапа орталығы тарапынан ескертулерге қарамастан нысандарды қабылдау тәжірибесі жалғасып жатқан өңірлер аталды.
Мердігерлердің кепілдіктерін қадағалау және сапасыз материалдарды пайдалану мәселелері атап өтілді. Мысал ретінде, Павлодар тас жолының бетон төсемі көтеріліп жатқаны аталды, Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген сынамалардың 43%-ы сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Елді мекендердегі тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты ең көп сын Атырау және Түркістан облыстарында тіркелген. Премьер-министр кепілдік мерзімін ұлғайтуды және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін мердігерлік ұйымдар жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
Жергілікті жолдар желісін дамытуға қаражат жұмсаудың тиімділігі мен қаржыландыру мәселесіне назар аударылды. Премьер-министр едәуір көлемде бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, кейбір өңірлерде оны игеру баяу жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, Абай облысында – 42%, Ақтөбеде – 52%, Ақмолада – 56% игерілген.
«Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарды ескере отырып, Көлік министрлігіне және Ұлттық сапа орталығына 1 қазанға дейін барлық автожол жобаларының жүзеге асырылуын тексеруді тапсырамын. Оның қорытындысында анықталған кінәлілерді жазалау бойынша есеп пен ұсыныстар енгізілсін. Көлік және Қаржы министрліктеріне Ұлттық сапа орталығының қызметін күшейту бойынша шешімдер дайындауды тапсырамын» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз