В Правительстве рассмотрели ход реализации Послания Президента в сфере энергетики и подготовку к отопительному сезону
Үкіметте энергетика саласы бойынша Президент Жолдауын жүзеге асыру және жылыту маусымына дайындық барысы қаралды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Критика акимов за слабое планирование и контроль.
26 Август 2025, 11:30 В Правительстве рассмотрели ход реализации Послания Президента в сфере энергетики и подготовку к отопительному сезону На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен ход подготовки к предстоящему отопительному сезону. С докладом о готовности энергоисточников, тепловых сетей и об обеспечении углем выступил министр энергетики Ерлан Аккенженов, о подготовке объектов социальной сферы, жилого фонда и инженерной инфраструктуры доложил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев. Заслушаны акимы ряда регионов. По данным Министерства промышленности и строительства, к отопительному сезону в настоящее время подготовлено 92% объектов образования, 91% объектов здравоохранения, 83% жилых домов. В то же время отремонтировано 610 км сетей водоснабжения и 101 км водоотведения, а также 11,2 тыс. автономных котельных. Премьер-министр акцентировал внимание на необходимости системной подготовки к зимнему периоду. «Глава государства в Послании народу поставил задачу по модернизации энергетической инфраструктуры и коммунального хозяйства. Учитывая высокий износ энергетического сектора, необходимо вести планомерную и качественную работу по подготовке к отопительному сезону. В рамках программы «Тариф в обмен на инвестиции» для ремонта и модернизации электростанций только в этом году профинансировано почти 377 млрд тенге, что на 15% выше прошлого года. Также из Резерва Правительства на ремонт теплоисточников и тепловых сетей предусмотрено порядка 48 млрд тенге», – подчеркнул Олжас Бектенов. В ходе заседания внимание уделено ходу подготовки к отопительному сезону в регионах. Заслушаны доклады акимов ряда областей страны, где отмечаются риски несвоевременного завершения ремонтных работ. Например, в Акмолинской области на Степногорской ТЭЦ не завершён ремонт резервного котла, в Карагандинской области на ГРЭС Топар возможен срыв сроков работ, в Мангистауской области на ТЭЦ-2 отложена модернизация двух турбин. В Актау при этом сохраняются низкие темпы реконструкции тепловых сетей. Премьер-министр подчеркнул, что данная ситуация говорит о слабом планировании и отсутствии жесткого контроля со стороны акимов. При этом в некоторых областях отмечается недостаточная работа Региональных штабов по подготовке к зиме. Также отмечены факты выдачи разрешений компанией KEGOC на продление сроков ремонтов на энергоисточниках вопреки поручению Премьер-министра, озвученному в мае текущего года, по исключению подобной практики. Министерству энергетики дано поручение принимать жесткие меры по каждому факту нарушения сроков или их переноса без оснований. Кроме того, поставлен ряд задач перед акимами регионов по оценке готовности энергопредприятий к зимнему периоду. «Уже началась работа по выдаче паспортов готовности энергопредприятиям. Здесь акимам следует принять личное участие в комиссии по оценке готовности энергопредприятий к отопительному сезону. Недопустима их работа без паспорта готовности к зиме. На особый контроль необходимо взять энергоисточники городов Риддер, Кентау, Экибастуз и Актау. В случае вхождения в отопительный сезон без паспорта готовности, виновные будут привлечены к ответственности. Также поручаю возобновить работу региональных штабов по прохождению отопительного сезона. Надо регулярно инспектировать работу энергоисточников и сетей. Отопительный сезон должен начаться в строго установленные сроки с учетом погодных условий», – отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр дал ряд поручений. Министерству энергетики совместно с акиматами регионов – обеспечить своевременное завершение ремонтных работ на теплоисточниках и теплосетях. Поставлена задача до 1 сентября текущего года утвердить график поставки социального мазута в регионы. Министерству энергетики совместно с КТЖ и акиматам регионов необходимо принять меры по своевременной поставке угля и мазута на энергообъекты согласно утвержденному графику и объемам, также установить контроль за обеспечением углем населения. Министерству промышленности и строительства, акиматам регионов поручено до 1 сентября обеспечить полную готовность объектов образования, до 15 октября – объектов здравоохранения, жилищно-коммунального хозяйства и жилого фонда. Министерствам просвещения, науки и высшего образования, здравоохранения дано поручение также взять этот вопрос на контроль. #Олжас Бектенов #ЖКХ #Заседание Правительства #Отопительный сезон #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
26 Тамыз 2025, 11:30
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.
Онда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздері мен жылу желілерінің дайындығы және көмірмен қамтамасыз ету туралы, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев әлеуметтік сала нысандарын, тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылымның дайындығы туралы баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жылыту маусымына білім беру нысандары – 92%, денсаулық сақтау нысандары – 91%, тұрғын үйлер – 83% дайын. Сонымен қатар 610 шақырым су құбыры және 101 шақырым кәріз желілері, сондай-ақ 11,2 мың автономды қазандық жөнделді.
Премьер-министр қысқы кезеңге жүйелі дайындық қажеттігіне назар аударды.
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергетикалық инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты жаңғырту міндетін қойды. Энергетика секторында тозу дәрежесі жоғары болуын ескере отырып, жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарлы әрі сапалы жүргізілуі қажет. “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасы аясында электр станцияларын жөндеу мен жаңғырту үшін биылдың өзінде 377 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл өткен жылдан 15%-ға жоғары. Сондай-ақ Үкімет резервінен жылу көздері мен жылу желілерін жөндеуге шамамен 48 млрд теңге қарастырылған» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыс барысында өңірлердегі жылыту маусымына дайындық барысына назар аударылды. Еліміздің бірқатар облысы әкімдерінің баяндамалары тыңдалды, онда жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмай қалу қаупі бар екені айтылды. Мәселен, Ақмола облысында Степногорск жылу электр орталығында резервтік қазандықты жөндеу әлі аяқталған жоқ. Маңғыстау облысында 2-ші жылу электр орталығында екі турбинаны жөндеу мерзімі ауыстырылды. Сондай-ақ Ақтау қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының қарқыны төмен.
Премьер-министр мұндай мәселелер әкімдер тарапынан жоспарлаудың нашар болуы мен қатаң бақылаудың жоқ екенін көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл ретте кейбір облыстарда қысқа дайындық бойынша Өңірлік штабтардың жұмыстары мардымсыз болып отыр.
Сондай-ақ Премьер-министрдің биыл мамырда жабдықтарды жөндеу мерзімін негізсіз ауыстыруға жол бермеу туралы тапсырмасына қайшы KEGOC компаниясының энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстары мерзімдерін ұзартуға рұқсат беру фактілері атап өтілді, мұндай тәжірибеге жол бермеу қажеттігі айтылды. Энергетика министрлігіне мерзімдерді бұзу немесе оларды негізсіз ауыстырудың әрбір фактісі бойынша қатаң шаралар қабылдау тапсырылды.
Сонымен қатар өңірлер әкімдері алдына энергия кәсіпорындарының жылу беру маусымына әзірлігін бағалау комиссиясының жұмысы бойынша бірқатар міндет қойылды.
«Энергетикалық кәсіпорындарға әзірлік паспорттарын беру жұмыстары басталып кетті. Осы ретте, энергия кәсіпорындарының жылу беру маусымына әзірлігін бағалау комиссиясының жұмысына әкімдер тікелей өздері қатысуы тиіс. Нысандар қысқа әзірлік паспорттарсыз, жұмысты бастамау керек. Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларының энергия көздерін ерекше бақылауға алу қажет. Әзірлік паспорты болмай жылыту маусымы басталатын болса, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады. Сондай-ақ жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жаңғыртуды тапсырамын. Энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отыру қажет. Жылыту маусымын ауа-райына қарай қатаң белгіленген мерзімде бастап кету керек» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын соңында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді. Энергетика министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілерінде жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуі қажет. Биылғы 1 қыркүйекке дейін өңірлерге берілетін әлеуметтік мазуттың жеткізу кестесі бекітілсін.
Энергетика министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен және өңірлердің әкімдіктерімен бірге энергия объектілеріне көмір мен мазутты бекітілген кесте мен көлемдерге сәйкес уақтылы жеткізу жөнінде шаралар қабылдап, сондай-ақ халықтың көмірмен қамтамасыз етілуіне бақылау белгілеуі қажет.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, өңірлердің әкімдіктеріне 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық әзірлігін қамтамасыз етсін, 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры объектілерінің әзірлігін қамтамасыз ету тапсырылды. Оқу-ағарту Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктеріне аталған мәселені бақылауда ұстау тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз