статья

Олжас Бектенов обсудил с представителями бизнеса вопросы развития горно-металлургического комплекса

Олжас Бектенов бизнес өкілдерімен тау-кен металлургия кешенінің даму мәселелерін талқылады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 27 августа 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Обязательство

Предложения бизнеса будут учтены при совершенствовании механизмов ГМК.

Оценка

В ГМК реализуется 28 инвестпроектов, создающих рабочие места и диверсифицирующих экономику.

27 Август 2025, 17:40 Олжас Бектенов обсудил с представителями бизнеса вопросы развития горно-металлургического комплекса Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета отечественных предпринимателей по вопросам развития горно-металлургического комплекса Казахстана. Рассмотрен ход реализации задач по развитию отрасли, поставленных Главой государства. В заседании приняли участие руководители горнодобывающих и металлургических предприятий, представители отраслевых ассоциаций. С предложениями выступили председатель президиума НПП «Атамекен» Раимбек Баталов, председатель правления корпорации «Казахмыс» Нурахмет Нуриев, директор «KazFerroGroup» Хондамир Юлдашев, управляющий директор «Golden Compass Jambyl» Айбар Даутов, учредитель группы компаний «Aurora Minerals Group» Саид Султанов. Премьер-министр отметил, что в текущем году в ГМК реализуется 28 инвестпроектов, которые позволяют создавать тысячи рабочих мест и способствуют диверсификации экономики. «Президентом перед нами поставлена стратегическая задача – не просто сохранить объемы добычи, но и обеспечить качественный рост, привлечь долгосрочные инвестиции. Мы переходим от модели «добычи и экспорта сырья» к модели «переработки и создания добавленной стоимости внутри страны». Правительство продолжит стимулирование переработки внутри страны, поддержку новых производств, развитие металлургических кластеров», — подчеркнул Олжас Бектенов. В ходе обсуждений участники подняли вопросы совершенствования законодательства и условий для инвесторов. Председатель президиума НПП «Атамекен» Раимбек Баталов озвучил предложение представителей ГМК по разработке единого отраслевого документа развития совместно с бизнесом и экспертами, синхронизации тарифной политики и завершении работы над поправками в Кодекс о недрах. Учредитель группы геологоразведочных компаний Саид Султанов высказал мнение о необходимости обеспечения стабильного налогового режима, адаптации системы роялти к мировой практике, а также упрощения налогообложения сервисных геологоразведочных компаний. Обсуждена необходимость поддержки малых и юниорских компаний, которые играют ключевую роль в поиске новых месторождений. Глава горнорудной компании Айбар Даутов выступил с предложением закрепить в законодательстве понятие и статус юниорских компаний и ввести дифференцированные ставки НДПИ для малых недропользователей. Директор ферросплавного завода Хондамир Юлдашев акцентировал внимание участников заседания на тарифах на электроэнергию и транспортные услуги. Кроме того, был затронут вопрос железнодорожных тарифов и услуг локомотивной тяги. Председатель правления корпорации «Казахмыс» Нурахмет Нуриев высказался за сохранение госрегулирования тарифов услуг локомотивной тяги. Первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин отметил, что либерализация тарифов на электроэнергию и жд перевозки необходимы для модернизации изношенной инфраструктуры. Отдельное внимание было уделено вопросам экологической ответственности и углеродного следа в рамках принятых Казахстаном международных обязательств по снижению выбросов СО2. Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев отметил, что предприятиям ГМК следует учитывать экологические стандарты, которые сегодня не все соблюдают. По его словам, ряд предприятий уже начал переход на более чистые технологии, реализуя проекты по сокращению углеродного следа и энергопотребления, а государство, в свою очередь, готово оказывать поддержку компаниям, инвестирующим в экологические решения. Также участники заседания обсудили дальнейшее обновление механизмов стимулирования НИОКР с учетом запросов рынка. В контексте продолжающейся цифровизации отрасли Премьер-министр подчеркнул необходимость усиления внедрения цифровых решений и искусственного интеллекта. Кроме того, акцентировано внимание на усилении контроля за прозрачностью закупок недропользователей и развитие кооперации с отечественными производителями. С этой целью с 1 июля запущена модернизированная версия государственной платформы для закупок товаров, работ и услуг, что позволит повысить долю местного содержания. По итогам обсуждения Олжас Бектенов отметил, что развитие отрасли должно опираться на глубокую переработку, внедрение современных технологий, экологическую ответственность. Это позволит уйти от сырьевой модели и сформировать в стране предприятия полного производственного цикла. Со своей стороны, Правительство продолжит работу по поддержке и созданию условий для развития бизнеса. Премьер-министр подчеркнул, что все озвученные предложения будут учтены в дальнейшей работе по совершенствованию механизмов деятельности ГМК. #Олжас Бектенов #ГМК #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

27 Тамыз 2025, 17:40

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының саланы дамыту жөнінде қойған міндеттерін жүзеге асыру барысы қаралды.

Жиынға тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарының басшылары, салалық қауымдастықтар өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, KazFerroGroup директоры Хондамир Юлдашев, Golden Compass Jambyl басқарушы директоры Айбар Дәуітов, Aurora Minerals Group компаниялар тобының құрылтайшысы Саид Сұлтанов өз ұсыныстарын айтып, сөз сөйледі.

Премьер-министр биыл тау-кен металлургия кешенінде (ТМК) мыңдаған жұмыс орынын құруға мүмкіндік беретін және экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Президент алдымызға өндіріс көлемін сақтап қана қоймай, сапалы өсуді қамтамасыз ету, ұзақмерзімді инвестициялар тарту сияқты стратегиялық міндет қойып отыр. Біз "шикізат өндіру және экспорттау" моделінен “ел ішінде қайта өңдеу және қосымша құн құруға" көшеміз. Үкімет ел ішінде қайта өңдеуді ынталандыру, жаңа өндірістерді қолдау, металлургиялық кластерлерді дамыту ісін жалғастырады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Талқылау барысында қатысушылар инвесторлар үшін заңнаманы және жағдайларды жетілдіру мәселелерін көтерді. «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов тау-кен металлургия кешені өкілдері тарапынан бизнес және сарапшылармен бірлесіп, бірыңғай салалық даму құжатын әзірлеу, тариф саясатын синхрондау және Жер қойнауы туралы кодекске түзетулер енгізу жұмыстарын аяқтау жөніндегі ұсынысын айтты.

Геологиялық барлау компаниялары тобының құрылтайшысы Саид Сұлтанов тұрақты салық режимін қамтамасыз ету, роялти жүйесін әлемдік тәжірибеге бейімдеу, сондай-ақ геологиялық барлау қызметін көрсететін компанияларға салық салуды жеңілдету туралы пікір білдірді.

Жаңа кен орындарын іздеуде шешуші рөл атқаратын шағын және кіші компанияларды қолдау қажеттігі талқыланды. Тау-кен өндіруші компанияның басшысы Айбар Дәуітов кіші компаниялардың түсінігі мен мәртебесін заңнамада бекіту және шағын жер қойнауын пайдаланушылар үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығының (ПҚӨС) сараланған мөлшерлемелерін енгізуді ұсынды.

Ферроқорытпа зауытының директоры Хондамир Юлдашев жиынға қатысушылардың назарын электр энергиясы мен көлік қызметіне арналған тарифтерге аударды.

Сонымен қатар теміржол тарифтері мен локомотив тарту қызметі мәселелері қозғалды. «Қазақмыс» корпорациясы басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев локомотив тарту қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеуді сақтау керектігін айтты.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңғырту үшін электр энергиясы мен тасымалдау тарифтерін ырықтандыру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ СО2 қалдықтарын азайту жөніндегі Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелер шеңберінде экологиялық жауапкершілік және көміртегі ізі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ТМК кәсіпорындары бүгінде барлығы бірдей сақтай бермейтін экологиялық стандарттарды ескеруі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, бірқатар кәсіпорын көміртегі ізі мен энергия тұтынуды азайту жобаларын жүзеге асыра отырып, таза технологияларға көшуді бастады, ал мемлекет өз кезегінде экологиялық шешімдерге инвестиция салатын компанияларға қолдау көрсетуге дайын.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар нарық сұраныстарын ескере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) ынталандыру тетіктерін одан әрі жаңарту мәселесін талқылады.

Бүгінде саланы жалғасып жатқан цифрландыру контексіне орай Премьер-министр цифрлық шешімдер, жасанды интеллект енгізуді жеделдету қажеттігін атап өтті.

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу үрдістерінің ашықтығына бақылауды күшейтуге және отандық өндірушілермен кооперацияны дамытуға баса назар аударылды. Осы мақсатта 1 шілдеден бастап тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға арналған мемлекеттік платформаның жаңғыртылған нұсқасы іске қосылды, бұл жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысын сәйкес, Олжас Бектенов саланы дамыту терең өңдеуге, технологияларды енгізуге, экологиялық жауапкершілікке негізделуі керектігін атап өтті. Бұл шикізат моделінен алшақтап, елде толық өндірістік циклді кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Үкімет бизнесті дамыту үшін қолдау және жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыра бермек.

Премьер-министр айтылған барлық ұсыныс ТМК қызметінің тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз