От имени Президента в преддверии Дня шахтера вручены государственные награды специалистам и ветеранам отрасли
Президенттің атынан Шахтер күні қарсаңында сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді
28 Август 2025, 12:13 От имени Президента в преддверии Дня шахтера вручены государственные награды специалистам и ветеранам отрасли В преддверии Дня шахтера от имени Президента Касым-Жомарта Токаева Премьер-министр Олжас Бектенов поздравил ветеранов и специалистов угольной промышленности с профессиональным праздником и вручил государственные награды. Казахстан входит в десятку государств с крупнейшими запасами минеральных ресурсов. Запасы угля в стране оцениваются в 34 млрд тонн, что составляет 4% мировых ресурсов. За семь месяцев 2025 года экономика Казахстана выросла на 6,3%. При этом горнодобывающая промышленность показала высокий темп роста – 8,5%, добыча угля увеличилась на 10,6%. В отрасли сегодня трудятся более 145 тыс. граждан, из них 32 тыс. – в угольной промышленности. «В объявленный Главой государства Год рабочих профессий в Казахстане особое внимание уделяется труду шахтеров и горняков. На протяжении веков эта профессия остается одной из самых сложных и важных. Ваша стойкость, упорство, трудолюбие и преданность делу достойны уважения и восхищения. Всесторонняя поддержка человека труда, обеспечение безопасных условий на производстве является одним из главных приоритетов государства. Для этого казахстанские шахты оснащаются цифровыми системами, позволяющими снизить производственные риски. Внедряются беспилотная техника, дистанционное управление и подземная радиосвязь. Эта работа будет продолжена», — подчеркнул Премьер-министр. Олжас Бектенов отметил, что горнодобывающая отрасль сохраняет стратегическое значение. Освоение месторождений редких и редкоземельных металлов дает серьезный импульс развитию страны и подтверждает актуальность шахтерской профессии. Труженики шахт и рудников выразили благодарность Главе государства за внимание к рабочим профессиям. «В преддверии праздника мы выражаем огромную благодарность за награды, которыми отметили наш труд. Пусть в нашей стране будет изобилие и благополучие, а работа шахтеров – успешной и безопасной», — сказал Мукан Унгитбаев, директор рудника «Нурказган» филиала Корпорации «Казахмыс». Директор по производству Угольного департамента Qarmet Тулеген Шаяхметов отметил, что за 40 лет работы в отрасли стал свидетелем значительных преобразований. «Я очень благодарен за то, что сегодня Глава государства и руководство компании достойно оценили мой труд и наградили такой высокой наградой. Я работаю в угольной промышленности более 40 лет. Начинал с должности мастера и на сегодня я директор по производству угольного департамента. В отрасли произошли большие изменения: пошли большие инвестиции в вопросах безопасности, модернизации и наращиванию темпов производства», — сказал он. Проходчик рудника «Западный» корпорации «Казахмыс» Ербол Есетов отметил, что вручение сегодняшних наград – это высокая оценка труда всех шахтеров, а не только личных заслуг: «В 1996 году я устроился на работу шахтером на это предприятие. Работаю вот уже 28 лет. Хочу выразить благодарность за то, что наш труд был отмечен и мы получаем высокую государственную награду», — сказал он За вклад в развитие угольной и горнорудной отрасли вручены государственные награды и почетные звания отличившимся работникам. Награждены: Почетным званием «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» Краснощеков Сергей Васильевич – подземный горнорабочий очистного забоя участка №1 шахты им. Тусупа Кузембаева АО «Qarmet»; Есетов Ербол Жагыпарович – проходчик участка №31 рудника «Западный», филиала Корпорации «Казахмыс» - ПО «Жезказганцветмет» имени К.И. Сатпаева; Бажаканов Исмагул Жаркетович – проходчик шахты «Болашақ», Донского горно-обогатительного комбината АО «Казхром». Орденом «Құрмет» Жанайдаров Бейбіт Қамшыбайұлы – электрослесарь шахты «Шахтинская», «Qarmet»; Сорочкин Александр Васильевич – проходчик участка подготовительных работ №2 шахты им. Тусупа Кузембаева, Угольного департамента «Qarmet»; Кыдыралин Болат Сабырович – машинист экскаватора HITACHI АО «Шубарколь комир», участок горных работ «Центр»; Семейбаев Сырым Сайранбекулы – член правления - первый заместитель председателя правления «Qarmet»; Шаяхметов Төлеген Нәбиұлы – директор по производству Угольного департамента «Qarmet». Орденом «III дәрежедегі Еңбек Даңқы» Айтпаев Меирбек Абдыкамитович – взрывник шестого разряда участка №6 рудника «Жомарт» филиала Корпорации «Казахмыс» - ПО «Жезказганцветмет» имени К.И. Сатпаев; Арнаутов Петр Михайлович – электрослесарь по обслуживанию и ремонту оборудования подземной шахты «Западный Каражал», представительство «Оркен Атасу», ТОО «Оркен». Алькенов Нурлан Туякович – машинист экскаватора - 6 р., участок технологического комплекса разреза «Восточный» филиала АО «ЕЭК»; Надежкин Александр Васильевич – машинист тепловоза Карагандинского погрузочно-транспортного управления Угольного департамента АО «Qarmet»; Подопригора Олег Александрович – начальник Шахтостроительного цеха ERG; Река Игорь Петрович – горнорабочий 2 разряда шахты № 57 участка № 26 Восточно-Жезказганского рудника, филиала Корпорации «Казахмыс» - ПО «Жезказганцветмет» им. К.И. Сатпаева; Туребеков Ержан Серикович – проходчик участка подготовительных работ №2 шахты «Шахтинска» Угольного департамента АО «Qarmet»; Унгитбаев Мукан Жалгасулы – директор рудника «Нурказган» филиала Корпорации «Казахмыс» - ПО «Карагандацветмет»; Ильясов Руслан Серикбаевич – машинист тепловоза Карагандинского погрузочно-транспортного управления Угольного департамента АО «Qarmet». Медалью «Ерен еңбегі үшін» Андронуца Юрий Александрович – водитель горнотранспортного цеха, автоколонна №1, АО «Шубарколь комир»; Исекеева Роза Кадирбековна – диспетчер фабрики по обогащению и окомкованию руды ERG; Попов Игорь Николаевич – машинист дорожно-транспортных машин АО «Шубарколь Премиум», автотранспортный цех, автоколонна №2; Прокопов Александр Николаевич – горнорабочий очистного забоя участка №2 шахты «Саранская», Угольного департамента АО «Qarmet»; Путырский Анатолий Аркадьевич – взрывник пятого разряда шахты «Саяк-1» рудника «Саяк» рудник «Саяк» филиала Корпорации «Казахмыс» - ПО «Балхашцветмет» имени К.И. Сатпаев; Сарсембаев Рашид Барлыбаевич – главный горняк представительства «Оркен Атасу», ТОО «Оркен»; Согумбаев Азат Болоспекович – проходчик добычного участка №2 Иртышской шахты. Иртышский рудник ТОО «Востокцветмет»; Хаметов Дюсюмбай Жаймурзинович – водитель топливозаправщика АО «Шубарколь Премиум», автотранспортный цех, автоколонна №2. #Олжас Бектенов #Промышленность Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
28 Тамыз 2025, 12:13
Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.
Қазақстан минералдық ресурстардың ең ірі қоры бар он мемлекеттің қатарына кіреді. Еліміздегі көмір қоры 34 млрд тоннаға бағаланады, бұл әлемдік ресурстардың 4%-ын құрайды. 2025 жылдың жеті айында ел экономикасы 6,3%-ға өсті. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібі 8,5%-дық жоғары өсу қарқынын көрсетті, көмір өндіру 10,6%-ға өсті. Бүгінгі таңда салада 145 мыңнан астам азамат қызмет етеді, оның 32 мыңы – көмір өнеркәсібінде.
«Мемлекет басшысы жариялаған биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында шахтерлер мен кеншілер еңбегіне ерекше көңіл бөлінуде. Ғасырлар бойы бұл мамандық ең күрделі және маңызды мамандықтардың бірі болып отыр. Сіздердің табандылықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз, еңбекқорлықтарыңыз бен адалдықтарыңыз құрмет пен мақтауға лайық.
Еңбек адамын жан-жақты қолдау, өндірісте қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдығы. Ол мақсатта еліміздегі шахталар өндірістік қауіп-қатерлерді төмендетуге мүмкіндік беретін цифрлық жүйелермен жарақтандырылуда. Пилотсыз техника, қашықтан басқару және жерасты радиобайланысы енгізілуде. Бұл жұмыстар жалғаса бермек» , — деп атап өтті Премьер-министр.
Олжас Бектенов тау-кен өнеркәсібі өзінің стратегиялық маңызын сақтап қала беретінін атап өтті. Сирек және жерде сирек кездесетін металдардың кен орнын игеру еліміздің дамуына қосымша серпін беріп, шахтер мамандығының маңызын нақтылай түседі.
Шахтерлер мен кеншілер Мемлекет басшысына жұмысшы мамандықтарына көңіл бөліп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.
«Бүгін елімізде елеулі мереке болып жатыр. Осы Шахтер күнімен кеншілерді құттықтаймын. Менің бұл саладағы жалпы еңбек өтілім қырық жылға жуық. Кеншілердің жұмысы жемісті, қауіпсіз болсын деп тілеймін. Еңбегімізді бағалап, марапаттап жатқан Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін» , — дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің директоры Мұқан Үнгітбаев.
Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар бұл марапаттар кеншілердің еңбегіне, төзімділігі мен жанкешті еңбегіне берілген жоғары баға деп есептейді.
«Тау-кен өндірісіне 1996 жылы келдім. Содан бері 28 жылдың жүзі болыпты. Бүгін еңбегіміз еленіп, жоғары мемлекеттік мапрапат алып жатқаныма алғысымды айтамын. Келе жатқан кәсіби мерекеміз құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, жақсылық тілеймін. Қуанышты күндеріңіз көп болсын» , — дейді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің үңгілеушісі Ербол Есетов.
Кеншілер қауымы тау-кен саласы, соның ішінде, көмір өндіру кәсібі өте үлкен оң өзгерістерге ұшырап жатқанын айтады. Салада қайта жаңғырту жүріп, өндірістің қарқынын арттыру мәселелері шешімін табуда.
«Мен Мемлекет басшысына, біздің компанияның басшылығына менің еңбегімді лайық бағалап, жоғары наградаға ұсынғаны үшін рахметімді айтамын. Бұл тек маған ғана емес, ұжымыма, әріптестеріме берілген баға деп білемін. Өзім көмір өнеркәсібінде 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Еңбек жолымды тау-кен шебері болып бастап, департамент директоры қызметіне дейін көтерілдім. Бұл мамандықты жастайымнан таңдадым, мектеп бітірген соң политехникалық институтқа оқуға түстім. Содан бергі аралықта, тау-кен саласы, соның ішінде, көмір өндіру кәсібі өте үлкен табыстарға қол жеткізді. Қайта жаңғырту жүріп жатыр, қауіпсіздік мәселелері, өндірістің қарқынын арттыру мәселелері шешімін табуда. Бұл өзгерістерде үлкен ұжымның ұшан-теңіз еңбегі жатыр. Осыған орай барша шахтерлерді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ырыс-береке тілеймін» , — дейді «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры Төлеген Шаяхметов.
Көмір және тау-кен саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табыс етілді.
«Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» құрметті атағы:
Краснощеков Сергей Васильевич – «Qarmet» АҚ Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның жерасты тау-кен жұмысшысы
Есетов Ербол Жағыпарұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің үңгілеушісі
Бажақанов Исмағұл Жаркетұлы – «Қазхром» АҚ Дон тау-кен байыту комбинаты (ERG) «Болашақ» шахтасының үңгілеушісі
Жанайдаров Бейбіт Қамшыбайұлы – «Qarmet» АҚ «Шахтинская» шахтасының электр слесары
Сорочкин Александр Васильевич – «Qarmet» АҚ Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның үңгілеушісі
Қыдыралин Болат Сабырұлы – «Шұбаркөл көмір» АҚ «Орталық» тау жұмыстары телімінің экскаватор машинисі
Семейбаев Сырым Сайранбекұлы – «Qarmet» АҚ басқарма мүшесі – басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Шаяхметов Төлеген Нәбиұлы – «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің өндіріс жөніндегі директоры
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені:
Айтпаев Мейірбек Әбдіқамитұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің VI разрядты жарушысы
Арнаутов Петр Михайлович – «Өркен» ЖШС «Батыс Қаражал» шахтасының электр слесары
Әлкенов Нұрлан Тұяқұлы – «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ERG) «Шығыс» разрезінің экскаватор машинисі
Надежкин Александр Васильевич – «Qarmet» АҚ Қарағанды көлік-жүк тиеу басқармасының тепловоз машинисі
Подопригора Олег Александрович – «Қазхром ТҰК» АҚ (ERG) Шахта құрылыс цехының бастығы
Река Игорь Петрович – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің ІІ разрядты кеншісі
Төребеков Ержан Серікұлы – «Qarmet» АҚ «Шахтинск» шахтасының үңгілеушісі
Үнгітбаев Мұқан Жалғасұлы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ «Нұрқазған» кенішінің директоры
Ілиясов Руслан Серікбайұлы – «Qarmet» АҚ Қарағанды жүк тиеу-көлік басқармасының тепловоз машинисі
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
Андронуца Юрий Александрович – «Шұбаркөл Көмір» АҚ №1 автоколоннасының тау көлігі жүргізушісі
Исекеева Роза Қадырбекқызы – «Қазхром» ТҰК» АҚ (ERG) кен байыту және кесектеу диспетчері
Попов Игорь Николаевич – «Шұбаркөл Премиум» АҚ №2 автоколоннасының жол-көлік машиналарының машинисі
Прокопов Александр Николаевич – «Qarmet» АҚ «Саран» шахтасының тау-кен жұмысшысы
Путырский Анатолий Аркадьевич – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – Қ.И. Сәтбаев атындағы «Балқаштүстімет» ӨБ «Саяқ-1» шахтасының V разрядты жарушысы
Сәрсембаев Рашид Барлыбайұлы – «Өркен» ЖШС («Qarmet» АҚ) бас кеншісі
Соғымбаев Азат Болысбекұлы – «Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс шахтасының №2 телімінің үңгілеушісі
Хаметов Дүйсембай Жаймырзаұлы – «Шұбаркөл Премиум» АҚ №2 автоколоннасының автомобиль жүргізушісі
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз