статья

Все принимаемые Правительством меры должны быть направлены на повышение уровня жизни и благополучие наших граждан – Олжас Бектенов

Үкімет қабылдайтын шаралар мен қадамдардың барлығы азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс — Олжас Бектенов

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 9 сентября 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

Подчеркнута необходимость неукоснительного соблюдения принципа «Закон и Порядок».

09 Сентябрь 2025, 18:45 Все принимаемые Правительством меры должны быть направлены на повышение уровня жизни и благополучие наших граждан – Олжас Бектенов На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры по реализации Послания Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» от 8 сентября 2025 года. В Послании Глава государства обратил особое внимание на необходимость реформирования сферы социальной поддержки. Премьер-министр в рамках этой работы поручил Министерству труда совместно с заинтересованными госорганами и акиматами разработать единый для всех регионов стандарт мер соцподдержки до 1 декабря текущего года. «Надо исключить все сомнительные и неэффективные социальные льготы и выплаты. Мы сохраним социальную справедливость и будем принимать меры по противодействию психологии иждивенчества. Задача Правительства – создать для всех равные условия, а граждане должны стремиться получить работу, обеспечивать себя и свою семью. Государство же должно сосредоточиться на помощи только действительно нуждающимся», — отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр подчеркнул, что для этого должны быть выстроены кардинально новые методы контроля и мониторинга госуслуг во всех сферах экономики путем глубокого внедрения цифровизации и технологий искусственного интеллекта. В связи с этим Премьер-министр дал поручения профильным госорганам и акиматам: Совместно с Министерством цифровизации до 1 ноября т.г, внедрить Единую цифровую платформу социальной сферы при Министерстве труда. Госорганам – обеспечить оперативное согласование законопроекта с поправками в Социальный кодекс, предусматривающего внедрение механизмов социального аудита. Министерству просвещения, фонду «Самрук – Қазына» совместно с акиматами регионов необходимо завершить строительство оставшихся 52 Келешек мектептері до декабря текущего года. Принять Концептуальные подходы и Дорожную карту по внедрению ИИ в системе образования на 2025-2029 годы до 1 октября текущего года. Они должны включать меры по разработке нормативной правовой базы, учебно-методического обеспечения, подготовки и переподготовки педагогов, информационной безопасности. Совместно с акиматами регионов продолжить поэтапное внедрение модели малокомплектной школы «Ауыл мектебі – сапа алаңы». Предусмотреть конкретные меры по обеспечению этих школ высокоскоростным интернетом, цифровыми образовательными ресурсами, организации дистанционного обучения, а также подготовке педагогов соответствующим навыкам. Совместно с акиматами масштабировать концепцию и подходы Центра нового поколения «Sana» в регионах, в том числе с привлечением частных инвестиций. Министерствам просвещения, науки и высшего образования в двухмесячный срок утвердить Концептуальные основы непрерывного многоуровневого экологического образования обучающихся. Министерствам цифрового развития в двухнедельный срок обеспечить передачу в Министерство науки функций по инновационной политике. Ряд поручений Олжаса Бектенова коснулся сферы туризма, так как Глава государства в Послании отметил важность развития инфраструктуры на туристических объектах. Премьер-министр подчеркнул, что это является прямой ответственностью местных исполнительных органов и поручил в кратчайшие сроки актуализировать мастер-план развития Алматинского горного кластера. Министерству национальной экономики совместно с Министерством туризма и спорта, акиматом города Алматы в недельный срок поручено признать проекты кластера критически важными и вынести на Республиканскую бюджетную комиссию. Также Минтуризму и спорту совместно с регионами необходимо будет до 1 октября текущего года разработать План-график приватизации футбольных клубов. Одним из важных направлений работы Правительства остается обновление медицинской инфраструктуры. В этой части Олжас Бектенов поручил Министерству здравоохранения обеспечить запуск построенных многопрофильных больниц, совместно с акиматами привлечь частные инвестиции для строительства новых объектов и до конца года запустить новую систему мониторинга качества и объема медуслуг. Премьер-министр также подчеркнул необходимость безусловного исполнения принципа Президента «Закон и Порядок». «Глава государства обратил особое внимание на необходимость укоренения в обществе принципа "Закон и Порядок", в том числе в рамках соблюдения нулевой терпимости к любым правонарушениям и беззаконию. Министерству внутренних дел совместно с заинтересованными госорганами необходимо усилить профилактику бытовых и уличных правонарушений, активизировать информационно-воспитательную работу с населением, особенно с молодежью. Мы должны обеспечить повсеместное исполнение принципа Президента "Закон и Порядок"», — отметил Олжас Бектенов. Отдельной строкой в Послании обозначены вопросы дорожной безопасности и необходимость формирования культуры вождения. В этой связи Министерству внутренних дел поручено принять дополнительные меры по усилению соответствующей работы, а также обеспечению строгого контроля за соблюдением ПДД. Кроме того, поставлена задача – завершить в кратчайшие сроки работу по продвижению законодательных поправок, регулирующих вопросы использования электросамокатов и иных средств индивидуальной мобильности. «Все принимаемые Правительством меры и шаги должны быть направлены на повышение уровня жизни и благополучие наших граждан», — подчеркнул Премьер-министр. #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Соцзащита #Трудоустройство #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

09 Қыркүйек 2025, 18:45

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды. Жолдауда Президент әлеуметтік қолдау саласын реформалау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Премьер-министр аталған жұмыс шеңберінде Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірлерге арналған бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды.

«Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастау керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдайтын боламыз. Үкіметтің міндеті – барлығына бірдей жағдай жасау, ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оол үшін цифрландыруды және жасанды интеллект технологияларын терең енгізу арқылы экономиканың барлық салаларындағы мемлекеттік қызметтерді бақылау мен мониторинг жүргізудің түбегейлі жаңа әдістері жасалуы тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тапсырма берді:

Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін Еңбек министрлігі жанындағы Әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу қажет.

Мемлекеттік органдар Әлеуметтік кодекске әлеуметтік аудит тетіктерін енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасының жедел келісілуін қамтамасыз етуі керек.

Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауы қажет.

Осы жылдың 1 қазанына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасы қабылдануға тиіс. Олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек.

Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл мектебі – сапа алаңы» шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет.

Осы мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуі тиіс.

Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, «Sana» жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет.

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері екі ай мерзімде білім алушыларға үздіксіз көп деңгейлі экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негіздерін бекітсін.

Цифрлық даму министрлігі екі апта ішінде Ғылым министрлігіне инновациялық саясат жөніндегі функцияларды беру мәселеЛерін қамтамасыз етсін.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауда туристік нысандарда инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өтуіне байланысты туризм саласына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Премьер-министр бұл жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапкершілігі екенін атап өтіп, қысқа мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартудыі тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, бір апта мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобаларын аса маңызды объектілер және жалпыұлттық маңызы бар жобалар деп танып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілсін. Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі өңірлермен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына дейін Футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлесін.

Медициналық инфрақұрылымды жаңарту Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Бұл бөлімде Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне салынған көпсалалы ауруханалардың іске қосылуын қамтамасыз етуді, өңірлерде жаңа объектілер салуды жалғастыру үшін әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестициялар тартуды және жыл соңына дейін медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін іске қосуды тапсырды.

Сондай-ақ Премьер-министр Президенттің «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы құқық бұзушылық пен заңсыздыққа мүлдем төзбеушілікті ұстана отырып, қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын орнықтыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрмыстық және көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен, әсіресе жастармен ақпараттық-тәрбие жұмыстарын жандандыруы қажет. Біз Президенттің "Заң мен Тәртіп" қағидатының ел аумағында толық орындалуын қамтамасыз етуіміз керек» , — деді Олжас Бектенов.

Жолдауда жол қауіпсіздігі мәселесі мен көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне ерекше мән беріліп отыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне тиісті жұмысты күшейту, сондай-ақ, жол ережесін қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұдан басқа, электросамокаттарды және басқа да жеке мобильді қозғалыс құралдарын пайдалану мәселелерін реттейтін заңнамалық түзетулерді ілгерілету жұмысын барынша қысқа мерзімде аяқтау міндеті қойылды.

«Үкімет қабылдайтын барлық шаралар мен қадамдар азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс» , — деп атап өтті Премьер-министр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз