Касым-Жомарт Токаев выступил на закрытии VIII Съезда лидеров мировых и традиционных религий
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің жабылуында сөз сөйледі
Kassym-Jomart Tokayev spoke at the closing of the VIII Congress of Leaders of World and Traditional Religions
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан поддерживает межрелигиозный диалог и будет усиливать роль Съезда.
В своем выступлении Глава государства отметил, что на протяжении нескольких дней в нашей столице проходят встречи представителей разных культур и цивилизаций. – Несмотря на различия в вероисповедании и традициях, всех нас объединяют единые стремления и благие намерения. Ярким подтверждением тому стала Итоговая декларация Съезда, в которой нашли отражение общие идеи и предложения. Собственно, именно в этом и заключается главная суть форума. Мы стали свидетелями конструктивного диалога, основанного на взаимном уважении. Самое главное – духовные лидеры продемонстрировали готовность объединять усилия во имя общих интересов, – сказал он. По словам Президента, подлинная мудрость проявляется именно в умении вести конструктивный и содержательный диалог. – Сегодня вы показываете всему миру пример дальновидности и рассудительности. В условиях нарастающей геополитической нестабильности это приобретает особое значение. Форум показал, насколько важно сегодня развивать взаимодействие между религиями и культурами, наращивать сотрудничество ради лучшего будущего для всего человечества. В ходе пленарного и секционных заседаний, специальной сессии по защите религиозных объектов и символов, экспертного круглого стола и форума молодых религиозных лидеров было высказано много ценных идей и предложений. Вы решительно осудили деструктивные идеологии и насилие, рассмотрели возможности урегулирования современных кризисов, обсудили пути преодоления социального неравенства и построения инклюзивных обществ. Особое внимание уделено вопросам экологии, устойчивого развития, влияния новых технологий и искусственного интеллекта на жизнь людей. В своем выступлении на открытии Съезда я отметил важную роль духовной дипломатии в укреплении диалога и доверия на международной арене. Отрадно, что вы разделяете такую позицию, – заявил Глава государства. Как считает Касым-Жомарт Токаев, в эпоху коренных изменений в мире именно религиозные лидеры должны нести человечеству свет нравственных ориентиров и гуманистических ценностей. – За два дня вы пришли к общему пониманию дальнейшей повестки и ключевых направлений работы Съезда, которые были изложены в совместной итоговой Декларации. Призываю всех участников форума, включая Послов доброй воли, активно продвигать идеи этой Декларации. Полностью поддерживаю ваши рекомендации Секретариату Съезда о разработке документа о роли религиозных лидеров в борьбе с климатическими изменениями, а также универсальных принципов ответственного использования искусственного интеллекта с позиций духовности и гуманизма. Особо хочу отметить сессию, организованную в партнерстве с Альянсом цивилизаций ООН, – сказал он. Далее Президент указал на важность защиты религиозных объектов для сохранения исторической памяти, культурного многообразия и духовного наследия человечества. – Проведение подобного мероприятия в Казахстане говорит о большом значении региона Центральной Азии в этом вопросе. Состоявшийся Форум молодых религиозных лидеров продемонстрировал, что новое поколение стремится сохранить преемственность и продолжить путь диалога и взаимопонимания. Это значит, что у мира есть будущее. Экспертный круглый стол показал важность синергии научных и религиозных знаний для большего понимания потенциала духовной дипломатии. Считаю нужным усиливать это направление как существенную составляющую широкого международного сотрудничества. На Съезде обсуждалась идея единого, нейтрального и неполитизированного голоса религиозных лидеров за мирное сосуществование. Она может стать значимым вкладом в формирование нового, более устойчивого и справедливого миропорядка, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. Глава государства отметил, что Казахстан всецело поддерживает межрелигиозный и межкультурный диалог на всех уровнях и будет активно способствовать росту влияния Съезда как глобальной диалоговой площадки. – Мы продолжим расширение партнерской сети Секретариата Съезда с институтами ООН и другими структурами. Планируется проведение ряда мероприятий с участием международных партнеров, молодежи, экспертов, волонтерских организаций, направленных на продвижение идей Съезда. Мир – наше главное богатство, ценность, одинаково значимая для всех стран, народов и религий. Поистине, только мир и стабильность могут служить незыблемой гарантией светлого будущего. Вы прилагаете неустанные усилия на этом пути. Об этом убедительно свидетельствует и наша сегодняшняя встреча. Подводя итоги, можно сказать, что Съезд прошел успешно. Выражаю всем вам огромную благодарность. Убежден, что наше единство во имя высоких целей будет и далее крепнуть, – подытожил Президент. Акорда https://www.akorda.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-vystupil-na-zakrytii-viii-sezda-liderov-mirovyh-i-tradicionnyh-religiy-188329
Мемлекет басшысы бірнеше күннен бері елордада түрлі мәдениет пен өркениет өкілдері бас қосып жатқанын айтты.
– Меймандарымыздың діні мен ділі бөлек болса да, тілегі мен ниеті бір екені сөзсіз. Съездің қорытынды Декларациясы – соның айқын дәлелі. Құжатта ортақ идеялар мен ұсыныстар көрініс тапты. Жалпы, форумның түпкі мәні де – осы. Біз құрмет пен сыйластыққа негізделген сындарлы диалогтың куәсі болдық. Ең бастысы, дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екенін көрсетті, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шын мәнінде, салмақты және сындарлы диалог – нағыз даналықтың көрінісі.
– Сіздер бүкіл әлемге көрегендік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп отырсыздар. Геосаяси тұрақсыздық белең алған күрделі кезде мұның мән-маңызы айрықша. Форум бүгінде діндер мен мәдениеттер арасындағы ықпалдастықты дамытудың, барша адамзаттың жарқын болашағы үшін ынтымақтастықты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пленарлық және секциялық отырыстарда, діни орындар мен нышандарды қорғау бойынша арнайы сессияларда, сарапшылар дөңгелек үстелінде және жас діни көшбасшылар форумында көптеген құнды идея мен ұсыныс айтылды. Сіздер деструктивті ағымдар мен зорлық-зомбылықты қатаң айыптап, қазіргі дағдарыстарды реттеу мүмкіндіктерін қарастырдыңыздар, әлеуметтік теңсіздікті еңсеру мен инклюзивті қоғам құру жолдарын талқыладыңыздар. Экология, орнықты даму, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектінің адам өміріне әсері мәселелеріне ерекше мән берілді. Съездің ашылуында сөйлеген сөзімде діни дипломатияның халықаралық аренадағы диалог пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан едім. Сіздердің де бұл ұстаныммен келісетіндеріңіз қуантады, – деді Мемлекет басшысы.
Президент жаһанда түбегейлі өзгерістер орын алып жатқан кезеңде дін көшбасшылары барша халыққа адамгершілік қасиеттер мен гуманистік құндылықтардың шамшырағы болуға тиіс деп санайды.
– Екі күн ішінде сіздер Съезд жұмысының басты бағыттары мен келешек күн тәртібі туралы ортақ ұйғарымға келдіңіздер. Ол бірлескен қорытынды Декларацияда көрініс табады. Барлық форум қатысушыларын, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерін осы Декларацияның идеяларын белсенді насихаттауға шақырамын. Сіздердің климат өзгерістерімен күрестегі дін басшыларының рөлі туралы құжат әзірлеу, сондай-ақ дін және гуманизм тұрғысынан жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың жалпыға бірдей қағидаттарын қалыптастыру туралы Съезд Хатшылығына берген ұсынымдарыңызды толық қолдаймын. БҰҰ Өркениеттер альянсының сессиясын айрықша атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы тарихи ескерткіштерді, мәдени әралуандықты және адамзаттың рухани мұрасын сақтау үшін діни нысандарды қорғау өте өзекті екенін жеткізді.
– Қазақстанда мұндай іс-шараларды өткізу Орталық Азия аймағында аталған мәселе үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Жас діни көшбасшылар форумы өскелең ұрпақтың сабақтастықты сақтауға, диалог пен өзара түсіністік жолын жалғауға ұмтылатынын байқатты. Яғни әлемнің келешегі бар деген сөз. Сарапшылардың дөңгелек үстелі рухани дипломатияның әлеуетін кеңінен түсінуде ғылым мен діни ілім синергиясы маңызды екенін танытты. Бұл бағытты халықаралық ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі ретінде күшейту қажет деп санаймын. Съезде дін көшбасшыларының бейбіт қатар өмір сүруге шақырып, бейтарап, саяси реңк бермей, ортақ үн қату идеясы талқыланды. Осы арқылы жаңа, анағұрлым орнықты әрі әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруға елеулі үлес қосуға болады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайтынын және Съездің жаһандық пікірталас алаңы ретінде ықпалын арттыруға тырысатынын атап өтті.
– Біз Съезд Хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. Бейбітшілік – ең басты байлығымыз. Бұл – барша елдерге, халықтар мен діндерге ортақ аса маңызды құндылық. Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық баянды болашақтың мызғымас кепілі саналады. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Бүгінгі басқосуды соның жарқын көрінісі болды деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Съезд табысты өтті. Баршаңызға зор алғысымды айтамын. Игі мақсат жолындағы ынтымағымыз одан әрі нығая береді деп ойлаймын, – деді Президент.
https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-alemdik-zhane-dasturli-dinder-koshbasshylarynyn-viii-sezinin-zhabyluynda-soz-soyledi-1883251
In his speech, the Head of State noted that for several days, meetings of representatives of different cultures and civilizations have been held in our capital.
– Despite differences in faith and traditions, we are all united by common aspirations and good intentions. A clear confirmation of this was the Final Declaration of the Congress, which reflected common ideas and proposals. In fact, this is the main essence of the forum. We have witnessed a constructive dialogue based on mutual respect. Most importantly, the spiritual leaders have demonstrated their readiness to unite their efforts for the sake of common interests, – he said.
According to the President, true wisdom is manifested precisely in the ability to conduct a constructive and meaningful dialogue.
– Today you are showing the whole world an example of foresight and prudence. In the context of growing geopolitical instability, this is of particular importance. The forum showed how important it is today to develop interaction between religions and cultures, to increase cooperation for a better future for all humanity. During the plenary and breakout sessions, the special session on the protection of religious sites and symbols, the expert round table, and the forum of young religious leaders, many valuable ideas and proposals were expressed. You have strongly condemned destructive ideologies and violence, considered the possibilities of resolving modern crises, discussed ways to overcome social inequality and build inclusive societies. Special attention was paid to the issues of ecology, sustainable development, and the impact of new technologies and artificial intelligence on people's lives. In my speech at the opening of the Congress, I noted the important role of spiritual diplomacy in strengthening dialogue and trust in the international arena. I am glad that you share this position, – stated the Head of State.
According to Kassym-Jomart Tokayev, in an era of fundamental changes in the world, it is the religious leaders who must bring the light of moral guidelines and humanistic values to humanity.
– Over two days, you have come to a common understanding of the further agenda and key directions of the Congress's work, which were set out in the joint final Declaration. I call on all participants of the forum, including the Goodwill Ambassadors, to actively promote the ideas of this Declaration. I fully support your recommendations to the Secretariat of the Congress on the development of a document on the role of religious leaders in the fight against climate change, as well as universal principles for the responsible use of artificial intelligence from the standpoint of spirituality and humanism. I would especially like to note the session organized in partnership with the UN Alliance of Civilizations, – he said.
Further, the President pointed out the importance of protecting religious sites for the preservation of historical memory, cultural diversity, and the spiritual heritage of humanity.
– The holding of such an event in Kazakhstan speaks to the great importance of the Central Asian region in this matter. The Forum of Young Religious Leaders that took place demonstrated that the new generation strives to preserve continuity and continue the path of dialogue and mutual understanding. This means that the world has a future. The expert round table showed the importance of the synergy of scientific and religious knowledge for a greater understanding of the potential of spiritual diplomacy. I consider it necessary to strengthen this direction as an essential component of broad international cooperation. The Congress discussed the idea of a single, neutral, and non-politicized voice of religious leaders for peaceful coexistence. It can become a significant contribution to the formation of a new, more sustainable and just world order, – emphasized Kassym-Jomart Tokayev.
The Head of State noted that Kazakhstan fully supports interreligious and intercultural dialogue at all levels and will actively contribute to the growth of the Congress's influence as a global dialogue platform.
– We will continue to expand the partner network of the Secretariat of the Congress with UN institutions and other structures. A number of events are planned with the participation of international partners, youth, experts, and volunteer organizations aimed at promoting the ideas of the Congress. Peace is our main wealth, a value equally significant for all countries, peoples, and religions. Truly, only peace and stability can serve as an unshakable guarantee of a bright future. You are making tireless efforts on this path. Our meeting today is convincing evidence of this. Summing up, we can say that the Congress was successful. I express my huge gratitude to all of you. I am convinced that our unity for the sake of high goals will continue to grow stronger, – the President concluded.
https://www.akorda.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-vystupil-na-zakrytii-viii-sezda-liderov-mirovyh-i-tradicionnyh-religiy-188329