День труда: Олжас Бектенов от имени Президента вручил награды представителям рабочих профессий
Еңбек күні: Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапаттар табыстады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Принцип «Честный человек – Честный труд – Честный доход» объявлен главным ориентиром развития общества.
27 Сентябрь 2025, 11:57 День труда: Олжас Бектенов от имени Президента вручил награды представителям рабочих профессий Премьер-министр принял участие в республиканском форуме «Еңбек адамы – Ел мақтанышы», посвященном празднованию Дня труда. От имени Главы государства Олжас Бектенов вручил государственные награды представителям рабочих профессий, внесшим вклад в укрепление и развитие экономики Казахстана. Обращаясь к участникам форума, Премьер-министр подчеркнул, что обозначенный Президентом на Национальном курултае принцип «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» стал одним из главных ориентиров развития казахстанского общества. День труда в РК отмечается более 10 лет. В Год рабочих профессий праздник приобрел особое значение, символизирующее глубокое уважение ко всем гражданам, чей добросовестный труд является основой развития общества. В стране на сегодня трудятся порядка 2,5 млн специалистов. Среди них шахтеры, металлурги, педагоги, энергетики, медицинские работники, строители, агрономы, технологи и др. Правительством принимаются меры поддержки людей труда. Улучшаются и автоматизируются условия на производствах, реформируется система технического образования, актуализируются профессиональные стандарты, укрепляется связь между наукой и промышленностью. Важным шагом для создания благоприятных условий для трудящихся стал запуск по инициативе Президента специальной программы Отбасы банка «Наурыз жұмыскер». По данной программе только в текущем году более 2 тыс. семей смогли улучшить свои жилищные условия. Отдельное внимание уделено вопросам развития цифровых технологий в РК. «Глава государства видит будущее Казахстана в инновационном развитии и в своем Послании ставит в приоритет масштабную цифровизацию и активное внедрение искусственного интеллекта. На передний план выходят новые технологии. Это широкая возможность для экономического роста и дальнейшего улучшения качества жизни граждан. Инновационные решения внедряются в промышленность, транспортную отрасль, медицину, образование и многие другие сферы. Все предпринимаемые усилия нацелены на формирование сильного Цифрового Казахстана», — подчеркнул Олжас Бектенов. С учетом проводимой Правительством работы по достижению цифрового прогресса акцент сделан на подготовку кадров и развитие профессионально-технического образования. В этом году обеспечен 100% охват выпускников 9-х классов бесплатным обучением в колледжах по востребованным специальностям, таким как геология, машиностроение, энергетика, транспорт, IT и др. Стипендия студентов за последние два года выросла вдвое. В колледжах обновлена материально-техническая база, охват студентов общежитиями достиг порядка 90%. Правительство принимает меры по созданию условий для приобретения гражданами новых навыков и повышения конкурентоспособности. Во всех регионах страны укрепляется взаимодействие между образовательными учреждениями и производственными объектами. В 8 раз увеличилось количество шефствующих над колледжами предприятий, в 2 раза – число дуальных договоров с бизнесом. На мероприятии с видеообращением к участникам форума обратился генеральный директор Международной организации труда Жилбер Фоссун Хунгбо. Он подчеркнул значимость представительных организаций работодателей и работников, которые играют ключевую роль в обеспечении социального диалога и содействуют инклюзивному и устойчивому развитию рынка труда. По его словам, особенно важно, что сегодня социальные партнеры продолжают совместную работу, развивая этот диалог и определяя дальнейшие шаги. Также выступил председатель президиума Национальной конфедерации работодателей «PARYZ» Жумабек Жаныкулов. В ходе организованной на полях форума выставки Премьер-министр ознакомился с проводимой промышленными предприятиями Казахстана работой по внедрению передовых технологий в производство. Руководством компаний QARMET, «Казахмыс», «Казцинк» и ERG представлены проекты по выпуску металлургической продукции для высокотехнологичных отраслей, внедрению системы мониторинга на производствах, созданию цифровых моделей обогатительных фабрик и др. Инициативы бизнеса направлены на «умное» управление процессами и достижение максимальной полезности, а также подготовку профессиональных кадров посредством поддержки колледжей и открытия в них современных учебных кабинетов и мастерских. По итогам форума вручены государственные награды представителям рабочих профессий. Награждены: Орденом «Құрмет» Бахтарбек Жунусов – ветеран Департамента пути и сооружений АО «НК «Қазақстан темір жолы» - «Дирекция магистральной сети»; Акмарал Ауганова – менеджер Департамента бухгалтерского учета и отчетности ТОО «KAP Technology». Орденом «Еңбек Даңқы» ІІІ степени Шайхыман Шонанов – машинист бульдозера ТОО «KAZ Minerals Bozshakol»; Бану Оналбаева – начальник Центрального операционного участка Кербулакского районного узла почтовой связи филиала АО «Казпочта», область Жетысу; Нина Мирошниченко – менеджер по логистике ТОО «Хайдельберг Материалз Казахстан»; Нурадил Мещанов – машинист котлов ТОО «Главная распределительная энергостанция Топар»; Геннадий Образцов – машинист экскаватора АО «Костанайские минералы»; Гульзия Авдикерим – швея ТОО «Qarmet Service»; Токтар Жанаев – механик по выпуску транспорта Управления транспорта АО «Altyntau Kokshetau»; Жарылкасын Курайшов – токарь 6 разряда участка мехобработки, цеха «Металлобработки» ТОО «Таразский металлургический завод». #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Год рабочих профессий Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
27 Қыркүйек 2025, 11:57
Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасын нығайтуға және дамытуға үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады.
Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті.
Қазақстанда Еңбек күні он жылдан астам уақыттан бері аталып келеді. Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бұл мерекенің маңызы артып, қоғам дамуының негізі саналатын адал еңбекке құрметтің белгісіне айналды. Қазір елімізде шамамен 2,5 млн маман еңбек етеді. Олардың қатарында шахтерлер, металлургтер, педагогтар, энергетиктер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, агрономдар, технологтер және басқа да сала өкілдері бар.
Үкімет жұмысшы мамандықтары иелеріне әрдайым жан-жақты қолдау көрсетілуде. Өндірістегі еңбек жағдайы жақсартылып, ондағы үдерістер автоматтандырылуда. Техникалық білім беру жүйесі реформаланып, кәсіби стандарттар жаңартылуда. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нығайып келеді.
Еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды қадамның бірі – Президент бастамасымен Отбасы банкінде арнайы «Наурыз жұмыскер» бағдарламасының іске қосылғанын атап өткен жөн. Бүгінде бұл бағдарлама арқылы 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.
Сонымен қатар елімізде цифрлық технологияларды дамыту – ерекше назарда.
«Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын инновациялық даму жолында көреді. Ол халыққа Жолдауында ауқымды цифрландыруды және жасанды интеллектіні белсенді енгізуді басымдық ретінде айқындады. Алдыңғы қатарға жаңа технологиялар шығады. Бұл – экономикалық өсімге және азаматтардың өмір сапасын одан әрі жақсартуға кең мүмкіндік. Инновациялық шешімдер өнеркәсіпке, көлік саласына, медицинаға, білім беруге және басқа да көптеген салаларға енгізілуде. Барлық жасалып жатқан шаралар қуатты Цифрлық Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет жүргізіп отырған цифрлық прогреске қол жеткізу жұмыстары аясында кадрларды даярлау және кәсіби-техникалық білім беруді дамыту басты назарда болып отыр. Биыл 9-сынып түлектерінің 100%-ы геология, машина жасау, энергетика, көлік, IT және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін білім алумен қамтылды. Соңғы екі жылда студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсті. Колледждерде материалдық-техникалық база жаңартылды, студенттердің жатақханамен қамтылуы шамамен 90%-ға жетті.
Үкімет азаматтарға жаңа дағдыларды игеруге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға барлық жағдайды жасауға мүдделі. Елдің барлық өңірінде білім беру мекемелері мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Колледждерді қамқорлыққа алған кәсіпорындардың саны 8 есе артты, бизнеспен жасалатын дуалды келісімшарттар саны 2 есе көбейді.
Іс-шара барысында Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жилбер Фоссун Хунгбо форум қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Ол әлеуметтік диалогты қамтамасыз етуде және еңбек нарығының инклюзивті әрі тұрақты дамуына жәрдемдесуде шешуші рөл атқаратын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілді ұйымдарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік серіктестер осы диалогты дамытып, әрі қарайғы қадамдарды анықтап, бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруда.
Сондай-ақ «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов сөз сөйледі.
Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде Премьер-министр қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс процесіне озық технологияларды енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. «QARMET», «Қазақмыс», «Қазцинк» және ERG компаниялары жоғары технологиялық салаларға арналған металлургиялық өнім шығару, өндірістерде мониторинг жүйесін енгізу, байыту фабрикаларының цифрлық үлгілерін жасау және тағы да басқа жобаларын таныстырды. Бизнестің бастамалары өндіріс үдерістерін «ақылды» басқаруға және барынша тиімділікке қол жеткізуге, сондай-ақ колледждерді қолдау арқылы кәсіби кадрларды даярлауға, онда заманауи оқу кабинеттері мен шеберханаларды ашуға бағытталған.
Форум қорытындысы бойынша жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.
Бахтарбек Жүнісов – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Жол және құрылыстар департаментінің ардагері;
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Шайхыман Шонанов – «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС бульдозер машинисі;
Бану Оңалбаева – «Қазпошта» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы Кербұлақ аудандық пошта байланыс торабының Орталық операциялық учаскесінің басшысы;
Нина Мирошниченко – «Хайдельберг Материалз Қазақстан» ЖШС логистика жөніндегі менеджері;
Нұрәділ Мещанов – «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС қазандық машинисі;
Геннадий Образцов – «Қостанай минералдары» АҚ экскаватор машинисі;
Гүлзия Авдикерім – «Qarmet Service»ЖШС тігіншісі;
Тоқтар Жанаев – «Altyntau Kokshetau» АҚ Көлік басқармасының көлікті шығару жөніндегі механигі;
Жарылқасын Құрайышов – «Тараз металлургия зауыты» ЖШС «Металл өңдеу» цехының, механикалық өңдеу учаскесінде 6 разрядты токары.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз