статья

Олжас Бектенов принял участие в заседаниях Совета глав правительств СНГ в Минске

Олжас Бектенов Минскіде өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырыстарына қатысты

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 29 сентября 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

СНГ является надежной платформой для сотрудничества.

29 Сентябрь 2025, 18:40 Олжас Бектенов принял участие в заседаниях Совета глав правительств СНГ в Минске Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов в городе Минск (Республика Беларусь) принял участие в заседаниях Совета глав правительств Содружества Независимых Государств в узком и расширенном составах. Участие в заседаниях приняли премьер-министры Азербайджанской Республики Али Идаят Оглу Асадов, Республики Беларусь Александр Турчин, Председатель Кабинета Министров – Руководитель Администрации Президента Кыргызской Республики Адылбек Касымалиев, Председатель Правительства Российской Федерации Михаил Мишустин, Премьер-министр Республики Таджикистан – Председатель Совета глав правительств СНГ Кохир Расулзода, Премьер-министр Республики Узбекистан Абдулла Арипов, заместитель Председателя Кабинета министров Туркменистана Ходжамырат Гельдымырадов, вице-премьер-министр Республики Армения Мгер Григорян в режиме видеоконференцсвязи, а также Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев. В узком формате главы делегаций обменялись мнениями по актуальным вопросам экономического взаимодействия и сотрудничества в научно-технологической сфере. Премьер-министр Казахстана в своем выступлении отметил, что СНГ остается надежной площадкой для сотрудничества и совместных взаимовыгодных решений. Совокупный объем ВВП Содружества ежегодно растет в среднем на 4,5%. За пять лет внутренняя торговля выросла на 40%. Общий товарооборот РК со странами СНГ в прошлом году составил $37,3 млрд, в том числе объем торговли услугами увеличился на 9,4%, достигнув $4,3 млрд. Важно и далее укреплять экономическое взаимодействие для устойчивого роста и повышения конкурентоспособности. Дополнительный импульс стимулированию деловой активности окажет проводимая государствами комплексная работа по совершенствованию механизмов биржевой торговли. Акцент сделан на сотрудничестве в области наращивания цифровой трансформации и внедрения искусственного интеллекта для обеспечения динамичного роста экономик. «Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу стратегическим приоритетом ближайших трех лет определил превращение Казахстана в полноценную цифровую страну. Мы активно развиваем цифровую повестку, которая уже охватила все сферы госуправления. Это позволяет решать различные социальные вопросы и многие аспекты повседневной жизни граждан. Особое внимание мы уделяем экспорту отечественных цифровых решений. Казахстан активно делится накопленным опытом с зарубежными партнерами и готов развивать сотрудничество в этом направлении с нашими коллегами по Содружеству», — отметил Олжас Бектенов. Внимание уделено взаимодействию в области модернизации транзитно-транспортного потенциала, поддержки МСБ, рационального использования лесных ресурсов и развития деревообработки. С учетом роста мирового спроса на экологичные материалы отмечена важность перехода от сырьевого экспорта к производству продукции с высокой добавленной стоимостью. В расширенном формате Совет глав правительств СНГ обсудил вопросы сотрудничества в области научно-технологического развития, цифровизации основных мультимодальных транспортных коридоров, энергетики, лесного хозяйства и лесной промышленности, сельского хозяйства, здравоохранения, экологии, ветеринарии и др. По итогам заседаний подписан ряд международных документов, среди которых: Стратегия научно-технологического развития Содружества Независимых Государств на 2026–2035 годы; Стратегия сотрудничества государств – участников СНГ в развитии информационного общества и цифровой экономики на период до 2035 года; Стратегия по цифровизации основных мультимодальных транспортных коридоров государств – участников СНГ; Соглашение о сотрудничестве государств – участников Содружества Независимых Государств по предупреждению развития саранчовых вредителей; Концепция ценообразования в строительной деятельности государств – участников СНГ и др. Следующее заседание Совета глав правительств СНГ состоится в первом полугодии 2026 года в городе Ашхабад (Туркменистан). #Олжас Бектенов #Международное сотрудничество #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

29 Қыркүйек 2025, 18:40

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты.

Жиынға Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-министрі – ТМД ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің төрағасы Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдымырадов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев келді, ал Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Шағын форматта делегация басшылары ғылыми-технологиялық саладағы ынтымақтастық пен экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде ТМД ынтымақтастық пен бірлескен өзара тиімді шешімдер үшін сенімді алаң болып қала беретінін атап өтті. Достастық елдерінің ЖІӨ-дегі жиынтық көлемі жыл сайын орта есеппен 4,5%-ға өсіп отыр. Бес жыл ішінде ішкі сауда 40%-ға артты. Өткен жылы еліміздің ТМД мемлекеттерімен жалпы тауар айналымы $37,3 млрд-ты құрады, соның ішінде қызметтер саудасының көлемі 9,4%-ға артып, $4,3 млрд-қа жетті.

Тұрақты өсу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайта түсу маңызды. Бұл ретте мүше мемлекеттердің биржалық сауда тетіктерін жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан кешенді жұмысы іскерлік белсенділікті ынталандыруға қосымша серпін береді.

Экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз ету үшін цифрлық трансформацияны арттыру және жасанды интеллектіні енгізу саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылып отыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуын таяудағы үш жылдың стратегиялық басымдығы ретінде айқындап берді. Біз мемлекеттік басқарудың барлық саласын қамтитын цифрлық күн тәртібін қарқынды түрде дамытып жатырмыз. Бұл түрлі әлеуметтік мәселені және азаматтардың күнделікті өмірінің көптеген аспектісін шешуге мүмкіндік береді. Біз отандық цифрлық өнімдерді экспорттауға ерекше назар аударамыз. Қазақстан жинақтаған тәжірибесін шетелдік серіктестерімен кеңінен бөлісіп келеді, Достастық бойынша әріптестерімен де осы бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға дайын» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында көлік-транзиттік әлеуетті жаңғырту, ШОБ-ты қолдау, орман ресурстарын ұтымды пайдалану және ағаш өңдеуді дамыту саласындағы өзара іс-қимылға да назар аударылды. Экологиялық материалдарға әлемдік сұраныстың өсуіне байланысты шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндірісіне көшудің де маңыздылығы атап өтілді.

ТМД ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы жиынында ғылыми-технологиялық даму, негізгі мультимодальды көлік дәліздерін цифрландыру, энергетика, орман шаруашылығы және орман өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология, ветеринария және тағы да басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық бірқатар құжатқа қол қойылды, олардың ішінде:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2026–2035 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық даму стратегиясы;

ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған ақпараттық қоғам мен цифрлық экономиканы дамытудағы ынтымақтастық стратегиясы;

ТМД-ға мүше мемлекеттердің негізгі мультимодальды көлік дәліздерін цифрландыру стратегиясы;

Шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу жөніндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің ынтымақтастығы туралы келісім;

ТМД-ға мүше мемлекеттердің құрылыс қызметіндегі баға белгілеу тұжырымдамасы және тағы да басқалар.

ТМД ұйымына мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2026 жылдың бірінші жартысында Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өтеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз