Главная / Хронология / Обращение
обращение

Олжас Бектенов зачитал обращение Главы государства к участникам форума «Новый энергетический порядок: фокус на средние державы»

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» форумына қатысушыларға арналған Үндеуін оқыды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 3 октября 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Казахстан позиционирует себя как надежный партнер для международного сотрудничества в высокотехнологичных производствах.

Позиция

Казахстан реализует крупные энергетические проекты.

03 Октябрь 2025, 11:30 Олжас Бектенов зачитал обращение Главы государства к участникам форума «Новый энергетический порядок: фокус на средние державы» Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в пленарном заседании Kazakhstan Energy Week – 2025/XVI Евразийского форума KAZENERGY на тему «Новый энергетический порядок: фокус на средние державы». Мероприятие собрало свыше 2,5 тыс. делегатов из более 50 стран мира, представляющих свыше 300 компаний. Среди участников – главы международных энергетических организаций, руководители крупнейших нефтегазовых корпораций и министры энергетики. Олжас Бектенов зачитал приветственное обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева к участникам форума: «Развитие стратегически важных секторов, таких как экономика, наука и образование, инновации, передовые технологии напрямую связано с доступностью источников энергии. Поэтому мы реализуем масштабные проекты по укреплению энергетической безопасности и независимости нашей страны. Весомый вклад в эту важную работу вносят наши международные партнеры. Казахстан придает большое значение привлечению инвестиций в энергетический сектор и повышению его конкурентоспособности. В этой связи наша страна, как ответственная средняя держава, заинтересована в укреплении связей с такими авторитетными международными организациями, как Организация Объединенных Наций, Шанхайская организация сотрудничества, МАГАТЭ и ОПЕК. Уверен, что представленные на форуме новые идеи и инновационные проекты обеспечат развитие энергетического сектора», — сказано в обращении Президента Республики Казахстан. Премьер-министр Казахстана в своем выступлении проинформировал участников форума о реализуемых в стране крупных проектах в области энергетики. В нефтегазохимии введен завод по производству полипропилена мощностью 500 тыс. тонн, реализуется проект полиэтилена на 1,25 млн тонн, а также проекты по производству бутадиена и карбамида. До 2030 года планируется запуск шести крупных проектов общей стоимостью свыше $15 млрд. Расширяется переработка: Шымкентский НПЗ увеличивает мощность до 12 млн тонн, развиваются газоперерабатывающие мощности в Жанаозене, на Кашагане и Тенгизе, строится вторая нитка газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент». Совместно с международными партнерами реализуются проекты ВИЭ общей мощностью более 4 ГВт. Также запускаются три угольных ТЭЦ суммарной мощностью 1 ГВт. Нефтепереработку к 2040 году планируется увеличить до 39 млн тонн и довести глубину переработки до 94%. Большое внимание сегодня уделяется цифровизации отрасли и повсеместному внедрению технологий искусственного интеллекта. В энергетической отрасли ИИ становится ключевым инструментом для повышения эффективности геологоразведки, оптимизации процессов добычи, транспортировки, переработки и др. Методы повышения нефтеотдачи, цифровизация процессов разведки и добычи, использование ИИ для анализа данных дают возможность повышать коэффициент извлечения и увеличивать добычу не только на действующих месторождениях, но и раскрывать потенциал малых и средних. Ключевым звеном в ускорении интеграции инноваций во все секторы экономики является созданное по инициативе Президента Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития. Наряду с цифровизацией и внедрением ИИ отмечается рост энергопотребления, что требует увеличения объемов генерации. В этом контексте особое значение приобретают проекты по добыче редкоземельных металлов, производству урана и строительству АЭС. Премьер-министр подчеркнул, что Казахстан остается надежным и предсказуемым партнером, открытым к сотрудничеству в создании совместных высокотехнологичных производств с международными организациями и бизнесом. В ходе пленарной сессии мнениями по вопросам развития мировой энергетики поделились представители международных организаций, государственных органов, экспертного сообщества и др. Генеральный секретарь Организации стран-экспортеров нефти (ОПЕК) Хайтам Аль-Гайс призвал к наращиванию инвестиций в нефтегазовую отрасль, отметив необходимость обеспечения энергобезопасности и устойчивого развития. Генеральный директор Международного агентства по возобновляемым источникам энергии (IRENA) Франческо Ла Камера обозначил перспективы сотрудничества средних держав в части ускорения внедрения «зеленой» энергетики и проектов ВИЭ в Центральной Азии. Генеральный секретарь Международного энергетического форума (МЭФ) Джассим Альширави отметил ключевую роль Казахстана как моста между регионами в обеспечении глобальной энергобезопасности и устойчивого перехода. Подчеркнув вклад РК в развитие возобновляемой энергетики, Джассим Альширави пригласил Казахстан стать официальным членом МЭФ. Заместитель Генерального секретаря Шанхайской организации сотрудничества (ШОС) Ахмад Саидмуродзода акцентировал внимание на необходимости укрепления энергетической безопасности, стимулирования инвестиций и ускорения перехода к устойчивым источникам энергии в рамках реализации стратегии сотрудничества ШОС до 2030 года. Директор департамента по вопросам окружающей среды Лиги арабских государств (ЛАГ) Махмуд Фатхалла указал на важность инвестиций в возобновляемые источники энергии как основу устойчивого развития, энергетической и глобальной стабильности. Министр энергетики РК Ерлан Аккенженов проинформировал о проводимой в Казахстане работе по улучшению инвестиционного климата, модернизации инфраструктуры и увеличению доли ВИЭ в общем объеме выработки энергии. Работа форума продолжается. #Премьер-министр РК #Международное сотрудничество #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

03 Қазан 2025, 11:30

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Жаңа энергетикалық тәртіп: орта державаларға назар аудару» тақырыбында өткен Kazakhstan Energy Week-2025 / XVI Еуразиялық KAZENERGY форумының пленарлық отырысына қатысты. Іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінен 300-ден астам компания атынан 2,5 мыңнан астам делегат жиналды. Қатысушылар арасында халықаралық энергетикалық ұйымдардың басшылары, ірі мұнай-газ корпорацияларының жетекшілері және энергетика министрлері бар.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға арналған Үндеуін оқып берді:

«Экономика, ғылым-білім, инновация, озық технология сияқты стратегиялық маңызы бар салалардың дамуы қуат көздерінің қолжетімді болуына тікелей байланысты. Сондықтан, біз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен дербестігін нығайта түсу үшін ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Осы маңызды іске халықаралық серіктестеріміз зор үлес қосып келеді. Қазақстан энергетика саласына инвестиция тартуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға баса мән береді. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміз жауапкершілігі жоғары орта держава ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, МАГАТЭ және ОПЕК сияқты беделді халықаралық ұйымдармен байланысын бекемдей түсуге мүдделі. Форум аясында энергетика саласын өркендетуге жол ашатын тың идеялар мен жасампаз бастамалар ұсынылады деп сенемін» , — делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Үндеуінде.

Өз сөзінде Қазақстан Премьер-министрі форумға қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан ірі энергетикалық жобалар туралы айтты. Мұнай-газ химиясында жалпы қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Сондай-ақ жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін жоба жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек бутадиен, карбамид өндіру жобалары қолға алынды. 2030 жылға дейін жалпы құны $15 млрд-тан асатын алты жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қайта өңдеу көлемі артып келеді. Шымкент мұнай өңдеу зауыты өндірістік қуатын 12 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Жаңаөзенде, Қашағанда және Теңізде газ өңдеу саласы дамып жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда.

Халықаралық әріптестермен бірлесіп, жалпы қуаты 4 ГВт-тан асатын жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жиынтық қуаты 1 ГВт болатын үш заманауи көмір жылу электр станциясының құрылысы басталды. Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, өңдеу қуаттылығы 39 млн тоннаға дейін ұлғайып, өңдеу тереңдігі 94%-ға жетпек.

Қазіргі таңда саланы цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге ерекше назар аударылуда. Энергетика саласында ЖИ геологиялық барлау тиімділігін арттыру және өндіру, тасымалдау, өңдеу және басқа да үдерістерді оңтайландырудың негізгі құралына айналуда.

Мұнай өндірудің жетілдірілген әдістері, барлау және өндіру үдерістерін цифрландыру, деректерді талдауда жасанды интеллектіні пайдалану өндіру қарқынын жақсартуға және тек қолданыстағы кен орындарында ғана емес, сонымен қатар шағын және орта кен орындарының әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Президенттің бастамасымен құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі экономиканың барлық саласына инновация интеграциялауды жеделдетудің негізгі буыны саналады.

Цифрландырумен және ЖИ енгізумен қатар энергияға деген сұраныстың артуы қуат көздерінің ауқымды көлемін өндіруді талап етеді.

Бұл тұрғыда жерде сирек кездесетін металдар мен уран өндіру және атом электр стансаларын салу жобалары ерекше маңызға ие.

Премьер-министр Қазақстан халықаралық ұйымдармен және бизнеспен бірлескен жоғары технологиялық өндіріс орындарын құруда ынтымақтастыққа ашық, сенімді әрі болжамды серіктес болып қала беретінін атап өтті.

Пленарлық сессия барысында әлемдік энергетиканы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері және тағы да басқалар өз пікірлерімен бөлісті.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) Бас хатшысы Хайтам әл-Гайс энергоқауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, мұнай-газ саласына инвестицияларды ұлғайтуға шақырды.

Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) бас директоры Франческо Ла Камера Орталық Азиядағы «жасыл» энергетика мен ЖЭК жобаларын енгізуді жеделдетудегі «орта» державалар арасындағы ынтымақтастық перспективаларын белгілеп берді.

Халықаралық энергетикалық форумның (ХЭФ) Бас хатшысы Джассим Альширави Қазақстанның жаһандық энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және орнықты өтпелі кезеңдегі өңірлер арасындағы көпір ретіндегі шешуші рөлін атап өтті. ҚР-ның жаңартылатын энергетиканы дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалаған Джассим Альширави елімізді ХЭФ-тің ресми мүшесі болуға шақырды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Ахмад Саидмуродзода ШЫҰ-ның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, инвестицияларды ынталандыру және тұрақты энергия көздеріне көшуді жеделдету қажеттігіне назар аударды.

Араб мемлекеттерң лигасының (АМЛ) қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Махмуд Фатхалла тұрақты дамудың, энергетикалық және жаһандық тұрақтылықтың негізі ретінде жаңартылатын энергияға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды жаңғырту және энергия өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Форум жұмысы жалғасуда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз