Олжас Бектенов: Инициативы Президента направлены на следующий технологический рывок Казахстана
Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Рабочий вывод
Что важно в документе
Цифровизация и ИИ — приоритет развития, заданный Президентом.
Правительство открыто к сотрудничеству для реализации значимых проектов.
04 Октябрь 2025, 13:49 Олжас Бектенов: Инициативы Президента направлены на следующий технологический рывок Казахстана Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в пленарном заседании Международного форума Digital Bridge: Generative Nation, вручил награды лауреатам премии Digital Bridge Awards и посетил выставку цифровых решений. Олжас Бектенов отметил, что цифровизация и внедрение искусственного интеллекта являются приоритетом развития страны, определенным Президентом Казахстана. «Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев акцентирует внимание именно на развитии искусственного интеллекта и превращении Казахстана в течение трех лет в полноценную цифровую страну. Наши граждане обладают большим потенциалом и имеют все возможности создавать прорывные проекты. Мы, в свою очередь, должны оказать им всестороннюю поддержку. В этой работе важна роль каждого – представителей бизнеса, научной среды и государственных структур», — подчеркнул Премьер-министр. Казахстан занимает 24-е место в мире по развитию «электронного правительства» и 10-е по онлайн-услугам. Правительство создает условия для свободной и продуктивной работы AI и IT-специалистов. Расширяется цифровая инфраструктура, открываются образовательные центры, в 20 вузах действуют программы по ИИ. Около 500 тыс. граждан обучаются основам искусственного интеллекта по программам AI Qyzmet, AI Sana, Tomorrow School и QazCoders. Особое значение имеет открытие Alem.ai – ключевого звена цифровой инфраструктуры, который станет платформой для исследований, внедрения передовых решений и акселерации стартапов. Важную роль в развитии креативных индустрий играет Astana Hub. Благодаря акселератору в виде Фонда венчурных инвестиций стартапы могут претендовать на крупное финансирование и выходить на мировой рынок. Реализуется стратегия, направленная на увеличение экспорта IT-услуг до $1 млрд к концу текущего года. На казахстанский рынок уже вышли ведущие мировые технологические компании – «единороги» Playrix, Mytona, NetCracker и другие, что свидетельствует о высоком уровне доверия со стороны международного бизнеса и инвесторов. «Созданное недавно Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития сфокусировано именно на осуществлении следующего технологического рывка. Для этого будет усовершенствована правовая база и расширены меры поддержки AI и IT-специалистов. Инициативы Президента по разработке национальной образовательной платформы и учреждению исследовательского ИИ университета дадут серьезный импульс подготовке квалифицированных кадров для рынка будущего», — отметил Олжас Бектенов. Премьер-министр подчеркнул, что Правительство Казахстана полностью открыто к сотрудничеству и совместной реализации значимых для страны проектов для создания сильной экономики. В ходе проведения Digital Bridge 2025 подписано свыше 30 меморандумов о взаимодействии. Для оперативного решения возникающих у бизнеса вопросов и снятия излишних барьеров для всех участников рынка работает Цифровой штаб при Правительстве. Кроме того, состоялась церемония награждения победителей конкурса Digital Bridge Awards. Олжас Бектенов вручил награды лучшим отечественным IT-проектам и цифровым инициативам. Лауреатами премии Digital Bridge Awards 2025 в номинациях стали: Export Excellence – Grand Mobile, разработали многопользовательскую ролевую игру с открытым миром, где пользователи строят карьеру, взаимодействуют и создают собственную экономику, перенесенную из духа GTA на мобильные устройства. Мобильная игра проекта собрала более 60 млн скачиваний по всему миру. AI Solution of the Year – Higgsfield AI, основали платформу на базе искусственного интеллекта для создания видео и анимации по текстовым запросам, вошедшей в Топ-25 стартапов мира по версии Google Next. EdTech of the Year – CodiPlay, создали образовательную экосистему для школ, обучающую программированию и инженерному мышлению, охватившую более миллиона учащихся в 13 странах. GovTech Innovation – Documentolog Global Limited, разработали цифровые решения для автоматизации процессов госуправления, включая электронное нормотворчество и интеллектуальные системы поиска. Tech Media Excellence – основатели крупнейшего казахстанского медиа о технологиях и стартапах, ежемесячно привлекающего свыше 200 тыс. уникальных пользователей. Social Impact Project – 7Generation / KazDream IT Holding, создали сервис LifeSignal для определения местоположения абонентов при звонках в экстренные службы, обеспечивающий быстрое реагирование и безопасность граждан. Премьер-министр также ознакомился с экспозицией выставки цифровых решений, где отечественные IT-компании и стартаперы представили собственные разработки. Свою продукцию продемонстрировали IT-компании Shai PRO – экосистема интеллектуальных продуктов и решений на базе ИИ; Best Vision Technologies – AI-платформа для выявления промышленных рисков и удаленным управлением производственными процессами; Axellero – платформа для создания ИИ-агентов, автоматизирующих рутинные задачи и повышающих эффективность работы бизнеса; Qalan – образовательная онлайн-платформа для школ и EdTech-проектов; Recado – решения на основе ИИ для нефтегазовой отрасли и Jet – шеринг-суперапп для краткосрочной аренды транспорта и техники. Разработки презентовали стартап-компании Paidax – инвестиционная платформа для розничных инвесторов; PocketDot – первый магнитный интерфейс Брайля для людей с нарушениями зрения; Defect AI – система ИИ для автоматического выявления производственных дефектов; Protector AI – система видеоаналитики для автоматического выявления насилия, буллинга и конфликтов в школах, детсадах и социальных учреждениях; Esep AI – система анализа потребления энергоресурсов; Trust Exam – AI-платформа для автоматизации и мониторинга онлайн-экзаменов; Biometric Vision – технологии биометрической идентификации и KYC-сервисов (от англ. Know Your Customer – «Знай своего клиента») и Mirai Tech – разрабатывающая интеллектуальные системы мониторинга и анализа, основанные на сенсорных технологиях, биомеханике и данных. Международный форум Digital Bridge: Generative Nation объединил на своей площадке более 30 тыс. участников, включая инвесторов, экспертов, представителей стартапов и IT-компаний из более чем 30 стран мира. #Олжас Бектенов #Поручение Президента #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
04 Қазан 2025, 13:49
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесін аралады.
Олжас Бектенов цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу Қазақстан Президенті айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударып, Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде нағыз цифрлық елге айналдыру туралы міндет қойды. Біздің азаматтарымыздың әлеуеті шексіз және серпінді жобаларды жасап шығаруға мүмкіндіктері жеткілікті. Өз кезегінде біз оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Көздеген мақсатқа жетуде бизнес, ғылыми орта және мемлекеттік құрылымдар болсын, әрбір тарап маңызды рөл атқарады» , — деп атап өтті Премьер-министр.
Бүгінде Қазақстан «электрондық үкіметті» дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.
Үкімет жасанды интеллект және IT-мамандарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда экожүйенің инфрақұрылымы үздіксіз кеңеюде. Білім беру ресурстары барлық азаматтарға қолжетімді. 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағдарламалары іске қосылған. Шамамен 500 мың адам жасанды интеллект негіздері, оның ішінде AI Qyzmet, AI Sana, Tomorrow school, QazCoders сияқты бағдарламалар бойынша білім алуда.
Соның ішінде Alem.ai-дың ашылуы инфрақұрылымды нығайтуда маңызды қадам болды. Ол – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, озық шешімдерді енгізу және стартаптарды дамыту үшін құрылған бірыңғай цифрлық кластердің негізгі платформасы. Astana Hub та – креативті индустрияларды дамытудағы маңызды құралдардың бірі. Венчурлық инвестициялар қоры түріндегі акселератордың арқасында стартаптар ауқымды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаһандық нарыққа шыға алады. Осы жылдың соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін $1 млрд-қа жеткізу мақсатында стратегиялық жоспар жүзеге асуда. Қазақстан нарығына қазірдің өзінде Playrix, Mytona, NetCracker сияқты әлемдік технологиялық алпауыт компаниялар кіріп отыр. Бұл бизнес пен инвесторлардың тарапынан тұрақты серікстес ретінде Қазақстанға деген сенімнің нығайып жатқанын көрсетеді.
«Жуырда құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басты міндеті – келесі технологиялық серпіліске қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы мақсатта құқықтық базаны жетілдіріп, жасанды интеллект және IT-мамандарын қолдау шаралары кеңейтіледі. Ұлттық білім беру платформасын әзірлеу және жасанды интеллект саласындағы зерттеу университетін құру жөніндегі Президент бастамалары болашақ нарыққа білікті кадрларды даярлауға айтарлықтай серпін береді» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Қазақстан Үкіметі қуатты экономика құру мақсатында еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті. Форумның нәтижесінде 30-дан астам маңызды меморандумға қол қойылып, өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарына қол жеткізілді. Үкімет жанынан құрылған Цифрлық штаб мемлекеттік органдардың толық цифрлық трансформациясын жүзеге асыру, бизнестегі туындайтын мәселелерді жедел шешу және нарықтың барлық қатысушылары үшін артық кедергілерді жою бағытында жұмыс істейді.
Одан бөлек Digital Bridge Awards байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамаларға марапаттар табыс етті.
Digital Bridge Awards 2025 премиясының номинациялар бойынша лауреаттары болып келесі үміткерлер танылды:
Премьер-министр, сонымен қатар, цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты, онда отандық IT-компаниялар мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынды.
Олар – IT-компаниялар: Shai PRO – интеллектуалды өнімдер мен ЖИ негізіндегі шешімдердің экожүйесі; Best Vision Technologies – өнеркәсіптік тәуекелдерді анықтауға және өндірістік процестерді қашықтан басқаруға арналған ЖИ платформасы; Axellero – күнделікті міндеттерді автоматтандыратын және бизнестің тиімділігін арттыратын ЖИ агенттерін құруға арналған платформа; Qalan – мектептер мен EdTech жобаларына арналған онлайн білім беру платформасы; Rеcado – мұнай-газ саласына арналған ЖИ негізіндегі шешімдер және Jet – көлік пен техниканы қысқа мерзімді жалға алуға арналған шеринг-суперапп.
Стартап-компаниялар: Paidax – бөлшек инвесторларға арналған инвестициялық платформа; PocketDot – көру қабілеті бұзылған адамдар үшін Брайльдің алғашқы магниттік интерфейсі; Defect AI – өндірістік ақауларды автоматты түрде анықтауға арналған ЖИ жүйесі; Protector AI – мектептерде, балабақшаларда және әлеуметтік мекемелерде зорлық-зомбылықты, қорқытуды және қақтығыстарды автоматты түрде анықтауға арналған бейне талдау жүйесі; Esep AI – энергия тұтынуды талдау жүйесі; Trust Exam – онлайн емтихандарды автоматтандыру және мониторинг жасау ЖИ-платформасы; Biometric Vision – биометриялық сәйкестендіру және KYC-сервис (ағылшынша Know Your Customer – «Өз клиентіңді біл») технологиялары; Mirai Tech – сенсорлық технологияларға, биомеханикаға және деректерге негізделген интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелері.
Іс-шара әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың, сарапшылардың, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын 30 мыңнан астам қатысушының басын біріктірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз