Олжас Бектенов поручил внедрить ИИ для исполнения поручений Президента по снижению доли теневой экономики в ВВП
Олжас Бектенов ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша ЖИ енгізуді тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр поручил интегрировать информационные системы и усилить контроль для автоматизированного мониторинга использования займов и субсидий.
Правительству поручено ежегодно готовить расширенный аналитический доклад об эффективности мер по борьбе с теневой экономикой.
Бектенов заявил, что только системные меры позволят сформировать новую сервисную модель взаимодействия государства и бизнеса.
07 Октябрь 2025, 11:30 Олжас Бектенов поручил внедрить ИИ для исполнения поручений Президента по снижению доли теневой экономики в ВВП На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены принимаемые меры по снижению теневой экономики. О проводимой в данном направлении работе доложили министр финансов Мади Такиев и заместитель председателя Агентства по финансовому мониторингу Кайрат Бижанов. «Главой государства поставлена задача снизить в текущем году долю теневой экономики в ВВП до 15%. Мы должны стремиться к постоянному снижению и этого показателя. Нам нужна «прозрачная» экономика. Нужно активизировать работу всех госорганов и субъектов бизнеса в данном направлении. Она не должна сводиться только к переписке и отчетам. Требуются качественные и комплексные решения в экономической и налоговой устойчивости, цифровизации и упрощения ведения бизнеса», — отметил Олжас Бектенов. Президент Казахстана в своем Послании народу подчеркнул, что на основе цифровизации и внедрения элементов искусственного интеллекта необходимо модернизировать все сферы экономики. Это – стратегическая задача. Вместе с тем в ряде отраслей цифровизация находится еще на недостаточном уровне. К примеру, в торговле, строительстве, сельском хозяйстве. Всем отраслевым министерствам поручено обеспечить полноценную цифровизацию. В рамках цифровой трансформации экономики Комитет государственных доходов должен стать флагманом цифровизации среди государственных органов. Только системные шаги могут создать принципиально новую сервисную модель взаимоотношений государства и бизнеса, подчеркнул Олжас Бектенов. Реализация цифровых инициатив требует соответствующих ресурсов. В этой связи Министерству искусственного интеллекта и цифрового развития необходимо в следующем году создать отдельный Центр обработки данных Комитета государственных доходов. Ряд цифровых проектов в Казахстане уже показал свою эффективность. Так, важную роль в борьбе с теневой экономикой играют безналичные платежи. В регионах реализуются пилотные проекты с использованием цифрового тенге при строительстве авто- и железных дорог, субсидировании приобретения крупнорогатого скота и сельскохозяйственной техники, возврате НДС. «Для масштабирования проекта Министерству финансов совместно с Нацбанком необходимо обеспечить использование цифрового тенге в рамках республиканского и местных бюджетов, а также бюджетов государственных холдингов. О результатах доложите мне до 1 февраля следующего года. Для внедрения автоматизированного мониторинга целевого использования займов и субсидий необходимо обеспечить интеграцию информсистем и усилить контроль», — поручил Олжас Бектенов. Полнота и прозрачность таможенного администрирования оказывают значительное влияние на доходы республиканского бюджета. Министерствам финансов и торговли необходимо усилить мониторинг экспортных и импортных операций. Актуализация профилей рисков и создание условий для транзита грузоперевозок по принципу «зеленого коридора» должны исключить человеческий фактор. Кроме того, необходимо внедрить искусственный интеллект при анализе данных досмотра грузов. Это позволит исключить коррупционные правонарушения и ускорить процессы прохождения границы. Министерству финансов совместно с Агентством по финмониторингу поручено усилить координацию работы по противодействию теневой экономики. По итогам рассмотрения мер по снижению теневой экономики Премьер-министр дал ряд поручений профильным ведомствам: Министерствам национальной экономики и финансов – обеспечить разработку ежегодного расширенного аналитического доклада об эффективности мер по противодействию теневой экономики с выработкой конкретных предложений. Для прослеживаемости регистрации и перерегистрации юридических лиц министерствам юстиции, финансов, искусственного интеллекта совместно с Агентством финмониторинга поручено до 25 ноября т.г. завершить работу по внедрению автоматической системы управления рисками. Для повышения точности аналитики и качества администрирования необходимо усилить информационное взаимодействие между госорганами и финансовыми организациями. В этой связи министерствам финансов, искусственного интеллекта и другим госорганам обеспечить интеграцию данных с системой Smart Data Finance. Координация и контроль — за заместителем Премьер-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Роман Скляр #Отопительный сезон #Поручение Президента #Финансы Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
07 Қазан 2025, 11:30
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қаржы министрі Мәди Такиев пен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндады
«Мемлекет басшысы биыл Жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономика үлесін 15%-ға дейін азайту міндетін қойды. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендете беруге тиіспіз. Бізге таза әрі ашық экономика керек. Осы бағытта барлық мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілерінің жұмысын күшейту қажет. Бұл жұмыс тек хат-хабар алмасып, есеп берумен ғана шектелмеуге тиіс. Экономика және салық тұрақтылығы, цифрландыру, сондай-ақ бизнес жүргізуді оңайлату ісінде сапалы әрі кешенді шешімдер қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту қажеттігін атап өтті. Бұл – стратегиялық міндет.
Сонымен қатар бірқатар секторда, оның ішінде сауда, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында цифрландыру деңгейі әлі де жеткіліксіз деңгейде. Барлық мүдделі министрліктерге өз саласында жаппай цифрландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Экономиканы цифрлық жаңғырту шеңберінде мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік органдар арасында көш бастауға тиіс. Тек жүйелі қадамдар ғана мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың жаңа сервистік моделін құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Олжас Бектенов.
Цифрлық бастамаларды жүзеге асыру үшін тиісті ресурстар қажет. Осыған байланысты жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі келесі жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің өз алдына Деректерді өңдеу орталығын құруы керек.
Қазақстандағы бірқатар цифрлық жоба өз тиімділігін көрсетті. Көлеңкелі экономикамен күресте қолма-қол ақшасыз төлемдер маңызды рөл атқарады.
Кейбір өңірлерде автомобиль жолдары және теміржол құрылысы, ірі қара мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды субсидиялау, сондай-ақ қосылған құн салығын қайтару кезінде цифрлық теңгені қолдану бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.
«Жобаны одан әрі тарату үшін Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік холдингтердің бюджеттері шеңберінде цифрлық теңгені пайдалануды қамтамасыз етуі қажет. Жұмыстың нәтижесі туралы маған келер жылдың 1-ші ақпанына дейін баяндаңыздар. Қарыздар мен субсидиялардың мақсатты түрде жұмсалуына автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етіп, бақылауды күшейту қажет» , — деп тапсырды Олжас Бектенов.
Кедендік әкімшілендірудің жан-жақты әрі ашық болуы республикалық бюджет кірістерінің көлеміне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан Қаржы және Сауда министрліктері экспорттық және импорттық операцияларға мониторинг жасауды күшейтуі қажет. Тәуекелдер бейінін жаңартып, жүк тасымалдарын «жасыл дәліз» қағидаты бойынша транзиттеу үшін жағдай жасау адами фактордың алдын алуы тиіс.
Сонымен қатар жүктерді тексеру деректерін талдау кезінде жасанды интеллектіні енгізу қажет. Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге әрі шекарадан өту процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қаржы министрлігіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды үйлестіру жұмысын күшейту тапсырылды.
Көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі шараларды қарау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты ведомстволарға бірқатар тапсырма берді:
Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері нақты ұсыныстарды енгізе отырып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы жыл сайынғы кеңейтілген талдамалық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз етсін.
Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеуді қадағалап отыру үшін Әділет, Қаржы, Жасанды интеллект министрліктеріне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, осы жылдың 25 қарашасына дейін тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Талдау дәлдігі мен әкімшілендіру сапасын арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды күшейту қажет. Осыған байланысты Қаржы, Жасанды интеллект министрліктері және басқа да мемлекеттік органдар деректерді Smart Data Finance жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.
Үйлестіру мен бақылау жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз