Ориентиры Послания 2025: Эксперты Taldau Forum обсудили вопросы развития человеческого капитала и цифровую трансформацию
2025 жылғы Жолдауда айтылған бағдарлар: Taldau Forum-да сарапшылар адам капиталын дамыту және цифрлық өзгерістер мәселелерін талқылады
Benchmarks of the 2025 Address: Taldau Forum experts discussed human capital development and digital transformation
Развитие человеческого капитала и цифровая трансформация Казахстана, обозначенные в Послании Президента страны Касым-Жомарта Токаева, стали ключевой темой заседания экспертного круглого стола, которой состоялся сегодня в рамках первого Taldau Forum в Астане. На повестке мероприятия с участием экспертов и представителей научного сообщества, государственных и международных организаций – пути реализации задач, обозначенных Главой государства, и перспективы дальнейшего сотрудничества по ключевым направлениям. Приветствуя участников круглого стола, Вице-Спикер Сената Жакип Асанов отметил, что проведение форума приурочено к пятилетию общественного проекта Taldau, стартовавшего пять лет назад с Клуба экспертов при Сенате, логическим продолжением которого стала Школа аналитики при Сенате, как ответ на запрос на качественную аналитику во всех отраслях. Он подчеркнул значительный вклад этой работы в реализацию стратегической задачи Главы государства по подготовке новой плеяды сильных профессионалов, усиление аналитических подходов в государственном управлении, социальных и гуманитарных исследованиях. Он также отметил, что в последние годы Сенат Парламента Казахстана планомерно и системно содействует развитию аналитических навыков у молодых специалистов из государственных органов, национальных компаний, образовательных и научных учреждений и других сфер. Вместе с тем, по мнению Вице-Спикера Сената, сегодня перед экспертным и научным сообществами стоит важная задача – в течение трех лет превратить Казахстан в полноценную цифровую страну. При этом искусственный интеллект в условиях стремительного развития технологий должен применяться, прежде всего, с учетом приоритета развития человеческого капитала. В этом контексте Жакип Асанов напомнил, что для качественной реализации поручений Главы государства депутатам Парламента совместно с заинтересованными сторонами, включая экспертное сообщество, необходимо сосредоточиться на своевременной разработке и принятии до конца года Цифрового кодекса, а также закона об искусственном интеллекте. «Послание Президента страны Касым-Жомарта Токаева «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» задает для нас четкие ориентиры по формированию подлинно цифрового государства. Наша ключевая задача – не замещение человека машиной, а многократное усиление его потенциала за счет технологий. Алгоритмы должны освобождать время для истинно человеческой активности: мышления, созидания и принятия взвешенных решений. Сейчас в Сенате находится Закон «Об искусственном интеллекте», который планируется рассмотреть до конца текущего месяца. Кроме того, депутаты обеих Палат Парламента активно работают над проектом Цифрового кодекса, который призван стать нормативной опорой для формирования человеческого капитала нового поколения в цифровую эпоху», – сказал он в своем выступлении. Кроме того, в ходе заседания круглого стола внимание участников было сфокусировано на практических шагах реализации Послания Главы государства в части цифровой трансформации государства с акцентом на ИИ, примерах успешно реализованных проектов, определении стандартов и «правил игры», совместимости данных, вопросах безопасности и «цифровой» этики, модели сотрудничества государства, бизнеса и науки. Со своей стороны известный в образовательной и технологической среде Казахстана IT-визионер, CEO CodiPlay Данабек Калиаждаров акцентировал внимание на вопросах образования, инфраструктуры и кадровой политики. Эксперт считает, что Казахстан имеет все шансы стать региональным лидером EdTech, а стартапы в этой сфере – «единорогами». Свои предложения касательно стратегии по применению знаний казахстанцев, находящихся за рубежом, или цифровых номадов в контексте интеллектуальной миграции, озвучил профессор Национальной школы государственной политики Академии государственного управления при Президенте РК Бауыржан Бокаев. Ученый предложил создавать условия для транснационального обмена знаниями и совместной работы, рассказал об актуальных барьерах для молодых талантов и их решении на примере зарубежных стран, включая опыт Китая, Гонконга и Сингапура. Наряду с депутатами Парламента в работе круглого стола также приняли участие отечественные и иностранные эксперты, ученые, представители государственных органов, бизнес-структур и институтов гражданского общества. В этот день на полях Taldau Forum также состоялись лектории по ораторскому мастерству и навыкам публичных выступлений от тренеров Академии телевизионных профессий Агентства Хабар. Практическими советами по созданию привлекательного контента, взаимодействию с аудиторией и использованию эффективных медийных инструментов работы в социальных сетях поделились представители компании Meta, а также медиа-тренеры Оркен Кенжебек и Яков Федоров. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – А. Байжуманов)
Бүгін Астанада бірінші Taldau Forum аясында сарапшылар дөңгелек үстелі өтті. Онда қатысушылар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда белгілеп берген адам капиталын дамыту және Қазақстанның цифрлық өзгерістері жөніндегі мәселелерді кеңінен талқылады. Сондай-ақ сарапшылар, ғылыми қоғамдастық пен мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолдарына және маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды.
Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов қатысушыларға ілтипат білдіріп, Форум Taldau қоғамдық жобасының бес жылдығына орай ұйымдастырылып отырғанын айтты. Бес жыл бұрын Сенат жанындағы сарапшылар клубы қолға алған Талдау мектебі барлық салада арта түскен сапалы аналитикаға деген сұранысқа лайықты жауап болды. Сондай-ақ ол аталған жұмыс Мемлекет басшысының білікті мамандардың жаңа шоғырын даярлау жөніндегі стратегиялық міндетін іске асыруға, мемлекеттік басқарудағы, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулердегі талдамалық тәсілдерді күшейтуге елеулі үлес қосқанын айтты. Палата вице-спикері соңғы жылдарда Қазақстан Парламентінің Сенаты мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, білім беру және ғылыми мекемелерде, басқа да салаларда еңбек етіп жүрген жас мамандардың талдау қабілетін дамытуға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанына да назар аударды.
Сонымен қатар іс-шарада қазіргі таңда отандық сараптамалық және ғылыми қауымдастықтың алдында үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру міндеті тұрғаны айтылды. Бұл ретте технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында жасанды интеллект, ең алдымен, адам капиталын одан әрі жетілдіруге басымдық бере отырып қолданылуға тиіс. Осыған орай Жақып Асанов Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру үшін Парламент депутаттары мүдделі тараптармен, оның ішінде сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп, жыл соңына дейін Цифрлық кодексті және Жасанды интеллект туралы заңды уақтылы әзірлеп, қабылдауға үлкен көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы шынайы цифрлық мемлекет қалыптастыру жолындағы нақты бағдарларды белгілеп берді. Біздің басты міндетіміз – адамды машинамен алмастыру емес, технология арқылы оның әлеуетін еселеп арттыру. Алгоритмдер арқылы адамның ойлау, жасау және салмақты шешімдер қабылдауға арналған уақытын көбейту керек. Қазір Сенатта «Жасанды интеллект туралы» заң қаралуда. Ол құжатпен осы айдың соңына дейін жұмыс істеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Парламент депутаттары цифрлық дәуірде жаңа ұрпақтың адам капиталын қалыптастыруға нормативтік тірек болатын Цифрлық кодекстің жобасымен де белсенді жұмыс істеуде», – деді Жақып Асанов.
Дөңгелек үстелде қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың практикалық қадамдарына, ЖИ-ге, табысты орындалған жобаларға да тоқталып өтті. Одан бөлек, сарапшылар стандарттар мен «ойын ережелерін» айқындауға, деректердің үйлесімділігіне, қауіпсіздік және «цифрлық» этика мәселелеріне, мемлекет, бизнес және ғылым ынтымақтастығының үлгілеріне баса мән берді.
Өз кезегінде Қазақстанның білім беру және технология ортасында белгілі IT-визионер, CEO CodiPlay Данабек Қалиаждаров білім беру, инфрақұрылым және кадр саясаты мәселелері жөнінде сөз сөйледі. Сарапшы Қазақстанның EdTech бойынша өңірдің көшбасшысы бола алатынын және осы саладағы стартаптардың әлеуеті зор екенін айтты.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Бауыржан Боқаев интеллектуалдық көші-қон жөнінде, шетелдегі қазақстандықтардың немесе цифрлық көшпенділердің білімін қолдану стратегиясына қатысты өз пікірін білдірді. Ғалым трансұлттық білім алмасуға және бірлесіп жұмыс істеуге қажетті жағдай жасауды ұсынып, жас таланттарға тұсау болатын кедергілерді Қытай, Гонконг, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйеніп шешуге болатынын жеткізді.
Дөңгелек үстелге Парламент депутаттарымен қатар отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар бүгін Taldau Forum алаңында «Хабар» агенттігінің Телевизиялық мамандықтар академиясының мамандары шешендік және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ Meta компаниясының өкілдері және медиа-тренерлер Өркен Кенжебек пен Яков Федоров тартымды контент жасау, аудиториямен байланыс және әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің тиімді тетіктері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)
The development of human capital and the digital transformation of Kazakhstan, outlined in the Address of the country's President Kassym-Jomart Tokayev, became the key topic of an expert round table meeting held today as part of the first Taldau Forum in Astana. On the agenda of the event, with the participation of experts and representatives of the scientific community, state and international organizations, were ways to implement the tasks set by the Head of State and the prospects for further cooperation in key areas.
Welcoming the round table participants, Vice-Speaker of the Senate Zhakip Asanov noted that the forum is timed to coincide with the fifth anniversary of the Taldau public project, which started five years ago with the Club of Experts under the Senate, the logical continuation of which was the School of Analytics under the Senate, as a response to the demand for high-quality analytics in all industries. He stressed the significant contribution of this work to the implementation of the strategic task of the Head of State to prepare a new generation of strong professionals, and to strengthen analytical approaches in public administration, social and humanitarian research. He also noted that in recent years, the Senate of the Parliament of Kazakhstan has been systematically and consistently promoting the development of analytical skills among young specialists from state bodies, national companies, educational and scientific institutions, and other spheres.
At the same time, according to the Vice-Speaker of the Senate, today the expert and scientific communities face an important task – to turn Kazakhstan into a full-fledged digital country within three years. In this, artificial intelligence, in the conditions of rapid technological development, should be applied, first and foremost, taking into account the priority of human capital development. In this context, Zhakip Asanov recalled that for the high-quality implementation of the Head of State's instructions, the deputies of the Parliament, together with interested parties, including the expert community, need to focus on the timely development and adoption of the Digital Code by the end of the year, as well as the law on artificial intelligence.
«The Address of the President of the country, Kassym-Jomart Tokayev, «Kazakhstan in the era of artificial intelligence: current tasks and their solutions through digital transformation» sets clear benchmarks for us to form a truly digital state. Our key task is not to replace a person with a machine, but to multiply their potential through technology. Algorithms should free up time for truly human activity: thinking, creating, and making informed decisions. The Law «On Artificial Intelligence» is now in the Senate, which is planned to be considered by the end of this month. In addition, the deputies of both Chambers of Parliament are actively working on the draft of the Digital Code, which is designed to become the regulatory support for the formation of a new generation of human capital in the digital era», – he said in his speech.
In addition, during the round table meeting, the participants' attention was focused on the practical steps of implementing the Head of State's Address in terms of the digital transformation of the state with an emphasis on AI, examples of successfully implemented projects, the definition of standards and «rules of the game», data compatibility, security issues and «digital» ethics, and a model of cooperation between the state, business, and science.
For his part, the well-known in the educational and technological environment of Kazakhstan IT visionary, CEO of CodiPlay Danabek Kaliazhdarov focused on the issues of education, infrastructure, and personnel policy. The expert believes that Kazakhstan has every chance to become a regional EdTech leader, and startups in this area – «unicorns».
Professor of the National School of Public Policy of the Academy of Public Administration under the President of the RK, Bauyrzhan Bokayev, voiced his proposals regarding a strategy for applying the knowledge of Kazakhstanis abroad, or digital nomads, in the context of intellectual migration. The scientist proposed creating conditions for the transnational exchange of knowledge and joint work, and spoke about the current barriers for young talents and their solutions using the example of foreign countries, including the experience of China, Hong Kong, and Singapore.
Along with the deputies of the Parliament, domestic and foreign experts, scientists, representatives of state bodies, business structures, and civil society institutions also took part in the round table.
On this day, on the sidelines of the Taldau Forum, lectures on public speaking and public speaking skills were also held by trainers from the Academy of Television Professions of the Khabar Agency. Representatives of the Meta company, as well as media trainers Orken Kenzhebek and Yakov Fedorov, shared practical advice on creating engaging content, interacting with the audience, and using effective media tools for working on social networks.
(Press Office of the Senate, 74-72-27. Photo by: A. Baizhumanov)