Прирост ВВП – 6,3%. Олжас Бектенов поручил продолжать увеличивать темпы в базовых отраслях экономики и принимать меры по повышению доходов населения
ЖІӨ өсімі – 6,3%. Олжас Бектенов экономиканың негізгі салаларында өсу қарқынын арттыра түсу керектігін және халықтың табысын арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено провести мониторинг маркировки, упростить её для производителей и стимулировать электронную торговлю.
Изменение тарифов должно быть сбалансированным с учетом социальной чувствительности.
Руководители отстающих регионов должны приложить максимум усилий для улучшения ситуации.
14 Октябрь 2025, 11:00 Прирост ВВП – 6,3%. Олжас Бектенов поручил продолжать увеличивать темпы в базовых отраслях экономики и принимать меры по повышению доходов населения На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены результаты социально-экономического развития и исполнения республиканского бюджета за 9 месяцев текущего года. С докладами выступили первый вице-министр национальной экономики Азамат Амрин, первый заместитель председателя Национального Банка РК Ерулан Жамаубаев, министры финансов Мади Такиев, энергетики Ерлан Аккенженов, промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев, торговли и интеграции Арман Шаккалиев, вице-министры транспорта Жанибек Тайжанов, сельского хозяйства Азат Султанов. Также были заслушаны акимы областей Абай, Улытау и Атырауской области. «Глава государства Касым-Жомарт Токаев на недавнем совещании по вопросам повышения качества экономического развития поручил обеспечить укрепление макроэкономической устойчивости, повышение благосостояния граждан и принять меры по снижению инфляции. Требуется больше уделить внимания качественным преобразованиям, направленным на повышение доходов населения. По итогам 9 месяцев текущего года прирост ВВП составляет 6,3%. Для устойчивого роста экономики необходимо и далее увеличивать темпы в первую очередь в базовых отраслях: это промышленность, строительство, торговля, транспорт», — подчеркнул Олжас Бектенов, отметив, что особое внимание следует уделить росту в обрабатывающей промышленности. В целях достижения плановых показателей года поручено задействовать все резервы. Реализация мер и достижение индикаторов роста обеспечиваются, прежде всего, на местах. В этой связи важен личный контроль со стороны акимов за развитием всех отраслей. По основным макропоказателям отмечается положительная динамика в 11 регионах. Премьер-министр подчеркнул, что руководителям отстающих регионов нужно приложить максимум усилий для изменения ситуации. Обозначена важность совместной и эффективной работы государства и бизнеса по дальнейшей диверсификации экономики, привлечению инвестиций и созданию постоянных рабочих мест. Для снижения инфляционных процессов требуется усилить работу по стабилизации потребительских цен. Давление на инфляцию оказывают внешние цены на продовольственном рынке. В этой связи следует максимально обеспечить внутренний рынок отечественной продукцией и ускорить формирование стабфондов продовольственных товаров. В рамках реализации поручения Главы государства необходимо принять решительные меры по стабилизации потребительского кредитования. Банкам и кредитным организациям, торговым точкам нужно полностью раскрывать стоимость рассрочек в цене товаров, все переплаты при кредитовании. По данному вопросу поручено проводить соответствующую разъяснительную работу в средствах массовой информации и социальных сетях. Инфраструктура ЖКХ требует масштабной модернизации. Работа в данном направлении ведется в рамках реализации соответствующего Национального проекта. Правительство выступает за сдержанную тарифную политику, обеспеченную привлечением долгосрочного финансирования и пересмотра операционных расходов монополистов. До конца года изменения тарифов на коммунальные услуги для населения не планируются. Премьер-министр подчеркнул, что любое изменение тарифов должно осуществляться сбалансированно, с учетом социальной чувствительности и приоритетов государственной экономической политики. Ответственным госорганам и акиматам поручено принять дополнительные меры по поддержке покупательской способности граждан, стабилизации цен и устойчивому функционированию инфраструктуры. Акцентировано внимание на поручении Главы государства по ускорению диверсификации экономики и приданию нового импульса развитию обрабатывающей промышленности. «Основной упор должен быть сделан на развитие производств глубокой переработки и выпуск продукции, которая будет востребована как на внутреннем, так и на внешнем рынках. Руководителям отраслевых министерств и национальных компаний – взять на личный контроль вопросы загрузки и обеспечения заказами отечественных товаропроизводителей, в том числе через долгосрочные договоры и офтейк-контракты. В рамках обработки казахстанского сырья приоритет в первую очередь нужно отдавать местным переработчикам», — отметил Олжас Бектенов и поручил ответственным госорганам создать все условия для активизации работы по привлечению инвестиций в обрабатывающий сектор. В сфере добычи нефти и газа наблюдается положительная динамика. Министерству энергетики необходимо не снижать темпы и совместно с операторами обеспечить стабильную работу на крупных месторождениях Тенгиз, Кашаган и Карачаганак. Кроме того, на личном контроле нужно держать реализацию текущих проектов по строительству трех газоперерабатывающих заводов на Карачаганакском и Кашаганском месторождениях. План по привлечению инвестиций по итогам 9 месяцев выполнен на 93,3%. При этом из 20 регионов только 11 выполнили целевую задачу. Несмотря на имеющиеся инструменты поддержки инвестиций 9 регионов не достигли плановых показателей. Не менее важной задачей является качественное сопровождение проектов и обеспечение их своевременной реализации. Министерству иностранных дел, отраслевым министерствам и акиматам поручено усилить работу по привлечению и сопровождению инвестиционных проектов. Сельскохозяйственная отрасль демонстрирует в текущем году значительные темпы роста, обусловленные результатами диверсификации посевных площадей и эффективного применения агротехнологий. Для сохранения и реализации собранного урожая требуется скоординированная работа акиматов и министерств сельского хозяйства, торговли и транспорта. Также совместно с министерствами финансов, национальной экономики нужно провести работу по своевременному финансированию отраслей АПК в следующем году. Кроме того, отмечен значительный потенциал для дальнейшего наращивания транзитных возможностей страны. Министерству транспорта совместно с профильными нацкомпаниями поручено обеспечить своевременную и качественную реализацию ключевых инфраструктурных проектов. Требуется своевременно завершить строительство автодорожных сетей и проекта «обводной Алматы», обеспечить рост экспортных и транзитных перевозок на участке «Достык – Мойынты». Кроме того, нужно продолжить работу по переводу иностранных бланков разрешений в электронный формат. Данные меры позволят увеличить объемы перевозок и повысить качество транспортной сети. В Казахстане за 9 месяцев текущего года наблюдается рост внутреннего товарооборота, что гарантирует стабильные рабочие места и рост объемов реализации продукции. Обозначена важность обеспечения прозрачности на внутреннем рынке за счет охвата системой маркировки и прослеживаемости товаров, а также развития электронной торговли. Премьер-министр поручил Министерству торговли и интеграции совместно с заинтересованными госорганами: провести мониторинг исполнения обязательной маркировки по ключевым товарам; проработать вопрос упрощения маркировки для отечественных производителей; разработать меры по стимулированию развития электронной торговли, включая поддержку отечественных онлайн-площадок и их интеграцию с системой прослеживаемости. «Для стабильного роста экономики требуется полная отдача и консолидация усилий всех госорганов, акиматов и бизнеса. Инструменты для решения этой задачи у нас имеются. Заместителям Премьер-министра поручаю усилить контроль за исполнением утвержденных индикаторов социально-экономического развития по своим направлениям», — подчеркнул Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Поручение Президента #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
14 Қазан 2025, 11:00
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.
Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады. Сондай-ақ Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды.
«Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 6,3%-ды құрап отыр. Экономиканың орнықты өсуі үшін, бірқатар бағытта, оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік сияқты негізгі салаларда өсу қарқынын одан әрі арттыра түсу керек», — деп атап өткен Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібіндегі ахуал басты назарда болуы қажет екенін айтты.
Жылдың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін барлық резервті пайдалану тапсырылды. Қабылданып жатқан шараларды жүзеге асыру және сол арқылы экономикалық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу жергілікті жерлерде қамтамасыз етіледі.
Сондықтан әкімдер тарапынан барлық саладағы жағдайдың тікелей бақылауға алынуы – аса маңызды мәселе.
Негізгі макрокөрсеткіштер бойынша 11 өңірде оң динамика қалыптасты. Премьер-министр артта қалған өңір басшыларына жағдайды өзгертуге бар күшін салуы қажет екенін атап өтті.
Экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Инфляциялық процестерді төмендету үшін тұтыну бағаларын тұрақтандыру жұмысын күшейту керек. Инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары қысым көрсетіп отыр.
Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастырған жөн.
Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет.
Банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемді толық ашып көрсетуі тиіс. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы жан-жақты жаңғыртуды қажет етеді. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі. Үкімет ұстамды тарифтік саясатты қолдап отыр. Сондықтан аталған жұмыс ұзақмерзімді қаржыландыру мен монополистердің операциялық шығыстарын қайта қарау есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін халық үшін коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту жоспарланып отырған жоқ.
Премьер-министр кез келген тарифтік өзгерісті халықтың тұрмыс сапасы мен мемлекеттің экономикалық саясатының басымдықтарын ескере отырып, теңгерімді түрде жүргізу керек екенін атап өтті. Жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге азаматтардың сатып алу қабілетін қолдау, бағаны тұрақтандыру және инфрақұрылымның орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.
Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамытуға тың серпін бере отырып, экономиканы әртараптандыруды жеделдету жөніндегі тапсырмасына назар аударылды.
«Бұл орайда, терең өңдеу өндірістерін дамытуға, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдерді шығаруға басымдық берілуі тиіс. Салалық министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларына ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімдер арқылы отандық тауар өндірушілердің жүктемесін арттыру және оларды тапсырыстармен қамтамасыз ету мәселелерін тікелей бақылауға алуды тапсырамын. Отандық шикізатты өңдеу барысында, бірінші кезекте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарына басымдық берілуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов және жауапты мемлекеттік органдарға өңдеу секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Мұнай және газ өндіру саласында оң динамика байқалады. Мұнай өндірісінде оң динамика қалыптасып отыр.
Энергетика министрлігі өндіріс қарқынын төмендетпей, операторлармен бірлесіп, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында үш газ өңдеу зауытын салу жобаларын жеке бақылауда ұстауы қажет.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инвестиция тарту жоспары 93,3%-ға орындалды. Бұл ретте 20 өңірдің ішінде тек 11 өңір ғана нысаналы көрсеткішке қол жеткізді. Инвестицияларды қолдаудың қолда бар тетіктеріне қарамастан, 9 өңір жоспарлы көрсеткіштерді орындай алмады.
Әр жобаға басынан аяғына дейін жеке қолдау көрсету және олардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Сыртқы істер министрлігіне, салалық министрліктер мен әкімдіктерге инвестициялық жобалар тарту және қолдау жұмысын күшейту тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы саласы биыл егіс алқаптарын әртараптандыру мен агротехнологияларды тиімді қолдану нәтижелеріне байланысты айтарлықтай өсу қарқынын көрсетіп отыр. Жиналған өнімді сақтап, өткізу үшін әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы, Сауда және Көлік министрліктері үйлесімді жұмыс істеуі талап етіледі. Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, келесі жылы агроөнеркәсіп кешенін уақтылы қаржыландыру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар екені атап өтілді. Көлік министрлігіне салалық ұлттық компаниялармен бірлесіп, негізгі инфрақұрылымдық жобалардың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Автожол желілерінде және «Алматы айналма теміржолы» жобасында құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау, «Достық – Мойынты» учаскесінде экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту мәселесіне баса мән беру талап етіледі. Сонымен қатар шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматқа көшіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл шаралар тасымалдау көлемін ұлғайтуға және көлік желісі сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Елімізде биылғы 9 айда ішкі тауар айналымы өсіп отыр, бұл тұрақты жұмыс орындарына және өнімді сату көлемінің өсуіне кепілдік береді. Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесімен қамту, сондай-ақ электронды сауданы дамыту есебінен ішкі нарықта ашықтықты қамтамасыз ету маңызды.
Премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: негізгі тауарлар бойынша міндетті таңбалаудың орындалуына мониторинг жүргізуді; отандық өндірушілер үшін таңбалауды жеңілдету мәселесін пысықтауды; отандық онлайн-алаңдарды қолдай отырып, қадағалау жүйесімен интеграциялауды қоса алғанда, электронды сауданы дамытуға бағытталған ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.
«Экономиканың тұрақты өсуі үшін мемлекеттік органдардың барлығы, әкімдіктер мен бизнес қауымдастық жанын салып жұмыс істеп, бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс. Бұл мәселені шешуге қажетті құралдар бізде жетерлік. Премьер-министрдің орынбасарларына өз бағыттары бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың бекітілген индикаторларының орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз