Спикер Мажилиса принял Посла Грузии
Мәжіліс спикері Грузия елшісін қабылдады
Speaker of the Mazhilis received the Ambassador of Georgia
Рабочий вывод
Что важно в документе
Спикер Мажилиса высоко оценил работу парламентских групп и призвал укреплять дружбу между народами.
16 октября, Астана, Дом Мажилиса. Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов принял Чрезвычайного и Полномочного Посла Грузии в Республике Казахстан Левана Диасамидзе. Открывая встречу, Ерлан Кошанов поздравил Левана Диасамидзе с недавним назначением на должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Грузии в Казахстане и пожелал успехов в его дипломатической миссии. – Казахстан придает большое значение развитию сотрудничества с Грузией. Сегодня между нашими странами налажен конструктивный политический диалог, прочные экономические и культурно-гуманитарные связи. Динамика контактов в последние годы свидетельствует о взаимном интересе к наращиванию партнерства на всех уровнях. Особое место в двусторонних отношениях между нашими странами занимает межпарламентское взаимодействие, – сказал Спикер Мажилиса. Он подчеркнул, что свой вклад в укрепление двусторонних взаимоотношений внесли официальные визиты в Казахстан Премьер-министра Грузии Ираклия Кобахидзе и Председателя Парламента Шалвы Папуашвили. Были достигнуты договоренности об обмене законодательным опытом между депутатами Казахстана и Грузии, дальнейшем наращивании взаимодействия по линии профильных комитетов. Ерлан Кошанов также отметил плодотворную работу парламентских групп по сотрудничеству и призвал активно использовать их потенциал для сохранения и преумножения дружбы казахского и грузинского народов. Активный диалог между парламентариями двух стран налажен и на международных площадках, таких как Межпарламентский Союз, Парламентская Ассамблея ОБСЕ и других. В ходе беседы были затронуты вопросы развития сотрудничества в экономическом, культурно-гуманитарном направлениях, дальнейшего туристического обмена. Отмечен большой потенциал для развития торговли в транзитно-транспортной, промышленной, аграрной и других сферах. Пресс-служба Мажилиса, 74-66-20. Фото Ж.Жумабекова.
16 қазан, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидзені қабылдады. Ерлан Қошанов Леван Диасамидзені Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оған дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. – Қазақстан Грузиямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріп отыр. Қазіргі таңда екі ел арасында сындарлы саяси диалог, берік экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнаған. Соңғы жылдардағы қарым-қатынас қарқыны – екіжақты байланысты нығайта түсуге деген өзара ықыластың көрінісі. Өзара қарым-қатынаста Парламентаралық ықпалдастықтың алатын орны ерекше, – деді Мәжіліс төрағасы. Ол екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе мен Парламент төрағасы Шалва Папуашвилидің Қазақстанға ресми сапарлары өз үлесін қосқанын атап өтті. Қазақстан мен Грузия депутаттарының заң шығару саласында тәжірибе алмасуы, салалық комитеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісімдерге қол жеткізілді. Ерлан Қошанов ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтардың жемісті жұмысына назар аударып, сол әлеуетті қазақ және грузин халықтарының достығын сақтау мен нығайту жолында тиімді пайдалануға шақырды. Парламентаралық Одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және басқа да халықаралық алаңдарда екі ел депутаттары белсенді диалог орнатқан. Кездесу барысында экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету, туризм бағытында байланысты одан әрі жетілдіру мәселелері қозғалды. Көлік-транзиттік, аграрлық, өнеркәсіп және басқа да салаларда сауданы дамыту әлеуеті жоғары екені айтылды. Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-04. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков.
October 16, Astana, Mazhilis House. Chairman of the Mazhilis Yerlan Koshanov received the Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of Georgia to the Republic of Kazakhstan, Levan Diasamidze. Opening the meeting, Yerlan Koshanov congratulated Levan Diasamidze on his recent appointment as Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of Georgia to Kazakhstan and wished him success in his diplomatic mission. – Kazakhstan attaches great importance to the development of cooperation with Georgia. Today, a constructive political dialogue, strong economic, and cultural-humanitarian ties have been established between our countries. The dynamics of contacts in recent years testify to the mutual interest in strengthening partnership at all levels. Inter-parliamentary cooperation holds a special place in the bilateral relations between our countries, – said the Speaker of the Mazhilis. He emphasized that the official visits to Kazakhstan by the Prime Minister of Georgia, Irakli Kobakhidze, and the Chairman of the Parliament, Shalva Papuashvili, contributed to the strengthening of bilateral relations. Agreements were reached on the exchange of legislative experience between the deputies of Kazakhstan and Georgia, and on the further enhancement of interaction through relevant committees. Yerlan Koshanov also noted the fruitful work of the parliamentary cooperation groups and called for the active use of their potential to preserve and multiply the friendship between the Kazakh and Georgian peoples. An active dialogue between the parliamentarians of the two countries has also been established on international platforms, such as the Inter-Parliamentary Union, the OSCE Parliamentary Assembly, and others. During the conversation, issues of developing cooperation in economic, cultural-humanitarian areas, and further tourism exchange were touched upon. Great potential was noted for the development of trade in the transit-transport, industrial, agricultural, and other spheres. Mazhilis Press Service, 74-66-20. Photo by Zh. Zhumabekov a .