статья

Премьер-министр Олжас Бектенов открыл международный турнир на Кубок Президента РК по настольному теннису

Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирді ашты

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 25 октября 2025 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

Турнир на Кубок Президента способствует продвижению казахстанского спорта и объединяет сильнейших спортсменов.

25 Октябрь 2025, 13:45 Премьер-министр Олжас Бектенов открыл международный турнир на Кубок Президента РК по настольному теннису Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в открытии международного турнира на Кубок Президента Республики Казахстан по настольному теннису. В своем выступлении Премьер-министр акцентировал внимание на развитии массового спорта и проводимой в этом направлении работе. «Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев уделяет особое внимание развитию массового спорта. Настольный теннис вносит значительный вклад в формирование массового спортивного движения и популяризацию здорового образа жизни», – подчеркнул Олжас Бектенов. В Казахстане сегодня настольным теннисом систематически занимаются более 260 тыс. человек. В этом виде спорта работают свыше 10 тыс. профессиональных спортсменов и около 400 тренеров. По всей стране действуют 20 региональных федераций, открыты 12 современных центров настольного тенниса, 30 новых отделений и 35 специализированных залов. Казахстанские спортсмены успешно выступают на международных аренах – за последние два года они завоевали 85 медалей, в том числе 31 золотую. Среди них – участник Олимпийских игр Кирилл Герасименко, чемпион мира среди молодежи Алан Курмангалиев, победители международных турниров Зауреш Акашева и Сарвиноз Миркадирова. В 2023 году Астана впервые приняла чемпионат Азии по настольному теннису. В 2027 году в Казахстане планируется проведение чемпионата мира. Премьер-министр подчеркнул, что проведение турнира на Кубок Президента является важным шагом в продвижении отечественного спорта на мировом уровне и объединит сильнейших теннисистов Казахстана и зарубежных стран. На церемонии открытия также выступил Генеральный секретарь международной федерации настольного тенниса Рауль Калин. Он положительно оценил прогресс Казахстана за годы независимости и вклад страны в развитие спорта, а также выразил благодарность Президенту Касым-Жомарту Токаеву за поддержку настольного тенниса. Справочно: Открытый Кубок Президента Республики Казахстан пройдет с 25 по 29 октября. В соревнованиях примут участие более 300 спортсменов из 14 стран, включая Казахстан. Среди игроков также представители из Южной Кореи, Китая, Венгрии, Египта, Малайзии, Ирана, Саудовской Аравии и др. государств. Участие спортсменов, входящих в топ-100 мирового рейтинга ITTF, подчеркивает международный масштаб турнира. Турнир пройдет в четырех возрастных категориях – в личном и командном зачетах: U-11 – 2014 г.р. и младше, U-16 – 2009 г.р. и младше, Open 17+ – 2008 г.р. и старше, Team event – командный разряд. Одним из главных событий Кубка станет шоу-матч с участием мировых звезд настольного тенниса. Вход на все дни турнира свободный. #Олжас Бектенов #Спорт Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

25 Қазан 2025, 13:45

Премьер-министр Олжас Бектенов үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты.

Өз сөзінде ол бұқаралық спортты дамытуға және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аудартты.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Үстел теннисі бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыруға және саламатты өмір салтын насихаттауға елеулі үлес қосады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда бүгінде 260 мыңнан астам адам үстел теннисімен тұрақты түрде айналысады. Ал салада 10 мыңнан астам кәсіби спортшы және 400-ге жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.

Бүкіл республика бойынша 20 өңірлік федерация бар, 12 заманауи үстел теннисі орталығы, 30 жаңа бөлімше және 35 мамандандырылған зал ашылған.

Қазақстандық спортшылар халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуде. Соңғы екі жылда олар 85 медаль жеңіп алды, оның ішінде 31-і алтын алқа. Олардың арасынан Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименконы, жастар арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиевті, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Зәуреш Акашева және Сарвиноз Миркадироваларды ерекше атай кету керек.

2023 жылы Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өткен болатын. Енді 2027 жылы Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.

Премьер-министр Президент Кубогына арнап турнир өткізу отандық спортты әлемдік деңгейге көтеру мақсатындағы маңызды қадам екенін және мұнда Қазақстан мен шет елдердің мықты теннисшілері бас қосатынын атап өтті.

Ашылу салтанатында Халықаралық үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Рауль Калин де сөз сөйледі. Ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына және елдің спортты дамытуға қосқан үлесіне оң баға берді, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисіне қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогы 25-29 қазан аралығында өтеді.

Жарысқа Қазақстанды қосқанда 14 елден келген 300-ден астам спортшы қатысуда. Ойыншылар арасында Оңтүстік Корея, Қытай, Мажарстан, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар. Әлемдік ITTF рейтингінің топ-100 құрамына кіретін спортшылардың қатысуы бұл турнирдің халықаралық ауқымын көрсетеді.

Турнир төрт жас санатында, жеке және командалық есепте өтіп жатыр: U-11 – 2014 жылы туғандар және одан кіші, U-16 – 2009 жылы туғандар және одан кіші, Open 17+ – 2008 жылы туғандар және одан жоғары, team event – командалық сайыс.

Кубоктың басты оқиғаларының бірі үстел теннисінің әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу-матч болмақ. Турнирдің барлық күндерінде кіру тегін.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз