Олжас Бектенов: Государство не должно и не будет содержать тех, кто может работать и сам себя обеспечивать
Олжас Бектенов: Жұмыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адамдарды мемлекет асырауға тиісті емес және асырамайды да
Рабочий вывод
Что важно в документе
Сокращение базовых расходов бюджета на 3 процентных пункта.
20 Ноябрь 2025, 13:05 Олжас Бектенов: Государство не должно и не будет содержать тех, кто может работать и сам себя обеспечивать Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе заседания Сената прокомментировал вопрос депутата Султанбека Макежанова по оптимизации бюджетных расходов. Олжас Бектенов сообщил, что в рамках формирования бюджета на предстоящий трехлетний период базовые расходы были сокращены с 15% до 12%. При этом серьезная нагрузка на бюджет сохраняется в социальной сфере. По словам Премьер-министра, социальные пособия и различные меры поддержки составляют порядка 60% от общего объема государственного бюджета. «В республиканском бюджете в течение долгого времени эти расходы составляли свыше 40%. При формировании бюджета на трехлетку нам удалось эту цифру снизить до 38%, но задел еще большой есть. И мы эту работу будем проводить. Социальную поддержку от государства будут получать только граждане, которые не имеют по различным объективным факторам возможности работать и сами себя обеспечивать. Тот человек, который может работать, он должен работать. Государство его содержать не должно и не будет», — отметил Олжас Бектенов. #Олжас Бектенов #Бюджет #Соцзащита #Трудоустройство Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
20 Қараша 2025, 13:05
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді. Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15%-дан 12%-ға дейін қысқартылғанын мәлімдеді.
Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60%-ын құрайды.
«Республикалық бюджетте ұзақ уақыт бойы бұл шығындар 40%-дан астам болып келді. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38%-ға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз. Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істеуге қабілетті әрі өзін-өзі қамтамасыз ете алатын адамдарды мемлекет асырауға тиісті емес және асырамайды да» , — деді Олжас Бектенов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз