статья

Генеральный секретарь ТЮРКПА проинформировал Спикера Мажилиса о проделанной работе

ТүркПА Бас хатшысы Мәжіліс төрағасына атқарылған жұмыс туралы ақпарат берді

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗
Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 26 декабря 2025 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.

26 декабря, Астана, Дом Мажилиса. Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов принял Генерального секретаря Парламентской Ассамблеи тюркских государств Рамиля Гасана. Глава секретариата отчитался о проделанной работе с начала председательства Казахстана в Ассамблее. Генеральный Секретарь ТюркПА рассказал об итогах рабочих поездок в Турцию, Кыргызстан, Узбекистан и Венгрию, подробно проинформировав Спикера Мажилиса о достигнутых договорённостях с главами парламентов тюркских государств. В частности, обсуждаются предложения по усилению обмена опытом с другими крупными межпарламентскими организациями – такими, как Межпарламентский союз. Рамиль Гасан также доложил об итогах работы миссии наблюдателей ТюркПА во главе с депутатом Мажилиса Абзалом Куспаном на парламентских выборах в Кыргызской Республике. Заслушав отчёт, Ерлан Кошанов выразил уверенность, что все договорённости будут способствовать продуктивной и слаженной деятельности ТюркПА. Он также обратил особое внимание на первоочерёдность вопроса совершенствования основополагающих правовых документов ТюркПА, работа по которым уже ведётся в рамках казахстанского председательства. В заключение встречи Председатель Мажилиса и Генеральный Секретарь ТюркПА обсудили планы Ассамблеи на предстоящий 2026 год. Пресс-служба Мажилиса, 74-66-20. Фото Ж.Жумабекова.

26 желтоқсан , Астана, Мәжіліс үйі . Мәжіліс төрағасы Т үркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасанд ы қабылдады. Хатшылық басшысы Ассамблеядағы Қазақстанның төрағалығы басталғаннан бері атқарылған жұмыс туралы есеп берді. ТүркПА-ның Бас хатшысы Мәжіліс спикеріне Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстан елдеріне жасаған жұмыс сапарларының қорытындысы туралы, түркі мемлекеттері парламенттерінің басшыларымен қол жеткізілген келісімдер жөнінде айтып берді. Соның ішінде Парламентаралық одақ сияқты ірі парламентаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуды күшейту жөніндегі ұсыныстар талқыланып жатқанына тоқталды. Сондай-ақ Рамиль Гасан Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бастаған ТүркПА байқаушылар миссиясының Қырғыз Республикасындағы парламенттік сайлаудағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Есепті тыңдаған Ерлан Қошанов барлық уағдаластықтар ТүркПА-ның нәтижелі және үйлесімді қызметіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ ұйымның негізгі құқықтық құжаттарын жетілдіру мәселесінің басымдыққа ие екеніне ерекше назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстанның төрағалығы аясында қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы мен ТүркПА Бас хатшысы Ассамблеяның алдағы 2026 жылға арналған жоспарларын талқылады. Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-02. Фото Ж.Жұмабеков.