статья

Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию высокотехнологичных производств на территории СЭЗ «ПИТ «Алатау» в Алматы

Олжас Бектенов Президенттің «Алатау» ИТП» АЭА аумағындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 15 января 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

Развитие СЭЗ и инфраструктуры — ключевой фактор инвестиционной привлекательности.

15 Январь 2026, 19:10 Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию высокотехнологичных производств на территории СЭЗ «ПИТ «Алатау» в Алматы Премьер-министр Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Главы государства по наращиванию промышленного потенциала регионов за счет развития специальных экономических зон, индустриальных зон и повышения эффективности их деятельности, данных в Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию». В Алматы в ходе посещения специальной экономической зоны «Парк инновационных технологий «Алатау» руководитель Правительства ознакомился с созданием инфраструктуры для развития высокотехнологичных производств, углубления локализации и расширения инфраструктуры СЭЗ. О планах по инфраструктурному обеспечению специальной экономической зоны доложил заместитель акима города Алматы Олжас Смагулов. СЭЗ «Парк инновационных технологий «Алатау» развивается как площадка для высокотехнологичных производств и R&D. Ее участниками являются 203 компании. За весь период работы резиденты вложили порядка 399 млрд тенге инвестиций, создано 7,2 тыс. постоянных рабочих мест, произведено продукции и оказано услуг на сумму 1 трлн тенге. На сегодня на территории СЭЗ реализуется 24 проекта стоимостью 265 млрд тенге с созданием порядка 1000 рабочих мест, в 2025 году запущены 6 проектов на 19 млрд тенге с созданием 355 рабочих мест. По данным акимата города Алматы, СЭЗ фактически заполнена на 94%, свободные участки составляют 7,7 га, при этом срок функционирования ограничен концом 2027 года, что осложняет запуск капиталоемких и долгосрочных проектов и снижает привлекательность для инвесторов. В этой связи для сохранения темпов роста и реализации запланированных инициатив Премьер-министр поручил продлить срок действия СЭЗ и расширить ее территорию, а также дополнить перечень разрешенных видов деятельности с учетом задач по диверсификации и запуску новых высокотехнологичных производств. Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность дальнейшего развития СЭЗ и инфраструктурной готовности как ключевого фактора инвестиционной привлекательности. Данную работу необходимо развивать во всех регионах страны. Для этого Правительством принимаются меры по качественному улучшению инфраструктуры для будущих инвестпроектов. Акиматы должны активизировать работу по привлечению частных инвестиций в данное направление. «В объявленный Президентом Год цифровизации и искусственного интеллекта надо создавать условия для запуска сверхтехнологичных проектов. Сюда входит и создание дополнительной инфраструктуры, включая подстанции и транспортные сети. СЭЗ «Парк инновационных технологий «Алатау» как технологическая площадка уже загружена. Но с учетом высокого инвестиционного спроса нужно дальше развивать зону. Акимат совместно с администрацией СЭЗ для снижения зависимости от республиканского бюджета должны активно привлекать внебюджетные средства, сотрудничать с международными финансовыми организациями», – отметил Премьер-министр. На базе производственной площадки NERO Group, расположенной на территории СЭЗ «Парк инновационных технологий «Алатау», Премьер-министру доложили о развитии отечественного производства приборов учета. На сегодня производственная линейка предприятия включает системы и приборы учета тепла, воды, электроэнергии и газа. Стоимость проекта составляет 1,5 млрд тенге, мощность – более 10 тыс. единиц в год. Создано 65 рабочих мест, общая численность персонала – 150 человек. Компания объединяет производственные и инженерные компетенции, включая разработку программного обеспечения для систем учета и мониторинга. Учредитель NERO Group Ерлан Набиев представил комплексный проект локализации высокотехнологичных производств на 2025-2027 годы общей стоимостью порядка 44,8 млрд тенге. Инициатива предусматривает создание более 650 рабочих мест, расширение производственных площадей до 21 068 кв. м и запуск новых направлений, включая производство кабельной продукции и комплектующих, расширение выпуска газовых счетчиков, а также выпуск беспилотных систем и робототехники. Проект предполагает подготовку инженерных кадров: 60 человек в год по программам бакалавриата и до 200 человек по программам повышения квалификации. Также презентован проект научно-образовательного кластера Smart Energy с участием AУЭС и КазЦентра ЖКХ, предусматривающий интеграцию образования, науки и производства, внедрение дуального образования и подготовку инженерных кадров. Планируется к реализации проект локализации производства образовательных и сервисных роботов на базе ИИ совместно с UBTECH Robotics (Китай). По данному направлению уже сформирован спрос, заключены офтейк-контракты на внедрение AI-лабораторий. Мощность – порядка 25 тыс. комплектов в год. Предполагается создание 80 рабочих мест с последующим увеличением. Помимо этого, Премьер-министру представлено цифровое решение компании для мониторинга теплоснабжения. Система автоматически собирает показания с общедомовых узлов учета и показывает их на веб-карте со «светофорной» аналитикой: где есть недогрев или перегрев, отклонения по потреблению тепла и расходу ГВС. Это позволяет диспетчерским службам и субъектам естественных монополий быстрее видеть проблемные адреса и оперативно реагировать. Решение уже внедрено в Караганде, Сатпаеве и Жезказгане. Ерлан Набиев отметил важность масштабирования инициативы и ее закрепления как обязательного цифрового контура контроля качества теплоснабжения для субъектов естественных монополий. #Премьер-министр РК #Инновации #Поручение Президента #Экономика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

15 Қаңтар 2026, 19:10

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды дамыту және олардың қызметінің тиімділігін арттыру есебінен өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Алматыда «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Үкімет басшысы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, локализацияларды тереңдету және АЭА инфрақұрылымын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан инфрақұрылым құру жұмыстарымен танысты.

Арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылым жағынан қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов баяндады. «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА жоғары технологиялық өндірістерге және R&D-ге арналған алаң ретінде дамуда. Оның қатысушыларының саны – 203 компания. Жұмыс істеп бастаған уақыттан бері резиденттер шамамен 399 млрд теңге инвестиция салған, 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 1 трлн теңге сомасында өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген. Бүгінгі таңда АЭА аумағында құны 265 млрд теңге болатын 1000 жұмыс орны бар 24 жоба жүзеге асырылуда, соның ішінде 2025 жылы 355 жұмыс орны құрылған 19 млрд теңгелік 6 жоба іске қосылды.

Алматы қаласы әкімдігінің деректері бойынша АЭА аумағы іс жүзінде 94% толған, бос учаскелер 7,7 га құрайды, бірақ жұмыс істеу мерзімі 2027 жылдың аяғымен шектеліп отыр, бұл капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруды қиындатады және инвесторлар үшін тартымдылықты төмендетеді. Осыған байланысты, өсу қарқынын сақтау және жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру үшін Премьер-министр АЭА-ның пайдалану мерзімін ұзартуды және оның аумағын кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістерді әртараптандыру және іске қосу жөніндегі міндеттерді ескере отырып, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыруды тапсырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық тартымдылықтың негізгі факторы ретінде АЭА мен инфрақұрылымдық дайындықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асыру қажет. Бұл мақсатта Үкімет болашақ инвестициялық жобалар үшін инфрақұрылымдарды жаңа сапада жақсарту жөнінде шаралар қабылдауда. Әкімдіктер осы бағытқа жекеменшік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруы тиіс.

«Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында жоғары технологиялық жобаларды іске қосу үшін жағдай жасау қажет. Бұған қосалқы станциялар мен көлік желілерін қоса алғанда, қосымша инфрақұрылым құру кіреді.

“Алатау” инновациялық технологиялар паркі" АЭА бүгінде технологиялық алаң ретінде жұмыс істеп тұр. Бірақ инвестициялық сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, аймақты одан әрі дамыту қажет. Әкімдік Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен бірлесіп республикалық бюджетке тәуелділікті азайту үшін, бюджеттен тыс қаражаттар тартып, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуы тиіс» , – деп атап өтті Премьер-министр.

«Алатау» инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан NERO Group өндірістік алаңының базасында Премьер-министрге есептегіш құралдарының отандық өндірісін дамыту туралы баяндалды.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік желісіне жылу, су, электр энергиясы мен газды есепке алу жүйелері мен құралдары кіреді. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 10 мың бірліктен асады. 65 жұмыс орны ашылды, қызметкерлердің жалпы саны – 150 адам. Компания өндірістік және инженерлік құзыреттерді, соның ішінде бухгалтерлік есеп пен мониторинг жүйелеріне арналған бағдарламалық жасақтаманы біріктіреді.

NERO Group құрылтайшысы Ерлан Нәбиев жалпы құны шамамен 44,8 млрд теңгені құрайтын 2025-2027 жылдарға арналған жоғары технологиялық өндірістерді локализациялаудың кешенді жобасын ұсынды. Бастама 650-ден астам жұмыс орнын ашуды, өндірістік алаңдарды 21 068 шаршы метрге дейін кеңейтуді және кабельдік өнімдер мен компоненттер өндірісін, газ есептеу құрылғыларын шығаруды кеңейтуді, сондай-ақ пилотсыз жүйелер мен робототехника шығаруды қоса алғанда, жаңа бағыттарды іске қосуды көздейді. Жоба инженер кадрларды даярлауды көздейді: бакалавриат бағдарламалары бойынша жылына 60 адам және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша 200 адамға дейін.

Сондай-ақ білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды, дуальды білім беруді енгізуді және инженер мамандарды даярлауды көздейтін АЭжБУ мен ТКШ Қазорталығының қатысуымен Smart Energy ғылыми-білім беру кластерінің жобасы таныстырылды.

UBTECH Robotics (Қытай) компаниясымен бірлесіп ЖИ базасында білім беру және сервистік роботтар өндірісін локализациялау жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Осы бағыт бойынша сұраныс қалыптасып, AI-зертханаларды енгізуге офтейк-келісімшарттар жасалды. Қуаты – жылына шамамен 25 мың жиынтық. Кейіннен ұлғайта отырып, 80 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Премьер-министрге жылумен жабдықтауды бақылау үшін компанияның цифрлық шешімі ұсынылды. Жүйе автоматты түрде үйдегі есеп тораптарынан көрсеткіштерді жинайды және оларды «бағдаршам» аналитикасы бар веб-картада көрсетеді: жылынбау немесе қызып кету, жылуды тұтыну және ыстық су шығыны бойынша ауытқулар бар жерде. Бұл диспетчерлік қызметтер мен табиғи монополиялар субъектілеріне проблемалық мекен жайларды тезірек анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Шешім Қарағанды, Сәтбаев және Жезқазғанда енгізілді. Ерлан Нәбиев бастаманы кеңейтудің және оны табиғи монополиялар субъектілері үшін жылумен жабдықтау сапасын бақылаудың міндетті цифрлық контуры ретінде бекітудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз