Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады: Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беруді тапсырды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр поручил Минфину проанализировать деятельность ФСМС для повышения эффективности бюджетных расходов.
Поручено полностью цифровизировать бизнес-процессы здравоохранения на базе систем Минфина.
Правительство системно работает над усилением бюджетной дисциплины по поручению Главы государства.
16 Январь 2026, 18:10 Правительство выявило множество нарушений в финансировании медорганизаций: Олжас Бектенов поручил передать ФСМС в Минфин В рамках реализации поручений Главы государства по усилению бюджетной дисциплины Правительством проводится системная работа. 18 декабря 2025 года Премьер-министр Олжас Бектенов поручил Министерству финансов провести анализ деятельности Фонда социального медицинского страхования (ФСМС) в целях повышения эффективности расходования бюджетных средств. По итогам проведенного анализа Министр финансов Мади Такиев доложил, что несмотря на рост бюджетных расходов (в 2026 году расходы на эти цели составят 2,4 трлн тенге, что на 1 трлн тенге больше, чем в 2020 году) эффективность Фонда не растет. При этом накопленный инвестиционный доход с 2020 года составил 588 млрд тенге, в том числе только за 2025 год 195,9 млрд тенге. Согласно анализу, значительная часть средств аккумулируется в активах Фонда и не направляется на оказание медицинских услуг. Проведенный Министерством финансов IT-аудит информационных систем оказания медицинских услуг выявил ряд системных нарушений: приписки фиктивных пациентов (при прикрепленном контингенте 1 тыс. человек фактически обращаются около 500, однако оплата производится за весь контингент); оказание гражданам несвойственных им медицинских услуг; двойное финансирование одних и тех же услуг за счет средств ОСМС и добровольного медицинского страхования работодателей; оказание аномального количества медуслуг в кратчайшие сроки; оказание услуг умершим гражданам; выписка детям свыше тысячи медикаментов в день и т.д. Министр финансов Мади Такиев привел конкретные цифры и примеры: Врачом частной клиники за один день принято 1 442 пациента при среднем приеме до 24 человек в день (15 минут на 1 пациента при 6-часовом рабочем дне). В этой же клинике другой врач за один месяц принял 4 832 пациента (г. Астана); 1 713 пролеченных случаев за месяц у одного специалиста, в отдельные дни – 300–400 осмотров в сутки (г. Астана). 3 640 случаев оказания медуслуг 996 умершим пациентам, включая запись пациента на прием в 2025 году, умершего в 2023 году (спустя 2,5 года после смерти). 769 446 случаев скринингов, не соответствующих полу пациента на 1,8 млрд тенге. Так, 768 827 мужчин прошли скрининг на женские заболевания (рак шейки матки), 619 мужчин прошли маммографию. Только в одной районной больнице установлено 11 123 таких случая (Алматинская область). 68 717 случаев системных приписок лекарственных средств на детей. По препарату Димексид зафиксировано 126 тыс. записей на двух детей – по 63 тыс. списаний на каждого (область Жетысу); 2 872 случая списания лекарств на одного пациента в течение суток. В детской больнице выявлено 179 таких случаев: списано 88 тыс. единиц, при этом пациенты находились в стационаре не более 1 дня (г.Астана), и другое. Анализ также выявил два распространенных кейса двойного финансирования. Первый, это когда частные медорганизации получали оплату одновременно по добровольному медицинскому страхованию от работодателя и за счет средств ФСМС. Второй, когда один и тот же пациент одновременно числится в двух медорганизациях в одни и те же даты. Также налоговыми органами был проведен камеральный контроль руководителей медорганизаций – анализ их доходов и приобретений. Выяснено, что 1 465 руководителей в 2024-2025 г.г. приобрели свыше 5 тыс. единиц недвижимости; 912 человек приобрели 1 416 автомобилей. Отдельные руководители частных клиник в течение двух лет приобрели от 52 до 124 объектов недвижимости и от 14 до 24 автомобилей каждый. Кроме того, отмечена разрозненность информационных систем Фонда и Минздрава, а также нормативно-правовой базы. Отсутствие единой базы данных по пациентам и медицинским организациям привело к тому, что текущая нормативная база во многом привязана к функциям отдельных организаций (ФСМС, СК «Фармация»), а не к конечному результату – оказанию медицинской помощи населению. После первичного подтверждения материально-технической базы, оснащения и кадровых требований медицинских организаций последующий контроль фактически не осуществляется. Не выстроены превентивные механизмы контроля, что не позволяет своевременно предотвращать нецелевое использование медорганизациями средств ГОБМП и ОСМС. Отсутствуют стимулы к экономии: не предусмотрены инструменты возврата сэкономленных средств в бюджет. Формируется мотивация не к эффективности, а к освоению средств. Определенные проблемы выявлены в тарифообразовании. В системе применяется более 3 тыс. тарифов, что существенно осложняет администрирование и контроль по оказанию медицинских услуг. По итогам Премьер-министр Олжас Бектенов поручил: - Министерству финансов по всем озвученным фактам передать материалы в правоохранительные органы для принятия процессуальных решений; - передать Фонд социального медицинского страхования в ведение Министерства финансов для контроля всех финансовых потоков; - обеспечить полную цифровизацию бизнес-процессов системы здравоохранения на базе систем Минфина; - остановить необоснованное финансирование посредством пересмотра параметров инвестстратегии по размещению активов ФСМС и получению инвестдохода. #Олжас Бектенов #Здравоохранение #Поручение Президента #Финансы Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
16 Қаңтар 2026, 18:10
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берді.
Талдау қорытындысы бойынша қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) Қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады. Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдау көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.
Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заң бұзушылықты анықтады:
– жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-ге жуығы жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі);
– азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету;
– МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру;
– қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету;
– қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету;
– балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және т. б.
Қаржы министрі Мәди Такиев нақты сандар мен мысалдар келтірді:
1. Жекеменшік клиника бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданады (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);
2. Бір маман бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).
3. 996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).
4. 1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).
5. Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Димексид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);
6. Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.
Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.
Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, ал 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.
Сонымен қатар Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы қолданыстағы нормативтік базаның көп жағдайда халыққа медициналық көмек көрсетудің түпкі нәтижесіне емес жекелеген ұйымдардың (МӘМС, «СК Фармация») қызметтеріне байланыстырылуына алып келді.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, жарақтандырылуы және кадрлық талаптары бастапқы расталғаннан соң одан кейінгі бақылау іс жүзінде жүргізілмейді. Бақылаудың алдын алу тетіктері құрылмаған, бұл медициналық ұйымдардың ТМККК және МӘМС құралдарын мақсатсыз пайдалануды дер уақытында болдырмауға мүмкіндік бермейді.
Жүйеде үнемдеуге ынталандыру жолға қойылмаған: үнемделген қаражатты бюджетке қайтару құралдары қарастырылмаған. Тиімділікке емес, қаражатты игеруге деген мотивация орныққан.
Тариф белгілеуде де белгілі бір проблемалар анықталды. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды едәуір қиындатады.
Қорытындылай келе Премьер-министр Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар берді:
- Қаржы министрлігі барлық айтылған деректер бойынша материалдарды процестік шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау органдарына берсін;
- барлық қаржы ағындарын бақылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін;
- Қаржы министрлігі жүйелерінің базасында денсаулық сақтау жүйесінің барлық бизнес-процестерін толық цифрландыру қамтамасыз етілсін;
- ӘМСҚ активтерін орналастыру және инвестициялық табыс алу жөніндегі инвестициялық стратегияның параметрлерін қайта қарау арқылы негізсіз қаржыландыру тоқтатылсын.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз