статья

Мажилис ратифицировал поправки в Соглашение с Кыргызстаном о пунктах пропуска через госграницу

Мәжіліс Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Қырғызстанмен арадағы келісімге енгізілген түзетулерді ратификациялады

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 21 января 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

В Мажилисе действуют шесть фракций.

21 января, Астана, Дом Мажилиса. Депутаты Мажилиса на пленарном заседании под председательством Спикера Палаты Ерлана Кошанова ратифицировали ряд протоколов с поправками в Соглашение с Кыргызстаном о пунктах пропуска через государственную границу и Конвенцию о международной гражданской авиации. Открывая заседание, Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов заявил, что на прошедшем накануне заседании Национального Курултая были озвучены исторические инициативы Главы государства. – Эти идеи запускают институциональную трансформацию на национальном уровне. Предстоят комплексные изменения концепции государственного устройства. Таким образом, радикально перезагружается вся архитектура власти. Эти шаги можно назвать «Путем справедливости Президента Токаева». И эта работа началась не сегодня. Касым-Жомарт Кемелевич с первого дня вступления на пост Президента последовательно реализует системные и комплексные реформы, – сказал Ерлан Кошанов. Он отметил, что депутаты Мажилиса приняли активное участие в деятельности Рабочей группы по парламентской реформе. В течение полугода они вырабатывали конкретные нормы и давали рекомендации по структуре и полномочиям будущего обновлённого Парламента. – В целом парламентская реформа открывает путь к пересмотру всей политической системы. Создание однопалатного парламента – судьбоносное, крайне необходимое решение для будущего страны. Это конкретизация политической ответственности, усиление институциональной роли партий, профессионализация законодательного процесса. Как сказал Глава государства, наша цель – создать влиятельный законодательный орган совершенно нового характера. Это дальнейшее усиление формулы «Сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчётное Правительство», – заявил Спикер Мажилиса. Ерлан Кошанов напомнил, что сейчас в Мажилисе работают шесть фракций. Накоплен ценный опыт работы в условиях многопартийности, который должен стать основой однопалатного Парламента. Вместе с тем, по его словам, отказ Главы государства от президентской квоты и отмена квоты АНК означают предоставление Парламенту полной автономии. Главным нововведением Председатель Мажилиса назвал предложение Президента назвать будущий парламент Курултаем. Курултай в своё время был основой степной демократии, институтом, определявшим судьбу нации с незапамятных времен. Именно эту ответственность Президент возлагает на будущий Парламент, подчеркнул Ерлан Кошанов. При этом он отметил, что депутаты должны на самом высоком уровне законодательно обеспечить реализацию всех озвученных реформ и инициатив. На пленарном заседании Мажилис ратифицировал Протокол о внесении изменения в Соглашение между правительствами Казахстана и Кыргызстана о пунктах пропуска через государственную границу от 25 декабря 2003 года . Он был подписан сторонами 19 апреля 2024 года в городе Астане. С нормами документа депутатов ознакомил министр транспорта Нурлан Сауранбаев. По его словам, протоколом создаются условия для дальнейшего развития транзитных транспортных связей между двумя странами. – Протоколом предусмотрено изменение режима работы пункта пропуска «Кеген-автодорожный» (Республика Казахстан) – «Каркыра-автодорожный» (Кыргызская Республика) со «светлого времени суток» на «круглосуточный». Таким образом, повышается пропускная способность и создаются более комфортные условия для пассажиров, – пояснил глава Минтранспорта. Выступая с содокладом, руководитель рабочей группы Ерболат Саурыков добавил, что вносимое изменение также будет способствовать дальнейшему развитию казахстанско-кыргызского приграничного сотрудничества, увеличению товарооборота и расширению взаимодействия в туристической сфере. В ходе обсуждения депутаты поинтересовались готовностью инфраструктуры пункта пропуска «Кеген – Каркыра» к круглосуточному режиму работы, а также планами по его модернизации и увеличению численности персонала. Также мажилисмены задали ответственным госорганам вопросы о сроках и финансировании обновления автомобильных пунктов пропуска на казахстанско-кыргызской границе, развитии доступной среды на приграничных объектах, длительных очередях и непрозрачности таможенных процедур, готовности пропускных пунктов к неблагоприятным погодным условиям и другие. Также были ратифицированы протоколы с поправками в статьи 50 а) и 56 Конвенции о международной гражданской авиации , подписанные 6 октября 2016 года в городе Монреале. Документы депутатам также представил министр транспорта Нурлан Сауранбаев. Изменения касаются увеличения численного состава Совета Международной организации гражданской авиации (ИКАО) с 36 до 40 членов и численности Аэронавигационной комиссии – с 19 до 21 члена. Как в своём содокладе отметил руководитель рабочей группы Темир Кырыкбаев, ратификация протоколов позволит создать благоприятные условия для продвижения вопроса о представительстве Республики Казахстан в составе органов Международной организации гражданской авиации (ИКАО). В частности, участвовать в управлении ИКАО на равных правах, укрепить имидж ответственного и активного её участника, а также продвигать инициативы, учитывающие интересы Центральной Азии. Кроме того, Мажилис сформировал в своей части состав совместной комиссии Палат Парламента по проекту Конституционного закона «О специальном статусе города Алатау» . В неё вошли депутаты Нуртай Сабильянов, Берик Бейсенгалиев и Абзал Құспан. Комитет по законодательству и судебно-правовой реформе принял в работу новый законопроект о ратификации Европейской конвенции о взаимной правовой помощи по уголовным делам. В заключение пленарного заседания мажилисмены направили 7 депутатских запросов государственным органам по актуальным социальным и экономическим темам. Все они доступны на официальном сайте и Telegram-канале Мажилиса. Пресс-служба Мажилиса – 74-68-46. Фото Ж. Жумабекова, Т. Таныбаева

21 қаңтар, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс с пикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қырғызстан Үкіметімен арадағы М емлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы к елісімге және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға енгізілген түзетулер туралы бірқатар хаттама н ы ратификациялады. Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысының тарихи бастамаларды жариялағанын атап өтті. – Бұл реформалар – ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы. Соның аясында мемлекеттік құрылымның концепциясы кешенді түрде өзгермек. Сөйтіп, билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады. Бұл қадамдарды «Президент Тоқаевтың әділет жолы» деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, кешенді реформалардың заңды жалғасы, – деді Ерлан Қошанов. Ол Мәжіліс депутаттарының Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының қызметіне белсене атсалысқанын айтты. Олар алты ай бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен өкілеттілігі жөнінде нақты нормалар әзірлеп, тиісті ұсыныстар берген. – Жалпы, парламенттік реформа саяси жүйені қайта қарауға жол ашып отыр. Бір палаталы Парламент құру – ел болашағы үшін тағдыршешті, өте қажет шешім. Ол – саяси жауапкершілікті нақтылау, партиялардың институционалдық рөлін күшейту, заң шығару процесін кәсібилендіру деген сөз. Мемлекет басшысы айтқандай, біздің мақсатымыз – мүлдем жаңа сипаттағы ықпалды заң шығарушы орган құру. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын одан әрі күшейту, – деді Мәжіліс спикері. Ерлан Қошанов қазіргі таңда Мәжілісте алты фракция жұмыс істеп жатқанын айтты. Көппартиялы қызметте мол тәжірибе жинақталғанына, сол тәжірибе алда жасақталатын бір палаталы Парламенттің негізі болуға тиіс екеніне назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының президенттік квотадан бас тартуы, Ассамблея квотасын алып тастауы – Парламентке толық дербестік беру дегенді білдіретінін атап өтті. Ерлан Қошанов Президенттің болашақ парламентті Құрылтай деп атау туралы ұсынысын басты жаңашылдық деді. Құрылтай ежелден дала демократиясының негізі, ұлт тағдырын айқындаған, ел аманатын арқалаған институт болғанына мән берді. Депутаттар барлық реформалар мен бастамаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды. Пленарлық отырыста Мәжіліс 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Оған тараптар 2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында қол қойған. Аталған құжаттың нормаларымен депутаттарды Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев таныстырды. Оның айтуынша, хаттама екі ел арасындағы транзиттік көлік байланыстарын одан әрі дамытуға септігін тигізеді. – Хаттамада «Кеген-автожолдық» (Қазақстан Республикасы) – «Қарқыра-автожолдық» (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойы» режиміне ауыстыру қарастырылған. Осылайша, олардың өткізу қабілеті артып, жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасалады, – деп түсіндірді Көлік министрі. Жұмыс тобының жетекшісі Ерболат Саурықов қосымша баяндама жасап, енгізіліп отырған өзгеріс Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын ұлғайтуға және туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететінін айтты. Талқылау барысында депутаттар «Кеген-Қарқыра» өткізу пункті инфрақұрылымының тәулік бойы жұмыс істеуге дайындығы, оны жаңғырту және қызметкерлер санын арттыру жоспарлары туралы сұрады. Сондай-ақ, мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдардан Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңарту мерзімдері мен қаржыландыру жолдары, шекара маңындағы нысандарда қолайлы орта қалыптастыру, ұзынсонар кезектер мен кедендік рәсімдердің ашық еместігі мәселелері, өткізу пункттерінің қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындығы және басқаларына қатысты сауал қойды. Сондай-ақ 2016 жылғы 6 қазанда Монреаль қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына түзетулер енгізу жөніндегі хаттамалар да ратификацияланды. Бұл құжаттарды да депутаттарға Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев таныстырды. Өзгерістер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ) кеңесінің құрамын 36-дан 40-қа дейін, ал Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің санын 19-дан 21-ге дейін арттыруға қатысты. Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Темір Қырықбаев өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, хаттамаларды ратификациялау Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) органдарындағы өкілдігі мәселесін ілгерілетуге қолайлы жағдай туғызады. Атап айтқанда, ХААҰ-ны тең құқылы басқаруға қатысуға, оның жауапты әрі белсенді қатысушысы ретіндегі имиджін нығайтуға, Орталық Азия мүдделерін ескеретін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Мәжіліс «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының Мәжілістегі құрамын жасақтады. Оның құрамына депутаттар Нұртай Сабильянов, Берік Бейсенғалиев және Абзал Құспан кірді. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жұмысқа Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы жаңа заң жобасын қабылдады. Жалпы отырыста депутаттар өзекті әлеуметтік және экономикалық тақырыптар бойынша мемлекеттік органдарға 7 депутаттық сауал жолдады. Олардың барлығын Мәжілістің ресми сайтынан және Telegram-арнасынан оқи аласыздар. Мәжілістің баспасөз қызметі – 74-68-46. Фото: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев