По поручению Президента Правительство утвердило единую Концепцию «Дети Казахстана»
Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті
Рабочий вывод
Что важно в документе
Поручено обеспечить исполнение Концепции, взаимодействие с омбудсменом по правам ребенка и информационную кампанию.
Поручено создать реестр объектов для усиленного контроля в сфере детской безопасности.
Премьер-министр указал на недостаточную активность регионов в реализации политики детства.
27 Январь 2026, 12:30 По поручению Президента Правительство утвердило единую Концепцию «Дети Казахстана» На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенов рассмотрена Концепция «Дети Казахстана». С докладами выступили министры просвещения Жулдыз Сулейменова, здравоохранения Акмарал Альназарова и внутренних дел Ержан Саденов. На сегодня в Казахстане насчитывается порядка 7 млн детей, что составляет более трети населения страны или 34%. «От того, в каких условиях растут наши дети, зависит будущее страны. Именно поэтому, Главой государства на Национальном курултае было поручено разработать единую Концепцию «Дети Казахстана». Всесторонняя забота о детях – это наш главный приоритет, и государством принимается комплекс мер по улучшению качества жизни детей. Концепция «Дети Казахстана» включает в себя конкретный план мероприятий по защите прав детей в области образования, здравоохранения, безопасности, социального обеспечения и семейного благополучия» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Отмечено, что в последние годы для совершенствования сферы защиты прав детей предпринят ряд мер. Значительно расширена законодательная основа. Особенно это касается неотвратимости наказания за преступления в отношении детей. Функционирует единый контакт-центр 111 по вопросам семьи, защиты прав женщин и детей. По фактам обращений обязательно оказывается помощь и проводятся проверки. Во всех регионах действуют региональные уполномоченные по правам ребенка. С 1 февраля вводится особый порядок контроля и надзора за организациями образования по принципу внезапности. Меры касаются вопросов безопасности детей, их оздоровления и питания. В этой связи Премьер-министр поручил министерствам здравоохранения, просвещения, культуры, труда и социальной защиты населения, туризма и внутренних дел совместно с акиматами до 30 января текущего года сформировать реестр объектов, подлежащих особому контролю и надзору. Для повышения уровня защиты прав детей введен новый норматив штатной численности специалистов органов опеки – не менее одного специалиста на 5 тыс. детей. Это позволило за год увеличить их количество более чем в три раза. На базе данных специалистов в регионах создаются управления по защите прав детей. При этом Олжас Бектенов отметил, что в ряде регионов работа в этом направлении ведется недостаточно активно. Работа была проведена только в Акмолинской, Актюбинской областях и в столице. Остальным акиматам поручено в течение двух месяцев завершить создание соответствующих управлений. Внимание обращено на реализацию новой формы семейного устройства – приемной профессиональной семьи, действующей с 1 июля прошлого года. На эти цели предусмотрено финансирование, но в регионах работа по внедрению механизма не активизирована. Акиматам поручено принять необходимые меры. Премьер-министр указал на сохраняющиеся проблемные вопросы в сфере охраны здоровья детей, включая нехватку медицинских специалистов, лекарственных средств и возможностей детской реабилитации, а также дефицит узкопрофильных специалистов – дефектологов, логопедов, сурдологов, для детей с особыми образовательными потребностями. Отмечена необходимость усиления мер по обеспечению безопасности детей, в том числе в цифровой среде, и расширения доступа к дополнительному образованию и современным образовательным технологиям в сельской местности. Подростки сталкиваются с нехваткой внимания и возможностей для самореализации. Подчеркнуто, что по данным направлениям следует вести работу на системном уровне, усилить межведомственную координацию министерств просвещения, здравоохранения, труда и социальной защиты, внутренних дел, акиматов регионов. В результате реализации предусмотренных в Концепции целевых индикаторов должна сформироваться устойчивая система развития, поддержки и защиты детей. Премьер-министр поручил Министерству просвещения совместно с заинтересованными госорганами и акиматами обеспечить качественное и своевременное исполнение мероприятий Концепции, выстроить эффективное взаимодействие с Уполномоченным по правам ребенка, а также совместно с Министерством культуры и информации организовать информационную кампанию по ее реализации. По итогам голосования Правительство утвердило единую Концепцию «Дети Казахстана». Общая координация закреплена за заместителем Премьер-министра – министром культуры и информации Аида Балаева #Олжас Бектенов #Заседание Правительства #Охрана прав детей #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
27 Қаңтар 2026, 12:30
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қаралды. Онда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндама жасады.
Бүгінде елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келеді. Яғни, халықтың үштен бір бөлігінен астамын балалар құрап отыр, нақты айтсақ – 34%.
«Еліміздің болашағы отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Сондықтан да Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда “Қазақстан балалары” бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Балаларға жан-жақты қамқорлық жасау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Бұл орайда мемлекет өскелең ұрпақтың өмір сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдап келеді. "Қазақстан балалары" тұжырымдамасында білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нақты іс-шаралар жоспары қамтылған» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Соңғы жылдары балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар шара қабылданғаны атап өтілді.
Заңнамалық база айтарлықтай кеңейтілді. Әсіресе, балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер үшін жазаның бұлтартпас қағидаты қатаң сақталады.
Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша 111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Оған жүгінген жағдайда міндетті түрде көмек көрсетіліп, тексеру шаралары жүргізіледі.
Барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жұмыс істейді.
1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты. Осыған байланысты Премьер-министр Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 30 қаңтарына дейін ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындауды тапсырды.
Балалардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында қамқоршылық органдары мамандарының жаңа штаттық нормативі енгізілді – 5 мың балаға кемінде бір маман. Бұл олардың санын бір жылда үш еседен астам арттыруға мүмкіндік берді. Осы мамандар қатарынан әр өңірде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылуда.
Бұл ретте Премьер-министр өңірлердің көпшілігінде бұл іске тиісті көңіл бөлінбей отырғанын, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе облыстарында және елордада ғана нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Қалған өңір әкімдіктеріне екі ай ішінде бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру ісін аяқтау тапсырылды.
Өткен жылдың 1 шілдесінен бері қолданыста болған отбасына орналастырудың жаңа нысаны – баланы қабылдайтын кәсіби отбасы енгізілді. Оларды қамтамасыз етуге тиісті қаражат көзделген. Алайда, бірде-бір облыста жұмыс жүргізілмеген. Өңір әкімдіктеріне бұл бағытта жұмысты жандандыру тапсырылды.
Премьер-министр медициналық мамандардың, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін, балаларды оңалту мәселелері бойынша түсіп жатқан шағымдар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы мамандар – дефектолог, логопед, сурдологтер тапшылығын қоса алғанда, балалардың денсаулығын қорғау саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.
Балалардың, соның ішінде олардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті. Көптеген ауыл балалары үйірмелер мен заманауи білім беру технологияларынан тыс қалатыны атап өтілді. Жасөспірімдерге тиісті көңіл бөлінбейді әрі олар өзін дамыту үшін тың мүмкіндіктерден айрылып отыр.
Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктері арасындағы ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет.
Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар балаларды дамытудың, қолдау мен қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастыруы тиіс.
Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, Тұжырымдамадағы барлық іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, бала құқықтары жөніндегі уәкілмен тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюды, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ақпараттық науқанды ұйымдастыруды тапсырды.
Үкімет дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бекітілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз