статья

Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по укреплению энергобезопасности и развитию угольной генерации в Павлодарской области

Олжас Бектенов Павлодар облысында энергоқауіпсіздікті нығайту және көмір генерациясын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 30 января 2026 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Поручение

Премьер-министр поручил завершить модернизацию ГРЭС-1, построить энергоблоки на ГРЭС-2 и поддержать инвестпланы «Богатырь Көмір».

Оценка

Премьер-министр отметил прогресс в устранении энергодефицита и обеспечении энергомощностей для бизнеса и инвесторов.

Оценка

Премьер-министр подчеркнул важность современных технологий и промбезопасности в использовании угольного потенциала.

30 Январь 2026, 15:05 Олжас Бектенов проверил реализацию поручений Президента по укреплению энергобезопасности и развитию угольной генерации в Павлодарской области Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Павлодарскую область проверил исполнение поручений Главы государства по укреплению энергетической безопасности, развитию угольной генерации и вводу новых мощностей для покрытия растущих потребностей экономики и населения. Особое внимание уделено вопросам надежности работы объектов жизнеобеспечения и внедрению цифровых решений в энергетике и угледобыче. В рамках поездки Олжас Бектенов ознакомился с развитием энергетической инфраструктуры региона. Павлодарская область является флагманом в производстве и развитии электроэнергетики. За 2025 год в регионе выработано 42% от странового объема. На примерах ряда энергообъектов Экибастуза – в частности, ГРЭС-1, ГРЭС-2, угольного карьера ТОО «Богатырь Көмір» рассмотрены текущие показатели работы и перспективы дальнейшего развития энергокомплекса. На площадке самой крупной станции страны, работающей на твердом топливе, Экибастузской ГРЭС-1 им. Болата Нуржанова Премьер-министру доложили о ходе модернизации объекта. Проводимая реконструкция топливоподачи, строительство новой дымовой трубы с последующим демонтажем старой выступают одним из ключевых элементов повышения надежности энергоснабжения региона. Здесь же были презентованы проекты по развитию генерации и сетевой инфраструктуры области, включая реконструкцию энергоблока №7 на Аксуской ГРЭС мощностью 325 МВт, модернизацию отдельных энергоисточников, а также проработку новых проектов на базе современных технологий и развитие альтернативной энергетики. По информации министра энергетики Ерлана Аккенженова, в этом году в Казахстане планируется ввод порядка 2,6 ГВт новых мощностей, в числе которых газовые проекты на 2 427,6 МВт и ВИЭ на 245,8 МВт. Всего будет реализовано 13 проектов, среди которых Текелийский энергокомплекс, Атырауская ТЭЦ, парогазовые установки в Туркестанской области, городе Алматы и др. Аким Павлодарской области Асаин Байханов доложил о прохождении отопительного сезона 2025-2026 гг. На энергоисточниках выполнен ремонт 46 единиц основного оборудования, модернизированы 37,1 км тепловых сетей, что позволило обеспечить работу систем теплоснабжения в штатном режиме и снизить уровень износа на 1,5%. На строительной площадке Экибастузской ГРЭС-2 Премьер-министр ознакомился с ходом реализации проекта расширения и реконструкции станции. На сегодня установленная мощность составляет 1 ГВт. Строительство энергоблоков №3 и №4 позволит обеспечить прирост электрической мощности станции до 2,1 ГВт. Председатель правления АО «Самрук-Энерго» Кайрат Максутов доложил, что ввод в эксплуатацию будет обеспечен в сентябре 2028 (энергоблок №3) и сентябре 2030 гг. (энергоблок №4) соответственно. Суммарный объем инвестиций для реализации проекта расширения превышает 1,2 трлн тенге. По проекту строительства ГРЭС-3 отмечено, что планируется создание новой угольной генерации общей мощностью 2,64 ГВт на основе технологии «чистого угля» с поэтапным вводом мощностей. «На Национальном курултае Глава государства подчеркнул, что вопросы энергетической самодостаточности должны рассматриваться нами как важная часть государственной политики. Запуск дополнительных энергоблоков ГРЭС-2 и начало строительства ГРЭС-3 – это сигнал для всей экономики. Мы постепенно идем к устранению энергодефицита и предоставлению необходимых энергомощностей как для нашего бизнеса, так и инвесторов», – отметил Олжас Бектенов. Также Премьер-министр ознакомился с процессом добычи угля открытым способом на карьере ТОО «Богатырь Көмір» – одного из самых крупных разрезов в мире размером более 43 км2 и глубиной свыше 300 метров. Предприятие ведет разработку на двух разрезах – «Богатырь» и «Северный». На сегодня практически завершена реализация этапа автоматизации производственных процессов. Следующий этап развития в данном направлении – применение возможностей ИИ. В рамках этого запланированы два проекта с элементами ИИ – «Оптимизатор грузопотоков» и «Планирование горных работ». На сегодня ТОО «Богатырь Көмір» является одним из ведущих угледобывающих активов страны: на его долю приходится 38% от общего объема добычи угля в Казахстане. Запасы оцениваются в более чем 2,3 млрд тонн, что обеспечивает долгосрочную стабильность поставок. Генеральный директор Евгений Мастернак проинформировал о планах по наращиванию объемов добычи. В настоящее время общая производственная мощность разрезов «Богатырь» и «Северный» составляет 42 млн тонн угля в год. Целевой показатель на 2026 год – 45,2 млн тонн, к 2032 году его планируется довести до 56,5 млн тонн. Отмечено, что в ближайшие 7 лет в новое строительство, приобретение оборудования, реконструкцию, модернизацию и ремонт будет инвестировано порядка 360 млрд тенге. Отдельно Премьер-министру сообщили о реализованных на предприятии цифровых решениях: программно-техническом комплексе для проектирования буровзрывных работ Blast Maker, автоматизированных системах диспетчерского управления, технического учета электроэнергии, контроля бдительности водителя карьерного самосвала. Также ряд инноваций планируется внедрить в период 2026-2030 гг.: модуль оптимизации грузопотоков будет способствовать оперативной отгрузке угля, сокращению простоев вагонов и техники; система контроля бдительности машиниста локомотива направлена на увеличение безопасности и снижение риска происшествий из-за человеческого фактора; решение «Беспилотная погрузка» обеспечит удаленное управление усреднительно-погрузочной машиной; MES-система для вспомогательной техники позволит в реальном времени видеть работу оборудования и выполнение планов, что упростит контроль и управление производством. В соответствии с поручениями Президента по использованию угольного потенциала страны как стратегического ресурса Премьер-министр подчеркнул важность внедрения современных технологий и повышения промышленной безопасности. Глава государства также поставил задачу придать развитию угольной генерации статус национального проекта. По данным Министерства энергетики, работа в данном направлении уже ведется. В проект будут включены порядка 7,6 ГВт угольной генерации с приоритетом современных решений на базе технологии «чистого угля» и соблюдением требований экологического законодательства. Для покрытия растущего потребления в 2026 году планируется ввести порядка 2,6 ГВт мощности, в 2027 году – порядка 1 ГВт. Таким образом, к концу I квартала следующего года ожидается покрытие всей потребности экономики в электроэнергии, а к концу года – будет обеспечен профицит на уровне порядка 1,3 млрд кВтч. По итогам посещения объектов энергокомплекса в Экибастузе Премьер-министр поручил в установленные сроки завершить модернизацию ГРЭС‑1, обеспечить строительство и своевременный ввод энергоблоков №3 и №4 на ГРЭС‑2, а также оказать содействие в реализации инвестиционных планов ТОО «Богатырь Көмір». #Олжас Бектенов #Поручение Президента #Регионы #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

30 Қаңтар 2026, 15:05

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту және экономика мен халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабу үшін жаңа қуаттарды іске қосу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысын және энергетика мен көмір өндіруде цифрлық шешімдер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында Олжас Бектенов өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының дамуымен танысты. Павлодар облысы – электр энергетикасын өндіру мен дамытудың флагманы. 2025 жылы өңір елдегі жалпы көрсеткіштің 42%-ын өндірді. Екібастұздағы бірқатар энергетикалық нысан, атап айтқанда, МАЭС-1, МАЭС-2, «Богатырь Көмір» ЖШС көмір кеніші мысалында жұмысының ағымдағы тиімділік көрсеткіштері мен энергия кешенін одан әрі дамыту перспективалары қаралды.

Премьер-министрге еліміздегі қатты отынмен жұмыс істейтін ең ірі станса – Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 алаңында нысанды жаңғырту барысы туралы баяндалды. Отынмен қамтамасыз ету жүйесін реконструкциялау, жаңа түтін құбырын салу, кейін ескісін бөлшектеу – өңірді энергиямен қамту сенімділігін арттырудың негізгі элементтерінің бірі.

Сондай-ақ өңірдегі генерациялық және желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар, оның ішінде қуаты 325 МВт Ақсу МАЭС-тегі №7 энергоблокты реконструкциялау, жекелеген энергия көздерін жаңғырту, сондай-ақ заманауи технологияларға негізделген жаңа жобаларды әзірлеу және баламалы энергияны дамыту жобалары таныстырылды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, биыл Қазақстанда шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзін, оның ішінде 2 427,6 МВт газ жобаларын және 245,8 МВт ЖЭК-ті іске қосу жоспарланып отыр. Барлығы 13 жоба, оның ішінде Текелі энергокешені, Атырау ЖЭО, Түркістан облысында, Алматы қаласында бу-газ қондырғылары және т. б. жобалар іске асырылады.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымының барысы туралы баяндады. Энергия көздеріндегі негізгі 46 жабдықта жөндеу жұмыстары аяқталып, 37,1 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, бұл жылу жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, тозу деңгейін 1,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Екібастұз МАЭС-2-нің құрылыс алаңында Премьер-министр стансаны кеңейту және реконструкциялау жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Бүгінгі таңда мұндағы энергия қуаты 1 ГВт-ты құрайды. №3 және №4 энергия блоктарын салу стансаның қуатын 2,1 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған блоктар 2028 жылғы қыркүйекте (№3 энергоблок) және 2030 жылғы қыркүйекте (№4 энергоблок) пайдалануға берілетінін баяндады. Кеңейту жобасын жүзеге асыруға салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі 1,2 трлн теңгеден асады.

МАЭС-3 құрылысының жобасы бойынша қуат көздерін кезең-кезеңімен енгізе отырып, «таза көмір» технологиясы негізінде жалпы қуаты 2,64 ГВт болатын жаңа көмір генерациясын құру жоспарланып отырғаны атап өтілді.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қуат көздерінің жеткілікті болуын қамтамасыз етуді мемлекеттік саясаттың аса маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажет екенін атап өтті. МАЭС-2-нің қосымша энергия блоктарын іске қосу және МАЭС-3-тің құрылысын бастау – бұл барлық экономикаға серпін береді. Біз біртіндеп энергия тапшылығын жойып, отандық бизнеспен қатар инвесторлар үшін де қажетті энергия қуаттарын ұсынуға мүмкіндік аламыз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр «Богатырь Көмір» ЖШС карьерінде болып, ашық тәсілмен көмір өндіру процесімен танысты. Бұл – аумағы 43 шаршы шақырым, тереңдігі 300 метр болатын әлемдегі ең ірі разрез. Кәсіпорын «Богатырь» және «Северный» сынды екі кеніште көмір өндіреді. Қазіргі уақытта өндірістік процестерді автоматтандыру кезеңін іс жүзіне асыру аяқталды. Бұл бағыттағы дамудың келесі кезеңі ЖИ мүмкіндіктерін қолдану болмақ. Осы мақсатта ЖИ элементтері бар екі жоба жоспарланған, олар – «Жүк ағынын оңтайландырушы» және «Тау-кен жұмыстарын жоспарлау» қосымшалары.

Бүгінгі таңда «Богатырь Көмір» ЖШС – еліміздің жетекші көмір өндіруші активтерінің бірі: Қазақстандағы көмір өндірісінің жалпы көлемінің 38%-ы кәсіпорынның үлесіне тиесілі. Оның қоры – 2,3 млрд тоннадан астам, бұл көмірмен ұзақ уақыт бойы тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бас директор Евгений Мастернак өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлары туралы хабарлады. Қазіргі уақытта «Богатырь» және «Северный» кеніштерінің жалпы өндірістік қуаты жылына 42 млн тоннаны құрайды. 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіш – 45,2 млн тонна, 2032 жылға қарай оны 56,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Алдағы 7 жылда жаңа құрылыс салуға, жабдық сатып алуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және жөндеуге шамамен 360 млрд теңге инвестицияланатыны атап өтілді.

Премьер-министрге кәсіпорында жүзеге асырылған цифрлық шешімдер туралы да хабарланды. Олар – Blast Maker бұрғылап-жару жұмыстарын жобалауға арналған бағдарламалық-техникалық кешені, диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері, электр энергиясын техникалық есепке алу жүйесі, сондай-ақ карьерлік самосвал жүргізушісінің сергектік деңгейін бақылау жүйесі.

Сондай-ақ 2026-2030 жылдар аралығында бірқатар инновацияны енгізу жоспарлануда.:

жүк ағындарын оңтайландыру модулі көмірді жедел жөнелтуге, вагондар мен техниканың тоқтап қалуын қысқартуға ықпал етеді;

локомотив машинисінің қырағылықты бақылау жүйесі қауіпсіздікті арттыруға және адам факторына байланысты болатын апаттар қаупін азайтуға бағытталған;

«Пилотсыз тиеу» шешімі араластыра-тиеу машинасын қашықтан басқаруды қамтамасыз етеді;

Қосалқы техникаға арналған MES жүйесі нақты уақыт режимінде жабдықтың жұмысын және жоспарлардың орындалуын көруге мүмкіндік береді, бұл өндірісті бақылау мен басқаруды жеңілдетеді.

Президенттің елдің көмір әлеуетін стратегиялық ресурс ретінде пайдалану жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Премьер-министр заманауи технологияларды енгізудің және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ көмір өндірісін дамытуға ұлттық жоба мәртебесін беру міндетін қойды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Жобаға «таза көмір» технологиясы негізінде қазіргі заманғы шешімдердің басымдығы мен экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, шамамен 7,6 ГВт көмір генерациясы енгізілетін болады. Өсіп келе жатқан тұтынуды қамтамасыз ету үшін 2026 жылы шамамен 2,6 ГВт қуат көзін, 2027 жылы шамамен 1 ГВт қуатты іске қосу жоспарлануда. Осылайша, келесі жылдың І тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігі жабылады деп күтілуде, ал жыл соңына қарай шамамен 1,3 млрд кВтсағ деңгейінде профицит қамтамасыз етілетін болады.

Екібастұздағы энергокешен нысандарына аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр белгіленген мерзімде МАЭС‑1-ді жаңғырту жұмыстарын, МАЭС-2-дегі №3 және №4 энергоблоктардың құрылысын аяқтауды және уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС-нің инвестициялық жоспарларын жүзеге асыруға жәрдемдесуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз