Олжас Бектенов: Проект новой Конституции формирует среду доверия и долгосрочного партнерства государства и бизнеса
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Премьер-министр прокомментировал озвученные инициативы бизнеса и дал поручение государственным органам совместно с НПП «Атамекен» всесторонне проработать предложения и обеспечить конкретный результат.
06 Февраль 2026, 13:31 Олжас Бектенов: Проект новой Конституции формирует среду доверия и долгосрочного партнерства государства и бизнеса Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития предпринимательства с участием представителей бизнеса нефтегазовой и энергетической отраслей, горнорудной и металлургической промышленности, АПК, членов профильных ассоциаций и экспертов со всех регионов на площадке НПП «Атамекен». Внимание уделено актуальным вопросам налоговых реформ, поддержки бизнеса, цифровизации информационных систем и др. Открывая работу совещания, Премьер-министр подчеркнул, что развитие предпринимательства – один из приоритетов, обозначенных Главой государства. Бизнес выступает ключевым партнером в проведении экономических реформ, и в этой работе значимую роль играет НПП «Атамекен». «Мы встречаемся с вами в исторически важный период для страны. На протяжении полугода в обществе идет активное обсуждение Конституционной реформы. Все дискуссии ведутся открыто. Поступают тысячи предложений от наших граждан и все они внимательно изучаются и учитываются. Это яркое свидетельство развития демократических процессов в нашей стране. Проект новой Конституции представлен народу, главная цель – укрепление Независимости и устойчивое развитие Казахстана. Призываю бизнес поддержать нашего Президента и новую Конституцию. Под вашим руководством работают тысячи граждан. Важно донести до каждого из них задачи реформы» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Закрепление в проекте новой Конституции Президентского принципа «Закон и Порядок», направленного на создание Справедливого Казахстана, возлагает большую ответственность на бизнес-сообщество и повышает значимость таких ценностей, как честный труд, патриотизм, уважение к профессии. Закрепление принципов справедливости и законности на конституционном уровне формирует среду доверия и долгосрочного партнерства. В ходе совещания внимание акцентировано на исполнении поручений Президента по плавному введению новых правил налогообложения. Участниками обсужден переходный период для налогоплательщиков и вопросы налогового администрирования. В Казахстане приняты меры по комфортному переходу предпринимателей к новым условиям налогового администрирования. Так, решением Правительства до 1 января 2026 года малый и микробизнес освобождены от проверок, камерального контроля и административной ответственности, за исключением отдельных случаев. Действуют правила списания пени и штрафов при уплате задолженности до 1 апреля т.г., пересмотрены процедуры ликвидации и прекращения деятельности. До конца 2026 года введен переходный период для малого и микробизнеса, пени и штрафы за ошибки взиматься не будут. Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин доложил о работе Проектного офиса с возможностями обслуживания до 250 тыс. налогоплательщиков одновременно. Работа выстроена по принципу «единого окна» с оперативным рассмотрением обращений. За последние три недели отмечается снижение потока запросов с 19,5 тыс. до 7,1 тыс., что свидетельствует о стабилизации технических процессов. В акции «Народный бухгалтер» участие приняли более 17 тыс. налогоплательщиков. Также отмечен рост регистрации граждан и бизнеса в налоговой системе. С начала т.г. вновь на учет встали свыше 41,2 тыс. человек. Новый режим для самозанятых вывел в легальное поле более 187,2 тыс. ранее неучтенных лиц. Усиляется поддержка бизнеса финансовыми инструментами. В 2025 году в рамках действующих программ просубсидировано порядка 3,4 тыс. проектов МСБ на сумму 365 млрд тенге. Председатель президиума НПП «Атамекен» Канат Шарлапаев проинформировал о проводимой работе по укреплению взаимодействия государства и бизнеса. В рамках поставленных Главой государства задач НПП «Атамекен» сосредоточится на взращивании внутренних инвесторов из числа среднего и крупного бизнеса, займется формированием пула инвестпроектов действующих предприятий, готовых к расширению и модернизации. Член правления – заместитель председателя правления НПП «Атамекен» Тимур Жаркенов озвучил позицию бизнес-сообщества по положениям нового Налогового кодекса, предложив пути решения для вопросов, связанных с применением специального налогового режима и пересмотра подходов по налогообложению сектора здравоохранения. Также рассмотрен ход запуска Реестра казахстанских товаропроизводителей. Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил, что в системе на сегодня авторизовались 5 608 компаний, подано 13 533 заявки. Член правления – заместитель председателя правления НПП «Атамекен» Нурсултан Шоканов, в свою очередь, подчеркнул, что для бесшовного перехода на новую цифровую систему 1 924 владельца действующих индустриальных сертификатов автоматически перенесены в Реестр. Ежедневно в него включается до 100 производителей. От бизнес-сообщества с предложениями и вопросами выступили директор ТОО «Алматинские краски» Римма Салыкова, директор ТОО «Казэлектромаш» Виталий Распопин. В частности, озвучена необходимость урегулирования отдельных аспектов налогового администрирования с учетом взаимодействия с МСБ, практики госзакупок и отраслевых требований. Также озвучено предложение по дальнейшей работе над совершенствованием Реестра казахстанских товаропроизводителей посредством введения категоризации предприятий по уровню производственного цикла и масштабу, привязке мер господдержки и госзаказа к уровню локализации и инвестиций, а также обеспечению точного и справедливого цифрового контроля применения продукции из Реестра. Премьер-министр прокомментировал озвученные инициативы бизнеса и дал поручение государственным органам совместно с НПП «Атамекен» всесторонне проработать предложения и обеспечить конкретный результат. Подчеркнуто, что решения должны давать положительный экономический эффект: поддерживать устойчивый рост, укреплять реальный сектор, расширять экспортные возможности и создавать рабочие места. #Олжас Бектенов #АПК #Нефтегазовая отрасль #Поручение Президента #Цифровизация #Экономика #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
06 Ақпан 2026, 13:31
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.
Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады.
«Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар өтуде. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Сіздердің қарамақтарыңызда мыңдаған азамат жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына реформа міндеттерін дұрыс жеткізу маңызды» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының Заң және Тәртіп жаппай үстемдік құрған Әділетті Қазақстанды құру туралы бағдары кәсіпкерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі. Әділдік пен заңдылық қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту сенім мен ұзақмерзімді әріптестік орта қалыптастырады.
Кеңес барысында Президенттің жаңа салық ережелерін біртіндеп енгізуге қатысты тапсырмасының орындалуына назар аударылды. Қатысушылар салық төлеушілер үшін өтпелі кезең мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады.
Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына қолайлы көшуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, Үкіметтің шешімімен шағын және микро бизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микро бизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсету мүмкіндігі бар Жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндады. Жұмыс өтініштерді жедел қарайтын «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылған. Соңғы үш аптада сұраныстар ағынының 19,5 мыңнан 7,1 мыңға дейін төмендеуі байқалады, бұл техникалық процестердің тұрақтанғанын көрсетеді. «Халық бухгалтері» акциясына 17 мыңнан астам салық төлеуші қатысты. Сондай-ақ салық жүйесінде азаматтар мен бизнесті тіркеудің өсуі байқалғаны атап өтілді. Жылдың басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Жаңа режим бұрын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды.
Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтілуде. 2025 жылы қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 365 млрд теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды.
«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы қойған міндеттер шеңберінде «Атамекен» ҰКП орта және ірі бизнес арасынан ішкі инвесторларды дамытуға назар аударады, кеңейтуге және жаңғыртуға дайын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының пулын қалыптастырумен айналысады.
«Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов арнайы салық режимін қолдануға және денсаулық сақтау секторына салық салу тәсілдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын айтты.
Сондай-ақ Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін іске қосу барысы қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінгі таңда жүйеге 5 608 компания авторизацияланғанын, 13 533 өтінім берілгенін баяндады. Басқарма мүшесі – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқанов өз кезегінде жаңа цифрлық жүйеге үздіксіз көшу үшін қолданыстағы индустриялық сертификаттардың 1 924 иесі автоматты түрде тізілімге көшірілгенін атап өтті. Оған күн сайын 100-ге тарта өндіруші кіреді.
Бизнес-қоғамдастық атынан «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова, «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Виталий Распопин ұсыныстар мен сұрақтар қойды. Атап айтқанда, ШОБ-пен өзара іс-қимылды, мемлекеттік сатып алу практикасын және салалық талаптарды ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің жекелеген аспектілерін реттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік цикл деңгейі мен ауқымы бойынша санаттарға бөлуді енгізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік тапсырысты локализациялау және инвестициялау деңгейіне байланыстыру, сондай-ақ Тізілімнен өнімдерді пайдалануды нақты әрі әділ цифрлық бақылауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жетілдіруге қатысты одан әрі жұмыс бойынша ұсыныс айтылды.
Премьер-министр бизнестің айтылған бастамаларына пікір білдіріп, мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды және нақты нәтижені қамтамасыз етуді тапсырды. Шешімдер тұрақты өсуді қолдау, нақты секторды нығайту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жұмыс орындарын ашу бойынша оң экономикалық нәтиже беруі керектігі атап өтілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз