Государственный советник принял участие в открытии выставки «Новые открытия в археологии Казахстана – 2025»
Мемлекеттік кеңесші «Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар
Государственный советник Республики Казахстан Ерлан Карин принял участие в открытии выставки «Новые открытия в археологии Казахстана – 2025». Целью экспозиции, организованной Институтом археологии имени А.Х. Маргулана совместно с Президентским центром, является презентация широкой общественности артефактов и результатов полевых археологических исследований, проведенных на территории страны в 2025 году. Выставка охватывает широкий хронологический диапазон – от каменного века до средневековья, позволяя по-новому взглянуть на древнюю историю страны сквозь призму результатов последних научных исследований. – Государство уделяет особое внимание национальной истории, рассматривая ее как одну из ключевых основ нашей идентичности. Об этом говорит закрепление в преамбуле проекта новой Конституции тезиса о преемственности тысячелетней истории Великой Степи, – сказал на церемонии открытия Государственный советник. Впервые широкой публике продемонстрированы уникальные находки каменного века, крупнейшие научные открытия новой культуры «Тянь-Шаньский ориньяк» (ранний палеолит, Жетысу), «Шидертинской культуры» (поздний мезолит, Прииртышье), а также артефакты эпохи энеолита, обнаруженные в песках Тайсойган (Атырауская область). В разделе выставки, посвященном сако-сарматскому периоду, через археологические находки показано формирование кочевых и оседлых культур на территории Казахстана. В средневековом разделе представлены экспонаты, относящиеся к культуре кимаков, огузов и периоду Золотой Орды. Посетителям демонстрируются материалы, повествующие об истории средневековой городской культуры и караванных путей на территории Казахстана, в том числе по маршруту Великого Шелкового пути. – В настоящее время идет подготовка семитомного академического издания «История Казахстана с древнейших времен до наших дней». Многие артефакты выставки и археологические открытия последних лет будут отражены в первом томе, охватывающем исторический период до 1 миллиона лет, – подчеркнул в ходе осмотра экспозиции Ерлан Карин. С помощью интерактивных экранов посетители могут ознакомиться с цифровыми моделями археологических объектов, стратиграфией раскопов, результатами лабораторных исследований и международных проектов. Такой формат позволяет воспринимать выставку не как статичную экспозицию, а как научно-познавательное пространство, дополненное современными технологиями. На выставке представлены результаты исследований последних лет Института археологии имени А.Х. Маргулана, уникальные артефакты из фондов ведущих музеев и научных организаций страны.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесінің ашылуына қатысты.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Президент орталығы бірлесіп ұйымдастырған экспозицияның мақсаты – 2025 жылы ел аумағында жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелерін және одан табылған жәдігерлерді жалпы жұртшылыққа кеңінен таныстыру.
Көрме тас дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі хронологиялық ауқымды кезеңді қамтып, соңғы ғылыми зерттеулер нәтижелері арқылы еліміздің ежелгі тарихына қатысты жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Мемлекет ұлттық тарихқа ерекше назар аударып отыр. Оны бірегейліктің негізгі тіректерінің бірі ретінде қарастырады. Жаңа Конституция жобасының преамбуласындағы «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген сөйлем – соның айғағы», – деді Мемлекеттік кеңесші көрменің ашылу рәсімінде.
Көрмеде алғаш рет көпшілік назарына тас дәуіріне тиесілі бірегей олжалар ұсынылды. Олардың қатарында «Тянь-Шань ориньяк» мәдениеті (ерте палеолит, Жетісу), «Шідерті мәдениеті» (кейінгі мезолит, Ертіс маңы) секілді ірі ғылыми жаңалықтар, сондай-ақ Тайсойған құмдарынан (Атырау облысы) табылған энеолит дәуірінің жәдігерлері бар.
Көрменің сақ-сармат кезеңіне арналған бөлімінде археологиялық деректер арқылы Қазақстан аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттердің қалыптасу үдерісі көрсетілген.
Орта ғасырға арналған бөлімде қимақтар мен оғыздар мәдениетіне, сондай-ақ Алтын Орда дәуіріне қатысты жәдігерлер ұсынылған. Келушілерге Қазақстан аумағындағы орта ғасырға тиесілі қалалық мәдениет пен керуен жолдарының, соның ішінде Ұлы Жібек жолы тарихын паш ететін материалдар таныстырылған.
«Қазіргі таңда «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылым әзірленіп жатыр. Көрмеге қойылған жәдігерлердің дені, сондай-ақ салада соңғы жылдары қол жеткізілген жетістіктер мен жаңалықтар аталған еңбектің 1 миллион жылдық тарихи кезеңді қамтитын бірінші томына енгізілетін болады», – деді көрме жұмысымен танысқан Ерлан Қарин.
Интерактивті экрандар арқылы археологиялық нысандардың цифрлық модельдері, қазбалардың стратиграфиясы, зертханалық зерттеулер нәтижелері мен халықаралық жобалар көрсетілген. Мұндай формат көрмені жай ғана экспозиция емес, заманауи технологиялармен толықтырылған ғылыми-танымдық кеңістік ретінде қабылдауға жол ашады.
Көрмеде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының соңғы жылдары жүргізген зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ еліміздің жетекші музейлері мен ғылыми ұйымдарының қорларындағы бірегей археологиялық жәдігерлер ұсынылған.