Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестклимата
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Рабочий вывод
Что важно в документе
Подтверждена приверженность укреплению международного сотрудничества и улучшению инвестклимата.
Подчеркнута значимость конституционной реформы для улучшения инвестклимата.
20 Февраль 2026, 15:30 Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестклимата Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел заседание Совета по улучшению инвестиционного климата по вопросам реализации достигнутых главами государств договоренностей в рамках формата «С5+1» между странами Центральной Азии и США. Участие в работе Совета приняли представители дипломатического корпуса, в том числе вновь назначенная посол США в РК Джули М. Стаффт, а также международных компаний, делового сообщества и руководства госорганов РК. Обращаясь к участникам заседания, Премьер-министр подчеркнул важность проводимой в Казахстане конституционной реформы. «Казахстан проходит важный политический этап. 15 марта на общенародном референдуме граждане проголосуют по проекту новой Конституции. Фундаментальный документ в полной мере отражает масштабные политические реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленные на построение Справедливого и Сильного Казахстана. Ключевым приоритетом для нас является повышение доходов граждан и улучшение качества жизни за счет обеспечения устойчивого экономического роста. Для достижения этой цели мы реализуем комплекс мер, направленных на полномасштабный запуск нового инвестиционного цикла», — отметил Олжас Бектенов. Кроме того, подчеркнута важность проведенного 19 февраля т.г. заседания Совета мира в Вашингтоне. «Вчера Глава государства принял участие в первом заседании Совета мира и выразил поддержку инициативе Президента США Дональда Трампа, направленной на стабилизацию ситуации на Ближнем Востоке. Казахстан заинтересован в участии в процессах восстановления Газы. Устойчивое развитие отношений с Соединенными Штатами остается одним из ключевых направлений внешней политики Казахстана», — подчеркнул Премьер-министр. «Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева в Вашингтоне на глобальной арене было впечатляющим. Ожидаем дальнейшего расширения наших двусторонних отношений, которые уже находятся на высоком уровне. Наше коммерческое сотрудничество достигло рекордных показателей в 2025 году. Только в 4 квартале 2025 года объем сделок между казахстанскими и американскими компаниями достиг $17 млрд. Результаты отражают наше общее видение и экономический рост обеих стран, который приносит пользу гражданам наших государств и одновременно укрепляет взаимоотношения», — сказала посол США в Казахстане Джули М. Стаффт. На заседании внимание уделено вопросам расширения сотрудничества с иностранными инвесторами, привлечения долгосрочного капитала, технологий и лучших международных практик, формирования прозрачной и предсказуемой среды для бизнеса. Представители компаний-инвесторов отметили позитивную динамику инвестиционного взаимодействия и важность предсказуемой регуляторной среды в рамках налоговой реформы. Акцент сделан на развитии инфраструктуры, цифровизации, локализации производства, внедрении передовых технологий и формировании долгосрочных партнерств, направленных на устойчивый экономический рост. Председатель Правления АО «Ситибанк Казахстан» Сауле Жакаева сообщила, что в продолжение договоренностей, достигнутых на полях «С5+1», привлечено финансирование под гарантии US EXIM для модернизации железнодорожной, авиационной и аэронавигационной инфраструктуры без дополнительной нагрузки на бюджет, что повысит технологический уровень и транзитный потенциал страны. Главный операционный директор Eurasia Group Kazakhstan Сергей Глокке рассказал о проводимой при поддержке Правительства локализации производства техники John Deere в Казахстане, расширении сервисной инфраструктуры и планах по углублению кооперации в АПК. В частности, на заводе в Туркестанской области планируется расширение линейки выпускаемой сельскохозяйственной техники и оборудования для овощеводства. В целях наращивания компетенций казахстанские специалисты повышают квалификацию на предприятиях John Deere в США. Объявленный в прошлом году Главой государства Год рабочих профессий в РК позволил придать дополнительный импульс развитию профессиональных компетенций и укреплению кадрового потенциала. Подготовка кадров и повышение квалификации остается приоритетом для ведущих отраслей экономики, в том числе сельского хозяйства. Вице-президент по полевым сервисам и управлению техническим обслуживанием в странах СНГ и Монголии Wabtec Corporation Гайни Дуйсенова проинформировала о планах по расширению производства с внедрением цифровых технологий на предприятиях. Казахстан является вторым по величине производственным партнером американского холдинга Wabtec в регионе. За годы сотрудничества в РК выпущено свыше 700 локомотивов, производственная мощность предприятия составляет 100 единиц ж/д техники в год. В рамках партнерства с КТЖ планируется дальнейшее наращивание выпуска локомотивов и дизельных двигателей. С учетом проводимой в РК масштабной работы по развитию железнодорожной инфраструктуры, устранению «узких мест» обновление локомотивного парка и расширение производственных мощностей даст импульс транзитному потенциалу и пропускной способности страны. Главный исполнительный директор Freedom Holding Corp. Тимур Турлов отметил, что подписанные в рамках форума «С5+1» соглашения с OpenAI и NVIDIA открывают для Казахстана принципиально новые возможности в сфере образования и развития искусственного интеллекта. По его словам, реализация этих инициатив предполагает системную подготовку кадров для цифровой экономики и может опираться на формирование современной вычислительной инфраструктуры, в том числе в рамках проекта «Долина ЦОДов» в Павлодарской области. Партнер налоговой практики Deloitte Kazakhstan Елдос Сыздыков положительно оценил принятые изменения в рамках проводимой в РК налоговой реформы, отметив, что временная отмена пени за несвоевременный возврат НДС и совершенствование процедур администрирования носят сбалансированный характер, а новые нормы направлены на повышение прозрачности и укрепление деловой среды. В целом, пересмотр параметров специальных налоговых режимов направлен прежде всего на устранение дисбалансов и формирование справедливой системы налогообложения. По поднятым вопросам с комментариями выступили руководители министерств финансов и иностранных дел. Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул приверженность дальнейшему укреплению сотрудничества с международными партнерами и созданию благоприятного инвестиционного климата. В рамках формирования глобальных технологических цепочек Правительство сосредоточено на привлечении к сотрудничеству международных технологических компаний и создании инфраструктуры для реализации прорывных цифровых проектов. Ответственным госорганам поручено совместно с Американской торговой палатой учесть озвученные инициативы и рекомендации бизнеса в предстоящей работе. #Олжас Бектенов #Инвестиции #Международное сотрудничество Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
20 Ақпан 2026, 15:30
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.
Отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасы бойынша дауыс береді. Жаңа Конституция Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларын айқын көрсетеді. Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды.
«Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамасына қолдау білдірді. Қазақстан Газаны қалпына келтіру үдерістеріне қатысуға мүдделі. Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастардың орнықты дамуы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді» , — деп атап өтті Премьер-министр.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонда жаһандық аренада сөйлеген сөзі әсерлі болды. Біз бүгінгі таңда жоғары деңгейде орныққан екіжақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі кеңеюін күтеміз. Коммерциялық ынтымақтастығымыз 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанының өзінде қазақстандық және америкалық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі $17 млрд-қа жетті. Бұл нәтижелер біздің көзқарасымыздың бір екенін және екі елдің экономикалық өсімін көрсетеді, оның игілігін халқымыз көрмек, сонымен бірге өзара қарым-қатынасымыз нығая түседі» , — деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт.
Отырыста шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақмерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Инвестор-компаниялардың өкілдері инвестициялық өзара іс-қимылдың оң динамикасын және салық реформасы шеңберінде болжанатын әрі реттеуге келетін орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, өндірісті локализациялауға, озық технологияларды енгізуге және тұрақты экономикалық өсімге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестіктерді қалыптастыруға баса назар аударылды.
«Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Сәуле Жақаева «С5+1» алаңдарында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыру үшін бюджетке қосымша жүктемесіз теміржол, авиациялық және аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту үшін US EXIM кепілдігімен қаржыландыру тартылғанын, бұл елдің технологиялық деңгейі мен транзиттік әлеуетін арттыратынын хабарлады.
Eurasia Group Kazakhstan бас операциялық директоры Сергей Глокке Үкіметтің қолдауымен Қазақстанда John Deere техникасын өндіруді локализациялау, сервистік инфрақұрылымды кеңейту және АӨК-те кооперацияны тереңдету жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы зауытта өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен көкөніс өсіруге арналған жабдықтар желісін кеңейту жоспарлануда. Тәжірибесін жетілдіру мақсатында қазақстандық мамандар АҚШ-тағы John Deere кәсіпорындарында біліктілігін арттырады. Өткен жылы Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы кәсіби құзыреттілікті дамытуға және кадрлық әлеуетті нығайтуға қосымша серпін берді. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру экономиканың жетекші салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін басымдық болып қала береді.
Wabtec Corporation компаниясының ТМД елдері мен Моңғолиядағы далалық сервистер және техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Ғайни Дүйсенова кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндірісті кеңейту жоспарлары туралы хабарлады. Қазақстан америкалық Wabtec Corporation холдингінің өңірдегі өндірістік серіктестері арасында көлемі бойынша екінші орында тұр. Ынтымақтастық жылдарында ҚР-да 700-ден астам локомотив шығарылды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 теміржол техникасын құрайды. ҚТЖ-мен әріптестік шеңберінде локомотивтер мен дизельді қозғалтқыштарды шығаруды одан әрі ұлғайту жоспарлануда. ҚР-да теміржол инфрақұрылымын дамыту, «осал тұстарды» жою бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды ескере отырып, локомотив паркін жаңарту және өндірістік қуаттарды кеңейту елдің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетіне серпін береді.
Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «C5+1» форумы шеңберінде OpenAI және NVIDIA-мен қол қойылған келісімдер Қазақстан үшін білім беру және жасанды интеллектіні дамыту саласында түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру цифрлық экономика үшін кадрларды жүйелі даярлауды көздейді және қазіргі заманғы есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруға, оның ішінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы шеңберінде негізделуі мүмкін.
Deloitte Kazakhstan компаниясының салық практикасы жөніндегі серіктесі Елдос Сыздықов Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық реформасы аясында қабылданған өзгерістерге оң баға беріп, ҚҚС-ты уақытылы қайтармағаны үшін өсімпұлды уақытша алып тастау және әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіру теңгерімді сипатқа ие, ал жаңа нормалар ашықтықты арттыруға және іскерлік ортаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, арнайы салық режимдерінің параметрлерін қайта қарау, ең алдымен, теңгерімсіздіктерді жоюға және салық салудың әділ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Көтерілген мәселелер бойынша Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары пікір білдірді.
Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бейілді екенін атап өтті. Жаһандық технологиялық тізбектерді қалыптастыру шеңберінде Үкімет халықаралық технологиялық компанияларды ынтымақтастыққа тартуға және серпінді цифрлық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылым құруға ден қояды. Жауапты мемлекеттік органдарға Америкалық сауда палатасымен бірлесіп алдағы жұмыстарда жиында айтылған бастамалар мен бизнес ұсынымдарын ескеру тапсырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз