В Правительстве РК обсуждены вопросы реализации договоренностей по расширению казахско-сербского сотрудничества
ҚР Үкіметінде қазақ-серб ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Казахстан готов экспортировать сельхозпродукцию и развивать переработку с Сербией.
27 Февраль 2026, 19:22 В Правительстве РК обсуждены вопросы реализации договоренностей по расширению казахско-сербского сотрудничества В Правительстве РК состоялась встреча Президента Сербии Александра Вучича и Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова. С учетом проведенных на высшем уровне переговоров рассмотрены меры по дальнейшему расширению торгово-экономического сотрудничества. Внимание уделено вопросам взаимодействия в области инвестиций, транспорта и логистики, цифровой отрасли и ИИ, промышленности, строительства, сельского хозяйства, туризма, образования и др. «Сегодня у Вас состоялись плодотворные и конструктивные переговоры с Главой нашего государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым. Правительство Казахстана возьмет под особый контроль выполнение всех достигнутых на высшем уровне договоренностей. По нашим данным, в 2025 году объем взаимной торговли составил $107,7 млн, увеличившись на 7,6% по сравнению с прошлым годом. Данный показатель служит хорошей основой для достижения еще более значимых результатов. Мы намерены придать этому процессу системный и долгосрочный характер», — подчеркнул Олжас Бектенов. Президент Сербии Александр Вучич подтвердил стремление развивать партнерство с Казахстаном по таким перспективным направлениям, как энергетика, оборонная промышленность, строительство, гражданская авиация, искусственный интеллект и информационные технологии, а также образование. «Мы с Президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым будем лично контролировать все процессы партнерства. И мы знаем, как вовлечены в это правительства наших стран. Нам интересен опыт Казахстана в сфере образования. В этой связи хотели бы пригласить казахстанских экспертов в Сербию для того, чтобы они поделились опытом открытия кампусов иностранных вузов, развития дуального образования, обучения студентов за рубежом», — подчеркнул Президент Сербии Александр Вучич. В ходе встречи отмечен большой потенциал для расширения сотрудничества с Сербией в области цифровой трансформации. В Казахстане в рамках объявленного Главой государства Года цифровизации и искусственного интеллекта формируется современная цифровая экосистема. Запущены два суперкомпьютерных кластера в Центральной Азии, создан Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai, реализуется пилотная зона CryptoCity и др. При обсуждении вопросов транспортной интеграции внимание уделено развитию Среднего коридора и проводимой Казахстаном работе по строительству новой инфраструктуры, включая железнодорожные и автомобильные сети, морские терминалы и международные авиахабы. Отмечены перспективы углубления партнерства в агропромышленном секторе, в том числе в области селекции и семеноводства. Олжас Бектенов подчеркнул готовность казахстанских производителей к экспорту широкого ассортимента высококачественной сельскохозяйственной продукции и сотрудничеству в области переработки. С учетом предстоящего EXPO 2027 в Белграде казахстанская сторона также готова поделиться с Сербией опытом, приобретенным при проведении специализированной выставки в Астане в 2017 году. По итогам встречи Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и Президент Сербии Александр Вучич подтвердили приверженность динамичному развитию и укреплению двустороннего сотрудничества по всем перспективным направлениям. В рамках официального визита Президента Сербии в Казахстан Александр Вучич посетил выставку казахстанской оборонной промышленности, в том числе совместных казахско-сербских проектов в сфере ОПК, Международный финансовый центр «Астана» и Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai. В МФЦА презентованы ключевые направления работы центра, включая инструменты по привлечению инвестиций, структурированию сделок, развитию рынка капитала и сопровождению международных проектов. Особое внимание уделено инфраструктуре сервисной поддержки бизнеса. Управляющий МФЦА Ренат Бектуров доложил, что совокупный объем привлеченных МФЦА инвестиций на сегодня превысил $20 млрд. В центре Alem.ai Александр Вучич был ознакомлен с системным подходом Казахстана к развитию цифровой отрасли и ИИ-технологий. Президенту Сербии были представлены отечественные разработки и ИИ-стартапы. В Astana Hub внимание уделено системе поддержки IT-стартапов и развитию сотрудничества с ведущими мировыми компаниями. Здесь же презентованы такие казахстанские стартапы, как BestVision – по разработке умных касок с АI-мониторингом, видеоаналитикой и трекингом для промышленности и горнодобычи; KazDream в области программного обеспечения, аналитики данных и ИИ; Documentolog – национальный облачный сервис для автоматизации электронного документооборота; QazTwin – платформа цифровых двойников для промышленных объектов; Axellero – лоукод платформа по созданию ИИ-агентов и мультиагентных систем и др. #Олжас Бектенов #Международное сотрудничество #Торгово-экономическое сотрудничество Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
27 Ақпан 2026, 19:22
ҚР Үкіметінде Сербия Президенті Александр Вучич пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің кездесуі өтті. Онда жоғары деңгейде жүргізілген келіссөздер аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.
Инвестициялар, көлік және логистика, цифрлық сала және ЖИ, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және тағы да басқа салалардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
«Бүгін Сіз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен нәтижелі келіссөз жүргіздіңіз. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың орындалуын ерекше бақылауға алады.
Біздің деректеріміз бойынша, 2025 жылы өзара сауда көлемі $107,7 млн құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш одан да ауқымды нәтижелерге қол жеткізу үшін оңтайлы негіз бола алады. Біз ұзақ мерзімді ықпалдастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіміз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанмен энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азаматтық авиация, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ білім беру сияқты перспективалы бағыттар бойынша әріптестікті дамытуға ұмтылысын растады.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екеуміз серіктестік аясындағы барлық үдерістерді тікелей қадағалап отырамыз. Сондай-ақ бұл іске біздің елдердің үкіметтері де белсенді қатысып отырғанын жақсы білеміз.
Бізге Қазақстанның білім саласындағы тәжірибесі қызықты. Осыған байланысты қазақстандық сарапшыларды шетелдік жоғары оқу орындарының кампустарын ашу, дуальды білім беруді дамыту, студенттерді шетелде оқыту тәжірибесімен бөлісу үшін Сербияға шақырғымыз келеді », — деп атап өтті Сербия Президенті Александр Вучич.
Кездесу барысында Сербиямен цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінің үлкен әлеуеті атап өтілді. Қазақстанда Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында заманауи цифрлық экожүйе қалыптасуда. Орталық Азияда екі суперкомпьютер кластері іске қосылды, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, CryptoCity пилоттық аймағы және тағы да басқа да жобалар жүзеге асырылуда.
Көлік интеграциясы мәселелері талқылау кезінде Орта дәлізді дамытуға және Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңа инфрақұрылымды салу жұмыстарына, оның ішінде теміржол және автокөлік желілері, теңіз терминалдары және халықаралық авиациялық хабтарды құруға ерекше назар аударылды.
Агроөнеркәсіп секторындағы, оның ішінде селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы әріптестікті тереңдету перспективалары да атап өтілді. Олжас Бектенов қазақстандық өндірушілердің жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін экспорттауға және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.
Белградта өтетін EXPO 2027 көрмесін ескере отырып, қазақстандық тарап Сербиямен 2017 жылы Астанада мамандандырылған көрмені өткізу кезінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге дайын.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Сербия Президенті Александр Вучич барлық перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты серпінді дамыту мен нығайтуға бейілді екенін білдірді.
Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапары аясында қазақстандық қорғаныс өнеркәсібінің, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы қазақ-серб бірлескен жобаларының көрмесіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды.
АХҚО-да орталық жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде инвестицияларды тарту, мәмілелерді бір құрылымға келтіру, капитал нарығын дамыту және халықаралық жобаларға қолдау көрсету жөніндегі құралдар таныстырылды. Бизнесті сервистік қолдау инфрақұрылымына ерекше назар аударылды. АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров АХҚО тартқан инвестициялардың жиынтық көлемі бүгінде $20 млрд-тан асқанын баяндады.
Александр Вучич Alem.ai орталығында Қазақстанның цифрлық саланы және ЖИ-технологияларды дамытуға бағытталған жүйелі тәсілдерімен танысты.
Сербия Президентінің назарына отандық әзірлемелер мен жасанды интеллект-стартаптар ұсынылды. Astana Hub-та IT-стартаптарды қолдау жүйесіне және жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлінді. Сондай-ақ онда BestVision – өнеркәсіп пен тау-кен өндірісі үшін АІ-мониторингі, бейнесараптамасы және трекингі бар ақылды каска әзірлеуші; KazDream – бағдарламалық қамтамасыз ету, деректерді талдау және жасанды интеллект саласындағы стартап; QazTwin — өнеркәсіптік нысандарға арналған цифрлық егіздер платформасы (3D-модельдер, IoT және AI-талдау). Axellero — жасанды интеллект агенттері мен мультиагенттік жүйелерді құруға арналған low-code платформа, Documentolog – электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған ұлттық бұлтты сервис сияқты қазақстандық стартаптар таныстырылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз