Главная / Хронология / Комментарий
комментарий

Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов поручил принять исчерпывающие меры для реализации Плана

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов жоспарды жүзеге асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 18 марта 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Новая Конституция закрепляет основные нормы для развития государства и общества.

Позиция

Премьер-министр поздравил граждан с принятием новой Конституции на референдуме, назвав это историческим событием.

18 Март 2026, 11:13 Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства – Олжас Бектенов поручил принять исчерпывающие меры для реализации Плана На заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова рассмотрены меры по реализации норм новой Конституции. С докладами выступили заместители Премьер-министра – министры культуры и информации Аида Балаева, искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев, национальной экономики Серик Жумангарин, а также министры просвещения Жулдыз Сулейменова, науки и высшего образования Саясат Нурбек, экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев, внутренних дел Ержан Саденов и юстиции Ерлан Сарсембаев. Премьер-министр поздравил казахстанцев с принятием на всенародном референдуме новой Конституции, подчеркнув историческое значение этого события для страны. «В первую очередь поздравляю всех казахстанцев с историческим событием – принятием на всенародном референдуме новой Конституции! Это судьбоносный момент в новейшей истории Казахстана. Проводимая всесторонняя трансформация нашей страны под руководством Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и активной поддержке общества, делает Казахстан более устойчивым к любым вызовам. Основной закон страны укрепит политическую стабильность, позволит осуществить дальнейшую модернизацию всех сфер экономики и общества» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Отмечено, что новая Конституция определяет будущее нации на долгосрочный период, закладывая фундаментальные постулаты единства и справедливости, закона и порядка, гарантирует защиту прав и свобод граждан, условия для качественного развития человеческого капитала, науки и культуры, цифровой среды, соблюдения экологической безопасности. Важным моментом является укрепление принципов правового государства через широкие процессуальные права, закрепление конституционного права на юридическую помощь и защиту персональных данных. «Как отметил Президент, новая Конституция станет надежной опорой нашей государственности, Суверенитета и Независимости. Казахстанцы своими голосами продемонстрировали настоящий патриотизм, поддержав все инициативы Главы государства. Мы являемся свидетелями признания со стороны международного сообщества лидерства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и прогрессивности принятой Конституции. Это подчеркивает высокий авторитет Казахстана и успех проводимых реформ» , — подчеркнул Премьер-министр. В части законодательного обеспечения реформ Правительство совместно с Парламентом в оперативном режиме приведет в соответствие с новой Конституцией ряд законов и подзаконных актов. Предстоит обеспечить принятие 5 новых и корректировку 8 действующих конституционных законов, а также внесение изменений более чем в 60 законов, включая кодексы. Кроме того, будет разработан и утвержден План мероприятий по продвижению Конституции, что предполагает ее массовое издание, размещение на общедоступных электронных платформах, разработку методических рекомендаций и учебных пособий для сферы образования. Также будет активизирована информационно-разъяснительная работа о новом Основном законе страны. Олжас Бектенов отметил, что в целом в новой Конституции предусмотрены и закреплены все основные нормы и правила, создающие прочную базу для поступательного развития государства и общества. В ходе заседания руководитель Правительства дал ряд поручений ответственным госорганам. Министерству культуры и информации поручено в недельный срок разработать План информационно-разъяснительной работы по положениям Конституции. До 10 апреля необходимо обеспечить массовое издание Основного закона и его распространение в госорганах, организациях образования, культуры, библиотечной сети и торговых точках. Также Министерству цифрового развития поручено обеспечить размещение текста Конституции на общедоступных электронных платформах. По образованию: Министерствам просвещения, науки и высшего образования поручено до 20 апреля разработать методические рекомендации и учебно-методические пособия, а также организовать проведение учебных занятий по Конституции в образовательных учреждениях. По здравоохранению: Министерству здравоохранения совместно с Министерством юстиции до 1 апреля поручено внести в Парламент поправки в законодательство с учетом расширения источников финансирования медпомощи, включая внебюджетные средства, что позволит сделать систему более устойчивой и гибкой. Страховой пакет станет основным инструментом доступа к большинству видов плановой и высокотехнологичной медицинской помощи. По труду и соцзащите: Министерству труда и социальной защиты населения также до 1 апреля необходимо внести изменения в Социальный и Трудовой кодексы с учетом развития цифровой экономики и новых форм занятости, включая дистанционную и платформенную. По экологии: До этого же срока Министерству экологии поручено внести поправки в Экологический кодекс в рамках реализации принципов охраны окружающей среды и инициативы Президента «Таза Казахстан». Нормы об охране окружающей среды и бережного отношения к природе теперь закреплены конституционально, а экологическая ответственность становится базовым конституционным принципом с реальными правовыми обязательствами. По цифровому развитию: В новой Конституции закреплена защита персональных данных, которой Глава государства придает особое значение в условиях активного внедрения цифровых технологий и искусственного интеллекта. Министерству искусственного интеллекта и цифрового развития поручено усилить механизмы контроля в этой сфере и форсировать разработку необходимых законодательных поправок. По правопорядку и безопасности: Одним из ключевых постулатов новой Конституции является принцип «Закон и Порядок». В связи с этим Министерству внутренних дел необходимо будет провести анализ реализации «Закон и Порядок», обеспечить ежегодную публикацию результатов работы в Национальном докладе о состоянии общественной безопасности, а также до конца апреля организовать заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений в обновленном формате. По амнистии: Отдельное внимание уделено вопросу инициированной впервые Главой государства амнистии по ряду правонарушений, не представляющих угрозы безопасности граждан и государства. Министерствам внутренних дел и юстиции совместно с Генеральной прокуратурой в двухнедельный срок следует внести предложения по механизму ее реализации. По законотворческой работе: Министерству национальной экономики совместно с заинтересованными госорганами поручено до 15 апреля разработать и внести в Правительство проекты конституционных законов «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и «О статусе столицы Республики Казахстан». Поставлена задача ускорить рассмотрение в Парламенте проекта конституционного закона «О специальном статусе города Алатау» с внесением на подпись Главе государства до конца марта. В рамках исполнения Указа Президента «О мерах по реализации Конституции РК» Министерству юстиции поручено до 1 апреля внести проект Плана мероприятий по продвижению новой Конституции, с последующим утверждением документа до 7 апреля. В целом Премьер-министр подчеркнул, что всем центральным и местным госорганам, квазигосударственному сектору необходимо принять исчерпывающие меры для реализации Плана. #Олжас Бектенов #Премьер-министр РК #Заседание Правительства #Наука #Образование #Поручение Президента Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

18 Наурыз 2026, 11:13

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды .

Онда Премьер-министрдің орынбасарлары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, сонымен қатар жиын барысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады.

Премьер-министр қазақстандықтарды жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, бұл оқиғаның ел тарихындағы маңыздылығын атап өтті.

«Ең алдымен, барша қазақстандықтарды тарихымыздағы аса маңызды оқиға – жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның заманауи тарихындағы ел тағдырын айқындайтын елеулі кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен және қоғамның белсенді қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді. Ата заң саяси тұрақтылықты нығайтып, экономика мен қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға жол ашады» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаңа Конституция бірлік пен әділдік, заң мен тәртіп сияқты негізгі құндылықтарды орнықтырып, ұлтымыздың ұзақмерзімді даму бағдарын айқындап, еліміздің саяси өміріне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру Негізгі заң деңгейінде бекітіліп отыр.

«Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады. Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті. Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның жоғары беделі мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді» , — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша Парламентпен бірлесіп, тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіруі тиіс. Атап айтқанда, 5 жаңа және қолданыстағы 8 конституциялық заңға, сондай-ақ 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізу керек.

Сонымен қатар Премьер-министр Ата заңды жаппай басып шығаруды, оны қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды, білім беру саласы үшін әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді талап ететін Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ еліміздің жаңа Конституциясы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Олжас Бектенов жаңа Конституцияда мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болатын нормалар мен ережелер түгел қамтылғанын атап өтті.

Отырыс барысында Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне бір апта ішінде тиісті Ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырылды. 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізу керек. Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігіне Конституция мәтінін қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Білім беру саласы бойынша:

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне 20 сәуірге дейін тиісті әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді тапсырылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Биылғы 1 сәуірге дейін Денсаулық сақтау министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға қажетті түзетулерді Парламентке енгізу тапсырылды. Бұл осы жүйенің барынша тұрақты әрі икемді болуына жағдай жасайды. Сақтандыру пакеті жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмектің көптеген түрлеріне қол жеткізу құралына айналады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 сәуірге дейін цифрлық экономиканың дамуы мен жұмыспен қамтудың жаңа формаларын ескере отырып, еңбек заңнамасын, оның ішінде қашықтан және платформалық жұмыспен қамтуды бейімдеп, Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне түзетулер енгізуі қажет.

Осы мерзімге дейін Экология министрлігіне Қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын және Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде Экологиялық кодекске тиісті түзетулер енгізу тапсырылды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау нормалары Ата заң деңгейінде бекітілді. Бұл орайда экологиялық жауапкершілік нақты құқықтық міндетТемелермен бірге негізгі конституциялық қағидатқа айналады.

Цифрлық даму бойынша:

Мемлекет басшысы дербес деректерді қорғау мәселесінің өзектілігін әрдайым атап келеді, сондықтан тиісті нормалар Ата заңда бекітілді. Бұл цифрландыру мен жасанды интеллектіні белсенді енгізу кезінде айрықша маңызды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне дербес деректерді қорғау саласындағы бақылау тетіктерін күшейтіп, тиісті заңнамалық түзетулерді жеделдету тапсырылды.

Құқықтық тәртіп және қауіпсіздік бойынша:

«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі. Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысына талдау жүргізіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қоғамдық қауіпсіздіктің жай күйі туралы Ұлттық баяндама аясында жыл сайын жариялау керек, сондай-ақ биылғы сәуір айының соңына дейін Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру қажет.

Рақымшылық жасау туралы:

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы Президент бастамасына ерекше назар аударылды. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуі тиіс.

Заң шығару жұмысы бойынша:

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 15 сәуірге дейін «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» жаңа Конституциялық заңдардың жобаларын әзірлеп, Үкіметке енгізу тапсырылды. «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын Парламентте қарауды жеделдетіп, наурыз айының соңына дейін Мемлекет басшысына қол қоюға ұсыну міндеті қойылды.

Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты орындау шеңберінде Әділет министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспар жобасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізу тапсырылды, 7 сәуірге дейін жаңа Конституцияны ілгерілету жоспары бекітілуі керек.

Жалпы, Премьер-министр барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жоспарды жүзеге асыру бойынша жан-жақты әрі түбегейлі шаралар қабылдауы қажет екенін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз