статья

Глава государства наградил чемпиона ХІV зимних Паралимпийских игр Ербола Хамитова

Мемлекет басшысы ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 26 марта 2026 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Оценка

Президент поздравил паралимпийца с золотой и бронзовой медалями на зимних Паралимпийских играх.

Оценка

Президент подчеркнул вклад тренеров в победу спортсмена.

Оценка

Президент заявил о государственной поддержке паралимпийского спорта.

В резиденции Акорда состоялась церемония награждения чемпиона ХІV зимних Паралимпийских игр Ербола Хамитова и его тренеров. Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что крупнейшие мировые соревнования увенчались для Казахстана большим успехом: наш соотечественник Ербол Хамитов достойно защитил честь страны, завоевав золотую и бронзовую медали. – Это историческое достижение для отечественного параспорта. Ербол продемонстрировал всему миру стойкость, мужество и доблесть казахского народа. Поэтому хотел бы в первую очередь выразить искреннюю благодарность тебе и тренерскому штабу. Перед отъездом на Паралимпийские игры я вручил тебе бирюзовое знамя нашей страны. Ты полностью оправдал высокое доверие и вернулся в Казахстан с победой. Достигнут выдающийся результат, который вывел нашу страну на 18-е место в общем командном зачете. Очень непросто стать лучшим среди лучших и завоевать титул чемпиона. Несомненно, этот успех достигнут благодаря многолетней упорной подготовке, неустанному, самоотверженному труду, – сказал Президент. Глава государства отметил, что в олимпийском успехе Ербола Хамитова особую роль сыграли его тренеры. – Вы передали ему свои знания и опыт, сумели укрепить чемпионский характер, выдержку и стремление к высоким целям, превратили его в известного, видного спортсмена, вписавшего свое имя в Олимпийскую летопись. Хотел бы выразить Вам благодарность. Пользуясь возможностью, выражаю благодарность тренерам, спонсорам, докторам, всем специалистам, которые работают с параспортсменами. Достижения наших атлетов – яркий пример для подрастающего поколения. Формулу успеха знают почти все, но только единицы готовы пройти этот тернистый путь до конца, жертвуя многими благами и радостями жизни ради достижения высокой цели. Каждая новая медаль на мировых первенствах дает мощный стимул развитию массового спорта в нашей стране. Это очень важно, ведь самой жизнью доказано, что люди, увлеченные спортом, привыкшие к ежедневной усердной работе над собой, как говорится, «через не могу», а также работающие в режиме железной самодисциплины и порядка, легче переносят все превратности бытия. Не говоря уже о паралимпийцах, чья жизнь – это настоящий подвиг, убедительная иллюстрация упорства и железной воли, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. Как далее сказал Президент, мы строим Справедливый Казахстан – страну равных возможностей для всех и каждого. По его словам, принятая недавно новая Конституция стала наглядной демонстрацией созидательного потенциала нашей страны. – Подготовленная вместе с народом и для народа новая Конституция олицетворяет силу национального духа, стремление к единству, нашу толерантность, наше общее желание жить в обществе, где главенствующее положение занимают закон, порядок, образование, наука, культура, технологии, природолюбие и, конечно, спорт. Сердцевина Основного закона – это такие важнейшие принципы, как Независимость, суверенитет и территориальная целостность нашего государства; законные права и свободы граждан; трудолюбие, ответственность, патриотизм; всестороннее развитие человеческого капитала. Таким образом, народ сплоченно поддержал конституционную реформу. Наши граждане проголосовали за светлое будущее страны, потому что обновленная по своей сути и содержанию Конституция создает условия для развития каждого человека. Основной закон определяет развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций в качестве стратегического направления деятельности государства. Особое внимание уделяется сохранению здоровья нации. Главная цель Конституции – защита Независимости, Суверенитета и территориальной целостности страны, а также обеспечение прав и свобод граждан. Насущной задачей, стоящей сейчас перед нами, является широкое разъяснение и продвижение основных принципов Конституции как в нашей стране, так и за рубежом. Не будет преувеличением сказать, что казахстанские параспортсмены своими выдающимися достижениями и блестящими победами вносят огромный вклад в утверждение непоколебимых ценностей нашего государства, – отметил Глава государства. Касым-Жомарт Токаев сообщил, что государство оказывает всестороннюю поддержку паралимпийской сфере. – В прошлом году в стране начали функционировать 4 современных инклюзивных спортивных комплекса. В предстоящий период еще больше таких центров распахнут свои двери во всех регионах. Считаю, что наши спонсоры не должны оставаться в стороне от этой очень важной работы. В целом, государство стало уделять особое внимание поддержке паралимпийского движения, увеличен объем финансирования данного направления. Решительный характер и несгибаемая воля наших параспортсменов – образец для многих и пример для подрастающего поколения. Каждый член национальной паралимпийской сборной доказал всему миру, что Казахстан – страна безграничных возможностей. В этой связи мною подписан Указ о награждении вас высокими государственными наградами, которые я с удовольствием хотел бы вручить сегодня. Поздравляю! Желаю вам благополучия и успехов! – подчеркнул Президент. Затем Глава государства за высокие спортивные достижения на ХIV зимних Паралимпийских играх в Италии вручил Ерболу Хамитову орден «Барыс» ІІІ степени . Тренеры Центра спортивной подготовки для лиц с ограниченными физическими возможностями министерства туризма и спорта Василий Коломиец и Антон Жданович награждены орденом «Парасат» . Ордена «Құрмет» удостоен тренер Спортивного клуба для людей с ограниченными возможностями «Үміт» Северо-Казахстанской области Аслан Токбаев . В свою очередь Ербол Хамитов выразил признательность за высокое доверие Касым-Жомарту Токаеву, который перед отъездом на Паралимпийские игры вручил ему Государственный флаг. – Я с огромной ответственностью участвовал в играх. Благодаря Вашей поддержке мы добились победы. Большой вклад в общее дело внесли все специалисты и тренеры. Ваша поддержка придала силы и энергию каждому спортсмену. Мы не остановимся на достигнутом, – сказал чемпион Паралимпиады.

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанына тоқталды. Жаһандық бәсекеде отандасымыз Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп алды.

– Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте мен еліміздің көк Туын саған табыстадым. Сол артылған сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдың. Керемет нәтижеге жеттің! Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді. Үздіктердің ішінен алға шығып, чемпион болу оңай емес. Бұл – жылдар бойғы тынымсыз дайындық пен қажырлы әрі табанды еңбектің жемісі екені анық, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовтың жетістікке жету жолында оның бапкерлері айрықша рөл атқарғанына назар аударды.

– Сіздер Ербол Хамитовқа білгендеріңізді үйретіп, тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Оның чемпионға тән табандылық танытып, биік мақсатқа ұмтылатын күрескер мінезін шыңдадыңыздар. Олимпиада жылнамасына есімін жазған белгілі, көрнекті спортшы болуына күш салдыңыздар. Сіздерге алғыс айтамын. Орайлы сәтті пайдаланып, бапкерлерге, демеушілерге, дәрігерлерге және параспортшылармен жұмыс істейтін барша маманға ризашылығымды жеткізгім келеді. Атлеттеріміздің жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Табысқа жету формуласын бәрі біледі. Алайда асқақ мұратқа қол жеткізу үшін көптеген игіліктен және өмірдің қызығынан бас тартып, қиын жолды еңсеруге екінің бірі тәуекел етпейді. Әлем біріншіліктерінде жеңіп алған әр медаль еліміздегі бұқаралық спорттың дамуына зор серпін береді. Бұл өте маңызды. Өйткені спортпен шұғылданатын, өз-өзін қамшылап, күн сайын шыңдайтын, сондай-ақ темірдей тәртіпке үйренген адамдар тіршіліктің тауқыметіне мойымайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте паралимпиадашылардың жөні тіптен бөлек. Олардың өмірі – нағыз ерліктің, қайтпас қайсарлық пен мұқалмас ерік-жігердің үлгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатқанымызды айтты. Жуырда қабылданған жаңа Конституция еліміздің жасампаз әлеуетінің айқын көрінісіне айналды.

– Жұртшылықпен ақылдаса отырып әзірленген Жаңа Халық Конституциясы ұлттық рухымыздың қуаты мен ауызбіршілігімізді, толеранттылығымызды паш етеді. Заң мен тәртіп үстемдік ететін, білім, ғылым, мәдениет, технология, табиғатты аялау және спорт құндылықтары дәріптелетін қоғамда өмір сүруге деген ортақ ниетімізді көрсетеді. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз бен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, еңбекқорлық, жауапкершілік, патриотизм, сондай-ақ адами капиталды жан-жақты дамыту сияқты маңызды қағидаттар Ата заңымызға арқау болды. Сондықтан халқымыз конституциялық реформаны біртұтас қоғам болып жаппай қолдады, әр азаматымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді. Себебі мән-мазмұны жаңарған Конституция әр адамның дамуына жағдай жасайды. Ата заңда адам капиталын, яғни, білім, ғылым саласын және инновацияны дамыту елдің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды. Ұлт саулығын сақтауға баса мән берілді. Конституциямыздың басты мақсаты – еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін және жерінің тұтастығын қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету. Енді алдымызда тұрған өзекті мәселе – Конституциямыздың негізгі қағидаттарын елімізде және шетелде кеңінен түсіндіру және дәріптеу. Қазақстан параспортшылары өздерінің тамаша жетістігімен, жарқын жеңісімен мемлекетіміздің мызғымас құндылықтарын нығайтуға мол үлес қосып жүр деп айтсақ артық болмас, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде мемлекет тарапынан паралимпиада саласына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

– Былтыр елімізде 4 заманауи инклюзивті спорт кешені жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта осындай орталықтар әрбір аймақта көбірек ашылуы керек. Біздің демеушілер осы өте маңызды жұмыстан тыс қалмауы қажет деп ойлаймын. Жалпы, мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді, бұл бағытты қаржыландыру көлемі де ұлғайды. Параспортшыларымыздың өжет мінезі мен мұқалмас жігері – көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге. Ұлттық паралимпиада құрамасының әр мүшесі Қазақстанның шексіз мүмкіндіктер елі екенін әлемге әйгіледі. Осыған орай, мен сіздерді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Баршаңызға құтты болсын! Амандық, табыс тілеймін! – деді Президент.

Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені , Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа «Құрмет» ордені табысталды.

Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін Президентке алғыс айтты.

– Осы Паралимпиада ойындары мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз, – деді Паралимпиада чемпионы.