Глава государства принял Председателя Правительства России Михаила Мишустина
Мемлекет басшысы Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Токаев назвал Россию главным торгово-экономическим и инвестиционным партнером Казахстана.
Стороны подтвердили укрепление стратегического партнерства и союзничества.
Токаев отметил, что визит Мишустина на форумы в Шымкенте подтверждает особый характер отношений.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял Председателя Правительства Российской Федерации Михаила Мишустина, прибывшего в нашу страну с рабочим визитом. В ходе встречи собеседники отметили последовательное укрепление стратегического партнерства и союзнических отношений между Казахстаном и Россией, а также высокую динамику взаимовыгодного диалога и эффективную реализацию договоренностей, достигнутых на высшем уровне. Глава государства подчеркнул, что участие Михаила Мишустина в заседании Евразийского межправительственного совета и Цифровом форуме в Шымкенте является очередным подтверждением особого характера казахско-российских отношений и обоюдного стремления к их дальнейшему развитию. – Вы знаете, как развивается экономическое сотрудничество между нашими государствами на двустороннем уровне. Уже реализовано 122 крупных проекта стоимостью около 25 млрд долларов. Объем торговли уверенно приближается к 30 млрд долларов. Можно сказать, что это уникальные результаты. Россия является нашим основным торгово-экономическим, инвестиционным партнером, и мы этому, конечно же, рады, – отметил Касым-Жомарт Токаев. Основное внимание участники встречи уделили вопросам подготовки к государственному визиту Президента Российской Федерации Владимира Владимировича Путина в Казахстан. Как подчеркнул Глава государства, Астана рассматривает предстоящий визит как очень важное событие, призванное придать серьезный импульс дальнейшему развитию стратегического партнерства и союзнических отношений между двумя странами. По его словам, в рамках подготовительных работ был заново пересмотрен весь комплекс многогранного двустороннего взаимодействия. В свою очередь Председатель Правительства России выразил признательность Главе нашего государства за традиционно теплый прием на казахской земле. Он поздравил Касым-Жомарта Токаева с успешным проведением общенационального референдума и принятием новой Конституции Республики Казахстан. По словам Михаила Мишустина, референдум подтвердил всенародную поддержку курса Президента Казахстана на строительство эффективного государства, развитие экономики и повышение благосостояния граждан. – Пользуясь случаем, позвольте передать Вам наилучшие пожелания от Президента России Владимира Владимировича Путина. Накануне я с ним подробно обсуждал повестку наших двусторонних отношений, а также подготовку к его визиту к Вам в мае. Правительство делает все для того, чтобы этот визит, как и предыдущие, был успешным. С теплотой вспоминаем Ваш визит в ноябре прошлого года в Российскую Федерацию. Все задачи, которые были поставлены нашими лидерами, на сегодняшний день правительства отрабатывают, – подчеркнул Михаил Мишустин. В ходе встречи также состоялся обмен мнениями по ряду актуальных вопросов двусторонней повестки.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ өзара тиімді диалог пен жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қарқын алғанына назар аударылды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Михаил Мишустиннің Шымкент қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуы Қазақстан-Ресей байланыстарының айрықша сипатын және оны одан әрі өрістетуге қос тараптың ұмтылысын тағы да растайды.
– Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қалай дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады. Бұл жақсы нәтиже деуге болады. Ресей біздің негізгі сауда-экономикалық, инвестициялық серіктесіміз саналады. Бұған әрине, қуаныштымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әңгімелесу барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне баса мән берілді. Мемлекет басшысы Астана алдағы сапарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға тың серпін беретін өте маңызды шара ретінде қарастыратынын жеткізді. Президенттің айтуынша, әзірлік жұмыстары аясында сан қырлы ынтымақтастық тағы да пысықталды.
Ресей Үкіметінің Төрағасы қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.
Михаил Мишустиннің айтуынша, референдум Қазақстан Президентінің мемлекет іргесін нығайтуды, экономиканы дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін саясатын барша халық қолдайтынын көрсетті.
– Орайлы сәтті пайдаланып, Сізге Владимир Владимирович Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Бірер күн бұрын Президентпен екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін, сондай-ақ биыл мамыр айына жоспарланған сапарына әзірлік жұмыстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Үкімет бұл сапардың да табысты өтуіне барынша күш салады. Сіздің былтыр қараша айында Ресей Федерациясына жасаған сапарыңыз барысында мемлекеттер басшылары қойған барлық міндетті екі ел үкіметтері іске асырып жатыр, – деді Михаил Мишустин.
Сондай-ақ тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.