Олжас Бектенов обсудил с главой Shenzhen Energy Environment Ван Ганом сотрудничество в области утилизации отходов и внедрения передовых экостандартов
Олжас Бектенов Shenzhen Energy Environment басшысы Ван Ганмен қалдықтарды кәдеге жарату және озық экостандарттарды енгізу бойынша ынтымақтастықты талқылады
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство Казахстана обещает поддержку проекту и поручает рассмотреть его масштабирование в другие регионы.
Премьер-министр Казахстана встретился с главой китайской компании Shenzhen Energy Environment для обсуждения сотрудничества в утилизации отходов.
21 Апрель 2026, 14:20 Олжас Бектенов обсудил с главой Shenzhen Energy Environment Ван Ганом сотрудничество в области утилизации отходов и внедрения передовых экостандартов Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с председателем совета директоров китайской компании Shenzhen Energy Environment Co., Ltd Ван Ганом, прибывшим в Астану для участия в Региональном экологическом саммите 2026. Обсуждено сотрудничество в области экологии в соответствии с закрепленными в новой Конституции РК нормами по охране окружающей среды и инициативой Главы государства «Таза Қазақстан». Сегодня в столице стартовало строительство первой очереди инвестиционного проекта «Экопарк «Энергия Астаны» по утилизации твердых бытовых отходов и генерации электроэнергии. В проект будет инвестировано $180 млн. В рамках реализации первого этапа мощность предприятия составит не менее 1,5 тыс. тонн отходов в сутки, а также генерация 50 МВт электроэнергии. Особое внимание уделяется технологическим и экологическим параметрам, включая применение современной многоступенчатой системы очистки выбросов. В Астане создано совместное предприятие ТОО «East Hope». Ввести объект в эксплуатацию планируется в июне 2029 года. «Между главами наших государств выстроен доверительный интенсивный диалог, что является основой для реализации совместных инвестиционных проектов. Мы признательны китайской стороне и бизнесу за вклад в развитие экономики и готовы создавать все необходимые условия. Проект «Экопарк «Энергия Астаны» имеет стратегическое значение не только для столицы, но и для страны. Правительство окажет все необходимые меры поддержки для реализации данного проекта», — подчеркнул Олжас Бектенов, поручив Министерству энергетики и акимату рассмотреть перспективы масштабирования данного опыта в другие регионы. Председатель совета директоров Shenzhen Energy Environment Co., Ltd Ван Ган заявил о намерении компании реализовать вторую очередь проекта, что в будущем обеспечит полную утилизацию накопленных на полигонах ТБО отходов. Портфель компании насчитывает 57 мусоросжигательных предприятий в КНР общей мощностью 79 тыс. тонн в сутки. Shenzhen Energy Environment Co., Ltd. обеспечивает управление до 90% отходов города Шэньчжэнь с населением порядка 20 млн человек. «Мы высоко ценим возможность работать в Казахстане и готовы приложить все усилия для качественной реализации проекта. Уверен, предприятие станет важным примером практического сотрудничества между Китаем и Казахстаном. При поддержке Правительства Казахстана планируем обеспечить дальнейшее продвижение проекта», — сказал председатель совета директоров Shenzhen Energy Environment Co., Ltd Ван Ган. Стороны подчеркнули, что «Экопарк «Энергия Астаны» станет еще одним результативным примером инвестиционного и технологического сотрудничества между двумя странами. Кроме того, обсуждены перспективы взаимодействия в области экологической реконструкции угольных ТЭЦ и газовых электростанций, а также локализации производства. По итогам встречи стороны подтвердили намерения приложить все усилия для реализации проекта в установленные сроки и развивать дальнейшее сотрудничество по перспективным направлениям. #Олжас Бектенов #Экология #Энергетика Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
21 Сәуір 2026, 14:20
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Аймақтық экологиялық саммит - 2026 іс-шарасына қатысу үшін Астанаға келген қытайлық Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен кездесу өткізді.
Онда еліміздің жаңа Конституциясында бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормаларға және Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасына сәйкес экология саласындағы ынтымақтастық жайы талқыланды.
Бүгін елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарата отырып, электр энергиясын өндіруге арналған «Астана энергиясы» экопаркі» инвестициялық жобасының бірінші кезегінің құрылысы басталды. Жобаға $180 млн инвестиция салынады. Бірінші кезеңді жүзеге асыру шеңберінде кәсіпорынның қуаты тәулігіне 1,5 мың тоннадан астам қалдықты құрайды, ал өндірілетін электр энергиясының көлемі 50 МВт болмақ. Мұнда технологиялық және экологиялық параметрлерге ерекше назар аударылып отыр, оның ішінде қалдықтарды тазартудың заманауи көп сатылы жүйесін қолдану бастамасы да бар. Осы мақсатта Астанада «East Hope» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
«Біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында сенімге құрылған қарқынды диалог орныққан, бұл – бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін негіз. Біз Қытай тарапы мен бизнеске экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін ризамыз және барлық қажетті жағдайларды жасауға дайынбыз. «Астана энергиясы» экопаркі» жобасы елорда үшін ғана емес, ел үшін де стратегиялық маңызға ие. Үкімет осы жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдау шараларын көрсетеді» , — деп атап өткен Олжас Бектенов, Энергетика министрлігі мен әкімдікке осы тәжірибені басқа өңірлерге кеңінен тарату перспективаларын қарастыруды тапсырды.
Shenzhen Energy Environment Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ган компанияның жобаның екінші кезегін жүзеге асыру ниеті бар екені туралы мәлімдеді, бұл болашақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында жинақталған қалдықтарды толық жоюға мүмкіндік бермек. Бүгінде компанияның портфелінде Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан жалпы қуаттылығы тәулігіне 79 мың тонна болатын 57 қоқыс жағатын кәсіпорын бар. Shenzhen Energy Environment Co., Ltd 20 миллионға жуық халқы бар Шэньчжэнь қаласындағы қалдықтардың 90%-ын сұрыптап, кәдеге жаратып отыр.
«Біз Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз және жобаны сапалы жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Кәсіпорын Қытай мен Қазақстан арасындағы іс жүзіндегі ынтымақтастықтың маңызды үлгісі болатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жобаны одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отырмыз» , — деді Shenzhen Energy Environment Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ган.
Тараптар «Астана энергиясы» экопаркі» екі ел арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың тағы бір нәтижелі үлгісі болатынын атап өтті.
Сонымен қатар көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО мен газ электр стансаларын экологиялық реконструкциялау, сондай-ақ өндірісті локализациялаудағы өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға және келешегі зор бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз