статья

Мажилис одобрил поправки по вопросам самоуправления в первом чтении

Мәжіліс өзін-өзі басқару мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

The Mazhilis approved amendments on self-government issues in the first reading.

Мажилис Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗ Английский ↗
Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Корпус Мажилиса Дата события 22 апреля 2026 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.
Паспорт доказательности qazvision:document:423 · 81daa35befd6
ПервоисточникМажилис Парламента Республики Казахстан
Обновлено16.07.2026 05:52
ЯзыкиRU, KK, EN
Типы опорытезисов нет

Контрольная сумма опубликованного текстового слоя: 81daa35befd6fbd14c746d146bca879b0352755f25d754f5a5ef15820ba0c2d6

22 апреля, Астана, Дом Мажилиса. Депутаты Мажилиса на пленарном заседании под председательством Спикера Палаты Ерлана Кошанова одобрили в первом чтении поправки в Закон «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан». Кроме того, были ратифицированы Соглашения с Оманом, а также о единой системе таможенного транзита в рамках ЕАЭС. Инициированный парламентариями проект изменений и дополнений в Закон «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» разработан в реализацию поручений Президента.

Законопроект направлен на усиление самостоятельности регионов и повышение статуса местного самоуправления. С его нормами коллег ознакомила соавтор поправок, депутат Мажилиса Екатерина Смышляева. – Глава государства неоднократно подчёркивал важность участия граждан в принятии решений. Проект законодательно закрепляет понятия собрания и сход местного сообщества с чётким разграничением. Собрание является органом самоуправления, а сход – формой участия жителей. Уточнён порядок формирования и функции территориальных советов.

Это позволяет жителям крупных аулов и городов больше участвовать в управлении, – рассказала мажилисвумен. Кроме того, законопроектом усиливается роль маслихатов. По словам Екатерины Смышляевой, депутаты маслихатов будут участвовать в контроле за выполнением планов, принятых после встреч акимов с населением. Также им предоставляется возможность инициировать внесение поправок в бюджет, участвовать в работе бюджетной комиссии и другие. Расширяется участие маслихатов в управлении коммунальными объектами.

Наряду с этим депутатские запросы депутатов маслихата будут оглашаться в открытом доступе. Также усиливаются социальные гарантии депутатов. В частности, предусмотрено возмещение командировочных расходов. А в случае ликвидации маслихата депутатам, работающим на постоянной основе, предоставляются выплаты. Предусматривается институциональное усиление деятельности аппарата маслихата. Устанавливается порядок назначения и освобождения от должности его руководителя, соответствующие полномочия передаются председателю маслихата.

Руководитель аппарата наделяется компетенцией по управлению кадровыми процессами, включая назначение сотрудников аппарата. Дополнительно урегулирован вопрос его статуса и деятельности в случае ликвидации маслихата. Как отметила мажилисвумен, законопроект дополнен рядом предложений в рамках исполнения поручений Президента, озвученных на диалог-платформе сельских акимов и на форумах депутатов маслихатов. В частности, введены нормы, направленные на усиление финансовой самостоятельности регионов.

Местные бюджеты будут дополнительно получать доходы от трёх разных платежей и штрафов. Таким образом, органам местного самоуправления предоставляется больше свободы в распределении средств и принятии решений. Ещё одно важное направление – повышение прозрачности и цифровизация деятельности маслихатов. Например, вводятся требования к онлайн-трансляции заседаний, публикации документов и ведению переписки.

Законопроект усилит ответственность депутатов: помимо прочего, для них предлагается ввести обязательные отчёты перед населением своих избирательных округов каждое полугодие. А возможность переизбрания председателя маслихата ограничивается только двумя сроками. В ходе обсуждения докладчице и представителям ответственных госорганов были адресованы вопросы о финансовой самостоятельности регионов, в частности, о том, каким образом планируется увеличивать доходную базу бюджетов четвёртого уровня.

Депутаты также подняли тему институционального развития, обсудив целесообразность расширения полномочий аппаратов маслихатов и дальнейшего развития института территориальных советов местного самоуправления, включая оценку его реальной востребованности на местах. Наряду с этим прозвучали вопросы о мерах по повышению прозрачности деятельности маслихатов, в том числе за счёт внедрения цифровых технологий и инструментов повышения эффективности их работы.

Кроме того, парламентарии затронули возможность включения управления жилищным фондом в систему местного самоуправления и другие вопросы. По итогам прений мажилисмены решили одобрить поправки в первом чтении. Работа над ними продолжится на заседаниях рабочей группы под руководством депутата Мажилиса Мукаша Искандирова.

На пленарном заседании было ратифицировано Соглашение между правительствами Казахстан и Омана об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал , а также Протокол к нему . Их депутатам представил вице-министр финансов Ержан Биржанов.

Выступая с содокладом, руководитель рабочей группы, депутат Мажилиса Каракат Абден сообщила, что документы направлены на укрепление двустороннего экономического сотрудничества, создание благоприятных условий для инвестиций и расширение взаимной торговли. В рамах договорённостей предусмотрено также предотвращение налоговых уклонений через обмен информацией между компетентными органами двух стран, что позволит обеспечить финансовую прозрачность. Предлагаются и другие меры, в том числе по защите прав инвесторов и оптимизации налогового администрирования.

В частности, будут регулироваться вопросы определения резидентства для целей налогообложения, распределения налогооблагаемых доходов, недискриминации при налогообложении, ограничения льгот и другие. Мажилис ратифицировал и направил в Сенат для дальнейшего рассмотрения также Соглашение о единой системе таможенного транзита Евразийского экономического союза и третьей стороны (третьих сторон) .

По информации руководителя рабочей группы Каракат Абден, документ предусматривает основные принципы функционирования единой системы таможенного транзита, которая позволит обеспечить благоприятные условия для перевозок товаров через таможенные границы ЕАЭС и третьих сторон. – Практическая реализация норм c оглашения позволит упростить и оптимизировать процедуры перевозок за счёт сокращения действий контрольных служб, а также снижения издержек бизнеса.

При этом предусматривается применение единой транзитной декларации в электронном формате, а также использование единого порядка обеспечения уплаты таможенных пошлин и налогов. Кроме того, важным преимуществом станет использование навигационных пломб для отслеживания перевозки товаров по всему маршруту, а также взаимное признание решений таможенных органов и результатов таможенного контроля, – пояснила мажилисвумен.

Кроме того, Комитет Мажилиса по экономической реформе и региональному развитию принял в работу новый законопроект о ратификации Соглашения об экономическом партнёрстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами с одной стороны и Объединёнными Арабскими Эмиратами с другой стороны. В заключение пленарного заседания мажилисмены направили 14 депутатских запросов государственным органам по актуальным социальным и экономическим темам. Все они доступны на официальном сайте и Telegram-канале Мажилиса. Пресс-служба Мажилиса – 74-68-46.

Фото Ж. Жумабекова, Т. Таныбаева

22 сәуір, Астана, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұдан бөлек, Оманмен арадағы және ЕАЭО шеңберіндегі кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімдер ратификацияланды. Парламент мүшелері бастамашы болған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы Президент тапсырмаларын орындау мақсатымен әзірленген. Заң жобасы өңірлерді нығайтуға және жергілікті өзін-өзі басқару мәртебесін арттыруға бағытталған. Оның нормаларын әріптестеріне Мәжіліс депутаты, заң жобасы авторларының бірі Екатерина Смышляева таныстырды. – Мемлекет басшысы азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы маңызды екенін бірнеше рет айтқан болатын. Жоба жергілікті қауымдастықтың жиыны мен жиналысы ұғымдарын заң жүзінде бекітіп, олардың аражігін нақты ажыратып береді.

Жиналыс – өзін-өзі басқару органы, ал жиын – тұрғындардың қатысу нысаны. Аумақтық кеңестердің құрылу тәртібі мен функциялары нақтыланды. Бұл ірі ауылдар мен қала тұрғындарының басқаруға көбірек қатысуына мүмкіндік береді, – деді депутат. Сонымен қатар заң жобасы арқылы мәслихаттардың рөлі күшейтіледі. Екатерина Смышляеваның айтуынша, мәслихат депутаттары әкімдердің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспарлардың орындалуын бақылауға қатысатын болады.

Сондай-ақ оларға бюджетке түзету енгізуге бастамашы болу, бюджет комиссиясының жұмысына қатысу және басқа да мүмкіндіктер беріледі. Сонымен бірге мәслихаттардың коммуналдық нысандарды басқаруға атсалысу деңгейі арта түседі. Бұған қоса, мәслихат депутаттарының сауалдары ашық қолжетімді жерде жарияланады. Олардың әлеуметтік кепілдіктері де күшейтіледі. Атап айтқанда, іссапар шығындарын өтеу қарастырылған. Ал мәслихат таратылған жағдайда, тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлем беріледі.

Мәслихат аппаратының қызметін институционалдық тұрғыдан нығайту қарастырылады. Оның басшысын қызметке тағайындау және босату тәртібі белгіленіп, тиісті өкілеттіктер мәслихат төрағасына беріледі. Аппарат басшысына кадрлық процестерді басқару, соның ішінде аппарат қызметкерлерін тағайындау құзыреті беріледі. Бұған қосымша, мәслихат таратылған жағдайда оның мәртебесі мен қызметі туралы мәселе реттелді.

Депутат атап өткендей, заң жобасы Президенттің ауыл әкімдерімен диалог алаңында және мәслихат депутаттарының форумында берген тапсырмаларын орындау аясында бірқатар ұсыныспен толықты. Атап айтқанда, өңірлердің қаржылық дербестігін нығайтуға бағытталған нормалар енгізілді. Жергілікті бюджеттерге үш түрлі төлем мен айыппұлдан қосымша кіріс түсетін болады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаражатты бөлуде және шешім қабылдауда көбірек еркіндік беріледі. Тағы бір маңызды бағыт – мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттыру және цифрландыру.

Мысалы, отырыстарды онлайн трансляциялауға, құжаттарды жариялауға және хат алмасуға қойылатын талаптар енгізіледі. Заң жобасы депутаттардың жауапкершілігін күшейтеді, соның ішінде олар үшін әр жартыжылдықта өздерінің сайлау округтерінің тұрғындары алдында міндетті есептерді енгізу ұсынылады. Ал мәслихат төрағасын қайта сайлау мүмкіндігі тек екі мерзіммен шектеледі.

Талқылау барысында баяндамашы мен жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне өңірлердің қаржылық дербестігі, атап айтқанда, төртінші деңгейдегі бюджеттердің кіріс базасын қалай ұлғайту жоспарланғаны туралы сұрақтар қойылды. Депутаттар сондай-ақ институционалдық даму тақырыбын көтеріп, мәслихат аппараттарының өкілеттіктерін кеңейтудің және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері институтын одан әрі дамытудың, оның ішінде жергілікті жерлердегі шынайы сұранысын бағалаудың орындылығын талқылады.

Бұған қоса, мәслихаттар қызметінің ашықтығын арттыру шаралары, оның ішінде цифрлық технологиялар мен жұмыс тиімділігін арттыру құралдарын енгізу туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар депутаттар тұрғын үй қорын басқаруды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қосу мүмкіндігін және басқа да мәселелерді қозғады. Пікірталас қорытындысы бойынша депутаттар түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады. Талқылау Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіровтің жетекшілігімен жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.

Жалпы отырыста Қазақстан мен Оман үкіметтері арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім және оған Хаттама ратификацияланды. Оны депутаттарға Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов таныстырды. Қосымша баяндама жасаған Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Қарақат Абден құжаттар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, өзара сауданы кеңейтуге бағытталғанын айтты.

Келісім сондай-ақ екі елдің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталған, бұл қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса инвесторлардың құқықтарын қорғау және салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру бойынша басқа да шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, салық салу мақсаттары үшін резиденттікті айқындау, салық салынатын кірістерді бөлу, салық салу кезінде кемсітушілікке жол бермеу, жеңілдіктерді шектеу және басқа мәселелер реттелетін болады.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялап, оны әрі қарай қарау үшін Сенатқа жолдады.

Жұмыс тобының жетекшісі Қарақат Абденнің деректері бойынша, құжат ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік шекаралары арқылы тауарларды тасымалдауға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі жұмыс істеуінің негізгі принциптерін қарастырады. – Келісім жобасының нормаларын іс жүзіне асыру бақылаушы қызметтердің іс-әрекетін азайту, сондай-ақ бизнес шығындарын қысқарту арқылы тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте бірыңғай транзиттік декларацияны электрондық құжат түрінде қолдану, кедендік баждар мен салықтарды төлеу міндеттемелерін қамтамасыз етудің бірыңғай тетігін пайдалану көзделіп отыр. Бұған қоса, тауарлардың бүкіл қозғалыс бағыты бойынша тасымалын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану, сондай-ақ кедендік бақылау нәтижелері мен кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану маңызды артықшылық болмақ, – деп түсіндірді депутат.

Жалпы отырыста Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Жалпы отырыста депутаттар мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік және экономикалық тақырыптар бойынша 14 депутаттық сауал жолдады. Олардың барлығы Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды. Мәжілістің баспасөз қызметі – 74-63-02. Фото: Ж.

Жұмабеков, Т. Таныбаев.

April 22, Astana, Mazhilis House. Mazhilis deputies, at a plenary session chaired by Speaker Yerlan Koshanov, approved amendments to the Law "On Local Public Administration and Self-Government in the Republic of Kazakhstan" in the first reading. Furthermore, agreements with Oman and the unified customs transit system within the EAEU were ratified.

The draft amendments and additions to the Law "On Local Public Administration and Self-Government in the Republic of Kazakhstan," initiated by parliamentarians, were developed in response to the President's instructions. The bill aims to strengthen the autonomy of regions and enhance the status of local self-government. Mazhilis Deputy Ekaterina Smyshlyaeva, co-author of the amendments, presented the provisions to her colleagues. – The head of state has repeatedly emphasized the importance of citizen participation in decision-making.

The draft law clearly defines the concepts of a local community assembly and a local community gathering. An assembly is a self-governing body, while a gathering is a form of resident participation. The procedure for the formation and functions of territorial councils has been clarified. This allows residents of large villages and towns to participate more fully in governance, the Mazhilis member explained. Furthermore, the draft law strengthens the role of maslikhats.

According to Ekaterina Smyshlyaeva, maslikhat deputies will participate in monitoring the implementation of plans adopted following meetings between akims and the public. They will also be given the opportunity to initiate budget amendments, participate in the work of the budget commission, and more. Maslikhat participation in the management of public utilities is being expanded. Furthermore, maslikhat deputies' inquiries will be publicly disclosed. Social guarantees for deputies are also strengthened.

Specifically, reimbursement of travel expenses is provided. In the event of the maslikhat's liquidation, deputies serving on a permanent basis will receive payments. The maslikhat's office will be institutionally strengthened. The procedure for appointing and dismissing its head will be established, with the corresponding powers transferred to the maslikhat chairperson. The head of the office will be empowered to manage personnel processes, including the appointment of office staff.

Additionally, the status and activities of the head of the office in the event of the maslikhat's liquidation will be regulated. As the Mazhilis member noted, the bill has been supplemented with a number of proposals in response to the President's instructions, voiced at the rural akims' dialogue platform and maslikhat deputies' forums. Specifically, provisions have been introduced to strengthen the financial autonomy of regions. Local budgets will receive additional revenue from three different payments and fines.

This gives local governments greater freedom in allocating funds and making decisions. Another important area is increasing the transparency and digitalization of maslikhat activities. For example, requirements for online broadcasting of meetings, publication of documents, and correspondence are being introduced. The bill will increase the accountability of deputies: among other things, it proposes introducing mandatory reporting to the residents of their electoral districts every six months.

The reelection of the maslikhat chair is also limited to two terms. During the discussion, the speaker and representatives of the responsible government agencies were asked questions about the financial autonomy of the regions, in particular, about how the revenue base of fourth-tier budgets is planned to increase.

The deputies also raised the topic of institutional development, discussing the feasibility of expanding the powers of maslikhat offices and further developing the institution of territorial councils of local self-government, including assessing its actual relevance at the local level. Furthermore, questions were raised about measures to increase the transparency of maslikhat activities, including through the introduction of digital technologies and tools to enhance their efficiency.

Furthermore, the parliamentarians touched upon the possibility of integrating housing management into the local government system, among other issues. Following the debate, the Mazhilis members decided to approve the amendments in the first reading. Work on them will continue at meetings of the working group led by Mazhilis Deputy Mukash Iskandirov.

At the plenary session, the Agreement between the Governments of Kazakhstan and Oman for the Avoidance of Double Taxation and the Prevention of Fiscal Evasion with Respect to Taxes on Income and on Capital , as well as the Protocol thereto, were ratified. Vice Minister of Finance Yerzhan Birzhanov presented them to the deputies.

Speaking in a co-report, the head of the working group, Mazhilis Deputy Karakat Abden, stated that the documents are aimed at strengthening bilateral economic cooperation, creating favorable conditions for investment, and expanding mutual trade. The agreements also provide for the prevention of tax evasion through the exchange of information between the competent authorities of the two countries, which will ensure financial transparency. Other measures are also proposed, including protecting investor rights and streamlining tax administration.

Specifically, they will address issues such as determining residency for tax purposes, distributing taxable income, non-discrimination in taxation, limiting benefits, and others. The Mazhilis also ratified and sent to the Senate for further consideration the Agreement on a Unified Customs Transit System between the Eurasian Economic Union and a Third Party (ies).

According to Karakat Abden, head of the working group, the document outlines the basic principles of a unified customs transit system, which will ensure favorable conditions for the transportation of goods across the customs borders of the EAEU and third parties. - "Practical implementation of the agreement's provisions will simplify and optimize transportation procedures by reducing the work of control services and lowering business costs.

This includes the use of a single electronic transit declaration and a unified procedure for ensuring the payment of customs duties and taxes. Furthermore, an important advantage will be the use of navigation seals to track the transportation of goods along the entire route, as well as the mutual recognition of customs decisions and customs control results," the Mazhilis member explained.

Furthermore, the Mazhilis Committee on Economic Reform and Regional Development has accepted a new draft law on the ratification of the Economic Partnership Agreement between the Eurasian Economic Union and its member states, on the one hand, and the United Arab Emirates, on the other. At the conclusion of the plenary session, members of the Mazhilis submitted 14 parliamentary inquiries to government agencies on pressing social and economic issues. All of them are available on the official website and Telegram channel of the Mazhilis.

Mazhilis Press department – 74-68-46. Photos by Zh. Zhumabekov, T. Tanybaev.

Медийный отклик

Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.

Открыть Echo
Проверяю связи с нарративами и медийным откликом...