статья

Глава государства принял заместителя Премьер-министра по экономическим вопросам Султаната Оман Зиязина бен Хайсама Аль Саида

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Президентский корпус Дата события 23 апреля 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Токаев высоко оценил роль Омана в поддержании мира и стабильности в регионе.

Позиция

Токаев выразил поддержку Оману в сложный период на Ближнем Востоке.

В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Оман является проверенным временем и надежным партнером нашей страны в арабском мире, и Казахстан твердо настроен на всестороннее укрепление сотрудничества. – Наши двусторонние связи крепнут как в политической, так и в экономической сферах. Выражаю признательность за Вашу личную приверженность делу укрепления наших отношений. Пользуясь этой благоприятной возможностью, хотел бы передать искреннее приветствие и глубочайшее уважение Султану Хайсаму бен Тарику Аль Саиду. Мы ожидаем визит Его Величества в Астану, – сказал Касым-Жомарт Токаев. В свою очередь заместитель Премьер-министра Омана поблагодарил Президента Казахстана за теплый прием и подтвердил настрой оманской стороны на дальнейшее углубление межгосударственных отношений. – Казахстан – очень красивая страна, обладающая богатым культурным наследием. Для меня большая честь передать Вашему Превосходительству наилучшие пожелания Его Величества. Отношения между нашими странами, как Вам хорошо известно, были установлены еще в 1992 году. Таким образом, мы были одной из первых стран Совета сотрудничества арабских государств Залива, установивших дипломатические отношения с Казахстаном. Нас связывают тесные контакты, которые охватывают практически все сферы, включая культуру, торговлю, экономику и туризм. Мы надеемся, что сможем укрепить наше сотрудничество в этих областях, – заявил Зиязин бен Хайсам Аль Саид. Президент Казахстана вновь выразил поддержку братскому народу Омана в текущий сложный период на Ближнем Востоке. Касым-Жомарт Токаев также отметил высокий международный авторитет Омана как государства, прилагающего активные усилия для поддержания мира и стабилизации в регионе. Собеседники обстоятельно обсудили перспективы расширения казахско-оманского торгово-экономического взаимодействия, уделив особое внимание сферам энергетики, металлургии, транспорта и логистики, сельского хозяйства, цифровизации. Также подчеркнута значимость наращивания культурно-гуманитарных связей. В завершение встречи Касым-Жомарт Токаев наградил заместителя Премьер-министра Зиязина бен Хайсама Аль Саида орденом «Достық» I степени за значительный вклад в укрепление сотрудничества между Казахстаном и Оманом, развитие дружбы между двумя народами.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді.

– Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Премьер-министрдің орынбасары қонақжайлықпен қарсы алған Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Оман тарапы мемлекетаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

– Қазақстан – өте әсем әрі мәдени мұраға бай ел. Сізге Ұлы мәртебелі Сұлтанның сәлемін жеткізу мен үшін үлкен құрмет. Өзіңізге мәлім, екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алады. Осылайша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнаттық. Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз, – деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид.

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.