В Үкімет үйі обсуждено сотрудничество Правительства РК и Фонда ООН в области народонаселения
Астанада ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының ынтымақтастығы талқыланды
Рабочий вывод
Что важно в документе
Правительство и Фонд ООН в области народонаселения совместно работают над созданием справедливого и инклюзивного общества.
12 Май 2026, 18:37 В Үкімет үйі обсуждено сотрудничество Правительства РК и Фонда ООН в области народонаселения Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с Заместителем Генерального секретаря Организации Объединенных Наций, Исполнительным директором Фонда ООН в области народонаселения (ЮНФПА) Диене Кейта. В ходе встречи были обсуждены вопросы взаимодействия в сфере здравоохранения, охраны материнства и детства, репродуктивного здоровья, поддержки женщин и молодежи. «Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев придает особое значение всестороннему сотрудничеству с ООН. Правительство РК готово к дальнейшему расширению партнерства с Фондом ООН в области народонаселения в соответствии с нашими национальными приоритетами. Работа странового офиса ЮНФПА в Астане органично дополняет масштабные социально-экономические реформы, реализуемые в Казахстане. Совместными усилиями мы формируем более справедливое и инклюзивное общество» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Заместитель Генерального секретаря Организации Объединенных Наций, Исполнительный директор ЮНФПА, в свою очередь, передала слова приветствия в адрес Главы государства и высоко оценила достижения Казахстана в социальной сфере, подчеркнув готовность Фонда продолжить экспертную поддержку стратегическим инициативам. «ООН была создана ради трех главных целей: мира, безопасности и устойчивого развития. Политика Казахстана полностью соответствует этим принципам. Снижение материнской смертности показывает, насколько большое внимание в стране уделяется женщинам и населению, а забота о молодежи, об образовании и здравоохранении заслуживает высокой оценки. Мы в ЮНФПА намерены продолжать тесное сотрудничество с Казахстаном. Отдельно хотела бы остановиться на новой Конституции Казахстана, в центре которой которой находятся права человека и свобода выбора – именно этот принцип особенно важен сегодня в эпоху глобальных перемен. Ваша страна последовательно демонстрирует, как может выглядеть устойчивое и ориентированное на человека развитие», — подчеркнула Диене Кейта. Кроме того, представитель ЮНФПА отметила высокий уровень технологического оснащения и внедрения ИИ-решений в системе здравоохранения РК. В ходе посещения городской больницы в г. Астане Диене Кейта обратила внимание на современное оснащение медицинского учреждения, отметив его соответствие ведущим мировым клиникам. Справочно: По данным Министерства здравоохранения РК, за последние 5 лет показатели материнской смертности снижены на 35%, младенческой – на 25%. В стране реализуется комплексная программа «Аналар саулығы», направленная на укрепление здоровья будущих матерей. В регионах функционируют 90 Молодежных центров здоровья. #Олжас Бектенов #Здравоохранение #Международное сотрудничество #Охрана прав детей Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться
12 Мамыр 2026, 18:37
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесу өткізді.
Онда денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимыл, ана мен баланы қорғау, репродуктивті денсаулық, әйелдер мен жастарды қолдау мәселелері талқыланды.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше мән береді. ҚР Үкіметі ұлттық басымдықтарымызға сәйкес БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорымен әріптестікті одан әрі кеңейтуге дайын. ЮНФПА-ның Астанадағы елдік кеңсесінің жұмысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды үйлесімді түрде толықтырады. Бірлескен күш-жігермен біз неғұрлым әділетті және инклюзивті қоғам құрамыз» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры өз кезегінде Мемлекет басшысының атына сәлемін жеткізіп, Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктерін жоғары бағалады. Қордың стратегиялық бастамаларға сараптамалық қолдауды жалғастыруға дайын екендігі атап өтілді.
«БҰҰ бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты даму секілді үш басты мақсат негізінде құрылған. Қазақстанның саясаты осы қағидаттарға толық сәйкес келеді. Ана өлімінің төмендеуі елде әйелдер мен халықтың денсаулығына қаншалықты үлкен көңіл бөлінетінін көрсетеді, ал жастарға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында көрсетіліп отырған қамқорлық жоғары бағаға лайық.
Біз ЮНФПА-да Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Мен Қазақстанның жаңа Конституциясына ерекше тоқталғым келеді, оның өзегінде адам құқықтары мен таңдау еркіндігі жатыр — дәл осы қағидат бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде аса маңызды. Қазақстан орнықты және адам игілігіне бағытталған дамудың қалай жүзеге асуы керек екенін жүйелі түрде көрсетіп келеді» , — деп атап өтті Диене Кейта.
Сонымен қатар ЮНФПА өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі технологиялық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін және жасанды интеллект шешімдерінің енгізіліп жатқанын атап өтті. Астана қаласындағы қалалық ауруханаға барған кезде Диене Кейта медициналық мекеменің заманауи жабдықталуына назар аударып, оның әлемнің жетекші клиникалары деңгейіне сәйкес келетінін айтты.
Анықтама: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда ана өлімінің көрсеткіші 35%-ға, нәресте өлімінің көрсеткіші 25%-ға төмендеген. Елімізде болашақ аналардың денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» кешенді бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлерде 90 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз