статья

Реализация Указа Президента по внедрению ИИ в образовательный процесс: Премьер-министр акцентировал внимание Минпросвещения

Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында білім беру жүйесіне ЖИ енгізу: Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігі жұмысына назар аударды

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 26 мая 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Поручение

Доработать учебные программы по новой Конституции и основам ИИ до конца каникул.

Оценка

Усилить профилактику защиты детей от интернет-угроз.

26 Май 2026, 11:11 Реализация Указа Президента по внедрению ИИ в образовательный процесс: Премьер-министр акцентировал внимание Минпросвещения На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос о внедрении технологий искусственного интеллекта в образовательный процесс в рамках Указа от 12 мая т.г. Главы государства Касым-Жомарта Токаева. «Это очень важный документ. Все поручения Президента необходимо выполнять своевременно и качественно» , — подчеркнул Олжас Бектенов. Заслушан доклад министра просвещения Жулдыз Сулейменовой. Ведомством ведется соответствующая работа. Первое. Разработан проект Комплексного плана по внедрению технологий искусственного интеллекта в систему среднего образования на 2026 - 2029 годы. В установленном порядке документ будет внесен в Правительство. Комплексный план предусматривает развитие цифровой и инфраструктурной готовности школ; подготовку педагогических кадров; применение AI-решений в образовательном процессе. Совместно с местными исполнительными органами сформирован перечень из 500 школ, готовых к участию в пилотном проекте, из них 250 малокомплектных школ; 150 общеобразовательных школ; 100 Келешек мектептері. Проведен анализ уровня цифровой инфраструктуры, качества высокоскоростного интернета, обеспеченности компьютерной техникой, кадрового потенциала и готовности организаций образования к внедрению AI-решений. Второе. Подготовка педагогов. На сегодняшний день более 350 тыс. педагогов прошли обучение по вопросам применения искусственного интеллекта в учебном процессе. Дополнительно в летний период планируется организация обучения педагогов пилотных школ по направлениям: цифровая педагогика; методики обучения; практическое применение AI-инструментов в образовательном процессе. Третье. С учетом рекомендаций члена Совета по развитию искусственного интеллекта Ли Кай-Фу планируется реализация отдельного проекта по внедрению AI-решений в образовательный процесс. I этап (1 сентября – 26 октября 2026 года): запуск проекта в 10 малокомплектных пилотных школах с казахским и русским языками обучения; определены пилотные регионы: Кызылординская и Павлодарская области; апробация будет проводиться в 4-х классах по предметам: ана тілі, Математика, цифровая грамотность и ИИ. II этап (3 ноября – 23 декабря 2026 года): расширение пилота до 50 школ. III этап (8 января – 24 мая 2027 года): дополнительный охват еще 300 школ. Четвертое. Параллельно будет внедряться национальная AI-платформа образования, обеспечивающая персонализированное обучение, адаптивные задания, аналитику образовательных результатов в режиме реального времени и своевременное выявление образовательных дефицитов обучающихся. Пятое. Отдельный блок Комплексного плана посвящен вопросам цифровой безопасности и безопасного применения искусственного интеллекта. Предусматривается внедрение стандартов применения искусственного интеллекта в образовании, механизмов академической честности, защиты персональных данных детей, а также системы обязательной экспертизы цифрового образовательного контента. Отдельное внимание в ходе заседания уделено вопросу обеспечения цифровой безопасности детей. Премьер-министр отметил необходимость усиления профилактической работы по защите детей от интернет-мошенничества, буллинга, противоправного контента и иных деструктивных воздействий министерствами просвещения, внутренних дел и информации. Также Олжас Бектенов поручил доработать до конца каникул учебные программы и методические материалы для практического изучения новой Конституции и основ ИИ. «Особую важность имеет воспитательная работа с детьми и подростками. За летний период необходимо доработать все учебные программы и методические рекомендации для практического изучения в образовательном процессе новой Конституции и основ искусственного интеллекта» , –– подчеркнул Премьер-министр. Общая координация закреплена за заместителем Премьер-министра – министром культуры и информации Аидой Балаевой. #Заседание Правительства #Искусственный интеллект #Образование #Охрана прав детей #Цифровизация Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

26 Мамыр 2026, 11:11

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 мамыр күні қол қойылған Жарлығы шеңберінде орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралды.

«Бұл – өте маңызды құжат. Президенттің барлық тапсырмасын уақтылы әрі сапалы орындау қажет» , — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Министрлік тиісті жұмыстар бастағанын баяндады.

Бірінші. 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Құжат белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізіледі.

Кешенді жоспарда мектептердің цифрлық және инфрақұрылымдық дайындығын дамыту; педагог кадрларды даярлау; білім беру процесінде AI-шешімдерді қолдану көзделген.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилоттық жобаға қатысуға дайын 500 мектептің тізімі қалыптастырылды, оның ішінде 250 шағын жинақты мектеп; 150 жалпы білім беретін мектеп; 100 «Келешек мектептері».

Қазіргі таңда мектептердің цифрлық инфрақұрылымына, жоғары жылдамдықты интернет сапасына, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуіне, кадрлық әлеуетке және білім беру ұйымдарының AI-шешімдерді енгізуге дайындығына талдау жүргізілді.

Екінші. Педагогтерді даярлау. Бүгінде 350 мыңнан астам педагог оқу процесінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану бойынша арнайы оқытудан өтті. Сонымен қатар OpenAI компаниясының GPT-edu платформасын пайдалану үшін 100 мың педагогқа лицензия берілді. Қазіргі таңда мұғалімдер жасанды интеллектіні оқу процесінде белсенді қолданып, оқу контентін бейімдеп тиімді пайдалануда.

Қосымша ретінде, жазғы кезеңде пилоттық мектептердің педагогтерін цифрлық педагогика, заманауи оқыту әдістемелері және білім беру процесінде AI-құралдарын практикалық тұрғыда қолдану бағыттары бойынша кезең-кезеңімен оқыту жоспарлануда. Бұл бастамалар педагогтердің цифрлық құзыреттерін арттыруға, оқыту сапасын жетілдіруге және білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.

Үшінші. Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі Кай-Фуд Лидың ұсынымдарын ескере отырып, білім беру процесіне AI-шешімдерді енгізу бойынша жеке жобаны іске асыру жоспарлануда.

І кезең (2026 жылғы 1 қыркүйек – 26 қазан):

• қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 10 шағын жинақты пилоттық мектепте жобаны іске қосу;

• пилоттық өңірлер ретінде Қызылорда және Павлодар облыстары айқындалды;

• апробация 4-сыныптарда «Ана тілі», «Математика», «Цифрлық сауаттылық» және «Жасанды интеллект» пәндері бойынша жүргізіледі.

ІІ кезең (2026 жылғы 3 қараша – 23 желтоқсан): пилотты 50 мектепке дейін кеңейту.

ІІІ кезең (2027 жылғы 8 қаңтар – 24 мамыр): қосымша тағы 300 мектепті қамту.

Төртінші. Сонымен бірге, дербестендірілген оқытуды, бейімделген тапсырмаларды әзірлеуді, білім нәтижелерін нақты уақыт режимінде талдауды және білім алушылардың оқу олқылықтарын уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін ұлттық AI-білім беру платформасы енгізілетін болады.

Бесінші. Кешенді жоспардың жеке бөлімі цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану мәселелеріне арналған.

Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану стандарттарын, академиялық адалдық тетіктерін, балалардың дербес деректерін қорғауды, сондай-ақ цифрлық білім беру контентіне міндетті сараптама жүргізу жүйесін енгізу көзделуде.

Отырыс барысында балалардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Оқу-ағарту, Ішкі істер және Ақпарат министрліктері балаларды интернет-алаяқтықтан, буллингтен, құқыққа қайшы контенттен және өзге де деструктивті әсерден қорғау бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуі қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Олжас Бектенов жазғы маусымда жаңа Конституцияны және ЖИ негіздерін практикалық тұрғыда зерделеуге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

«Балалармен және жасөспірімдермен тәрбие жұмысының маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Жаз маусымында жаңа Конституция мен жасанды интеллект негіздерін білім беру жүйесінде оқытуға арналған барлық оқу бағдарламалары мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жұмыстарын аяқтау қажет» , — деп атап өтті Премьер-министр.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бекітілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз