статья

Граждане 105 стран могут въехать в Казахстан по электронным визам

105 елдің азаматтары Қазақстанға электрондық визалар бойынша кіре алады

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Правительственный корпус Дата события 9 июня 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Позиция

Министр внутренних дел доложил на заседании Правительства о визовом режиме.

09 Июнь 2026, 12:07 Граждане 105 стран могут въехать в Казахстан по электронным визам В Казахстане действуют упрощенные процедуры для въезда и пребывания иностранных гостей, призванные создать благоприятные условия для развития туризма. Об этом на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова сообщил министр внутренних дел Ержан Саденов. По его словам, наряду с цифровизацией процессов в республике активно развивается и транспортная доступность, а также ведется системная работа по обеспечению безопасности отдыхающих в ключевых туристических локациях. «На сегодня по электронным визам могут въехать граждане 105 стран без обращения в посольства. Также организована выдача виз: Digital Nomad Visa – для IT-специалистов, Neo Nomad Visa – для туристов. Принимающая сторона уведомляет о прибытии в онлайн-формате» , — подчеркнул Ержан Саденов. К тому же, в аэропортах и крупных пограничных переходах осуществляется выдача «туристических карт» с QR-кодом, содержащих необходимую информацию о правилах пребывания и контактах экстренных служб. Для расширения спектра миграционных услуг создается мобильное приложение QazETA. Дополнительно в местах достопримечательностей и национальных парках 18 регионов обеспечивают безопасность подразделения туристической полиции, сотрудники которой владеют иностранными языками. #Заседание Правительства #МВД РК #Туризм Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

09 Маусым 2026, 12:07

Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды», — деп атап өтті Ержан Сәденов.

Сондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.

Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген. Сонымен қатар әкімдіктерге туристік нысандардың иелерімен бірлесіп оларды ІІО ЖБО интеграциясымен бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды қамтамасыз ету, туристік полицияны штаттық нығайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Жалпы, Министрлік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз