Новая Конституция расширяет права и возможности женщин во всех сферах – Спикер Сената
Жаңа Конституция барлық саладағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді – Сенат Төрағасы
The new Constitution expands women's rights and opportunities in all areas – Senate Speaker
Паспорт доказательности qazvision:document:3355 · 26ee1e9bad52
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 26ee1e9bad52514d6727f85b23cc82883ef9335d888e0e93ef41b86bf1e7d291
qazvision:citation:document:MA-2026-A40
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Спикер Сената заявил о последовательной прогрессивной политике поддержки женщин в Казахстане.
Поддержка женщин рассматривается как стратегический драйвер экономического роста и повышения доходов.
Спикер обеспокоен сохраняющимися барьерами для женщин в карьере, политике и принятии решений.
Под председательством Спикера Сената Маулена Ашимбаева состоялось расширенное заседание Клуба экспертов, посвященное гендерной повестке страны в рамках конституционной реформы. Участники проанализировали и обсудили вопросы расширения прав женщин на участие в государственном управлении, а также их вклад в модернизацию Казахстана через вовлеченность в принятие решений и другие актуальные задачи в этом направлении. Реализация гендерного баланса была отмечена как стратегический приоритет курса Президента, требующий четких шагов и новых подходов. Открывая работу заседания Клуба, Маулен Ашимбаев подчеркнул, что в стране последовательно проводится прогрессивная политика, ориентированная на поддержку женщин. По поручению Главы государства в стране сформирована прочная правовая база, важнейшим элементом которой является Концепция семейной и гендерной политики до 2030 года. Спикер Сената акцентировал внимание экспертов на том, что гендерная политика – это важнейший инструмент развития современного Казахстана. Использование разного опыта и компетенций делает государство сильнее. В этом контексте равенство становится не только вопросом справедливости, но и необходимым условием для экономического роста и принятия качественных решений. « Президент Казахстана Касым-Жомарт Кемелевич Токаев обозначил курс на ускоренное развитие страны и рост благосостояния казахстанцев, которые невозможны без полного раскрытия потенциала женщин. Статистика подтверждает, что женщины в Казахстане все активнее ведут бизнес, создают рабочие места и развивают регионы. И здесь хочу особо подчеркнуть, что поддержка женской экономической активности – это не мера социальной поддержки или благотворительный жест. Это стратегический драйвер роста, обеспечивающий экономическое развитие и увеличение доходов населения », – сказал Председатель Сената. Вместе с тем, Маулен Ашимбаев выразил обеспокоенность тем, что несмотря на проводимые реформы, женщины всё еще сталкиваются с ограничениями в карьере, профессиональной сегрегацией и слабой представленностью в политике и на уровне принятия стратегических решений. Для устранения системных барьеров и выработки инновационных стимулов для обеспечения гендерного паритета были обозначены приоритетные направления работы Палаты и экспертного сообщества. Особая роль в этом процессе отводится нормам новой Конституции, которые не только закрепляют правовой статус женщин, закрепляет принципы равных возможностей, усиливает механизмы гражданского участия, предусматривает защиту семьи, материнства и детства, но и создают реальные условия для их масштабного участия в политической и общественной жизни страны. « В проекте новой Конституции мы видим, что в центре реформ находится человек, его достоинство и право на развитие независимо от гендерной принадлежности. И это показатель зрелости нашей политической системы. Женское лидерство становится нормой для нашей страны. Именно конституционные нормы определяют равенство прав и возможностей всех граждан, усиливают механизмы гражданской активности и обеспечивают защиту материнства и семьи. Это закладывает прочный фундамент для полноценной самореализации и участия женщин в управлении государством и развитии общества », – отметил он, обращаясь к участникам встречи. В ходе заседания Клуба также выступили заместитель Руководителя Администрации Президента РК Асель Жанасова, политический консультант Назым Жангазинова, медиаменеджер Махаббат Есен, бронзовый призёр Олимпийских игр 2024 года Назым Кызайбай, учредитель и директор общественного фонда Teach for Qazaqstan Гульнара Салмен, заместитель директора компании «1С-Рейтинг» Валерия Коцур, директор по работе с клиентами Microsoft Central Asia Толкын Нурушева, секретарь партии «AMANAT» Шолпан Каринова, женская сборная сил специального назначения Казахстана «Tomiris», признанной лучшей на турнире UAE SWAT Challenge 2026, а также члены Клуба экспертов при Сенате Парламента РК. Обсуждение охватило как показатели казахстанских реформ в сфере гендерного равенства, так и зарубежные кейсы, которые эксперты предложили внедрить в казахстанскую практику для усиления позиций женщин в условиях современных вызовов. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара конституциялық реформа аясында елдегі гендерлік күн тәртібіне арналды. Жиын барысында әйелдердің мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтарын кеңейту мәселелері, сондай-ақ, шешім қабылдау үдерістеріне тарту арқылы олардың Қазақстанды жаңғыртуға қосып отырған үлесі және осы бағыттағы өзекті міндеттер талқыланды. Гендерлік теңгерімді қамтамасыз ету Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саяси бағдардың стратегиялық басымдығы екені айтылып, бұл бағытта нақты қадамдар мен жаңа тәсілдер керектігіне мән берілді.
Клуб отырысын ашқан Мәулен Әшімбаев елімізде әйелдерді қолдауға бағытталған прогрессивті саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда бұл салада берік құқықтық негіз қалыптасқан. Оның маңызды тетіктерінің бірі 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы екені анық.
Сенат Төрағасы гендерлік саясат қазіргі Қазақстанды дамытуда маңызды құрал екенін тілге тиек етті. Әртүрлі тәжірибе мен құзыреттерді тиімді пайдалану мемлекетті күшейтеді. Осы тұрғыдан алғанда, теңдік тек әділеттілік мәселесі ғана емес, сонымен қатар экономикалық өсуге қол жеткізудің және сапалы шешімдер қабылдаудың маңызды шарты саналады.
« Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің жедел дамуы мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бағдарын айқындап берді. Бұл әйелдер қауымының әлеуетін толық ашпай көздеген мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Статистика көрсеткендей, Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлікпен белсенді айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлердің дамуына үлес қосып келеді. Осы орайда әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау тек әлеуметтік көмек немесе қайырымдылық шарасы емес екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл қадам – экономикалық өсімді қамтамасыз ететін және халық табысын арттыратын стратегиялық драйвер », – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, әйелдер әлі де мансап жолында шектеулерге, кәсіби сегрегацияға тап болатынына және саясатта, стратегиялық шешімдер қабылдау деңгейінде олардың өкілдіктері әлі де арттыруды қажет ететініне алаңдаушылық білдірді. Осы жүйелі кедергілерді жою және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін инновациялық ынталандыру тетіктерін қалыптастырудың маңызы зор. Осыған байланысты Палата мен сарапшылар қауымдастығының бірлескен жұмысының басым бағыттары белгіленді.
Бұл үдерісте жаңа Конституция нормаларына ерекше мән беріледі. Аталған құжат әйелдердің құқықтық мәртебесін бекітіп қана қоймай, тең мүмкіндіктер қағидатын айқындайды, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу тетіктерін күшейтеді. Сондай-ақ отбасыны, ана мен баланы қорғауды басты назарға алады. Әйелдердің елдің саяси және қоғамдық өміріне кеңінен қатысуына нақты жағдай жасау да басым бағыттардың бірі ретінде белгіленіп отыр.
« Жаңа Конституция жобасында реформалардың өзегінде адам, оның қадір-қасиеті және гендерлік айырмашылыққа қарамастан тең даму құқығы тұрғанын көреміз. Бұл – біздің саяси жүйеміздің кемелденгенінің белгісі. Әйелдер көшбасшылығы еліміз үшін қалыпты құбылысқа айналып келеді. Конституциялық нормалар барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін айқындайды, азаматтық белсенділік тетіктерін күшейтеді және ана мен отбасының қорғалуын қамтамасыз етеді. Мұның бәрі әйелдердің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына, мемлекеттік басқаруға және қоғамның дамуына белсенді қатысуына қажетті берік негіз қалайды », – деді Мәулен Әшімбаев.
Сарапшылар клубының отырысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова, саяси консультант Назым Жанғазинова, медиаменеджер Махаббат Есен, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Teach for Qazaqstan қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі директоры Гүлнар Сәлмен, «1С-Рейтинг» компаниясы директорының орынбасары Валерия Коцур, Microsoft Central Asia компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Толқын Нұрышева, «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова, 2026 жылғы UAE SWAT Challenge турнирінде үздік деп танылған Қазақстан арнайы мақсаттағы күштерінің әйелдер құрамасы «Tomiris», сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері қатысты.
Талқылау барысында Қазақстандағы гендерлік теңдік саласындағы реформалардың көрсеткіштері сөз болды. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер жағдайында әйелдердің рөлін күшейту үшін қазақстандық тәжірибеге енгізуге болатын шетелдік үлгілер ұсынылды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)
Chaired by Senate Speaker Maulen Ashimbayev, an expanded meeting of the Experts' Club was held on the country's gender agenda within the framework of constitutional reform. Participants analyzed and discussed issues related to expanding women's rights to participate in public administration, as well as their contribution to Kazakhstan's modernization through inclusion in decision-making and other pressing issues. Achieving gender balance was identified as a strategic priority of the President's policy, requiring clear steps and new approaches.
Opening the Club meeting, Maulen Ashimbayev emphasized that the country is consistently pursuing progressive policies aimed at supporting women. At the instruction of the Head of State, a solid legal framework has been established, the most important element of which is the Concept of Family and Gender Policy until 2030.
The Senate Speaker emphasized to the experts that gender policy is a crucial tool for the development of modern Kazakhstan. The use of diverse experiences and competencies makes the state stronger. In this context, equality becomes not only a matter of justice but also a prerequisite for economic growth and high-quality decision-making.
"Kazakh President Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev has outlined a course for accelerated development of the country and increased prosperity for Kazakhstanis, which are impossible without fully realizing women's potential. Statistics confirm that women in Kazakhstan are increasingly active in business, creating jobs, and developing regions. And here I would like to emphasize that supporting women's economic activity is not a measure of social support or a charitable gesture. It is a strategic growth driver, ensuring economic development and increasing incomes," said the Senate Speaker.
At the same time, Maulen Ashimbayev expressed concern that, despite the reforms being implemented, women still face career limitations, occupational segregation, and underrepresentation in politics and strategic decision-making. Priority areas for the Chamber and the expert community were identified to eliminate systemic barriers and develop innovative incentives to ensure gender parity.
The provisions of the new Constitution play a special role in this process. They not only enshrine the legal status of women, enshrine the principles of equal opportunity, strengthen civic participation mechanisms, and provide for the protection of family, motherhood, and childhood, but also create real conditions for their widespread participation in the country's political and public life.
"In the draft new Constitution, we see that the reforms center on the individual, their dignity, and their right to development, regardless of gender. This is an indicator of the maturity of our political system. Women's leadership is becoming the norm for our country. It is constitutional norms that define equal rights and opportunities for all citizens, strengthen mechanisms for civic engagement, and ensure the protection of motherhood and family. This lays a solid foundation for women's full self-realization and participation in government and societal development," he noted, addressing the meeting participants.
The Club meeting also featured speeches by Deputy Chief of Staff of the Presidential Administration of the Republic of Kazakhstan Asel Zhanasova, political consultant Nazym Zhangazinova, media manager Makhabbat Yesen, 2024 Olympic bronze medalist Nazym Kyzaybay, founder and director of the Teach for Kazakhstan public foundation Gulnara Salmen, Deputy Director of 1C-Rating Valeriya Kotsur, Client Services Director of Microsoft Central Asia Tolkyn Nurusheva, Secretary of the AMANAT party Sholpan Karinova, the Tomiris women's special forces team of Kazakhstan, recognized as the best at the UAE SWAT Challenge 2026 tournament, and members of the Experts Club under the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan. The discussion covered both Kazakhstan's gender equality reform indicators and international case studies, which the experts proposed incorporating into Kazakhstani practice to strengthen the position of women in the face of modern challenges.
(Press department of the Senate, 74-72-27. Photo - N. Baybulin)