Поддержка инклюзии является неотъемлемой частью построения Справедливого Казахстана – Маулен Ашимбаев
Инклюзияны қолдау – Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты қағидаттардың бірі – Мәулен Әшімбаев
Supporting inclusion is an integral part of building a Just Kazakhstan – Maulen Ashimbayev
Паспорт доказательности qazvision:document:3335 · 19807e1f1594
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 19807e1f1594f598e284c0155021d3d6c8bab14237c062b723584bf27289df4c
qazvision:citation:document:MA-2026-A26
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Ашимбаев указал на наличие системных барьеров в сфере инклюзии.
Центр инклюзивного спорта, построенный по поручению Главы государства, предоставляет людям с инвалидностью комплексные услуги.
Депутаты готовят законопроекты для усиления поддержки детей с инвалидностью.
Сегодня в Астане на заседании Совета по инклюзии при Сенате депутаты совместно с экспертами профильных организаций обозначили перспективы инклюзивного спорта для реабилитации как детей, так и взрослых людей с инвалидностью. Участники сфокусировались на решении ключевых вопросов, включая нехватку инклюзивной спортивной инфраструктуры в регионах, дефицит кадров в сфере адаптивного спорта и отсутствие единых подходов и методик работы. Открывая работу заседания на тему «Физическая культура и спорт как инструмент социальной реабилитации и инклюзии», Маулен Ашимбаев подчеркнул, что права и свободы человека закреплены в новой Конституции как высший приоритет государства. Особое внимание формированию инклюзивного общества и созданию условий для реализации потенциала каждого гражданина уделяется со стороны Президента страны Касым-Жомарта Токаева. В этом ключе Спикер Сената также отметил уникальность построенного по поручению Главы государства Центра инклюзивного спорта, где люди получают всестороннюю поддержку и широкий спектр услуг: от тренировок и реабилитации до лечения и обучения. «Вопросы развития инклюзивного общества находятся в числе приоритетов политики Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева. Поддержка инклюзии в образовании, спорте, социальной сфере является неотъемлемой частью стратегии построения Справедливого Казахстана, где у каждого человека есть возможность реализовать себя. Активное продвижение идеологии инклюзивного спорта и физической культуры среди людей с инвалидностью является одной из ключевых задач, поставленных Главой государства. Поэтому нам всем важно продолжать активно работать в этом направлении», – сказал он в своем выступлении и высоко оценил достижения казахстанских паралимпийцев по итогам прошедших игр. Кроме того, была отмечена и позитивная динамика развития инклюзивного спорта в стране. Согласно озвученным экспертами данным, на сегодняшний день в Казахстане открыты 16 профильных клубов и 2 специализированные спортшколы. В них регулярно тренируются порядка 8 тысяч спортсменов с инвалидностью. Вместе с тем в ходе обсуждения повестки заседания Спикер Сената отметил и ряд системных барьеров. По мнению участников заседания, преодолеть имеющиеся проблемы возможно лишь совместными усилиями всех заинтересованных сторон, в том числе представителей сферы медицины, образования и социальной защиты. Спикер Сената сообщил, что в настоящее время депутаты готовят ряд законодательных изменений, нацеленных на усиление поддержки детей с инвалидностью. Он также отметил, что инклюзия формируется не только через законы, но и через культуру, просвещение в семье и школе. И в этом направлении предстоит еще очень много работы, импульс которой уже придал фильм «Ерекше», созданный при содействии Казахстанской федерации бочча совместно с компанией Kinopark. Фильм вышел в прокат 19 марта. В ходе обсуждения наряду с депутатами также выступили Председатель Совета по инклюзии при Сенате Ляззат Калтаева , первый вице-министр просвещения Майра Мелдебекова , вице-министр туризма и спорта Серик Жарасбаев , директор ТОО «Ski Park Pioneer» Жанат Каратай , а также представители ВОЗ, члены Клуба экспертов при Сенате и другие. Все подготовленные по итогам заседания Совета предложения и инициативы будут направлены в соответствующие органы для дальнейшей проработки. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)
Бүгін Астанада Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда депутаттар салалық ұйымдардың сарапшыларымен бірлесіп, мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалту жолында инклюзивті спортты дамытудың маңызын талқылады. Отырысқа қатысушылар аталған бағыттағы өзекті мәселелерге тоқталып, өңірлерде инклюзивті спорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігіне, бейімді спорт саласында білікті кадрлардың тапшылығына және қажетті бірыңғай тәсілдер мен жұмыс әдістемелерінің жоқтығына ерекше назар аударды.
Отырыс «Дене шынықтыру мен спорт – әлеуметтік оңалту және инклюзия тетігі» тақырыбына арналды. Іс-шараны ашқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқындалғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті қоғам қалыптастыруға және әрбір азаматқа өз әлеуетін толық іске асыруына қажетті жағдай жасауға ерекше мән беріп отырғанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар Палата Спикері Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған Инклюзивті спорт орталығының бірегей маңызына тоқталып, аталған нысанда азаматтарға жан-жақты қолдау және жаттығу мен оңалтудан бастап, емдеу мен оқытуға дейінгі ауқымды қызмет көрсетілетінін айтты.
«Инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басым бағыттарының бірі. Білім беру, спорт және әлеуметтік салада инклюзияны қолдау қағидаты – әрбір азаматқа өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан құру стратегиясының ажырамас бөлігі. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында инклюзивті спорт пен дене шынықтыру идеологиясын белсенді дәріптеу Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі екенін атап өткен жөн. Сондықтан бәріміз бірлесіп, қолға алынған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру және нақты нәтижелерге қол жеткізу айрықша мәнге ие», – деп, Мәулен Әшімбаев өткен Паралимпиада ойындарында жеңіске жеткен отандық параатлеттердің жетістіктеріне жоғары баға берді.
Отырыс барысында елімізде инклюзивті спортты дамыту бағытында оң динамика қалыптасқаны да назардан тыс қалған жоқ. Сарапшылар келтірген деректерге сәйкес, бүгінде Қазақстанда осы салаға бейімделген 16 клуб пен 2 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді. Онда қазір 8 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар спортшы тұрақты түрде жаттығады. Сонымен бірге Сенат Төрағасы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде саладағы бірқатар жүйелі проблемаларға да назар аударды.
Кездесуге қатысушылар қордаланған мәселелерді шешу медицина, білім беру және әлеуметтік қорғау салалары өкілдерімен бірге барлық мүдделі тараптың бірлескен әрі үйлесімді жұмысын талап ететінін айтты. Осы ретте Палата Спикері қазіргі таңда депутаттар мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауды арттыруға арналған бірқатар заңнамалық түзету әзірлеп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев инклюзия тек заңнамалық тетіктер арқылы ғана емес, сонымен бірге мәдениет және отбасы мен мектептегі дәріптеу жұмыстары арқылы да қалыптасатынына тоқталды. Бұл бағытта әлі де ауқымды жұмыс атқарылуға тиіс екенін айтқан Сенат Төрағасы, осы іске Қазақстан бочча федерациясы ұйытқы болған және Kinopark компаниясымен бірлесіп түсірілген «Ерекше» фильмі тың серпін бергенін жеткізді. Аталған фильм 19 наурыздан бастап прокатқа шыққанын атап өткен жөн.
Отырыста депутаттармен қатар Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің Төрағасы Ләззат Қалтаева , Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Майра Мелдебекова , Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев , «Ski Park Pioneer» ЖШС директоры Жанат Қаратай , сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері және басқа да қатысушылар сөз сөйледі. Кеңесте айтылған барлық ұсыныс пен бастама мұқият зерделеніп, жұмыста ескеру үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)
Today, at a meeting of the Senate's Inclusion Council in Astana, deputies, together with experts from relevant organizations, outlined the prospects for inclusive sports for the rehabilitation of both children and adults with disabilities. Participants focused on addressing key issues, including the lack of inclusive sports infrastructure in the regions, the shortage of personnel in adaptive sports, and the lack of unified approaches and methodologies.
Opening the meeting on "Physical Culture and Sports as a Tool for Social Rehabilitation and Inclusion," Maulen Ashimbayev emphasized that human rights and freedoms are enshrined in the new Constitution as the state's highest priority. President Kassym-Jomart Tokayev places particular emphasis on fostering an inclusive society and creating conditions for each citizen to realize their full potential.
In this vein, the Senate Speaker also noted the uniqueness of the Inclusive Sports Center, built at the behest of the Head of State, where people receive comprehensive support and a wide range of services, from training and rehabilitation to treatment and education.
"Developing an inclusive society is a priority for President Kassym-Jomart Tokayev. Supporting inclusion in education, sports, and social services is an integral part of the strategy for building a Just Kazakhstan, where every person has the opportunity to realize their potential. Actively promoting the ideology of inclusive sports and physical education among people with disabilities is one of the key objectives set by the Head of State. Therefore, it is important for all of us to continue to work actively in this direction," he said in his speech, praising the achievements of Kazakhstan's Paralympic athletes following the recent Games.
Furthermore, the positive dynamics of inclusive sports development in the country were noted. According to expert data, 16 specialized clubs and two specialized sports schools have opened in Kazakhstan to date. Approximately 8,000 athletes with disabilities regularly train there. However, during the discussion of the meeting agenda, the Senate Speaker also noted a number of systemic barriers.
According to the meeting participants, these challenges can only be overcome through the joint efforts of all stakeholders, including representatives from the medical, educational, and social sectors. The Senate Speaker reported that deputies are currently preparing a number of legislative amendments aimed at strengthening support for children with disabilities.
He also noted that inclusion is fostered not only through laws, but also through culture and education in the family and school. Much work remains to be done in this direction, and the film "Erekshe," created with the assistance of the Kazakhstan Boccia Federation and Kinopark, has already provided impetus. The film was released on March 19. Along with the deputies, the discussion also included speakers including Lyazzat Kaltayeva , Chair of the Senate Inclusion Council; Maira Meldebekova , First Deputy Minister of Education; Serik Zharasbayev , Deputy Minister of Tourism and Sports; Zhanat Karatai , Director of Ski Park Pioneer LLC; WHO representatives; members of the Senate Experts Club; and others. All proposals and initiatives developed following the Council meeting will be forwarded to the relevant authorities for further development.
(Press Office of the Senate, 74-72-27. Photo by: N.Baibullin)