Спикер Сената встретился с Председателем ПА ОБСЕ
Сенат Төрағасы ЕҚЫҰ ПА Төрағасымен кездесті
The Senate Speaker met with the OSCE PA President
Паспорт доказательности qazvision:document:3325 · 6092140d66fd
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 6092140d66fde815044e721a3cfd1a5c33715d7799330a1226f81b70c87ee409
qazvision:citation:document:MA-2026-A17
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Ашимбаев отметил важность визита для укрепления связей с ПА ОБСЕ.
Ашимбаев призвал ПА ОБСЕ поддержать инициативу Токаева о создании международной водной организации, подчеркнув её актуальность и необходимость консолидации усилий.
Стороны договорились углублять межпарламентские связи, приоритеты: обмен опытом, инклюзивный диалог, экология.
Председатель Сената Парламента Маулен Ашимбаев встретился с Председателем Парламентской ассамблеи Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе Пере Жоан ом Понсом Сампьетро. Приветствуя Пере Понса, Маулен Ашимбаев подчеркнул стратегическую значимость визита для расширения связей с Парламентской ассамблеей ОБСЕ. В ходе встречи стороны сошлись во мнении о необходимости углубления межпарламентских связей, выделив в качестве приоритетов обмен законотворческим опытом, укрепление инклюзивного диалога и совместное продвижение экологической повестки. В частности, особое внимание уделено было инициативе Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева о создании под эгидой ООН Международной водной организации. « Учитывая текущие тенденции, инициатива Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева о создании международной организации под эгидой ООН приобретает особую актуальность. Этот шаг позволит консолидировать усилия, избежать дублирования функций и вывести водную проблематику в область приоритетного внимания со стороны международного сообщества. Мы призываем ПА ОБСЕ поддержать данную инициативу и активно содействовать диалогу по вопросам управления водными ресурсами. Казахстанские парламентарии готовы к тесному взаимодействию с Ассамблеей, чтобы рекомендации Регионального экологического саммита получили реальное воплощение в повестке Ассамблеи и способствовали укреплению международного сотрудничества в этом направлении », – подчеркнул он. Как отметил Спикер Сената, Казахстан видит в Организации ключевой многосторонний механизм, позволяющий находить эффективные решения в сфере международной безопасности и глобального сотрудничества. « Для Казахстана ОБСЕ остается важным институтом в вопросах укрепления международной безопасности и преодоления региональных кризисов. В условиях растущей международной напряженности Казахстан сохраняет твердую приверженность Хельсинкским принципам. Мы продолжаемтесно взаимодействовать с институтами Организации и с Офисом программ ОБСЕ в Астане по всем трем ключевым измерениям безопасности, что подтверждает нашу нацеленность на конструктивное партнерство », – сказал Председатель Сената в своем выступлении. Вместе с тем участники встречи были проинформированы о проводимой Парламентом работой по законодательному обеспечению реформ, инициированных Президентом Казахстана, по нескольким направлениям. В свою очередь, Председатель ПА ОБСЕ положительно оценил динамику политических преобразований, осуществляемых в Казахстане под руководством Касым-Жомарта Токаева и выразил готовность к укреплению дальнейшего сотрудничества. Кроме того, собеседники обсудили основные вопросы повестки предстоящего круглого стола «Парламентская дипломатия в продвижении климатической повестки и устойчивого развития: перспективы Центральной Азии». В этом ключе Маулен Ашимбаев выразил признательность делегатам за поддержку идей форума, а также назначения сенатора Айнур Аргынбековой Специальным представителем по изменению климата. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының Төрағасы Пере Жоан Понс Сампьетромен кездесті.
Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен байланысты одан әрі кеңейту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық қарым-қатынастарды арттыру, заң шығару тәжірибесімен алмасу, инклюзивті диалогты нығайту және экологиялық күн тәртібін бірлесіп ілгерілету мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ осы бағыттағы басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру мәселесіне ерекше мән берілді.
« Қазіргі үрдістерге байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың БҰҰ аясында халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасы айрықша маңызға ие. Мұндай қадам күш-жігерді біріктіруге, функциялардың қайталанбауына және су мәселесін халықаралық қоғамдастықтың басты назарындағы бағыттардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясын аталған бастаманы қолдауға және су ресурстарын басқару мәселелері бойынша диалогты белсенді ілгерілетуге шақырамыз. Қазақстан Парламентінің депутаттары Өңірлік экологиялық саммиттің ұсынымдары Ассамблеяның күн тәртібінде нақты көрініс тауып, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын », – деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы Қазақстан ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық ынтымақтастық саласында тиімді шешімдер қабылдауға серпін беретін маңызды көпжақты тетік ретінде қарастыратынын тілге тиек етті.
« Қазақстан үшін ЕҚЫҰ халықаралық қауіпсіздікті нығайту және өңірлік дағдарыстарды еңсеру мәселелерінде маңызды институт болып қала береді. Халықаралық шиеленіс артып отырған бүгінгі жағдайда Қазақстан Хельсинки қағидаттарын берік сақтайды. Біз Ұйым институттарымен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен қауіпсіздіктің үш негізгі бағыты бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастырып келеміз. Бұл біздің сындарлы серіктестікке бейіл екенімізді растайды », – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ел Парламенті атқарып отырған жұмыс кеңінен сөз болды.
Өз кезегінде ЕҚЫҰ ПА Төрағасы елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың қарқынына оң баға беріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Бұдан басқа, тараптар «Климаттық сын-қатерлерді еңсеру және орнықты даму жолындағы Парламенттік дипломатия: Орталық Азияның келешегі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелдің негізгі мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев форум идеяларына қолдау білдіргені үшін делегаттарға алғыс білдірді және сенатор Айнұр Арғынбекованың Климаттың өзгеруі жөніндегі арнайы өкіл болып тағайындалғанына назар аударды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)
Chairman of the Senate of the Parliament Maulen Ashimbayev met with the President of the Parliamentary Assembly of the Organization for Security and Cooperation in Europe Pere Juan Pons Sampietro.
Welcoming Pere Pons, Maulen Ashimbayev emphasized the strategic importance of the visit for expanding ties with the OSCE Parliamentary Assembly.
During the meeting, the parties agreed on the need to deepen interparliamentary ties, prioritizing the exchange of legislative experience, strengthening inclusive dialogue, and jointly advancing the environmental agenda. In particular, special attention was paid to the initiative of Kazakh President Kassym-Jomart Tokayev to establish an International Water Organization under the auspices of the UN.
"Given current trends, President Kassym-Jomart Tokayev's initiative to establish an international organization under the auspices of the UN is particularly relevant. This step will consolidate efforts, avoid duplication of functions, and elevate water issues to a priority for the international community. We call on the OSCE PA to support this initiative and actively promote dialogue on water resources management. Kazakhstan's parliamentarians are ready to work closely with the Assembly to ensure that the recommendations of the Regional Environmental Summit are effectively implemented on the Assembly's agenda and contribute to strengthening international cooperation in this area," he emphasized.
As the Speaker of the Senate noted, Kazakhstan views the Organization as a key multilateral mechanism for finding effective solutions in the area of international security and global cooperation.
"For Kazakhstan, the OSCE remains an important institution for strengthening international security and resolving regional crises. In the face of growing international tensions, Kazakhstan remains firmly committed to the Helsinki principles. We continue to work closely with the Organization's institutions and the OSCE Programme Office in Astana across all three key security dimensions, which confirms our commitment to constructive partnership," the Senate Speaker said in his address.
At the same time, the meeting participants were briefed on the Parliament's ongoing work to provide legislative support for the reforms initiated by the President of Kazakhstan in several areas.
In turn, the OSCE PA President commended the dynamics of political reforms underway in Kazakhstan under the leadership of Kassym-Jomart Tokayev and expressed his readiness to strengthen further cooperation.
Furthermore, the interlocutors discussed the key agenda items for the upcoming roundtable discussion, "Parliamentary Diplomacy in Advancing the Climate Agenda and Sustainable Development: Perspectives for Central Asia." In this regard, Maulen Ashimbayev expressed gratitude to the delegates for their support of the forum's ideas, as well as the appointment of Senator Ainur Argynbekova as Special Representative on Climate Change.
(Press department of the Senate, 74-72-27. Photo - N. Baybulin)