Маулен Ашимбаев принял участие в заседании Совета и 60-м пленарном заседании МПА СНГ
Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА Кеңесінің отырысына және 60-пленарлық отырысына қатысты
Maulen Ashimbayev took part in the Council meeting and the 60th plenary session of the IPA CIS
Паспорт доказательности qazvision:document:3308 · e65c1f663fdd
SHA-256 опубликованного текстового слоя: e65c1f663fdd094772a8ce2a60468a659b9cdffec6244dc1b94bcb6c87a5aeb7
qazvision:citation:document:MA-2026-A07
Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2
История изменений
Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы
Рабочий вывод
Что важно в документе
Делегация МПА СНГ подчеркнула прозрачность и легитимность референдума, способствуя объективной оценке.
Парламент Казахстана начинает новый этап развития, основанный на новой Конституции, принятой на референдуме.
На референдуме 15 марта граждане поддержали новую Конституцию, инициированную Президентом.
Спикер Сената Маулен Ашимбаев принял участие в заседании Совета и юбилейном, 60-ом пленарном заседании Межпарламентской Ассамблеи государств-участников Содружества Независимых Государств в Санкт-Петербурге. Выступая на заседании Совета МПА СНГ, Маулен Ашимбаев отметил, что в год своего 30-летия Парламент Казахстана вступает в новый этап развития. Фундаментом этой масштабной модернизации, по его словам, стало принятие новой Конституции, инициированной Президентом страны Касым-Жомартом Токаевым и поддержанной гражданами на республиканском референдуме. Высокую легитимность реформ и строгое соответствие международным стандартам, как было отмечено, подтвердили зарубежные наблюдатели, в том числе авторитетная миссия МПА СНГ. «15 марта состоялся республиканский референдум по проекту новой Конституции Казахстана, на котором наши граждане поддержали инициативу Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева о принятии нового Основного закона страны. Референдум и процесс голосования были организованы открыто, прозрачно и в соответствии с международными стандартами. Большое количество международных наблюдателей проводили мониторинг хода голосования. При этом одна из самых представительных была группа наблюдателей от Межпарламентской Ассамблеи СНГ. Присутствие делегации МПА СНГ в качестве международных наблюдателей на референдуме имело для нас важное значение. Работа миссии дополнительно подчеркнула прозрачность и легитимность состоявшегося голосования, а также способствовала формированию объективной оценки референдума», – подчеркнул Председатель Сената. Спикер Сената поблагодарил миссию МПА СНГ, в которую вошли 58 депутатов и экспертов, за конструктивный подход и эффективную координацию процесса. Он подчеркнул, что Казахстан считает работу наблюдателей важным вкладом в совершенствование электоральных процессов на пространстве Содружества. В ходе выступления на 60-ом пленарном заседании Ассамблеи Маулен Ашимбаев отметил, что текущий год имеет особое символическое значение для всего пространства СНГ. В декабре исполняется 35 лет со дня подписания Алматинской декларации – документа, который заложил политико-правовую основу создания Содружества Независимых Государств, определил его базовые принципы и зафиксировал стремление к конструктивному и взаимовыгодному сотрудничеству. «Алматинская декларация стала отправной точкой формирования новой архитектуры сотрудничества на всем евразийском пространстве. Выступая на заседании Совета глав государств СНГ в Душанбе в октябре прошлого года, Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев подчеркнул: «У нас одна цель – превратить Содружество в пространство созидания и прогресса, новых идей и возможностей». Особую ценность представляет то, что Содружество продолжает поддерживать и развивать атмосферу доверия и взаимного уважения. В условиях глобальной турбулентности существенно возрастает значение парламентской дипломатии. Важно поддерживать такую динамику сотрудничества и укреплять наше межпарламентское взаимодействие во благо всех наших стран», – сказал он. Вместе с тем, Спикер Сената отметил важность направлений работы Межпарламентской Ассамблеи СНГ, подчеркнув, что одним из ключевых является развитие модельного законодательства. «Хотел бы отметить важное направление нашего взаимодействия – развитие модельного законодательства в сфере защиты прав человека, укрепления института семьи и обеспечения безопасности граждан. По инициативе Сената Парламента Казахстана был разработан проект модельного Закона «О противодействии семейно-бытовому насилию». Важно отметить, что работа над документом велась в тесном взаимодействии с Постоянной комиссией МПА СНГ по правовым вопросам, экспертным сообществом, Парламентами стран Содружества. Хотел бы выразить искреннюю признательность всем участникам этой совместной работы за профессиональный подход, открытость к диалогу и вклад в подготовку столь важного модельного закона, направленного на обеспечение прав человека, безопасности женщин и детей», - подчеркнул Маулен Ашимбаев. Отметим, что в ходе пленарного заседания МПА СНГ Закон о противодействии семейно-бытовому насилию, инициатором которого ранее выступил Казахстан, был принят всеми странами-участницами МПА СНГ. Кроме того, на полях Ассамблеи Маулен Ашимбаев встретился с Председателем Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Марленом Маматалиевым . Главной темой обсуждения стали перспективы укрепления межрегиональных связей. Отметив успешный опыт реализации совместных проектов, стороны заявили о готовности дальнейшего наращивания экономического, политического и культурного партнерства между странами. В ходе встречи Спикера Сената Парламента Казахстана с Председателем Меджлиса Туркменистана Дуньягозель Гулмановой речь шла о необходимости обеспечения активного парламентского сопровождения практической реализации достигнутых Главами двух государств договоренностей. Особое внимание было уделено совместным проектам в сфере здравоохранения, транспортно-логистическом и культурно-гуманитарном направлениях. Широкий спектр вопросов торгово-экономического, инвестиционного и культурно-гуманитарного сотрудничества Казахстана и Узбекистана, а также перспективы взаимодействия в рамках многосторонних площадок Маулен Ашимбаев обсудил с Председателем Сената Олий Мажлиса Республики Узбекистан Танзилой Нарбаевой . В частности, была отмечена важность поддержки таких секторов, как водоснабжение, энергетика, экология, сельское хозяйство, цифровизация и продовольственная безопасность. Также Маулен Ашимбаев провел встречи с Председателем Совета Республики Национального собрания Республики Беларусь Натальей Кочановой , Председателем Милли Меджлиса Азербайджанской Республики Сагибой Гафаровой и Председателем Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли Республики Таджикистан Файзали Идизодой . (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – Н.Байбулин)
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына және мерейтойлық 60-пленарлық отырысына қатысты.
Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА Кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, биыл 30 жылдығын атап өтіп отырған Қазақстан Парламенті дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған және республикалық референдумда азаматтар қолдау білдірген жаңа Конституцияны қабылдау аталған ауқымды жаңғырудың негізі екенін де жеткізді.
Сондай-ақ реформалардың жоғары легитимдігі мен халықаралық стандарттарға толық сәйкестігін шетелдік байқаушылар, оның ішінде ТМД ПАА-ның беделді миссиясы растағанына мән берді.
«Қазақстанда биылғы 15 наурызда жаңа Конституция қабылдау бойынша республикалық референдум өтті. Соның нәтижесінде азаматтарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің жаңа Ата Заңын қабылдау жөніндегі бастамасын қолдады. Референдум мен дауыс беру үдерісі ашық, жария әрі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылды. Дауыс беру барысын көптеген халықаралық байқаушылар қадағалады. Солардың ішіндегі ең беделді топтардың бірі – ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы екенін атап өткен жөн. ТМД ПАА делегациясының халықаралық байқаушы ретінде қатысуы біз үшін айрықша маңызға ие. Миссия жұмысы дауыс берудің ашықтығы мен легитимдігін тағы бір мәрте айқындап, референдумға объективті баға беруге ықпал етті», – деді Сенат Төрағасы.
Палата Спикері құрамына 58 депутат пен сарапшы енген ТМД ПАА миссиясына сындарлы ұстанымы мен үдерісті тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан байқаушылардың жұмысын Достастық кеңістігіндегі сайлау үдерістерін жетілдіруге қосылған маңызды үлес деп бағалайтынын тілге тиек етті.
Ассамблеяның 60-пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Мәулен Әшімбаев 2026 жыл ТМД кеңістігі үшін ерекше символдық мәнге ие екенін айтты. Биыл желтоқсан айында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудың саяси-құқықтық негізін қалаған, оның басты қағидаттарын айқындап, сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашқан Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толады.
«Алматы декларациясы бүкіл Еуразия кеңістігінде ынтымақтастықтың жаңа келбетінің қалыптасуына бастау болды. Былтырғы қазан айында Душанбеде өткен ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру», – деді. Осы орайда Достастық аясында сенім мен өзара құрметтің сақталып, нығая түсуі ерекше құндылық екені анық. Қазіргідей жаһандық тұрақсыздық жағдайында парламенттік дипломатияның рөлі арта түскенін көріп отырмыз. Сондықтан осы ынтымақтастықтың қарқынын сақтап, мемлекеттеріміздің игілігі жолында парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту аса маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасы ТМД ПАА қызметінің негізгі бағыттарына да тоқталып, модельдік заңнаманы дамыту маңызды басымдықтардың бірі екеніне назар аударды.
«Адам құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы модельдік заңнаманы дамыту – біздің өзара ықпалдастығымыздың маңызды бағыты. Қазақстан Парламенті Сенатының бастамасымен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» модельдік заң жобасы әзірленді. Құжат ТМД ПАА-ның құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясымен, сарапшылар қауымдастығымен және Достастық елдерінің Парламенттерімен ынтымақтаса отырып дайындалды. Адам құқықтарын қорғауға, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған маңызды заң жобасын әзірлеуге кәсіби тұрғыда атсалысып, диалогқа ашық болған барлық әріптеске шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, ТМД ПАА-ның пленарлық отырысында барлық қатысушы мемлекеттің қолдауының нәтижесінде Қазақстан бастамашы болған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды.
Сондай-ақ Ассамблея алаңында Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті. Кездесуде аймақаралық байланыстарды нығайту перспективалары талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолындағы оң тәжірибеге назар аударып, экономикалық, саяси және мәдени серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.
Қазақстан Сенатының Төрағасы Түрікменстан Мәжілісінің Төрағасы Дуньягозель Гулмановамен де кездесті. Онда екі ел басшылары қол жеткізген келісімдердің іске асырылуын парламенттік деңгейде белсенді қамтамасыз етудің маңызы сөз болды. Әсіресе, денсаулық сақтау, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы бірлескен жобаларға баса мән берілді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, сондай-ақ, көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Нақты айтқанда, сумен қамтамасыз ету, энергетика, экология, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және азық-түлік қауіпсіздігі секілді салаларды қолдаудың маңызы кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика кеңесінің Төрағасы Наталья Кочановамен , Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен және Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси намояндагон Төрағасы Файзали Идизодамен кездесті.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)
Senate Speaker Maulen Ashimbayev took part in the Council meeting and the 60th plenary session of the Interparliamentary Assembly of Member Nations of the Commonwealth of Independent States in St. Petersburg.
Speaking at the IPA CIS Council meeting, Maulen Ashimbayev noted that in the year of its 30th anniversary, the Parliament of Kazakhstan is entering a new stage of development. The foundation of this large-scale modernization, he noted, was the adoption of a new Constitution, initiated by President Kassym-Jomart Tokayev and supported by citizens in a national referendum.
The high legitimacy of the reforms and their strict compliance with international standards, as noted, have been confirmed by foreign observers, including the authoritative IPA CIS mission.
"On March 15, a nationwide referendum on the draft of the new Constitution of Kazakhstan took place, in which our citizens supported the initiative of Head of State Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev to adopt a new Basic Law for the country. The referendum and voting process were organized openly, transparently, and in accordance with international standards. A large number of international observers monitored the voting process. One of the most representative observer groups was from the CIS Interparliamentary Assembly. The presence of the CIS IPA delegation as international observers at the referendum was of great importance to us. The mission's work further underscored the transparency and legitimacy of the vote and contributed to the formation of an objective assessment of the referendum," the Senate Speaker emphasized.
The Senate Speaker thanked the IPA CIS mission, which included 58 deputies and experts, for their constructive approach and effective coordination of the process. He emphasized that Kazakhstan considers the observers' work an important contribution to improving electoral processes in the Commonwealth.
During his speech at the 60th plenary session of the Assembly, Maulen Ashimbayev noted that the current year has a particularly symbolic significance for the entire CIS. December marks the 35th anniversary of the signing of the Almaty Declaration—the document that laid the political and legal foundation for the creation of the Commonwealth of Independent States, defined its fundamental principles, and enshrined a commitment to constructive and mutually beneficial cooperation.
"The Almaty Declaration became the starting point for the formation of a new architecture of cooperation across the Eurasian region. Speaking at the CIS Heads of State Council meeting in Dushanbe last October, President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Kemelevich Tokayev emphasized: 'We have one goal – to transform the Commonwealth into a space of creation and progress, new ideas and opportunities.' Of particular value is the Commonwealth's continued support and development of an atmosphere of trust and mutual respect. In a context of global turbulence, the importance of parliamentary diplomacy is significantly increasing. It is important to maintain this dynamic of cooperation and strengthen our interparliamentary interaction for the benefit of all our countries," he said.
At the same time, the Speaker of the Senate noted the importance of the CIS Interparliamentary Assembly's work areas, emphasizing that one of the key areas is the development of model legislation.
"I would like to highlight an important area of our cooperation: the development of model legislation in the area of human rights protection, strengthening the institution of the family, and ensuring citizen safety. At the initiative of the Senate of the Parliament of Kazakhstan, a draft model law "On Combating Domestic Violence" was developed. Importantly, the work on this document was conducted in close collaboration with the IPA CIS Standing Commission on Legal Issues, the expert community, and the parliaments of the Commonwealth countries. I would like to express my sincere gratitude to all participants in this joint effort for their professional approach, openness to dialogue, and contribution to the development of such an important model law aimed at ensuring human rights and the safety of women and children," emphasized Maulen Ashimbayev.
It should be noted that during the plenary session of the CIS IPA, the Law on Combating Domestic Violence, previously initiated by Kazakhstan, was adopted by all IPA CIS member states.
Furthermore, on the sidelines of the Assembly, Maulen Ashimbayev met with Marlen Mamataliev , Chairman of the Jogorku Kenesh of the Kyrgyz Republic. The main topic of discussion was the prospects for strengthening interregional ties. Noting the successful implementation of joint projects, the parties expressed their readiness to further expand the economic, political, and cultural partnership between the countries.
During the meeting between the Speaker of the Senate of the Parliament of Kazakhstan and the Chairperson of the Mejlis of Turkmenistan, Dunyagozel Gulmanova , the need to ensure active parliamentary support for the practical implementation of the agreements reached by the heads of state was discussed. Particular attention was paid to joint projects in healthcare, transport and logistics, and cultural and humanitarian areas.
Maulen Ashimbayev discussed a wide range of issues related to trade, economic, investment, cultural, and humanitarian cooperation between Kazakhstan and Uzbekistan, as well as prospects for collaboration within multilateral forums, with Tanzila Narbayeva , Chairperson of the Senate of the Oliy Mazhlis of the Republic of Uzbekistan. In particular, the importance of supporting sectors such as water supply, energy, ecology, agriculture, digitalization, and food security was noted.
Maulen Ashimbayev also held meetings with Natalia Kochanova , Chairperson of the Council of the Republic of the National Assembly of the Republic of Belarus, Sagiba Gafarova , Chairperson of the Milli Mazhlis of the Republic of Azerbaijan, and Faizali Idizoda , Chairperson of the Mazhlisi Namoyandagon of the Mazhlisi Oli of the Republic of Tajikistan.
(Press Office of the Senate, 74-72-27. Photo by: N.Baibullin)