Главная / Хронология / Обращение
обращение

В Сенате поздравили с юбилеем заслуженного деятеля страны Адиля Ахмета

Сенатта еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметті мерейтойымен құттықтады

The Senate congratulated the country's honored figure, Adil Akhmet, on his anniversary.

Сенат Парламента Республики Казахстан | Источник ↗ Қазақша ↗ Английский ↗
Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Сенатский корпус Дата события 25 мая 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.
Паспорт доказательности qazvision:document:3307 · 915fd33b047d
ПервоисточникСенат Парламента Республики Казахстан
Обновлено14 августа 2026, 09:01 UTC
ЯзыкиRU, KK, EN
Типы опорыпрямая речь: 2
Покрытиеполное покрытие
Проверка источникафрагмент источника не проверен

SHA-256 опубликованного текстового слоя: 915fd33b047d084c0412c3e8a0f5c0c1492bda2bd40f51a58ffd497f791c0367

ID цитированияqazvision:citation:document:MA-2026-D01 Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2 История изменений
Контекст документа
Сенатский корпус
Тезисы 2 размеченных формулировок внутри документа
Языки 3 RU, KK, EN
Темы 1 тематических входа в этот материал
Геосигналы 0 региональные упоминания не выделены
Тематический состав 1 входов

Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы

Рабочий вывод

Что важно в документе

2 сигнала
Оценка

Ашимбаев подчеркнул связь юбиляра с наукой и образованием Казахстана.

Позиция

Творчество Ахмета служит духовным ориентиром для молодежи.

Торжественное мероприятие к 85-летию члена Совета сенаторов, заслуженного государственного и общественного деятеля, ученого, дипломата Адиля Ахмета состоялось в Сенате Парламента. Поздравительное письмо от имени Президента страны Касым-Жомарта Токаева зачитал Спикер Сената Парламента Маулен Ашимбаев. В поздравительном адресе Главы государства особо отмечается, что народ Казахстана знает и уважает Адиля Курманжановича как мудрого и видного общественного деятеля, опытного дипломата. Принимая самое активное участие в жизни страны, как было подчеркнуто, он внес огромный вклад в укрепление позиций Казахстана на мировой арене. Вместе с тем подчеркивается фундаментальный вклад профессора в становление и развитие отечественной науки, в частности, его признанные исследования и многотомники. Спикер Сената в своем выступлении также обозначил плодотворную дипломатическую деятельность юбиляра, способствовавшую укреплению международного авторитета Казахстана и развитию тюркской интеграции, а также вклад в укрепление парламентаризма. Трудовой путь Адиля Курманжановича, как отметил Маулен Ашимбаев, неотделим от отечественной науки и образования. Будучи руководителем Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана и став первым ректором Казахстанско-Британского технического университета, он заложил фундамент современной национальной системы высшего образования и вывел ее на международный уровень. «Наряду с научной и дипломатической деятельностью Адиль Курманжанович внес огромный вклад и в укрепление национального парламентаризма. Работая в Сенате, он находился в самом центре этой законодательной работы – в частности, будучи секретарем Комитета по международным отношениям, обороне и безопасности, он внес весомую лепту в совершенствование законотворческой деятельности Палаты. Сегодня Адиль Курманжанович, как член Совета сенаторов, является ярким примером того, как профессионализм и колоссальный опыт служат на благо страны. Кроме того, всем известен его созидательный творческий путь: новые книги и труды стали настоящим духовным ориентиром для молодежи», — сказал Маулен Ашимбаев и пожелал ему крепкого здоровья и благополучия. Отметим, в разные годы Адиль Ахмет работал первым заместителем Министра иностранных дел, Чрезвычайным и Полномочным Послом РК в Великобритании, депутатом Сената Парламента РК, наряду с этим занимался научной деятельностью. Поздравили в этот день Адиля Ахмета и его коллеги – члены Совета сенаторов, заслуженные деятели Республики Казахстан, представители интеллигенции. (Пресс-служба Сената, 74-72-27. Фото – А. Байжуманов)

Парламент Сенатында Сенаторлар кеңесінің мүшесі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, дипломат Әділ Ахметтің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысының құттықтауында Қазақстан халқы Әділ Құрманжанұлын көрнекті қоғам қайраткері, ғибратты ғалым, тәжірибелі дипломат ретінде ерекше құрметтейтіні айтылған. Сондай-ақ мерейтой иесінің елдік істерге белсене араласып, Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға үлкен үлес қосқанына мән берілген. Профессордың ұлттық ғылымның дамуына сіңірген еңбегі және іргелі зерттеулері мен көптомдық туындысы әрдайым жоғары бағаланатыны да назарға алынған.

Сенат Төрағасы өз сөзінде қайраткердің еліміздің халықаралық бағыттағы абыройын арттыруға ықпал еткен дипломатиялық қызметіне, сондай-ақ, түркі интеграциясын нығайтуға және ұлттық парламентаризмді дамытуға сіңірген еселі еңбегіне тоқталды.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, Әділ Құрманжанұлының еңбек жолы отандық ғылым және білім саласымен тығыз байланысты. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін нәтижелі басқарып, бұл бағытта айқын қолтаңбасын қалдырды. Қазақстан-Британ техникалық университетін құрып, оның алғашқы ректоры ретінде заманауи ұлттық жоғары білім беру жүйесінің негізін қалады және оны халықаралық деңгейге көтеруге үлкен үлес қосты.

«Әділ Құрманжанұлы ғылыми және дипломатиялық қызметтермен қатар ұлттық парламентаризмді нығайтуға да зор еңбек сіңірді. Сенат депутаты болып, заңнамалық жұмыстың белортасында жүрді. Соның ішінде Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы ретінде Палатаның заң шығару қызметін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Бүгінде Сенаторлар кеңесінің мүшесі ретінде Әділ Құрманжанұлы кәсіби біліктілігі мен мол тәжірибесін ел игілігіне жұмсауда көпке озық үлгі көрсетіп келеді. Мерейтой иесі қайраткерлік пен қаламгерлікті қатар алып жүргені де баршаға мәлім. Әділ Құрманжанұлының жаңа кітаптары мен еңбектері жас буын үшін рухани бағдар ретінде қызмет ете беретіні анық», – деп, Мәулен Әшімбаев қайраткерге зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Әділ Ахмет әр жылдары Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметтерін атқарды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысты.

Салтанатты рәсім аясында Әділ Ахметті Сенаторлар кеңесінің мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері де құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

A gala event to mark the 85th birthday of Adil Akhmet, a member of the Council of Senators, distinguished statesman, public figure, scholar, and diplomat, was held in the Senate of Parliament. Senate Speaker Maulen Ashimbayev read a congratulatory letter on behalf of President Kassym-Jomart Tokayev.

The Head of State's congratulatory address emphasized that the people of Kazakhstan know and respect Adil Kurmanzhanovich as a wise and prominent public figure and experienced diplomat. Taking an active role in the country's affairs, he was noted to have made a significant contribution to strengthening Kazakhstan's position on the global stage. The address also emphasized the professor's fundamental contribution to the development of national science, particularly his acclaimed research and multi-volume publications.

The Speaker of the Senate also highlighted the professor's fruitful diplomatic work, which contributed to strengthening Kazakhstan's international authority and the development of Turkic integration, as well as his contribution to strengthening parliamentarism.

Adil Kurmanzhanovich's career, as Maulen Ashimbayev noted, is inseparable from national science and education. As the head of the Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages and the first rector of the Kazakh-British Technical University, he laid the foundation for a modern national higher education system and brought it to the international level.

"Along with his academic and diplomatic activities, Adil Kurmanzhanovich also made a significant contribution to strengthening national parliamentarism. While serving in the Senate, he was at the very center of this legislative work—in particular, as Secretary of the Committee on International Relations, Defense, and Security, he made a significant contribution to improving the Chamber's legislative work. Today, Adil Kurmanzhanovich, as a member of the Council of Senators, is a shining example of how professionalism and extensive experience serve the country. Furthermore, his creative path is well-known: his new books and works have become a true spiritual guide for young people," said Maulen Ashimbayev, wishing him good health and prosperity.

It's worth noting that Adil Akhmet served as First Deputy Minister of Foreign Affairs, Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of the Republic of Kazakhstan to the United Kingdom, and as a member of the Senate of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, while also pursuing academic work.

Adil Akhmet was also congratulated on this day by his colleagues – members of the Council of Senators, honored figures of the Republic of Kazakhstan, and representatives of the intelligentsia.

(Press Office of the Senate, 74-72-27. Photo by: A. Baizhumanov)