статья

Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінде экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдер бекітілді

Надежность цитирования редакционный фон Человек или должность Правительственный корпус Дата события 3 июня 2026 Материал выглядит как новостной или редакционный фон без подтвержденной содержательной речи.

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Национальный инвестиционный холдинг «Байтерек». Рассмотрены вопросы привлечения финансирования для реализации инвестиционных и инфраструктурных проектов, развития несырьевого экспорта, а также повышения эффективности мер государственной поддержки реального сектора экономики.

В рамках исполнения поручений Главы государства по обеспечению финансирования экономики Совет директоров принял ряд решений, направленных на расширение ресурсной базы холдинга и увеличение поддержки приоритетных отраслей.

Внимание уделено поддержке отечественных экспортеров. Совет директоров одобрил заключение АО «Экспортно-кредитное агентство Казахстана» взаимосвязанных сделок для получения государственной гарантии Республики Казахстан в размере 250 млрд тенге сроком на 10 лет. Реализация данного решения позволит увеличить страховую и гарантийную емкость агентства, расширить инструменты поддержки несырьевого экспорта и повысить доступ бизнеса к экспортному финансированию. Ожидается, что по итогам 2026 года портфель страховых и гарантийных обязательств агентства достигнет 1,2 трлн тенге.

Утвержден План мероприятий по устойчивому развитию холдинга «Байтерек» на 2026–2028 годы. Документ предусматривает совершенствование инструментов «зеленого» и устойчивого финансирования, поддержку проектов, способствующих низкоуглеродному росту, повышение эффективности управления ESG-рисками, прозрачности и качества корпоративного управления. В числе приоритетов также реализация социальных инициатив, совершенствование кадровой политики и внедрение лучших международных ESG-практик. В настоящее время холдинг учитывает 15 из 17 Целей устойчивого развития ООН и последовательно интегрирует соответствующие принципы в работу группы компаний. По итогам 2025 года международное рейтинговое агентство Sustainable Fitch повысило ESG-рейтинг холдинга с уровня «3» до уровня «2», подтвердив соответствие холдинга лучшим мировым стандартам в области устойчивого развития.

По итогам заседания утверждены Консолидированный отчет по рискам, отчет Службы внутреннего аудита и отчет Антикоррупционной комплаенс-службы за I квартал 2026 года.

Справочно: С начала 2026 года в рамках реализации задачи по финансированию экономики на сумму 8 трлн тенге холдингом оказана поддержка бизнесу на общую сумму порядка 3 трлн тенге. В том числе поддержку получили 2 975 проектов малого и среднего бизнеса на сумму порядка 875 млрд тенге. На развитие агропромышленного комплекса направлено около 685 млрд тенге, что позволило поддержать 5,2 тыс. сельхозтоваропроизводителей. Крупному бизнесу предоставлено финансирование, охватившее 380 проектов.

По линии Qazaqstan Investment Corporation профинансировано 5 инвестиционных проектов на сумму 51,5 млрд тенге, в рамках поддержки экспорта по линии Экспортно-кредитное агентство Казахстана направлено 293,5 млрд тенге для поддержки 54 отечественных экспортеров.

Таким образом, холдинг продолжает обеспечивать доступ бизнеса к финансовым инструментам, способствуя развитию предпринимательства, модернизации производства, росту экспорта и укреплению экономики страны.

03 Маусым 2026, 14:00

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының экономиканы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Директорлар кеңесі Холдингтің ресурстық базасын кеңейтуге және басым салаларды қолдауды арттыруға бағытталған бірқатар шешім қабылдады.

Отандық экспорттаушыларды қолдауға баса назар аударылды. Директорлар кеңесі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Қазақстан Республикасының 250 млрд теңге мөлшеріндегі мемлекеттік кепілдігін 10 жыл мерзімге алу үшін өзара байланысты мәмілелер жасауын мақұлдады. Бұл шешімді жүзеге асыру агенттіктің сақтандыру және кепілдік беру әлеуетін арттыруға, шикізаттық емес экспортты қолдау құралдарын кеңейтуге және бизнестің экспорттық қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2026 жылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелер портфелі 1,2 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.

«Бәйтерек» холдингін орнықты дамыту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Құжат «жасыл» және тұрақты қаржыландыру құралдарын жетілдіруді, төмен көміртекті өсуге ықпал ететін жобаларды қолдауды, ESG-тәуекелдерді басқару тиімділігін, корпоративтік басқарудың ашықтығы мен сапасын арттыруды көздейді. Басымдықтардың қатарында әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, кадр саясатын жетілдіру және үздік халықаралық ESG-тәжірибелерді енгізу де бар. Қазіргі уақытта холдинг БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының 15-ін ескереді және тиісті принциптерді компаниялар тобының жұмысына дәйекті түрде біріктіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі холдингтің тұрақты даму саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сәйкестігін растай отырып, холдингтің ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне дейін көтерді.

Отырыс қорытындысында Тәуекелдер бойынша шоғырландырылған есеп, Ішкі аудит қызметінің есебі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің 2026 жылғы I тоқсандағы есебі бекітілді.

Анықтама: 2026 жылдың басынан бері экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру бойынша міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде холдинг бизнеске жалпы сомасы 3 трлн теңгеге қолдау көрсетті. Оның ішінде шамамен 875 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 2 975 жобасына қолдау көрсетілді. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 685 млрд теңге бағытталды, бұл 5,2 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік берді. Ірі бизнеске 380 жобаны қамтитын қаржы бөлінді.

Qazaqstan Investment Corporation желісі бойынша 51,5 млрд теңгеге 5 инвестициялық жоба қаржыландырылды, экспортты қолдау шеңберінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 54 отандық экспорттаушыны қолдау үшін 293,5 млрд теңге бағыттады.

Осылайша, холдинг кәсіпкерліктің дамуына, өндірісті жаңғыртуға, экспорттың өсуіне және ел экономикасының нығаюына ықпал ете отырып, бизнестің қаржы құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз