статья

Выступление Председателя партии «Әділет» Айбека Дадебай на церемонии открытия Республиканского предвыборного штаба

Партия «Әділет» | Источник ↗
Надежность цитирования достаточная опора Человек или должность Персональный корпус Дата события 23 июля 2026 В документе достаточно тезисов для уверенной работы, хотя часть формулировок может быть новостным пересказом.
Паспорт доказательности qazvision:document:3257 · adfa5a5f0fdb
ПервоисточникПартия «Әділет»
Обновлено9 августа 2026, 08:56 UTC
ЯзыкиRU
Типы опорыпересказ позиции: 1; редакционный факт: 18; прямая речь: 10; атрибутированное высказывание: 1
Покрытиеполное покрытие
Проверка источникафрагмент источника не проверен

SHA-256 опубликованного текстового слоя: adfa5a5f0fdbceb4dc8264be7c9e62d368afbdbaac42aef0e552cb351002d2d7

ID цитированияqazvision:citation:document:AD-2026-A19 Ревизия корпуса92c55a5f86034e27 История изменений
Контекст документа
Персональный корпус
Тезисы 30 размеченных формулировок внутри документа
Языки 1 RU
Темы 4 тематических входа в этот материал
Геосигналы 0 региональные упоминания не выделены

Для этого материала доступна одна версия текста. Переключатель в шапке меняет язык интерфейса сайта.

Рабочий вывод

Что важно в документе

3 сигнала
Обязательство

Партия создаст цифровую панель мониторинга для прозрачности своей работы.

Обязательство

Партия будет способствовать превращению инициативы «Таза Қазақстан» в повседневный образ жизни.

Обязательство

Партия отказывается от популизма и будет работать сверх предвыборной программы.

Полный текст

Бүгін – 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды.

Бұл – мемлекет үшін де, қоғам үшін де айрықша мәні бар оқиға.

Біз бүгінде Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Прогрессивті Қазақстанды құру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформалары елімізде түбегейлі, оң өзгерістерге жол ашып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдей түсті.

Биылғы жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция саяси жүйеміздің жаңа архитектурасын қалыптастырып, мемлекеттілігімізді нығайта түсуге кепілдік болып отыр.

Осы орайда, алдағы өтетін сайлау да конституциялық өзгерістердің заңды жалғасы болмақ.

Сегодня официально начинается предвыборная агитационная кампания.

Впереди – выборы депутатов Курултая Республики Казахстан.

Это важная электоральная точка отсчета не только для политических партий, но и для страны в целом.

Новая Конституция была поддержана гражданами на всенародном референдуме и предопределила дальнейший вектор развития Казахстана.

Вступили в силу новые конституционные законы.

Совсем скоро, 1 сентября, заработают новые политические институты – Курултай, Халык кенесі.

Иными словами, идет масштабная подготовка не только к новому политическому сезону.

Но, главное, формируется новая политическая модель современного Казахстана .

Как отметил Глава государства, новая Конституция стала основой формирования нового качества нации.

Каждая норма Основного закона, каждое его положение пронизаны принципом Справедливости.

Конституциялық құндылықтар – «ӘDILET» партиясының да негізі, өзегі болып табылады.

Біз – мемлекетшілдік пен береке-бірлікті, жаңару мен жауапкершілікті бәрінен биік қоятын жоғары парасат пен озық пайымның партиясымыз.

Біз – Президенттің стратегиялық бағдарының саяси тірегіміз.

Сондықтан, «ӘDILET» партиясы Ата заңымыздағы қағидаттарды іске асыру жауапкершілігін өз мойнына алып отыр.

Осы жолда әр азаматтың дауысы мен мұң-мұқтажын, халықтың талабы мен таңдауын ескере отырып, сол талап пен таңдауды ел дамуының игілігіне айналдыру үшін қызмет етуге дайынбыз.

Және бұл миссияны тікелей борышымыз ретінде қабылдаймыз.

Біз әрдайым әділет, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс қағидаттарына арқа сүйейміз.

Бұл қағидаттар партиямыздың саяси бағдарламасында да тайға таңба басқандай жазылған.

Осы орайда, «ӘDILET» партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының реформаларын, еліміздің алдында тұрған зор мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолында барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

Ол үшін алдағы саяси додада бізге тек жеңіс керек!

Біз күмәнсіз, таза жеңіс арқылы ғана азаматтарымыздың алдында өзіміздің қоғамды жұмылдыруға, ұйыстыруға қабілетті екенімізді дәлелдей аламыз.

Бәрі өзіміздің қолымызда.

Бізде орасан ресурс та, бай тәжірибе де бар.

Жеңіске деген ерік-жігер мен құлшыныс та бар.

Ең бастысы, біздің Қазақстанды Әділетті, дамыған әрі гүлденген елге айналдырсақ деген арман-мақсатымыз бар.

Партия «Әділет» пришла в политику с четкими задачами.

Во-первых, мы – партия нового формата, рожденная в самом сердце масштабной трансформации.

Наша политическая сила выросла вместе с нашей страной.

Мы связываем с Казахстаном свое будущее и будущее своих детей и внуков.

Поэтому четко осознаем личную ответственность за ее дальнейший поступательный прогресс.

Во-вторых, за короткий срок мы сумели объединить более 800 000 граждан.

Сегодня мы уверенно вступаем в электоральную кампанию.

Партия смогла сформировать мощную команду из 186 сильных кандидатов.

Наш список представляет всю структуру общества.

В нем представлены ученые, врачи, педагоги, предприниматели, инженеры, эксперты в сфере цифровизации и защиты прав граждан.

Средний возраст нашей команды – 45 лет.

Это возраст расцвета сил, зрелой ответственности и глубокого профессионализма.

В-третьих, у нас есть четкое и ясное видение будущего.

Оно отражено в нашей Предвыборной программе, которая должна стать реальным инструментом влияния на будущее страны.

Мы понимаем, что общество устало от пустых обещаний и красивых деклараций.

Наступило время для совместной работы над реализацией нового общественного договора.

И от того, как мы с вами выстроим диалог с каждым избирателем – зависит многое.

Уверен, каждый партиец понимает важность этого момента.

Особая ответственность ложится на плечи наших кандидатов, их доверенных лиц и всего партийного актива.

На активную, интенсивную работу у нас есть только 30 дней агитации.

Каждый из нас должен выложиться на 100%.

Қадірлі партияластар!

Сайлау қарсаңында «Әділет» партиясы өзінің «Әділетті болашақ үшін» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасын жариялады.

Партиямыздың Сайлауалды бағдарламасы – нақты іс пен жоспарға, тиянақты әрі табанды шешімдерге негізделген кешенді құжат.

Тәжірибе мен уақыт екшеуінен, азаматтарымыздың талғам таразысынан өткен шынайы құндылықтардың жиынтығы.

Баршамыздың ендігі міндетіміз – Сайлауалды бағдарламаны халыққа жеткізіп, егжей-тегжейлі насихаттау, түсіндіру болмақ.

Біздің бағдарламаның басты ұстыны – адам мен оның әл-ауқаты, отбасы мен өмір сүруге жайлы жағдай жасау.

Біз бағдарламада өзекті мәселелердің уақытша шешіміне емес, еліміздің ұзақмерзімді, жүйелі дамуына басты назар аударып отырмыз.

Осы ретте, Бағдарламаны дайындауға сайлаушылардың өздері тікелей атсалысқанын да атап өткім келеді.

Біз үлкен, ауқымды жұмыс жүргіздік:

Заманауи цифрлық құралдар мен QR-кодтарды пайдалана отырып, тұрғындардың ұсыныстарын жинадық. Сол арқылы әр өңірдегі тұрғындардың үнін тікелей естуге мүмкіндік алдық;

Стратегиялық сессиялар өткізіп, онда танымал сарапшылар мен мамандар әр саланың өткір мәселелерін белгілеп, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды;

Елде іске асырылып жатқан жобаларды, бағдарламалар мен бастамаларды кеңінен талдадық. Олардың осал тұстары мен даму мүмкіндіктерін анықтадық;

Қазақстандықтардың шынайы көңіл-күйі мен талап-тілектерін анықтау үшін партия арнайы әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар жүргізді;

Әр өңірдің, экономиканың әр саласының өзекті мәселелерін айқындап алу үшін елдегі ақпараттық күн тәртібін егжей-тегжейлі зерделедік.

Осы деректер негізінде «Әділет» партиясы ауқымды және нақты шешімдерді әзірледі.

Олардың әрқайсысының артында тиімді тетіктер мен құралдар тұр.

Бір сөзбен айтқанда, «Әділет» партиясы қоғам алдына өз іс-қимылының жүйелі, ауқымды жоспарын ұсынып отыр.

Ол 10 басым бағытты қамтиды:

Біздің партиямыздың бұлжымас ұстанымы – Заң мен Тәртіп қағидаты.

Біз барлық деңгейде тиімді әрі жауапты жұмыс істейтін институттар қалыптастырамыз.

Өңірлік саясатқа жаңаша серпін береміз. Себебі, өңірлер тегеурінді болса, ел де мықты болады.

Біз әділ әрі бәсекелі экономиканы дамытуға күш саламыз.

Еліміздің цифрлық мемлекет ретінде өркендеуіне ерекше маңыз береміз. Бұл – заман талабы.

Біз әлеуметтік көмек пен атаулы қолдауды әділдік қағидатына сүйене отырып жалғастырамыз.

Біз үшін әр азамат, әр адам қымбат. Партия адам капиталын дамытуды әрқашан бірінші орынға қояды.

Біз азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық диалог ортақ құндылыққа, ұлттық бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс деп білеміз.

Партия «Таза Қазақстан» бастамасын күнделікті, қалыпты өмір салтына айналдыруға атсалысады.

Біз Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымдарын жан жақты, толық қолдаймыз, соның ішінде еліміздің жауапкершілігі мол орта держава ретінде орнығуына мүдделіміз.

Каждое наше обещание подкреплено цифрами, сроками и строгими обязательствами .

На ближайшие пять лет партия «Әділет» ставит перед собой 7 флагманских целей.

Первое. Мы намерены создать более комфортные условия жилья – для каждой семьи.

Второе. Мы развернем медицину лицом к человеку, сделаем упор на профилактику и раннюю диагностику.

Благодаря этому каждый человек станет активным, здоровым долгожителем.

Третье. Мы создадим новые качественные рабочие места с официальным трудоустройством, безопасными условиями и честными пенсионными отчислениями.

Четвертое. Мы увеличим долю среднего бизнеса.

Снизим административное давление, уберем барьеры и поможем бизнесу развиваться.

Пятое. Мы улучшим жизнь сельчан и сделаем каждое село процветающим.

Масштабируем программу льготного микрокредитования, обеспечим реальный рост доходов сельских жителей.

Шестое . Мы нацелены на обеспечение продовольственной и энергетической безопасности.

Будем развивать глубокую переработку в агропромышленном комплексе.

Внедрять современные экологичные источники генерации.

Седьмое . Мы внедрим передовые ИИ-технологии во все сферы жизни, обучив работе с искусственным интеллектом – от школьников до взрослых.

Құрметті әріптестер!

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталады.

Әрқайсымыз өңір-өңірге, шалғай ауылдарға дейін барып, партия бағдарламасын, мақсат-міндеттерімізді түсіндіреміз.

Халықтың ұысыныс-пікірін, талап-тілегін тыңдаймыз.

Ең бастысы, халық біздің не ұсынатынымызды, қандай жұмыс атқаратынымызды анық білуі тиіс.

Барлық жұмыс бірыңғай жоспармен әрі үйлесімді жүргізілуі тиіс.

Республикалық сайлауалды штабымыз бар.

Бұдан бөлек, 20 аймақтық және 226 аумақтық штаб жұмыс істейді.

Олар алға қойған міндеттерді орындауға дайын.

Сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінде 30 мың сенімді өкіліміз бар.

Олар да сайлау компаниясына сақадай сай.

Үгіт-насихат жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін еліміз бойынша 247 желілік кесте әзірленіп, 21 мыңнан астам іс-шара жоспарланып отыр.

Әр кездесу ерекше дайындықты, жауапкершілікті талап етеді.

Әрбір іс-шара мұқият әзірленіп, жоғары деңгейде өткізілуі керек.

Сонда ғана біздің идеяларымыз, бастамаларымыз азаматтардың жүрегінен орын алады.

Сонда ғана партияға деген сенім мызғымастай орнығады.

Сондықтан, әр кездесуге мұқият дайындық, зор жауапкершілік қажет.

Партияның Сайлауалды бағдарламасын әр азаматқа, әр отбасына қарапайым әрі түсінікті тілмен, егжей-тегжейлі жеткізу керек.

Азаматтармен ашық, шынайы диалог жүргізген жөн.

Себебі, біз үшін әрбір отандасымыздың талап-тілегі, үні аса маңызды.

Әр сайлаушының дауысы да аса маңызды.

Уважаемые единомышленники!

Все мы знаем, доверие народа необходимо заслужить.

Поэтому партия «Әділет» берет на себя обязательство говорить честно .

Работать открыто, объяснять свои действия и отчитываться за результат.

Нашу работу будут оценивать по тому, насколько меняется жизнь людей, укрепляется доверие к государству и расширяются возможности для достойной жизни.

Партия «Әділет» намерена выстроить принципиально иные отношения с обществом .

Во-первых, мы отказываемся от популизма и имитации «бурной» деятельности.

Наша работа не ограничится пунктами предвыборной программы.

Каждый новый возникающий запрос общества будет учитываться в работе.

Мы никого не оставим без внимания.

Во-вторых, мы берем на себя политическую ответственность.

Каждое обещание, данное партией, станет обязательным для выполнения.

Будущим депутатам в Курултае от нашей партии следует обратить на это особое внимание! (шутливо)

И, наконец, в-третьих, партийная работа будет прозрачной.

Для этого мы создаем специальную цифровую панель мониторинга.

Каждый избиратель через сможет отследить статус инициатив : что начато, что выполнено и каких результатов добилась партия.

Тот факт, что за короткое время к нам присоединились сотни тысяч сторонников , доказывает: наши ценности близки многим.

Люди видят в нас силу , способную менять реальность к лучшему.

Ардақты ағайын!

Біз 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына табанды ерік-жігермен, мызғымас сеніммен бара жатырмыз.

Тағы да қайталап айтамын:

Біздің құндылықтарымыз – халқымыздың, ұлтымыздың құндылықтары, конституциялық құндылықтар.

Біздің мүмкіндіктеріміз бен әлеуетіміз зор.

Біздің жақтастарымыздың қатары мол.

Мыңдаған тәжірибелі партияластарымыз бар.

Он мыңдаған белсенді жастарымыз бар.

Ең бастысы, біздің күшіміз – халқымыздың қолдауында!

Және сол қолдаумен 23 тамыздағы сайлауда жеңіске жететінімізге кәміл сенімдіміз!

Өз мемлекетінің Әділетті әрі Қуатты болғанын, өз болашағының жарқын әрі прогрессивті болғанын қалайтын барлық қазақстандықты алдағы сайлауға белсенді қатысып, қапысыз таңдау жасауға шақырамыз!

Әділет жолын бірге таңдайық!

«ӘDILET» партиясының Сайлауалды штабының жұмысын ашық деп жариялаймын!

Баршамызға сәттілік серік болсын!