статья

В Казахстане планируется реконструировать порядка 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения

Қазақстанда 1,9 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау жоспарлануда

Надежность цитирования ограниченная опора Человек или должность Отраслевой корпус Дата события 28 июля 2026 Документ полезен, но тезисов мало: для выводов лучше сразу перепроверять первоисточник.
Паспорт доказательности qazvision:document:3238 · 2096f69c57ed
ПервоисточникPrimeminister.kz
Обновлено2 августа 2026, 14:25 UTC
ЯзыкиRU, KK
Типы опорыатрибутированное высказывание: 1
Покрытиеполное покрытие
Проверка источникафрагмент источника не проверен

SHA-256 опубликованного текстового слоя: 2096f69c57ed8fb6fdf248001c3135e9bf7b6250bb2d77f11301cec43babb052

ID цитированияqazvision:citation:document:M17-2026-A08 Ревизия корпусаb9ac88562e0695c2 История изменений
Контекст документа
Отраслевой корпус
Тезисы 1 размеченных формулировок внутри документа
Языки 2 RU, KK
Темы 1 тематических входа в этот материал
Геосигналы 0 региональные упоминания не выделены
Тематический состав 1 входов

Источник: опубликованные тезисы Qaz.Vision Открыть тезисы

Рабочий вывод

Что важно в документе

1 сигнал
Оценка

Министр подчеркнул, что в настоящее время на электронной платформе Нацпроекта размещено 105 проектов на сумму 328 млрд теңге.

28 Июль 2026, 11:40 В Казахстане планируется реконструировать порядка 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил о проводимой работе по реконструкции сетей водоснабжения и водоотведения. В частности, как отметил министр, в рамках реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» министерством определены три ключевых направления работы: модернизация систем водоснабжения и водоотведения, включая обновление сетей и строительство современных канализационно-очистных сооружений; развитие отечественного производства за счет максимального привлечения казахстанских производителей к реализации Нацпроекта; автоматизация и цифровизация коммунального сектора через внедрение современных систем управления и учета. Министр подчеркнул, что в настоящее время на электронной платформе Нацпроекта размещено 105 проектов на сумму 328 млрд теңге. Из них по 20 проектам уже ведутся работы, 58 – готовы к реализации, по двум завершается определение тарифа, еще 25 находятся на рассмотрении. Параллельно в рамках трансфертов общего характера финансируются 516 проектов на 209 млрд теңге. В результате реализации этих проектов планируется реконструировать порядка 1,9 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения и снизить уровень их износа до 43%. Отмечено, что модернизация инженерных сетей должна сопровождаться обновлением ключевых объектов водоотведения – канализационно-очистных сооружений. По данным ведомства, в рамках Нацпроекта предусматривается реализация 45 проектов КОС на общую сумму более 800 млрд теңге: 7 проектов за счет финансирования Международных финансовых организаций. 38 проектов за счет различных источников финансирования: За последние 2 года завершены работы по 5 проектам. В настоящее время в 3 городах ведется реконструкция и строительство КОС, которые планируется завершить до конца текущего года. «Реализация всех проектов находится на постоянном контроле Министерства. Реализации Нацпроекта формирует значительный внутренний спрос на строительные материалы, оборудование и комплектующие, создавая дополнительные возможности для развития отечественной промышленности. Поэтому одним из ключевых задач Нацпроекта определено развитие внутристрановой ценности. Сегодня отечественные производители готовы обеспечить потребности Нацпроекта по широкому перечню продукции», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев. Министр пояснил, что поддержка отечественных товаропроизводителей в рамках Нацпроекта налажена на системной основе. Во-первых, законодательством и Нацпроектом закреплен приоритет казахстанской продукции. Во-вторых, доступ к закупкам получат только производители, включенные в Реестр казахстанских товаропроизводителей. Алгоритм включения в Реестр позволяет достоверно определить производственные признаки и отсеять формальные производства. На сегодня в него включены порядка 500 товаропроизводителей – потенциальных участников Нацпроекта. В-третьих, утверждены правила закупок и разработан соответствующий модуль на электронной платформе.Все подрядные организации обязаны проводить закупки через нее. Это обеспечивает открытый доступ производителей к информации о потребности в товарах по всем проектам и позволяет планировать производственную деятельность. Также правилами и платформой закреплен безусловный приоритетный конкурс среди казахстанских товаропроизводителей. В совокупности данные меры позволяют максимально направить средства Нацпроекта на поддержку реального сектора экономики Казахстана. Сегодня 27 проектов находятся на стадии строительно-монтажных работ и планово осуществляется закуп материалов, в котором активно принимают участие казахстанские производители. Так, при реконструкции тепловых сетей в г. Семей закуплена трубная продукция, запорная арматура и железобетонные изделия на сумму 98,5 млн теңге. По проекту реконструкции тепловой магистрали в городе Экибастуз поставлены трубы, отводы, шаровые краны, муфты и инертные материалы отечественного производства на сумму 689 млн теңге. Эти примеры показывают на деле, что реализация проектов МЭКС позволяет загрузить производства ОТП и наладить кооперационные связи внутри страны. Прогнозируемая потребность в строительных материалах и оборудований для строительства в рамках Нацпроекта на 2026-2027 годы составляет более 900 млрд теңге. В частности, по направлениям электроснабжения – 342 млрд теңге, теплоснабжения – 232 млрд теңге, водоснабжения – около 200 млрд теңге и водоотведения – 177 млрд теңге. Мощности производства казахстанских товаропроизводителей способны закрыть значительную часть данной потребности, в особенности по кабельно-проводниковой и трубной продукции, железобетонным изделиям и трубопроводной арматуре. В сфере автоматизации и цифровизации ЖКХ также ведется системная работа. Введен Единый платежный документ, который уже доступен в 38 городах, 170 районах и более чем 4,5 тыс. сельских населенных пунктах. Одновременно проводится цифровая модернизация коммунальной инфраструктуры включая автоматизацию объектов и установку интеллектуальных приборов учета. К 2029 году планируется обеспечить стопроцентную приборизацию коммунальной инфраструктуры в городах республиканского и областного значения. Ключевым элементом экосистемы ЖКХ станет платформа Smart Turmys. Уже в IV квартале текущего года планируется запуск ее первых модулей в опытную эксплуатацию. Платформа позволит вести единый реестр абонентов, цифровой учет коммунальных платежей и мониторинг потребления всех коммунальных ресурсов. «Это повысит прозрачность работы отрасли, позволит сократить потери и создаст основу для дальнейшей цифровой модернизации ЖКХ. Министерство совместно с государственными органами, акиматами и национальными компаниями обеспечит качественную и своевременную реализацию мероприятий Национального проекта», — заключил Ерсайын Нагаспаев. #ЖКХ #Заседание Правительства #Инфраструктурное развитие #МПС Оставайтесь в курсе событий Премьер-министра и Правительства Казахстана — подписывайтесь на официальный Telegram-канал Подписаться

28 Шілде 2026, 11:40

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Министр қазіргі уақытта «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының электрондық платформасында 330 млрд теңгеге 105 жоба орналастырылғанын, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша Министрлік жұмыстың үш негізгі бағытын айқындағанын атап өтті.

Бірінші – сумен жабдықтау, су бұру жүйелері мен заманауи кәріз-тазарту құрылыстарын салу.

Екінші – Ұлттық жобаны жүзеге асыруда қазақстандық тауар өндірушілерді барынша тартып, отандық өндірісті дамыту.

Үшінші – заманауи басқару және есепке алу жүйелерін енгізіп, коммуналдық секторды автоматтандыру және цифрландыру.

Бүгінде сумен жабдықтау және су бұру саласы коммуналдық шаруашылықтың ең өзекті мәселесінің бірі. Инженерлік желілердің тозуы, жиі болатын апаттар, қуаттың жеткіліксіздігі және ескірген технологиялар коммуналдық қызметтердің сапасына кері әсерін тигізуде.

«Қазіргі таңда Ұлттық жобаның платформасында жалпы құны шамамен 330 млрд теңгеге 105 жоба орналастырылған. Оның ішіндегі жиырмасына құрылыс жұмыстары басталды, 58-і жүзеге асыруға дайын, 2 жобаның тарифті бекіту рәсімі аяқталуда, тағы 25 жоба қаралуда. Сонымен қатар жалпы сипаттағы трансферттер аясында 209 млрд теңгеге 516 жобаны қаржыландыру көзделген. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 1900 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып, олардың тозу деңгейі 43%-ға төмендейді», — деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Инженерлік желілерді жаңғырту су бұру жүйесінің негізгі объектісі – кәріз-тазарту құрылыстарын жаңартумен қатар жүруі тиіс. Еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының басым бөлігі жарты ғасыр бұрын салынған. Олардың орташа тозу деңгейі 65%-дан асады, бұл экология мен санитариялық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Ұлттық жоба шеңберінде жалпы құны 800 млрд теңгеден асатын 45 кәріз-тазарту құрылысын жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде 7 жоба халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен, ал 38 жоба түрлі қаржыландыру көздерімен жүзеге асырылады. Соңғы екі жылда 5 жоба аяқталды. Қазір жұмыстар 3 қалада жүргізілуде. Оларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Барлық жобалардың жүзеге асырылуы Министрліктің тұрақты бақылауында. Ұлттық жобаны жүзеге асыру құрылыс материалдарына, жабдықтар мен қосалқы бөлшектерге айтарлықтай ішкі сұраныс қалыптастырып, отандық өнеркәсіпті дамытуға қосымша серпін береді. Ұлттық жобаның негізгі міндеттерінің бірі – отандық өнімді дамыту.

Бүгінде отандық өндірушілер Ұлттық жобаның қажеттілігін кең ассортиментпен қамтамасыз етуге дайын. Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау жүйелі түрде ұйымдастырылған.

Біріншіден, заңнама мен Ұлттық жобаның өзінде қазақстандық өнімге басымдық беру қағидаты бекітілген.

Екіншіден, сатып алуға Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген өндірушілер ғана қатыса алады.

Тізілімге енгізу тәртібі нақты өндірістің бар-жоғын анықтауға және жалған өндірушілерді алып тастауға мүмкіндік береді. Бүгінде Тізілімге Ұлттық жобаның әлеуетті қатысушылары болып табылатын шамамен 500 тауар өндіруші енгізілген.

Барлық мердігер ұйымдар сатып алуды осы платформа арқылы жүргізуге міндетті. Бұл өндірушілерге жобаның қажеттілігін алдын ала көріп, өндіріс көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ережелер мен платформада қазақстандық тауар өндірушілерге басымдық беретін конкурс тетігі бекітілген. Қабылданған шаралар Ұлттық жоба қаражатын Қазақстан экономикасының нақты секторын қолдауға барынша тиімді мүмкіндік береді. Бүгінде 27 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде, материалдарды жоспарлы сатып алу жүргізілуде. Бұл жұмыстарға қазақстандық өндірушілер белсенді қатысуда. Мәселен, Семей қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау кезінде 98 млн теңгеден астам сомаға құбыр өнімдері, бекіту арматурасы және темірбетон бұйымдары сатып алынды. Ал Екібастұз қаласындағы жылу магистралін реконструкциялау жобасына шамамен 690 млн теңгеге отандық өндірістегі құбыр, бұрма, шарлы кран, муфталар мен инертті материалдар жеткізілді.

Бұл Ұлттық жобаның Қазақстан кәсіпорындарының өндіріс қуатын арттырып, ішкі кооперацияны дамытуға нақты ықпал еткенін көрсетеді. Министрдің мәліметінше алдағы екі жылда Ұлттық жоба аясында құрылыс материалдары мен жабдықтарға болжамды қажеттілік 900 млрд теңгеден асады. Оның ішінде электрмен жабдықтауға қажеттілік 342 млрд, жылумен жабдықтауға 232 млрд, сумен жабдықтауға шамамен 200 миллиард және су бұру жобаларына 177 млрд-тан астам кетеді. Қазақстандық тауар өндірушілердің өндіріс қуаты осы қажеттіліктің басым бөлігін, әсіресе кабель-өткізгіш және құбыр өнімдер, темірбетон бұйымдары мен құбыр арматурасын қамтамасыз етуге қабілетті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты автоматтандыру және цифрландыру бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бірыңғай төлем құжаты енгізілді, қазірдің өзінде 38 қалада, жүз жетпіс ауданда және 4500-ден астам ауылдық елді мекенде қолжетімді.

Сонымен қатар коммуналдық инфрақұрылымды цифрландыру, оның ішінде объектілерді автоматтандыру және интеллектуалды есепке алу құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. 2029 жылға қарай республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда коммуналдық инфрақұрылымды есепке алу құралдарымен жүз пайыз қамту міндеті қойылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық экожүйесінің негізгі элементі Smart Turmys платформасы болады. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында оның алғашқы модульдерін пилоттық режимде іске қосу жоспарлануда. Платформа абоненттердің бірыңғай тізілімін қалыптастыруға, коммуналдық төлемдердің есепке алуын цифрландыруға және барлық коммуналдық ресурстардың пайдалануын мониторингтеуге мүмкіндік береді. Бұл саланың ашықтығын арттырып, шығындарды анықтауға және цифрлық жаңғыртуға негіз қалайды.

Министрлік мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және ұлттық компаниялармен бірлесіп, Ұлттық жоба іс-шараларының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз