Выступление Председателя партии «Әділет» Айбек Дадебай на заседании Делового совета
Паспорт доказательности qazvision:document:3149 · 8af4aacba386
SHA-256 опубликованного текстового слоя: 8af4aacba3863b1a19f346676c47dca2483ad5c31e5f8c153b7156c7076bfd4c
Для этого материала доступна одна версия текста. Переключатель в шапке меняет язык интерфейса сайта.
Рабочий вывод
Что важно в документе
Президент подчеркнул важность качества инвестиций, развития человеческого капитала, обрабатывающей промышленности и конкурентоспособности.
Дилемма: оставаться экспортером ресурсов или строить высокотехнологичную индустриальную экономику.
Необходимо создавать новые производства, осваивать технологии, формировать инженерную школу и развивать национальные компании.

Баршаңызды «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында көргенімізге ризамыз.

Бүгін біз еліміздің стратегиялық маңызы бар салаларының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі мен мұнай сервистік сектордың қазіргі жай-күйі және оны дамытудың келешегі туралы пікір алмасу үшін бас қосып отырмыз.

Бұл кездесу өте өзекті уақытта өтіп жатыр.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің жаңа инвестициялық кезеңге аяқ басқанын атап өтті.

Президент өз сөзінде инвестиция тартумен қатар, оның сапасына, адам капиталының дамуына, өңдеуші өнеркәсіпті күшейтуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударды.

Бұл – еліміздің барлық саласына ортақ міндет.

Әсіресе, мұнай-газ саласына.

Өйткені бұл сала Қазақстан экономикасының драйвері ғана емес, жаңа индустриялық даму кезеңінің негізгі тіректерінің бірі болуы тиіс.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет.

Бірақ қазіргі әлемде мемлекеттердің қуаты табиғи байлықпен ғана өлшенбейді.

Ол ең алдымен: технологиямен, адам капиталымен, инженерлік әлеуетпен, өндірістік мәдениетпен, және инновациямен өлшенеді.

Сондықтан біздің алдымызда өте маңызды таңдау тұр.

Біз табиғи ресурстарды экспорттайтын мемлекет болып қала береміз бе, әлде сол ресурстардың негізінде жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті индустриялық экономиканы қалыптастырамыз ба?

Менің ойымша, бүгінгі талқылаудың негізгі мәні де осында.

«Әділет» партиясының бағдарламасында экономикалық даму тек сандық өсіммен емес, оның сапасымен өлшенуі тиіс екені атап көрсетілген.

Біздің ұстанымымыз айқын.

Экономикалық саясаттың түпкі мақсаты – жай ғана өндірісті ұлғайту емес.

Ең бастысы – ел ішінде жаңа құндылық қалыптастыру.

Жаңа өндірістер ашу. Жаңа технологияларды игеру. Қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру. Және ең бастысы – азаматтарымызға жаңа мүмкіндік жасау.

Біз экономикалық әділеттілікті дәл осылай түсінеміз.

Экономикалық әділеттілік – бұл артықшылық беру емес.

Бұл – адал еңбекке әділ мүмкіндік беру.

Бұл – заңның бәріне бірдей болуы.

Бұл – қазақстандық кәсіпкердің өз еліндегі ірі жобаларға толыққанды қатыса алуы.

Бұл – еңбек адамының кәсібилігі мен жауапкершілігінің бағалануы.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің басты капиталы – адам капиталы екенін бірнеше рет атап өтті. Мен бұл ойдың маңызын ерекше атап өткім келеді. Біздің басты байлығымыз тек жер қойнауындағы мұнай емес.

Біздің ең үлкен байлығымыз – сол мұнайды әлемдік деңгейде игере алатын қазақстандық азаматтар.

Инженерлер.

Геологтар.

Технологтар.

Ғалымдар.

Кәсіпкерлер.

Жұмысшылар.

Егер біз осы адамдардың әлеуетін аша алсақ, Қазақстанның болашағы да берік болады.

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі Іскерлік кеңестің мақсаты – дайын шешімдерді жариялау емес. Керісінше, саланың кәсіби өкілдерін тыңдау. Мәселелерді ашық талқылау. Болашаққа бағытталған, бірлескен, нақты, әрі сындарлы ұсыныстар қалыптастыру.

Біздің Іскерлік кеңес дәл осындай алаңға айналып келеді.

Оны бәріміз бірлесіп, Мемлекет пен бизнесті жақындастыратын,

тәжірибе мен мемлекеттік саясатты тоғыстыратын, және ең бастысы – елдің ұзақ мерзімді мүддесіне қызмет ететін кәсіби диалог алаңына айналдыруымыз керек.

Бүгінгі кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық компаниялардың басшылары, жетекші кәсіпкерлер, сарапшылар және сала мамандары қатысып отыр.

Бұл — үлкен мүмкіндік. Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды.

Өйткені еліміздің экономикалық саясаты кабинетте ғана емес, осындай ашық кәсіби пікірталастардың нәтижесінде де қалыптасуы тиіс.

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі талқылау нәтижесінде айтылатын ұсыныстар мұнай-газ саласының ғана емес, Қазақстанның жаңа индустриялық саясатын қалыптастыруға өз үлесін қосады деп сенемін.

Сондықтан баршаңызды ашық, мазмұнды және сындарлы пікір алмасуға шақырамын.

Енді Іскерлік кеңестің жұмысына кезек берейік.

Назарларыңызға рақмет!

Құрметті әріптестер!

Ең алдымен баршаңызға мазмұнды баяндамаларыңыз, кәсіби пікірлеріңіз және нақты ұсыныстарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Бүгінгі кездесу өзінің басты мақсатына жетті деп есептеймін.

Біз мұнай-газ саласының бүгінгі ахуалын ғана емес, оның алдағы даму бағытын жан-жақты талқыладық.

Ең бастысы – ұсыныстарымыз нақты, тәжірибеге негізделген және іске асыруға болатын бастамалардан құралды.

Бұл – Іскерлік кеңестің басты құндылығы.

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі талқылау барысында көтерілген мәселелерді төрт негізгі бағытқа топтастыруға болады.

Бірінші.

Бұл – ел ішінде қалыптасатын құндылықты арттыру және жергілікті қамтуды жаңа деңгейге көтеру.

Бүгін айтылған ұсыныстар жергілікті қамту мәселесіне жаңаша қарау қажеттігін көрсетті.

Әңгіме тек сатып алынған тауарлар мен қызметтердің көлемі туралы емес.

Әңгіме Қазақстанда қалатын нақты экономикалық құндылық туралы.

Бұл – жаңа өндірістер.

Жаңа технологиялар.

Жаңа кәсіпорындар.

Жаңа инженерлік құзыреттер.

Президент еліміздің жаңа инвестициялық кезеңге аяқ басқанын айтты.
Бұл кезеңнің басты өлшемі де осы болуы керек деп есептеймін.

Яғни әрбір жаңа жоба Қазақстан экономикасында қандай ұзақ мерзімді құндылық қалыптастырады?

Осы тұрғыдан алғанда бүгін ұсынылған:

мұнай-газ және мұнай-химия салалары бойынша жергілікті қамтуды дамытудың кешенді құжатын әзірлеу;

төртінші мұнай өңдеу зауыты жобасына қазақстандық кәсіпорындарды ертерек дайындау;

Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және салалық қауымдастықтардың қатысуымен Бақылау кеңесін құру;

сияқты бастамалар ерекше назар аударуға лайықты.

Бұл ұсыныстардың барлығы ұлттық өндірісті күшейтуге бағытталған.

Екінші.

Бұл – ұлттық мұнай сервистік секторды дамыту.

Бүгін өте маңызды ой айтылды.

Мұнай сервисі – бұл жай ғана мердігерлік жұмыстар емес.

Бұл – инженерия.

Бұл – жобалау.

Бұл – цифрлық технологиялар.

Бұл – өнеркәсіптік қауіпсіздік.

Бұл – күрделі технологиялық шешімдер.

Басқаша айтқанда, мұнай сервисі – технологиялық тәуелсіздіктің негізі.

Қазақстандық компаниялар ірі жобалардың сыртқы бақылаушысы емес, толыққанды қатысушысы болуы тиіс.

Осыған байланысты ұзақ мерзімді сатып алу жоспарларын алдын ала жариялау, қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімдерді кеңейту және жергілікті қамту мәселесін жобалау кезеңінен бастап қарастыру жөніндегі ұсыныстарды қолдаймыз.
Бұл – бизнеске болжамдылық береді.

Ал болжамдылық болған жерде инвестиция да, технология да келеді.

Үшінші.

Бұл – саланың экономикалық тұрақтылығы.

Бүгін акциздерге, мұнай өңдеу рентабельділігіне, ішкі нарықтағы баға теңгеріміне, салықтық саясатқа және геологиялық барлауды ынталандыруға қатысты маңызды мәселелер көтерілді.

Бұл ұсыныстардың барлығы мұқият зерделеуді қажет етеді.

Бірақ бір қағида өзгермеуі тиіс.

Экономикалық саясат мемлекет үшін де, бизнес үшін де ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуі керек.

Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидаты экономикада да толық сақталуға тиіс.

Инвестор да,

кәсіпкер де,

мемлекет те,

ереженің тұрақты әрі әділ екеніне сенуі қажет.
Бұл – инвестициялық сенімнің негізі.

Төртінші.

Бұл – адам капиталы.

Менің ойымша, бүгінгі кездесудің ең маңызды қорытындыларының бірі де осы.

Президент бірнеше рет еліміздің басты капиталы – адам капиталы екенін атап өтті.

Мұнай-газ саласы да осы қағидаттан тыс қалмайды.

Бүгінгі күні ең үлкен бәсеке кен орындары үшін емес.
Білікті инженерлер үшін.
Технологтар үшін.

Цифрлық шешімдерді меңгерген мамандар үшін жүріп жатыр.

Сондықтан бүгін ұсынылған:

Салалық кадрлар кеңесін құру;
дуальды білім беруді дамыту;
жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражатты тиімді пайдалану;
инженерлік білім мен тәжірибені жүйелі түрде беру

сияқты бастамалардың барлығы стратегиялық маңызға ие.

Бұл ұсыныстардың әрқайсысы Қазақстанның ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қызмет етеді.

Құрметті әріптестер!

«Әділет» партиясының бағдарламасында экономикалық әділеттілік негізгі қағидалардың бірі ретінде белгіленген.

Біздің түсінігіміздегі экономикалық әділеттілік – бұл жеңілдік тарату емес.

Бұл – тең мүмкіндік.

Бұл – адал бәсекелестік.

Бұл – еңбек адамының қадірін арттыру.

Бұл – қазақстандық кәсіпкердің өз еліндегі ірі жобаларға толыққанды қатысуына жағдай жасау.

Бұл – ұлттық өндірісті қолдау.

Бұл – технологияның Қазақстанда қалуы.

Дәл осы қағидалар бүгінгі барлық ұсыныстардың өзегінде жатыр.

Құрметті әріптестер!

Біз бүгін көптеген нақты мәселелерді талқыладық.

Бірақ олардың барлығын біріктіретін ортақ мақсат бар.

Ол – Қазақстанның жаңа индустриялық экономикасын қалыптастыру.

Табиғи байлықты жай ғана өндіру жеткіліксіз.

Біз сол байлықтың негізінде жаңа өндірістер құруымыз керек.

Жаңа технологияларды игеруіміз керек.

Жаңа инженерлік мектеп қалыптастыруымыз керек.

Өзіміздің бәсекеге қабілетті ұлттық компанияларымызды өсіруіміз керек.

Президент белгілеген жаңа инвестициялық кезең бізден дәл осыны талап етеді.

Бүгін айтылған ұсыныстар міндетті түрде жинақталып, мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Іскерлік кеңес бұдан былай да мемлекет, бизнес және кәсіби қауымдастық арасындағы тиімді диалог алаңы болып қала береді.

Өйткені күшті экономика – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі.

Құрметті әріптестер!

Қазақстанның басты байлығы – жер қойнауындағы мұнай ғана емес.

Қазақстанның басты байлығы – сол байлықты ақылмен игеріп, оны ел игілігіне айналдыра алатын азаматтары.

Егер біз бүгін сол адамдарға мүмкіндік берсек,

ертең Қазақстан табиғи ресурстарымен ғана емес,

өз инженерлерімен,

өз технологияларымен,

өз өндірісімен,

өз кәсіпкерлерімен танылатын мемлекетке айналады.

Мен бұған кәміл сенемін.

Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін тағы да алғысымды білдіремін.
Рақмет!

Тезисы из этого документа (15)
Контекст
Фрагмент первоисточника 1301–1486
пен, өндірістік мәдениетпен, және инновациямен өлшенеді.

Сондықтан біздің алдымызда өте маңызды таңдау тұр.

Біз табиғи ресурстарды экспорттайтын мемлекет болып қала береміз бе, әлде сол ресурстардың негізінде жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті индустриялық экономиканы қалыптастырамыз ба?

Менің ойымша, бүгінгі талқылаудың негізгі мәні де осында.

«Әділет» партиясының бағдарламасында экономикалықПерейти к полному тексту
Контекст
Контекст
Контекст
Фрагмент первоисточника 9964–10067
ның ортақ ісі.

Құрметті әріптестер!

Қазақстанның басты байлығы – жер қойнауындағы мұнай ғана емес.

Қазақстанның басты байлығы – сол байлықты ақылмен игеріп, оны ел игілігіне айналдыра алатын азаматтары.

Егер біз бүгін сол адамдарға мүмкіндік берсек,

ертең Қазақстан табиғи ресурстарымен ғана емес,

өзПерейти к полному тексту
Контекст
Фрагмент первоисточника 102–304

Баршаңызды «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында көргенімізге ризамыз.

Бүгін біз еліміздің стратегиялық маңызы бар салаларының бірі – мұнай-газ өнеркәсібі мен мұнай сервистік сектордың қазіргі жай-күйі және оны дамытудың келешегі туралы пікір алмасу үшін бас қосып отырмыз.

Бұл кездесу өте өзекті уақытта өтіп жатыр.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ПарламентПерейти к полному тексту
Контекст
Фрагмент первоисточника 2924–3140

Егер біз осы адамдардың әлеуетін аша алсақ, Қазақстанның болашағы да берік болады.

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі Іскерлік кеңестің мақсаты – дайын шешімдерді жариялау емес. Керісінше, саланың кәсіби өкілдерін тыңдау. Мәселелерді ашық талқылау. Болашаққа бағытталған, бірлескен, нақты, әрі сындарлы ұсыныстар қалыптастыру.

Біздің Іскерлік кеңес дәл осындай алаңға айналып келеді.

Оны бәріміз бірлесіп, Мемлекет пен бизнесті жақындПерейти к полному тексту
Контекст
Фрагмент первоисточника 526–725
Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің жаңа инвестициялық кезеңге аяқ басқанын атап өтті.

Президент өз сөзінде инвестиция тартумен қатар, оның сапасына, адам капиталының дамуына, өңдеуші өнеркәсіпті күшейтуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударды.

Бұл – еліміздің барлық саласына ортақ міндет.

Әсіресе, мұнай-газ саласына.

Өйткені бұл сала ҚазақстанПерейти к полному тексту
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
Контекст
ИИ-помощник
Спросить по этому документу
Короткий ответ с опорой на текст и тезисы этой карточки.
Медийный отклик
Связанные нарративы и тезисы, которые получили заметный отклик в Echo.